Меню
Разработки
Разработки  /  Химия  /  Уроки  /  11 класс  /  Зертханалық тәжірибе №2. Гидроксидтерді алу және олардың қасиеттерін зерттеу. Тұздар гидролизі

Зертханалық тәжірибе №2. Гидроксидтерді алу және олардың қасиеттерін зерттеу. Тұздар гидролизі

О?ушыларды? лабораториялы? ??ралдар ж?не химиялы? заттармен ж?мыс істей білуді одан ?рі жал?астыру ма?сатында болып жат?ан ??былыстар мен заттарды? ?асиеттеріне к??ілін аудару. Д?птерге істеген ж?мысты ?орытындылап жаза білу да?дысын ?алыптастыру.

15.11.2016

Содержимое разработки

Сабақтың реті: Күні

Сабақтың тақырыбы: Зертханалық тәжірибе №2. Гидроксидтерді алу және олардың қасиеттерін зерттеу. Тұздар гидролизі

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Лабораториялық құралдар және химиялық заттармен жұмыс істей білуді одан әрі жалғастыру мақсатында болып жатқан құбылыстар мен заттардың қасиеттеріне көңіл аудару. Дәптерге істеген жұмысты қорытындылап жаза білу дағдысын қалыптастыру. Тәжірибе жасау кезінде оқушылар бақылағанын қорытындылап жазу үшін өткен практикалық жұмысты еске түсіреді.

Дамытушылығы: есте сақтау, бақылау, қайта айтып беру дағдырысын қалыптастыру.

Тәрбиелігі: ауаның тазалығын сақтау туралы экологиялық проблемалар.

Сабақтың көрнекілігі: құралдар мен реактивтер: сынауық, кальций гидроксиді, су, индикатор, шыны түтікше, натрий гидроксиді, мыс сульфаты

Сабақтың барысы:

ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылар мен мұғалімнің сәлемдесуі. Балаларды түгендеу. Оқушылардың сабаққа деген дайындығын /жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері/ тексеру.

мақсат қою кезеңі.

Оқытушының баяндауы мен оқулықтағы мазмұн бойынша ондағы басты мәселеге көңіл аудару одан әрі жалғасады және есте сақтау, бақылау, қайта айтып беру дағдылары қалыптастырылады.

  1. Тапсырма. Тәжірибе жүзінде сілтілердің, ерімейтін негіздердің, екідайлы гидроксидтер мен қышқылдардың химиялық қасиеттерін зерттеңдер.

Жұмыстың орындалуы.

    1. Сынауыққа 0,5 г кальций оксидін салып, 3-4 мл су құйыңдар. Алынған ерітіндіні 3 бөлікке бөліп, әрқайсысына 1 тамшыдан әр түрлі индикатор тамызыңдар.

Екі сынауықьағы ерітінділерді әр түрлі қышқылдардың ерітінділерімен бейтараптаңдар.

Үшінші сынауықтағы ерітінді арқылы шыны түтікше көмегімен дем алғанда шығарылған ауаны үрлеңдер (абайлап, ерітінді шашырап кетпесін). Әр сынауықта не байқалады? Байқалған өзгерістерді түсіндіріңдер және жүретін реакция теңдеуін жазыңдар.

    1. Таза сынауыққа 1-2 мл натрий гидроксидін құйып, тұнба түзілгенше мыс сульфатының ерітіндісінің бірнеше тамшысын қосыңдар.

Алынған негізді екі бөлікке бөліңдер. Суда ерімейтін негіздерге қышқыл ерітіндісін қосқанда және қыздырғанда қандай өзгерістер болатынын бақылаңдар. Реакция теңдеулерін жазыңдар. Сілтілердің және суда ерімейтін негіздердің химиялық қасиеттерін салыстырыңдар.

    1. Сынауыққа 1 мл мырыш хлоридінің ерітіндісін құйып, оған қоймалжың тұнба түзілгенше тамшылатып натрий гидроксидінің ерітіндісін қосыңдар. Тұнбаны екі бөлікке бөліңдер. Бірінші бөлікке – қышқыл ерітіндісін, ал екіншісіне сілті ерітіндісін қосыңдар. Байқалған құбылыстарды түсіндіріңдер. Жүрген реакция теңдеулерін жазыңдар. Гидроксидтердің, сілтілердің, ерімейтін негіздердің, екідайлыгидроксидтердің және қышқылдардың қасиеттері туралы қорытынды жазыңдар.

Тұздар гидролизі. Тапсырма. Әртүрлі тұздар ерітінділерінің ортасын индикатор көмегімен анықтаңдар. сынау нәтижелерін кестеге жазыңдар.

Тәжірибенің орындалуы. Сынауықтарға 1 мл-ден тұз ерітінділерін: натрий хлоридін, натрий карбонатын және алюминий сульфатын құйыңдар. Әрбір ерітіндіден тамызғанға қызыл және көк лакмус қағаздарының түсі қалай өзгеретінін бақылаңдар. Содан кейін сынауыққа бір тамшыдан фенолфталеин ерітіндісін қосыңдар. Бақылау нәтижесін кестеге жазыңдар. Жүретін тұздар гидролизінің реакция теңдеулерін құрыңдар. Қорытынды жасаңдар.


Тұз ерітіндісі

Фенолфталеин

Лакмус

NaCl



Na2CO3



Al2(SO4)3





Үйге тапсырма: қайталау



-80%
Курсы повышения квалификации

Интерактивные методы в практике школьного образования

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Зертханалық тәжірибе №2. Гидроксидтерді алу және олардың қасиеттерін зерттеу. Тұздар гидролизі (17.76 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт