Меню
Разработки
Разработки  /  Психологу  /  Презентации  /  Прочее  /  Жеке адам және топ

Жеке адам және топ

Жоспары:

1.Жеке адам туралы түсінік

2.Жеке тұлғаның психологиялық құрылымы

3.Жеке тұлғаның компоненттері

4.Жеке тұлғаның қалыптасуы

5.Ұжым психологиясы

Таңдау әдісі. Социометрия

19.02.2018

Содержимое разработки

Сабақтың тақырыбы: Жеке адам және топ.   Лекция мақсаты: Жеке адамның компоненттерінің қандай роль  атқаратынын анықтау.    Жоспары: Жеке адам туралы түсінік Жеке тұлғаның психологиялық құрылымы Жеке тұлғаның компоненттері Жеке тұлғаның қалыптасуы Ұжым психологиясы Таңдау әдісі. Социометрия

Сабақтың тақырыбы: Жеке адам және топ.

Лекция мақсаты: Жеке адамның компоненттерінің қандай роль

атқаратынын анықтау.

Жоспары:

  • Жеке адам туралы түсінік
  • Жеке тұлғаның психологиялық құрылымы
  • Жеке тұлғаның компоненттері
  • Жеке тұлғаның қалыптасуы
  • Ұжым психологиясы
  • Таңдау әдісі. Социометрия

Лекцияның мазмұны.

Жеке адам дегеніміз - қоғамның мүшесі ретіндегі адам. Әр адамның рухани байлығы оның басқа адамдармен байланысының алуан түрлілігіне өмірге белсене қатысуына байланысты болады.

Қоғам мүшесіндегі жеке адам әр түрлі қатынастардың, әсіресе, материалдық игіліктерді өндіру және тұтынуға байланысты туындайтын қатынастардың ықпалында болады.

Жеке адам сондай-ақ, саяси қатынастардың әсеріне де тәуелді болады. Бас бостандығы бар ма немесе езгіде жүрме, саяси құқығы бар ма, әлде жоқ па, сайлауға және сайлана алуға құқылы ма, қоғамдық өмір мәселелерін талқылауға қатысты ма немесе үстем таптың ырқын жай ғана орындаушы ма осылардың бәрінен жеке адам психологиясы тәуелді болып отырады.

Психологияның басқа ғылымдардан ерекшелігі (философия, этика, заң ғылымдары және т.б.) жеке тұлғаның рухани бейнесін, оның қылықтары мен мінез-құлқын зерттейді.

Психология ең алдымен жеке тұлғаның себептерін, сезімін, қажеттілігін, қызығуын, сонымен қатар іс-әрекетті ойдағыдай орындаудың психологиялық алғышарттарын және темпераменті мен мінез-құлқының психологиялық ерекшеліктерін қарастырады. Бір сөзбен айтқанда, психология жеке тұлғаның қалыптасу және даму үрдісін зерттейді.

Жеке адамның психологиялық құрылымының бірінші бөлігі оның бағыттылығын немесе адамның шындық дүниеге таңдамалы қатынасын сипаттайды. Бағыттылық әртүрлі қасиеттердің өзара байланысты қажеттіліктер мен қызығулардың, идеялар мен тәжірибелік ұстанымдардың жүйесін қамтиды.

Жеке тұлғаның психологиялық құрылымының екінші бөлігі жеке тұлғаның мүмкіншілігін айқындайды және белгілі бір іс-әрекетті нәтижелі қамтамасыз ету үшін қабілеттіктерді қамтиды.

Жеке тұлғаның құрылымының үшінші бөлігі мінез болып табылады немесе әлеуметтік ортадағы адамның мінез-құлық стилі. Мінез күрделі синтетикалық құрылым, адамның рухани өмірінде мазмұн мен түр бірлігінде аңғарылады. Мінез жеке тұлғаны тұтас көрсете алмағанымен, бірақ оның қасиеттерінің, бағыттылығы мен ерік-жігерінің, интеллектуалдық және эмоциялық сапаларының, темпераментте байқалатын типологиялық ерекшеліктерінің күрделі жүйесін білдіреді.

Төртінші бөлігі басқару жүйесі болып табылады, көп жағдайда “Мен” деген ұғымды білдіреді. “Мен” – жеке тұлғаның өзіндік сапа құрылымы, ол өзін-өзі реттеп отыруды іске асырайды. Өзін-өзі басқару, бағындыру, іс-әрекетті жоспарлап отыру, яғни жеке тұлғаның ұйымдасқан өмірі мен қызметінде ерекше маңызы зор.

 Жеке адамның компоненттеріне – қажеттілік, қызығу, дүниетаным, мұрат т.б. жатады.  Қажеттілік - адамның ойлау қызметін тудыратын негізгі күш болып табылады. Адамның қажеттіліктері алуан түрлі. Оларды материалдық, рухани және қоғамдық қажеттіліктер деп топтастыруға болады.  Қызығу  дегеніміз-жеке адамның объектіге, оның өмірлік мәні мен эмоциялық тартымдылық күшіне қарай таңдамалы қатынасы. Қызығулар қажеттіліктер негізінде пайда болады. Қызығу адам өмірі мен іс-әрекетінде елеулі орын алады. Адам өмірдің бақыты мен бар болмысын өз бойында қызығу бар кезде ғана сезінеді. Қызығу әрекетке талпындырады, адамды ширатады. И.П.Павлов қызығуды адам жанын жадыратушы, ми қыртысында іс-әрекет жағдайын туғызушы фактор ретінде қарастырған. Қызығып істелінетін жұмыс жеңіл және жемісті болады. Адамдар қызығуы олардың іс-әрекеті сияқты өте алуан түрлі. Қызығуды олардың мазмұнынан, немесе бағыттылығына қарай ажыратылады. Бұл ретте материалдық, қоғамдық және рухани қызығуды бөліп қарауға болады.

Жеке адамның компоненттеріне – қажеттілік, қызығу, дүниетаным, мұрат т.б. жатады.

Қажеттілік - адамның ойлау қызметін тудыратын негізгі күш болып табылады. Адамның қажеттіліктері алуан түрлі. Оларды материалдық, рухани және қоғамдық қажеттіліктер деп топтастыруға болады.

Қызығу дегеніміз-жеке адамның объектіге, оның өмірлік мәні мен эмоциялық тартымдылық күшіне қарай таңдамалы қатынасы. Қызығулар қажеттіліктер негізінде пайда болады. Қызығу адам өмірі мен іс-әрекетінде елеулі орын алады. Адам өмірдің бақыты мен бар болмысын өз бойында қызығу бар кезде ғана сезінеді.

Қызығу әрекетке талпындырады, адамды ширатады. И.П.Павлов қызығуды адам жанын жадыратушы, ми қыртысында іс-әрекет жағдайын туғызушы фактор ретінде қарастырған. Қызығып істелінетін жұмыс жеңіл және жемісті болады. Адамдар қызығуы олардың іс-әрекеті сияқты өте алуан түрлі. Қызығуды олардың мазмұнынан, немесе бағыттылығына қарай ажыратылады. Бұл ретте материалдық, қоғамдық және рухани қызығуды бөліп қарауға болады.

Дүниетаным дегеніміз-табиғат жөніндегі, қоғам мен адамзат ақыл-ойының дамуы жөніндегі көзқарастар жүйесі, яғни адамдардың қоғамдық болмысын бейнелейтін моральдық-саяси принциптер. Дүниетаным жеке адамның характерін орнықты да табанды ете отырып, оның жалпы бағыттылығын, мақсаттылығын айқындап қана қоймайды,-ол адамның бүкіл бет-бейнесінен, мінез-құлқы мен іс-әрекетінен, әдеті мен бейімділігінен, осы сияқты барша бітім болмасынан да айқын аңғарылып тұрады.

Жеке тұлғаның қалыптасуы . Жеке тұлға адамның қоғамдық, тарихи-нақтылы жағдайында, оны оқыту және тәрбиелеуде қалыптасады. Жеке тұлғаның дамуы екі бағыт арқылы қалыптасады: биогенетикалық және социогенетикалық.

Биогенетикалық бағыттың түсіндіруінше, жеке тұлғаның дамуы биологиялық, тұқым қуалау факторымен анықталады. Биогенетиктердің айтуынша, адам табиғатынан эмоциялық реакциясы жүруінің кейбір ерекшеліктеріне бейімділік аңғартып ғана қоймайды, сонымен қатар белгілі түрткілер жиынтығы бейімділік береді. (біреулер қылмыс істеуге бейім келсе, кейбіреулер ұйымдастырушылық қабілетке бейімділік аңғартады).

Социогенетикалық көзқарас бойынша жеке тұлғаның дамуы қоршаған әлеуметтік ортаның тікелей ықпалының нәтижесі ретінде қарастырылады. Биогенетикалық та, социогенетикалық та психикалық дамудың қозғаушы күштерін анықтауға қабілетті емес.

Жеке адамның тұтас психологиялық құрылымы белгілі бір өмірлік стиль мен мінез-құлық арқылы анықталады. Жеке адамды төмендегі қасиеттер толығырақ сипаттайды:  1 -Жеке адамның идеялығы – бағыттылықтың басты және шешуші қасиеті, ол адамның бүкіл іс-әрекеті мен мінез-құлқынан айқын аңғарылып тұрады. Идеялды адам- ол өз идеясы үшін қандай да болсын құрбандылыққа баратын принципті адам.  2- Мақсаттылық – адамның белсенділігінің негізгі бағытын анықтайтын талпынысының нақты көрінісі.  3- Моральдық жағынан тәрбиелілік – адамға басқа адамдар – сын сипаттайды.  4- Жеке адамның жан дүниесінің байлығы – адам дамуындағы жан-жақтылықты сипаттайтын сапалық қасиет.  5- Байсалдылық – жеке адамның ішкі бірлігі.  6-Белсенділік – жеке адамның аса маңызды қасиеті.  7-Қайталанбайтын даралық – адамды өзінің айналасындағылардан айқын бөліп тұратын және сонымен бірге әлеуметтік тұрғыдан аса бағалы қасиетті айтады.

Жеке адамның тұтас психологиялық құрылымы белгілі бір өмірлік стиль мен мінез-құлық арқылы анықталады.

Жеке адамды төмендегі қасиеттер толығырақ сипаттайды:

1 -Жеке адамның идеялығы – бағыттылықтың басты және шешуші қасиеті, ол адамның бүкіл іс-әрекеті мен мінез-құлқынан айқын аңғарылып тұрады. Идеялды адам- ол өз идеясы үшін қандай да болсын құрбандылыққа баратын принципті адам.

2- Мақсаттылық – адамның белсенділігінің негізгі бағытын анықтайтын талпынысының нақты көрінісі.

3- Моральдық жағынан тәрбиелілік – адамға басқа адамдар – сын сипаттайды.

4- Жеке адамның жан дүниесінің байлығы – адам дамуындағы жан-жақтылықты сипаттайтын сапалық қасиет.

5- Байсалдылық – жеке адамның ішкі бірлігі.

6-Белсенділік – жеке адамның аса маңызды қасиеті.

7-Қайталанбайтын даралық – адамды өзінің айналасындағылардан айқын бөліп тұратын және сонымен бірге әлеуметтік тұрғыдан аса бағалы қасиетті айтады.

    Үйге тапсырма. Адам неге биологиялық құбылыс? Сипаттама бересіздер. Адам неге қоғамдық-әлеуметтік құбылыс? Түсінбіресіздер. Жеке тұлғаны қандай қоғамдық ғылымдарп зерттейді? Атап бересіздер.     Әдебиеттер:  Леонтьев А.Н. Индивид и личность. Хрестоматия по психологии. Рубинштейн С.Л. Направленность личности. М., 1987 Ковалев А.Г. Психология личности. –М., 1970 Петровский А.В. Личность, деятельность, коллектив. М., 1982

Үйге тапсырма.

  • Адам неге биологиялық құбылыс? Сипаттама бересіздер.
  • Адам неге қоғамдық-әлеуметтік құбылыс? Түсінбіресіздер.
  • Жеке тұлғаны қандай қоғамдық ғылымдарп зерттейді? Атап бересіздер.

Әдебиеттер:

  • Леонтьев А.Н. Индивид и личность. Хрестоматия по психологии.
  • Рубинштейн С.Л. Направленность личности. М., 1987
  • Ковалев А.Г. Психология личности. –М., 1970
  • Петровский А.В. Личность, деятельность, коллектив. М., 1982

Ұжым психологиясы.

Психологиялық, педагогикалық әдебиетте кез-келген ұйымдасқан топты

ұжым деп атайды. Ұжым- топты ұйымдастырудың ең жоғары сатысы, топтың

түрлерінің бірі. Ұжымды қалыптастыру заңдылықтарын түсінуге айтарлықтай

үлес қосқан А.С.Макаренко болып табылады.

Қазіргі кезде кеңінен тараған және шет елден енген әдістердің бірі –

социометриялық әдістеме немесе социометрия әдісі. Оны алғаш рет ұсынған

З.Фрейдтің шәкірті –Джекоб Морено (1892-1974). Социометрия – америка

социологі және психологі Джекоб Морено ұсынған шағын топтарда тұлға аралық

қарым-қатынасты зерттеудің ерекше әдісі. Қазір социометрия әдісін топ

мүшелерінің арасында ұнату және ұнатпауды анықтау үшін кеңінен қолданады.

Үйге тапсырма.

  • Топтар және оның жіктелуі. Әрқайсысына сипаттама бересіздер.
  • Шағын топ жөнінде батыс психология ғылымының қарапайым түсініктері қандай?
  • Топтардың қандай түрлері бар? Әрқайсысына түсініктеме бересіздер.

Әдебиеттер.

  • Коломинский Я.Л. Психология взаимоотношений в малых группах. Минск, 1976
  • Андреева Г.М. Социальная психология. М., 1980
  • Донцов А.И. Психология коллектива. М., 1984
  • Петровский А.В. Психология теории коллектива. М., 1979
 Абай атамыздың адамдық қасиет туралы айтылған мынадай өлеңі бар:   Осыны оқып, ойлай бер, болсаң зерек   Еңбекті сат, ар сатып неге керек?   Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті   Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.   Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап,   Әуре етеді ішіне қулық сақтап.   Өзіңе сен, өзіңді алып шығар   Еңбегіңмен ақылың екі жақтап.   Өзің үлкен қылығың бала-шаға,   Балаша мәз боп жүрсің тамашаға.   Әкесі ұрысса балаға, ол да достық,   Баласы ұрысса әкеге жараса ма?

Абай атамыздың адамдық қасиет туралы айтылған мынадай өлеңі бар:

Осыны оқып, ойлай бер, болсаң зерек

Еңбекті сат, ар сатып неге керек?

Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті

Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап,

Әуре етеді ішіне қулық сақтап.

Өзіңе сен, өзіңді алып шығар

Еңбегіңмен ақылың екі жақтап.

Өзің үлкен қылығың бала-шаға,

Балаша мәз боп жүрсің тамашаға.

Әкесі ұрысса балаға, ол да достық,

Баласы ұрысса әкеге жараса ма?

Көңіл бөлгендеріңізге көп рахмет!

Көңіл бөлгендеріңізге

көп рахмет!

-80%
Курсы профессиональной переподготовке

Педагог-психолог

Продолжительность 300 или 600 часов
Документ: Диплом о профессиональной переподготовке
13800 руб.
от 2760 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Жеке адам және топ (400.5 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт

Вы смотрели