Меню
Разработки

Жау тылындағы бала

10.12.2020

Содержимое разработки

Күні

14.02. 2019

пән

қазақ әдебиеті

сынып

7 «А»

Оқубағдарламасынасәйкесоқумақсаты

көркемшығарманыңмазмұны мен пішіні (Т/Ж1); әдебишығармасюжетініңқұрамдасбөлшектерінталдау (7.Т/Ж1)

Сабақмақсаты

Барлықоқушыларорындайалады: шығарманыңмазұнынбаяндайды.

Оқушылардыңкөпшілігіорындайалады: повестіңнегізгіойы мен идясынанықтайды;

Кейбіроқушыларорындайалады:Повестіңсюжетініңқұрамдасбөлшектерінталдайды.

Бағалаукритерийі;

Шығарманыңтақырыбын,мазмұнынайтады;

Повестің негізгі ойы мен идясын анықтайды;

Шығарма желісі бойынша сұрақ дайындайды;

Тілдікмақсаты

Ұлы Отан соғысы, қазақ жауынгерлері

Алдынғыоқу:

М.Әуезов «Көксерек»

Сабақтыңбарысы


Сабақтыңкезеңдері

Жоспарланғанжұмыс

Сабақтың басы

Ұйымдастыру. Топқа бөлу.«Мозайка» әдісі арқылы бөлу.

Жағымды ахуал тудыру (бағалаушыны таңдау) Оқушыларға жақсы қасиеттер жазылған стикерлер таратылады: Қызығушылықты ояту.Бейнефильмнен үзінді. Оқушылар сабақтың тақырыбын болжайды.«Түйінді сөздер» Оқушыларға проектор арқылы немесе парақшаларда түйінді сөздер тізімі беріледі. Олар топтарда сол сөздерді пайдалана отырып әңгімежасайды, сабақ тақырыбын анықтайды.Шығарма авторы, партизан-жазушы Қ.Қайсенов туралы мәлімет беріледі.

Түйін сөздер: Ұлы Отан соғысы, қазақ жауынгерлері, қазақтың қайсар ұлы, Украина, Вася т.б. 


Мағынаны тану.-Қ.Қайсенов деген кім?-Қандай шығармаларын білесіздер?

Қасым Қайсенов 1918 жылы 23 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Асу-Бұлақ ауылында қарапайым еңбекші отбасында дүниеге келген. 1934 жылы орта мектепті толық аяқтамай Өскемен қаласындағы саяси-ағарту техникумына оқуға түсті. 1939 жылы оны бітірген соң әскери-барлау мектебіне жіберіледі, 1941 жылы қараша айында осы мектепті бітірген бойда, Оңтүстік-Батыс майданының штабына жөнелтіледі. Арнайы тапсырма бойынша Украинаның басқыншылар қолында қалған жеріне жіберіледі. Ол жерде Қасым Қайсенов В.И.Чапаев атындағы партизан құрамасының үшінші отрядын басқарады. Молдавия, Украинаның Закарпатье бөлігі, Чехословакия және Румыния жеріндегі ұрыстарға қатысады. Әскери мұрағаттар Қасым Қайсенов туралы маңызды тарихи оқиғаларға толы. Кеңес жері фашист басқыншыларынан азат етілген соң 1945 жылдың басында Отанына оралып, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумы аппаратын басқарады, содан кейін Жамбыл облысының Жуалы, Свердлов аудандарында атқару комитеттері төрағаларының орынбасары ретінде жұмыс істейді.


Ардагер-партизан көп уақыт бойы «Жазушы» және «Қайнар» баспаларының редакторы, редакторының орынбасары болады. 1954 жылы Қ.Қайсенов «Жаспартизандар» атты алғашқы кітабын басып шығарады. Оның батырлық-патриоттық тақырыпқа арнаған әдеби қызметі осылай басталады. Оның «Илько Витряк», «Переяслав партизандары», «Ажал аузынан», «Жау тылындағы бала», «Днепрде», «Жау тылында»... атты кітаптары оқырмандарға кеңінен танымал. Олар орыс және украин тілдеріне аударылған.

Қасым Қайсенов ІІ дәрежелі «БогданХмельницкий» орденімен, І және ІІ дәрежелі «Отан соғысы» екі орденімен, «Чехословакия партизандары», екі І дәрежелі «Отан соғысы партизанына» медалімен және Кеңес Одағының тағы басқа он бес медалімен, үш рет Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен, Украин КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасыменжәне ІІ және ІІІ дәрежелі «Зазаслуги» орденімен марапатталған. Оған Қазақстан Халық батыры (Халық Қахарманы), «Отан» ордені, Қазақстан Жазушылар одағының Бауыржан Момышұлы атындағы сыйлығы берілген, А.Фадеев атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты.

1-тапсырма.Оқушылар повестің мазмұнымен танысады. Аудиокітап.

2-тапсырма. «Әдеби шеңбер» стратегиясы.

Топтық тапсырмалар:

Талқылаушы-шығарманың тақырыбын,мазмұнын айтады.

Белгілеуші-шығарма желісі бойынша сұрақ дайындайды. Байланыстырушы-өмірмен байланыстырады.

Топ шешені-шығарма мазмұнына қатысты мақал-мәтел айтады.

Қорытындылаушы- шығарманың негізгі идеясын айтады.

3-тапсырма . «Сұрақ қою, қайта сұрақ қою» әдісі

1-қадам. Шығармадан үзінді оқыту, оқылған мәтіннің мазмұнына, кейіпкер бейнесіне байланысты әр деңгейлі сұрақтар дайындау;

2-қадам. Оқушылар оқығандары бойынша бір-біріне сұрақтар қояды және талқылайды. Кейіпкер бейнесін ашатын үзінділерді тауып, жаттайды.

Үйге тапсырма: Жоспар құру.

Кері байланыс. Әр топтың әділ бағалаушыларына сөз беріледі.

Рефлекcия«Бес саусақ» әдісі?

Сабақтың ортасы

















































Сабақтың соңы




Қосымша ақпарат

Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғарыоқушыларғақандайміндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-ны қолдану

Құндылықтарменбайланыс

(тәрбие элементі)


Коммуникативті дағдыларын дамыту мақсатында құрылған топтар/жұптар қабілеті төмен оқушыларды қабілеті жоғары оқушылардың қолдау көрсетуін меңзейді.

Топтар арасында жұмыс жасау, талқылауды тыңдау немесе талқылауға көмек беру, қажетіне қарай топтар немесе жеке оқушыларға қолдау көрсету, марапаттау



Пәнаралық байланыс:география

Белсенді оқыту әдістерін қолдану,

Оқушылардың жас ерекшелігін сақтау,

Рефлексия



Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақ бағанда келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен







-75%
Курсы повышения квалификации

Занимательное искусствознание: как научить школьников понимать искусство

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Жау тылындағы бала (22.3 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт

Вы смотрели