Тақырыбы: «Жеті лақ» ертегісі.
Мақсаты: Балаларды оқылған шағын ертегі желісі бойынша ертегі мазмұнын
Айтып бере білуге үйрету, өз ойларымен бөлісе білуге талпындыру.
Ертегі кейіпкерлерінің қимылын,дыбысын салдырып,кейіпкерлер
бейнесін сомдау қабілеттерін дамыту.
Міндеті: Сахналандыру үстел үсті, театр арқылы кейіпкерді бейнелеуге үйрету,
Ертегілерді тыңдауға,түсінуге,көруге талпындыру.
Көрнекілігі: «Жеті лақ» қуыршақ театры.
Шаттық шеңбері: Балалар бір-бірімен амандасып, «Қайырлы күн,бүгінгі күн шуақты нұрлы болсын!» деп тілек білдіреді,достық, ынтымақтастық сыйлайды.
Балалар мен бүгін сендерге «Жеті лақ» ертегісін оқып беремін.
Ертегі оқылады.
-Балалар ертегі сендерге ұнады ма?
- Ертегі кейіпкерлерін атап көрейікші.
- Анасы орманнан келгенде балаларына қандай өлең айтады екен?
Балаларым, шырағым,
Қутыңдаған шұнағым,
Сендерге сүт әкелдім,
Есікті ашшы,лағым.-деп хабар береді екен.
Ешкінің бұл айласын кім естіп қояды?
Қасқыр.
Балалар сендер де лақтар сияқты бөтен кісілерге есік ашасыңдар ма?
Жоқ ашпаймыз. Анамыздан рұқсат сұраймыз.
Сергіту сәті: Ал, балалар келіңдер,
Бой жазайық бәріміз-
Мойнымызды бұрамыз,
Қолымызды созамыз,
Аяқтармен топ-топ басып,
Орнымызға барамыз.
-Балалар ешкі үй жануарына жата ма?
-Әрине
-Ешкінің төлін не деп атаймыз?
-Лақ дейміз.
Шөре-шөре,лағым,
Тентек болма, шырағым!
Секектеме, деміңді ал,
Селтеңдемей құлағың.
Балалар өз қалауы бойынша ертегі кейіпкерлерін таңдап алып,рөлдерге бөлініп ертегіні сомдауға кіріседі.Балалар бойында қуаныш сезімдері пайда болады.
Күтілетін нәтиже:
Білу қажет: Ертегі аттарын, кейіпкерлерді атап, мазмұнын айта білу.
Игереді: ертегі айту, жаттығуды іс-әрекет арқылы жасай біледі, сахналандыру
түсініктерді қалыптастыру.
Меңгереді: кейіпкер бейнесіне ену, ертегі эмоциямен айту, тақпақтарды мәнерлі айту қабілеттері артады.
Ертегі кейіпкерлеріне ат салысып ойнағандар:
Қасқырдың рөлінде –Рамазан
Ешкі рөлінде- Нұрай
Жеті лақ рөлінде- Қуаныш, Эмелья, Бекзат,Бақдаулет, Бақберген,Кәусар,
Темірлан.
Бекітемін:
Аға тәрбиеші:-------Есқабылова. Ұ

Тәрбиеші: Нұрмағанбетова. З.К.
9.11.2015 оқу жылы.


"Жеті лақ" ертегісі (14.91 KB)

