Меню
Разработки
Разработки  /  Начальные классы  /  Уроки  /  1 класс  /  «Адал достық» 4 сынып. Өзін-өзі тану.

«Адал достық» 4 сынып. Өзін-өзі тану.

Денемізді т?зу ?стап, барлы?тары?ыз к?здері?ізді ж?мы?ыздар. Енді о? ?олдары?ызды ж?регі?ізді? т?сына ?ойы?ыздар. Сендерді? ж?ректері? — сендерді? кішкене жар?ыра?ан к?ндері?. Ол да к?н сия?ты жылытады. Сендерді? к?ндері? сендерге жылулы? береді. ?здері?ні? жа?сылы?тары?мен адамдармен б?лісесі?дер. Ал, к?не жа?сылы? сезімдерімізді ?здерімізді? ?ке-шешемізге, а?а-?пкелерімізге, ?здерімізді? достарымыз?а, барлы? адамзат?а, келген ?она?тар?а, ма?ан ж?не ?зімізді? кішкене ?ана ?демі жер шарымыз?а, б?ріне-б?ріне жіберейік, жа?сылы? тілейік.

21.04.2017

Содержимое разработки

Тақырыбы: «Адал достық» 4 сынып. Өзін-өзі тану.

Құндылық: дұрыс іс-әрекет

Қасиеттер:шынайылық, адалдық, жауапкершілік

Сабақтың мақсаты: «Дос», «Достық» ұғымдары арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу. 

Сабақтың міндеттері:

-адал достықтың мәнін түсіндіру;

-өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;

 -жауапкершілікке  тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: оқулық, дәптер, слайд, бейнефильм, үнтаспа, таратпа қағаздар

Ресурстары:(материалдар, дереккөздер)

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

«Тыныштық сәті»

Денемізді түзу ұстап, барлықтарыңыз көздеріңізді жұмыңыздар. Енді оң қолдарыңызды жүрегіңіздің тұсына қойыңыздар. Сендердің жүректерің — сендердің кішкене жарқыраған күндерің. Ол да күн сияқты жылытады. Сендердің күндерің сендерге жылулық береді. Өздеріңнің жақсылықтарыңмен адамдармен бөлісесіңдер. Ал, кәне жақсылық сезімдерімізді өздеріміздің әке-шешемізге, аға-әпкелерімізге, өздеріміздің достарымызға, барлық адамзатқа, келген қонақтарға,  маған және өзіміздің кішкене ғана әдемі жер шарымызға, бәріне-бәріне жіберейік, жақсылық тілейік.
-Ал, енді көздеріңді ашыңдар.

Балалар сендерге тыныштық сәті ұнады ма?

Жақындарымызға жақсылық сезімдерімізбен бөлістік пе?

2.Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасына «Өнер» өлеңін жатқа айту тапсырылған. Оқушылардан өлеңді кезек-кезек сұраймын.

Ескерту



Баяу әуен қосу

4.Жаңа тақырып

Балалар мына сөзжұмбақты шешейік. Бос шаршыларға жақсы балаға тән қасиеттерді жазамыз.

Балалар, ортада «достық» деген сөз шыққан екен. Сонымен біздің бүгінгі тақырыбымыз «Адал достық».

Дәйексөз

Бүгінгі сабағымыздың дәйексөзі: «Айнымас досы бар адам – ең бақытты адам» деген халық мақалы. Дәйексөздің мағынасын талдау.

  • Жалпы балалар дос дегеніміз кім?

  • Айнымас дос дегеніміз ше?

  • Не себепті адал досы бар адам – ең бақытты адам?

Айнымас дос деген адал дос дегеніміз. Досы уәдесінде берік болса, қолынан келген көмегін аямаса, оның көңілін көтеріп, жабырқағанда қасынан табылса, ол әрине айнымас дос. Ал досы бар адамның бақытты болмауы мүмкін емес.


4. Оқиғаны баяндау (өсиет-әңгіме)

Халық ертегісін мұғалім сыйы ретінде әңгімелеп беремін

Бүркіттің досы сұңқар

Халық ертегісі

Бір күні бүркіт өзіне сенімді дос іздеп,әлемге хабар беріпті.

Құстар жиналып,бүркіттің алдына келіпті. Сонда бүркіт:

-Кімнің қандай қасиеті бар?-деп сұрапты.

Қазайтады:

-Мен суда да жүземін, ұша да білемін,-депті.

Жапалақортағашығып:

-Мененбасқақұстартүндеұшыпкөргенемес,-депмақтаныпты.

Құстардыңкөбіөзін-өзімақтағанекен.

Сонда бүркіталыстаутұрғансұңқардан:

-Сен неге үндемейсің?Сеніңқандайқасиетің бар?-депсұрапты.

Сұңқар:

-Меніңүндемейтұрғансебебім,өзімдетүрліқасиет те жоқ,бірғанақасиетім бар. Олөзіңізсияқтышаршамайұшу,-депті

Бүркіт:

-Бірбасыңа осы қасиет те жетеді.Маған сен ғанадос бола аласың.Шыншылекенсің,-депті.

Содан бері биікте бүркіт пен сұңқар ғана самғайтын болыпты.

Сұрақтар:

-Қалайойлайсыңдарбүркіт неге өзінедосқыпсұңқардытаңдапалды?

- Бұл адал достыққа жата ма?

- Сендердің адал достарың барма?


5. Бейнефильм көрсету

Оқушыларға «Достық туралы» бейнефильмін көрсету. Бейнефильм жайлы пікір алмасу


6. Шығармашылық тапсырма

1.ТОП: оқулықта берілген жағдаятты талдаңыз

2.ТОП: оқулықта берілген жағдаятты талдаңыз

3.ТОП: адал достыққа тән қасиеттерді жазу

4.ТОП: достық туралы мақал-мәтелдер жазу


7.Топпен ән айу

«Достарым»

1.Достарыммен шаттанамын мен,

Әрқайсымен мақтанамын мен

Арқа сүйер достарым барда,

Атар таңға аттанамын мен.

Сендерсіңдер менің қорғаным,

Сендерсіңдер жасыл орманым

Жанымдағы асыл достарым,

Аман-есен жүрсе болғаны.

Мынау жарқын өмірде,

Дақ түсірмей көңілге

Бір жүрейік достарым менің.

Шыдау керек өмірде,

Ауырға да жеңілге,

Менің жарқын асыл достарым.


Әннің әуенің қосу

8.Үй тапсырмасы:

«Достық» сөзіне сөзжұмбақ құрастыру


9.Соңғы тыныштық сәті

Көздерімізді жұмамыз. Бүгінгі сабақты ой елегінен өзкізіңіздер. Бұл сабақ сендердің өмірлеріңе сабақ болсын. Тек жақсы, шындық нәрселер ойлауға тырысыңдар, сонда ғана айналамыз жақсылыққа, шындыққа толары сөзсіз... енді көздеріңізді ашсаңыздар болады.

Сабағымыз аяқталды, келесі аптада кездескенше сау болыңыздар!


Баяу әуен қосу


-80%
Курсы повышения квалификации

Профилактика нарушения зрения у детей и подростков

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
«Адал достық» 4 сынып. Өзін-өзі тану. (79.78 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт