Ортангы топтың ұйымдастырылған оқу әрекетінің техналогиялық картасы
Тәрбиеші: Смагулова Умитжан Маражановна
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Қарапайым математика.
Тақырыбы: 2 цифры туралы білімдерін бекіту. Сан мен заттың саны арасындағы сәйкестікті табу. Алыс – жақын.
Мақсаты: 2 цифры туралы алған білімдерін бекіту, цифрды затты санымен сәйкестендіре білуге үйрету, жұмбақтарды көрген мәліметтерге сүйене отырып шешу, 1,2 цифрларын заттың санымен салыстыруды әрі қарай жалғастыру, «алыс», «жақын» ұғымдарын мағына жағынан айыра білуге үйрету.
Көрнекіліктер: Санау материалдары, сюжетті суреттер.
Билингвальды компонент: бір-один, екі-два, алыс-далеко, жақын-близко.
| Іс – әрекеті кезеңдері | Тәрбиешінің әрекеті | Балалардың әрекеті |
| Мотивациялық қозғаушылық
| Шаттық шеңбері Үлкенге де сіз Кішіге де сіз Баршанызды құрметтеп Бас иеміз біз. Балаларға 1,2 сандарын көрсету. Билинг.компон бір-один, екі-два. (Қонаққа қоян келеді) Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады. Далада жүр шапқылап, Керемет, тым саққұлақ. Тек есектен басқада Оған ұқсар жоқ құлақ.
Басы жерде бұғып тұрады, Жап-жасыл сақалы Жерге шығып тұрады. |
Шаттық шеңберін жасайды.
Қоян.
Сәбіз. |
| Ұйымдастыру -іздестіру | 1-Тапсырма. Балалар суретте неше сәбіз, неше қоян тұр? Содан соң екі дөңгелек пен екі цифрын бояу ұсынылады. 2-тапсырма.2 цифрына қанша зат сай келсе, сонша затты бояңдар. Сергіту сәті Ойнақтаған ор қоян Түлкіні көріп орманда Орғып-орғып секірді Бұтаға барып тығылды.
3-тапсырма.Тәрбиеші балаларға цифр мен саны жағынан сәйкес келетін суреттерді сызық арқылы қосуды тапсырады. 4-тапсырма. (Тақтамен жұмыс) Тәрбиеші балаларға суреттегі заттардың орналасуын түсіндіреді. Алыс-жақын ұғымы туралы түсінік береді. Билингвальды компонент: алыс-далеко, жақын-близко. 5. Жеке-жұмыс: балаларға алыс-жақын орналасқан заттарды атау. | Балалар сұрақтарға жауап береді.
2 қамзол мен 2 қалпақты бояйды.
Балалар суретпен танысады және ондағы заттардың атын атап береді. Балалар тапсырманы орындайды. |
| Рефлексивті – түзетушілік | Балалар бізге қонаққа қоян келді. Олай болса қоянға сыйлық берейік. Ол үшін сендермен мына қағаз қиындыларын құрастырындар. Қағаз қиындыларын қойған сайын сендерге сабақта не ұнағандарын айтып отырындар. Не шықты? Олай болса сол сәбізді қоянға сыйға берейік. Ынталандыру сыйлығын беру. |
Құрастырады.
Сәбіз шықты. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: 2 цифрын, «жақын мен алыс» ұғымдарын дұрыс пайдалануды.
Игереді: 2 цифрын өзге цифрлардың арасынан табуды, сұрақтарға жауап беруді 1,2 цифрларын заттың санымен сәйкестендіруді.
Меңгереді: 2 цифры туралы түсінікті. Алыс пен жақынды ажыратуды.




2 цифры туралы білімдерін бекіту. (286.76 KB)

