Тәуелсіздік- мәңгілік елдің тұғыры
Тыныштық сәті.
Жарасқан байрақтың мәні бар:
Көк аспан, күн, қыран – сәні бар.
Көк байрақ – ашық көк кеңісім,
Алтын күн – белгісі жеңістің.
1992 ЖЫЛЫ 4 МАУСЫМДА МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР ТУ, ЕЛТАҢБА, ӘНҰРАН БЕКІТІЛДІ.
ЕЛБАСЫМЫЗ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ЖАРЛЫҒЫМЕН 4-МАУСЫМ «ҚР МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ» БОЛЫП БЕЛГІЛЕНДІ.
Егеменді еліміз жер әлеміндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең, өркениетті ел ретінде өзінің елтаңбасы мен әнұранын, туы мен жалауын белгілеп, осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір ұрпақтың терең түсініп, оны қастерлей білуін талап етеді. Көк байрақ-туымыз – халқымыздың қасиетті, киелі белгісі. Енді, балалар көк байрақтың жетілдірілген соңғы бейнесіне көңіл бөлейік.
- Туымыздың көк теңбіл-аспан көк болуы шексіз кеңдікті көрсетеді, тудың ортасындағы алтын күн – халқымыздың азаттық күні. Ол бүкіл әлемге нұрын шашып тұр.
- Алтын күнді қанатымен жебеп өрге көтеріп, ұшып бара жатқан ақиық қыран құс – ерлік белгісі. Азат күнді, кең дүниені ерлікпен қорғайтын ақ иық қырандай түлегі болу – зор бақыт!
- Бұлармен қатар тудан қазақтың ою-өрнегін байқап тұрмыз. Мұның өзі тудың ерекшелігін – қазақ елінің танымын, қасиетін көрсетеді.
- Бәйгеден озып шыққан бұл тудың авторы – еліміздегі дизайнерлік өнердің іргетасын қалаушылардың бірі, Чехословакияда өткізілген (1961ж.) Халықаралық дизайнерлер байқауының алтын жүлдегері, алматы қаласының бас суретшісі Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков атамыз.
- Міне, Мемлекеттік туымыз бүгінде Біріккен Ұлттар Ұйымы ғимаратының алдында, әртүрлі елдердегі елшіліктеріміздің маңдайшаларында желбіреп тұр. Оны ғарышкер – ұшқышымыз Талғат Мұсабаев ғарыш кемесімен заңғар көкке көтерсе, ал альпинистеріміз 1995 жылы Эверест шыңына қадады және дене шынықтыру саласында көптеген спортшыларымыз еліміздің туын көкке көтеріп, желбіретіп қуантып жатқаны қаншама. Осылардың өзінен-ақ әр отандасымыздың бойында елімізге деген мақтаныш сезімін туғанын көреміз.
- Сонымен, балалар, біз бүгінгі сабағымызда не туралы айттық? Өзімізге қажетті нәрсе үйрендік пе?
- Тудың авторы кім?
- Тудың түсі қандай?
- Онда қандай белгілер Бар?
- Ту туралы өлең білесіңдер ме?
- Басқа қандай рәміздер бар?
- Рәміздер күнін білесіңдер ме?
Назарларыңызға
рахмет!