Меню
Разработки
Разработки  /  Родной язык и литература  /  Уроки  /  10 класс  /  Жер планетасындағы қауіпті қалдықтар

Жер планетасындағы қауіпті қалдықтар

10.2.1.1 ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндерден күрделі сөздердің жасалу жолын анықтау, ауызша мәтін құрауда орынды қолдану; 10.5.2.1 мәтін құрауда сөздердің байланысу түрлері мен тәсілдерін орынды қолдану
19.11.2021

Содержимое разработки

ҚАЗАҚ ТІЛІ (Т2)

Жер планетасындағы қауіпті қалдықтар

МЕКТЕП:


Мұғалім:

Сынып: 10сынып Т2

Күні

Оқушы саны:

Келмегендер

Сабақ қамтитын оқу мақсаттары

10.2.1.1 ғылыми-көпшілік және публицистикалық стильдегі мәтіндерден күрделі сөздердің жасалу жолын анықтау, ауызша мәтін құрауда орынды қолдану;

10.5.2.1 мәтін құрауда сөздердің байланысу түрлері мен тәсілдерін орынды қолдану

Сабақ мақсаты

Күрделі сөздердің жасалу жолын меңгереді, оларды мәтін құрау кезінде дұрыс қолдана білу дағдысын дамытады. Байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамытады

Бағалау критерийі

Күрделі сөздердің жасалу жолын түсіндіре алады;

публицистикалық мәтіндерге сүйеніп, ауызша мәтін құрайды;

сөздерді сөйлем ішінде дұрыс байланыстырады;


Тілдік

мақсаттар











Глоссарий

Оқушылар түсінеді және сипаттайды...

Тақырыпқа байланысты сөздер мен терминдер:

Диалогке пайдалы тіркестер:

Менің ойымызша.....

Мен ойлаймын ...

Сабаққа қатысты глоссарийді оқушылар өздері құрайды.


Сабақтың түрі:

Сабақтың көрнекілігі: Сабақтың әдіс-тәсілі:

жаңа сабақты меңгерту


оқулық, интерактивті тақта


оқу, сұрақ-жауап, жаттығулар орындау


Жоспар:

Жоспарланған уақыт

Іс-шаралар

Ресурстар



2 минут



5 мин





























10 мин











































































































5 мин













10 мин

















12 мин




Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа дайындығы тексеріледі.

Сабақ мақсаты хабарланады.

1-тапсырма

Берілген сызба бойынша анықтама құрастырыңыз.





Дескриптор

Күрделі сөз туралы анықтама құрастырады;

Оның түрлерін ажыратады;

Мысал келтіреді.

Оқушылар құрастырған анықтаманы мұғалім толықтырады.


Күрделі сөз дегеніміз екі я онан да көп жалаң я туынды түбірлерден құралып, мағыналық, грамматикалық жағынан бір бүгін тұлға болып бірлесіп тұрақталған құрама сөз. Мысалы: бүгін, биыл, сап-сары, ағайын-туысқан, қолқанат, айта отыр, ала жаздай, темір жол, жеті қарақшы.

Біріккен сөздер

Екі, кейде одан да артық түбірден бірігіп, тұтас бір ұғымды білдіретін күрделі сөздің түрі — біріккен сөздер деп аталады.

  • 1.Біріккен сөздер әрқашан бірге жазылады. Мысалы: Өнеркәсіп, шикізат, куншығыс т.б. 
    2. Біріккен сөздердің жазылу үлгісі екі түрлі болады: 
    а) біріккен сөздердің сыңарлары түбір тұлғасы сақталып, бірге жазылады. Мысалы: ақсақал, Мырзашөл, Кенжебек, Оқжетпес т.б. 
    ә) түбір түлғалары дыбыстық өзгеріске ұшыраған кейбір біріккен сөздер дәстүр бойынша айтылуынша жазылады. Мысалы: бүрсігүні, қолғанат, қонағасы т.б. 
    3. Әлде, әр, бір, еш, кей сөздері өзді-өзімен, өзге сөздермен бірге де, бөлек те жазылады: 
    а) әлде. әр, бір, еш, кей сөздері есімдіктермен тіркескенде бірге жазылады. Мысалы: ешбір, ешкім, ешқашан, қайсыбір, әлдекім, әлдеқалай, әлдеқашан, әлдебір, әрбір, т.б. 
    ә) әлде, бір, әр, еш, кей сөздері зат есімдердің анықтауышы ретінде қолданылғанда, анықталатын сөзден бөлек жазылады. Мысалы, еш адам, бір адам, кей адам, әр адам, әлде шөп, әлде мал т.б.

Қос сөздер

Түбір сөздердің қосарланып айтылуынан жасалған күрделі сөздің түрі —қос сөз деп аталады. Қос сөздердің тілімізде алатын орны aca үлкен. Олар, негізінен, екі сөзді бірге қосақтау, бір сөзді қайталау арқылы, я оның бір буынын қабаттастыру арқылы жасалады. Мысалы, ата-ана, бірен-саран, қызылды-жасылды, шөре-шөре, т.б.

Қысқарған сөздер

Қысқарған сөздер деп ұйым, мекеме аттарын білдіретін күрделі атауларды айтамыз. Күрделі атаулар сөйлеу тілімізде де, жазу тілімізде де бірде толық, бірде қысқартылып қолданылады. Қысқарған сөздерді тіл ғылымыңда аббревиатура дейді. Мысалы, ҚР, ҚХР, АҚШ, БҒМ, т.б.





2-тапсырма

Берілген мәтіннен күрделі сөздерді теріп, жазыңыз, олардың жасалу жолын түсіндіріңіз.


БҰҰ Табиғатты сақтау жөніндегі комитетінің мәліметіне жүгінсек, Жердегі пластик қалдықтар кесірінен жылына бір миллион құс, жүз мың сүтқоректі, жүз миллион балық қырылады. Олар пластикті тамақ деп жұтып қояды. Сосын асқазан қорыта алмай, іштері түйіліп өледі. Зауалға қатты ұшырап жатқандар тізімінде теңіз тасбақасы, итбалық және кит тұр. Мұхиттарда қалқып жүрген пластик қалдықтары судағы сүтқоректілердің тұқымын толық құртады дейді ғалымдар.

Ұлыбритания ғалымдары әлемде алғаш өздігінен ыдырап кететін биологиялық пакет жасады. Онымен нан орайды. Орама төрт жыл ішінде су мен көмір қышқылына бөлініп кетеді.

Норвегияда дүкендер азық-түлікті кейін шіріп кететін биологиялық пакеттерге орап береді. Жүгерінің шырышынан жасалған бұл пакеттен денсаулыққа

зиян жоқ. Әрі ауыр салмаққа шыдамды болғанмен, қымбат. Польшаның бір топ студенті қоқыстағы пластик қалдықтарды теріп, одан өздеріне гитара, дауылпаз және басқа музыкалық аспаптар жасаған. Сөйтіп, біріншіден айнала ортаны тазартса, екіншіден өздерінің қалтасы көтермей жүрген саз аспаптарына ие болған.

Мексиканың «Куадро» фирмасы пластик құтыларды,

шлангтер мен өзге де полиэтиленнен жасалған бұйымдарды қайта ерітіп, үй құрастырады. Іргетасы 18 шаршы метр баспананы салуға 1,7 тонна пластик жұмсалады. Мұндай құрылыс материалдарының

тапшылығы сезілмейді. Себебі, ай сайын қоқыс төгілетін жерден 3 мың тоннадай пластик жиналады. Осындай үйдің бір шаршы метрдің құны 152 доллар.

Швеция астанасында 15 мың тұрғынға арналған экологиялық аудан салынды.

Хаммарбю Шестад аталатын мөлтек аудандағы тұрмыстық қалдық әр пәтерде органикалық, пластик, әйнек және темір болып төрт бөлек жиналады. Әрқайсысы үйден жер астындағы төрт құбыр арқылы ваккум тәсілімен сорылып әкетіледі. Органикалық қалдықтардан газ шығарып, сол үйлерге қайта береді. Жанатын қалдықтар жылу болып оралады. Бірақ түтіні ауаға тарамайды. Жуынып-шайынған

су тазартылған кезде одан да жылу бөлінеді. Сол жылумен суды ысытады. Қуатты күн батареяларынан алады.

(Қ. Олжай кітабынан . өңделген )

Дескриптор

Қысқарған сөзді табады, түсіндіреді.

Қос сөзді табады, жасалуын түсіндіреді;

Біріккен сөзді табады, жасалуын, емлесін түсіндіреді

Тіркескен сөзді табады, емлесін түсіндіреді.


3-тапсырма

2-тапсырманың мәтінін қайта оқыңыз. Берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Мәтінде не туралы айтылған?

Қоқыс мәселесін елдер қалай шешуде?

Қай елдің шешімі ұнады? Неге?

Саралау: нәтиже бойынша саралау жүргізуге болады. Қабілеті жоғары оқушылар құрмалас сөйлем құрастырса, қабілеті төмен оқушылар жай сөйлемдер құрастыруы мүмкін.


4-тапсырма

Қалыптастырушы бағалау

Сіз – қала әкімісіз. Қала тұрғындарына қаланы таза аймаққа айналдыру үшін не қоқыстан тазарту керектігі туралы өз пікіріңізді айтқыңыз келді. Қала тұрғындары алдында сөйлейтін сөзіңізді дайындаңыз.

Дескриптор

Мәтін ақпаратына сүйенеді - 1 балл;

Қоқыстан өңдеу туралы ұсыныс жасайды- ең азы 1 балл (екі ұсыныс болса 2 балл);

Сөйлеу кезінде күрделі сөздерді – ең азы 4 балл (сын есім санына қарай) ;

Тыңдаушыға әсер ету үшін қаратпа сөз, риторикалық сөйлем қолданады – 2 балл;

Өз пікірін білдіруде кідірісті, тембрді қолданады – 2 балл.

Сөйлем ішінде сөздерді дұрыс байланыстырады – 3 қатеге дейін – 5 балл, қате көбейген сайын балл азаяды

Барлығы 10 баллдан 15 баллға дейін


5-тапсырма

Берілген дескриптор бойынша сынып оқушыларының үшеуін бағалаңыз. Ұсыныс айтыңыз. ( сыныпты 4-тен топқа бөліңіз. Әр оқушы 3 оқушыны бағалайтынын ескертіңіз)

















































Рефлексия

1 мин






Қосымша мәлімет

Саралау – көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыларыңызға қандай жоспар құрған болар едіңіз?


Бағалау – оқушылардың не үйренгенін қалай анықтауды жоспарлайсыз?


Пәнаралық байланысқа сілтеме

Денсаулық және қауіпсіздік

АКТ сілтемелері

Құндылықтар сілтемесі


Жұптар бірі-біріне қолдау көрсетеді. Нәтижені саралау.


Оқуды қадағалау

Сұрақ - жауап

Топтық бағалау


Георграфия пәнімен байланыс. Пән мұғалімімен ой бөлістім.



Сыныпты топтарға бөлу.



АҚТ дағдылары



Топпен жұмыс істеу дағдылары. (бір-бірін тыңдау, құрметтеу.)




Рефлексия



Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары шынайы болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?


Қорытынды бағалау:

Ең жақсы өткен екі дүниені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:



2:



Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:



2:



Осы сабақтың барысында мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы қандай ақпаратты білдім?














-75%
Курсы повышения квалификации

Занимательное искусствознание: как научить школьников понимать искусство

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Жер планетасындағы қауіпті қалдықтар (578.13 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт