Меню
Разработки
Разработки  /  География  /  Разное  /  Прочее  /  Жаратылыстану пәндерін оқытудағы экономикалық білім тұлғаның бәсекеге қабілеттілігін дамыту факторы ретінде

Жаратылыстану пәндерін оқытудағы экономикалық білім тұлғаның бәсекеге қабілеттілігін дамыту факторы ретінде

Жаратылыстану п?ндерін о?ытуда?ы экономикалы? білім т?л?аны? б?секеге ?абілеттілігін дамыту факторы ретінде

11.01.2017

Содержимое разработки

Жаратылыстану пәндерін оқытудағы экономикалық білім тұлғаның бәсекеге қабілеттілігін дамыту факторы ретінде

Қазақстан бүгінде егеменді тәуелсіз мемелекет.Қоғамда әлеуметтік , саяси және экономикалық реформалар жүріп жатыр.Республика экономикасыда тұрақтана бастады.Бүгінде саяси және экономикалық жүйе мүлде өзгеше. Өтпелі кезеңде бірқатар қиындықтардың болып жатқаны да рас.Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында «Мен өз отандастарым өтпелі кезеңнің ауыртпалықтарын түсініп ,оған төзіп отырғаны үшін рахмет айтамын.Осы қасиеттер біздің табысқа жетуіміздің ,қоғамымыздың топтасуының,шетелдік инвесторларды тартудың және халықаралық қоғамдастықтың біздің проблемаларымызды шешуге кірістірудің елеулі кепілі деп санаймын »,-деді.Осының бәрі қазіргі ғана емес,болашақ ұрпақ игілігі үшін де жасалып жатқан шаралар. Қазақстан Орталық Азия аймағында орналасқан ел. Табиғи ресурстарға аса бай.Атап айтатын болсақ қорғасын, мырыш, мыс, мұнай, хром, темір,марганец,қалайы,алтын,фосфор-иттер,бор және калий тұздарының қоры бойынша әлем елдерінің озық ондығына кіреді.Сонымен бірге нарық жағдайында минералды шикізат қорларының бір бөлігі бәсекеге қабілетті болып табылады.Мысалы алтын бойынша кен қорларының 86% -ы,қорғасын мен мырыш бойынша 68% -ы,мыс бойынша 58 %-ы бәсекеге қабілетті.Марганец және хромит өнеркәсібінің шикізат базасы тіпті де бәсекеге қабілетті болып табылады.Атап өткен ресурстар жалпы мемлектіміздің болашағын айқындайды.Экономика сөзінің мағынасы «эйкос»-шаруашылық «номос» -заң шаруашылықты зерттеймін деген мағына ескере тұрып оқушыларға еліміздің пайдалы қазбалары туралы түсінік қалыптастыру болды.Сонымен қатар солтүстік өңірдің ресурсына тоқталсақ,Облыс аумағы Солтүстік Қазақстанның уранды-кенді, алмазды және сирек маталлды қалайылы түкпірі болып саналады. Онда минералды шикізаттың маңызды бөліктері табылған, олар Қазақстан Республикасының балансын құрайды: қалайыбойынша -65%, цирконийға -36,6%,  -19%, титанға -5%, вольфрамға,уранға -1,1%.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығының қарсаңында облысымыздың 80 жылдығына орай біршама шаралар атқарылған

Экономикалық  білім де экономикалық білім жүйесін игеру  барысында,  экономикалық есептеуде, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру,  өндірістегі іс- әрекет  экономикасын  талдау арқылы меңгеріледі.Оқушыларға нарықтың құрылымы мен кәсіпкерлік  жүйесін  ұғындыруда,  нарықтық білім  берудің  бағыттары мен  кәсіпкерлікке баулудың әлеуметтік  педагогикалық  қажеттілігін түсіндіреді. Сонымен қатар, оқушыларға нарықтық ұғымдарды оқыту барысында экономикалық білімдерін қалыптастырады.  Оқушыларға  ауыл  халқының өсу динамикасын  анықтау, әр шаруа  қожалықтарының  шаруашылықты ұйымдастыру ерекшеліктерімен танысу, қорытынды жасау, өнімнен түсетін қаржыны болжау  жұмыстарын үйрету арқылы экономикалық білім  беруге болады.Өзімнің  «География сабағында аймақтық компоненттерді оқытуда оқушылардың  өз бетімен жұмыс істеулерін ұйымдастыру» атты өзекті  тақырыбым бойынша, Қазақстанның әлеуметтік және экономикалық  географиясы  сабағында Солтүстік Қазақстан  экономикалық ауданын өткен кезде оқушыларға  косымша  материалды қолдана отырып,  білімдерін өз беттерімен  арттыруға  тапсырма  беремін. Оқушылар  Мемлекет басшысы  Н. Назарбаевтың  «Қазақстан -2050  Стратегиясы  – қалыптасқан мемлекеттің  жаңа саяси  бағыты»  атты Қазақстан  халқына Жолдауында  белгіленген  міндеттер мен  тапсырмалар Солтүстік өңірінде  кезеңдеп орындалып жатқаның  оқып білді. Облыс басшысы Е.Сұлтановтың бастамасымен жүзеге асып жатқан ауқымды  жобалардан мәлімет алды.

Ол жобалар:

1)Солтүстік Қазақстан  облысы – еліміздің  үдемелі  индустриялық дамуында жетекші орында.  Мұнда бүгінгі таңда  53 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.

2)Электр қуатының  балама көзін іздестіру  жұмыстары, яғни электр куатын  өңдірудің ең экологиялық таза әрі қауіпсіз  тәсілі  қарастырылуда .

3)Солтүстік Қазақстан облысы  интеграциялық байланыстарды  жолға қоюда  Ресеймен және Қытаймен  экономикалық байланыстар орнатқан. Биыл «Қуатты аймақтар – қуатты Қазақстан»  атты  өңіраралық  форум өтті.

4)Солтүстік Қазақстанға  тән егістік және мал шаруашылығына  облыс бюджетінен 60-70млн субсидий  бөлінген.

5) Ауыл , қалаларымен қатар облыс орталығы да  өркендеп келеді. Ертіс  жағалауы абаттандырылған, қала жасыл  желекке малынған.

6)Үкіметтің тірек ауылдар  бағдарламасына  әр ауданның  3-4 ауылы еніп, қысқа мерзімде  әлеуметтік  ахуалын  жақсартуға  қол жеткізді.

7)  «Туған жерге –  тағзым»   акциясы  Солтүстік Қазақстанның  түлектерінің облыстың  өркендеуіне  үлес косуына жол ашты. Осы арқылы  кәсіпкерлердің , елге белгілі азаматтардың демеушілігімен   миллиардтаған теңге тұратын көптеген нысандар бой көтерді.

8)Қазіргі кезде Солтүстік өңірі өзінің  рухани – мәдени  орталық екенін дәлелдеді.Солтүстiк Қазақстан облысының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттермен өзара сауда-саттық әріптес Міне, оқушылар өз беттерімен  қосымша жаңа материалдар алып, туған өлкесінің  экономикасының  өркендеуідегі  он жетістіктерді білді.

Соныменқатар  Солтүстік Қазақстан облысының 2016 жылғы қаңтар-маусым айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері туралы анықтама

Өнеркәсiп. 2016 жылғы қаңтар-маусым айының нәтижесi бойынша облыстың өнеркәсiптiк кәсiпорындарымен қолданыстағы бағамен 83311,4 млн. теңге сомаға өнiм шығарылды, бұл 2015 жылғы қаңтар-маусым деңгейiнен 0,5% жоғары.



2016 жылғы қаңтар-маусымда тамақ өнiмдерiнiң өндiрiсi 37228,3 млн. теңгенi құрады, заттай түрде өңделген сүт — 0,1%, шұжық өнiмдер — 4,7%, ұн — 29,7%, кондитер өнiмдерi — 23,4%, ыстық нан — 7,6% ұлғайтылды.

Ауыл шаруашылығы. 2016 жылғы қаңтар-маусымдағы ауыл шаруашылығы жалпы өнiмiнiң өндiрiс көлемi 51065,4 млн. теңгенi құрады, нақты көлем индексi 2015 жылғы қаңтар-маусым деңгейiне 102,2%.

Кәсiпкерлiк. 2016 жылғы 1 шiлдеге облыста базарлардағы шағын және орта кәсiпкерлiктiң жұмыс iстеп жатқан субъектiлерiнiң саны 28009 бiрлiктi құрады.

Инфляция. 2016 жылғы қаңтар-маусым нәтижесi бойынша тауарлар мен қызметтердiң бағасы 4,0% құрады, бұл орташа республикалық деңгейден 0,6% жоғары. Азық-түлiк тауарлардың бағасы 4,1%, азық-түлiк емес тауарлардың 4,1%, ақылы қызметтердiң бағасы 3,6% қымбаттады.

Негiзгi капиталға инвестициялар. 2016 жылғы қаңтар-маусым қоса есептеумен негiзгi капиталға инвестициялар көлемi 58 133,5 млн. теңгенi немесе 2015 жылғы ұқсас кезеңге 103,4 пайызды құрады.

Инвестицияларды қаржыландыру көздерi кәсiпорындар, ұйымдар және тұрғындардың меншiктi қаражаты (жалпы көлемнен 67,4%), бюджеттiк қаражат (18,8%), басқа қарыз қаражат (11,2%) банк кредиттерi (2,6%) болып табылады.

Негiзгi капиталға инвестициялар бағытталған басымды салалар ауыл, орман және балық шаруашылығы (36,4%), өнеркәсiп (21,2%), көлiк және қоймалау (17,9%), жылжымайтын мүлiкпен операциялар (9,7%), бiлiм (4,8%), көтерме және бөлшек сауда, автомобильдер мен мотоциклдердi жөндеу (3,8%) болып табылады.

Тұрғын үй құрылысы. 2016 жылғы қаңтар-маусым айында облыс аумағында жалпы ауданы 38 382 ш.м. тұрғын үй енгiзiлдi, бұл 2015 жылғы сәйкес кезеңiне 121,8% құрайды

Сумен жабдықтау. 2016 жылға арналған «Өңiрлердi 2020 жылға дейiн дамыту» бағдарламасы аясында сумен жабдықтау объектiлерiн салуға және реконструкциялауға республикалық бюджеттен — 1 305,4 млн. теңге

Әлеуметтiк қорғау. 2016 жылғы 1 шiлдедегi өкiлеттi органдарда тiркелген жұмыссыздар саны өткен жылдың ұқсас кезеңiмен салыстырғанда 4,3 пайызға жоғары 1636 адамды құрады. Тiркелген жұмыссыздар үлесi экономикалық белсендi халықтың 0,5 пайызын құрады, бұл өткен жылғы денгейне сәйкес.

Бiлiм. Бала бақшалардың жалпы саны 79 бiрлiктi құрайды, соның iшiнде: 65 — мемлекеттiк, 14 — жекеменшiк.

2016 жылы бiлiм жүйесiн дамытуға 49,1 млрд. теңге бөлiндi. 2016 жылғы 1 шiлде жағдайында 25,5 млрд. теңгеден игерiлу 25,4 млрд. теңге немесе 99,7% құрады.

Ауыл шаруашылық өнiмдерiнiң негiзгi түрлерi өндiру

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2013 жыл

2014 жыл

Қаңтар-маусым

2016 ж. 2015 ж. %

2015 жыл

2016 жыл

Ет, тірі салмағы

мың тонна

91,9

90,6

32,2

32,6

101,3

Сүт

мың тонна

473,3

504,1

228,3

240,2

105,2

Жұмыртқа, барлығы

млн. дана

543,0

583,7

292,7

277,8

94,9

Сыртқы сауда айналымы. Алдын ала мәлiмет бойынша 2016 жылғы қаңтар-мамырдағы облыстың сыртқы сауда айналымы (өзара сауданы есепке алмағанда) 81,3 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2015 жылғы сәйкес кезеңнен 8,3% артық. Бұл ретте, экспорт — 51,4 млн. АҚШ долларын (1,3 есе ұлғаюмен), импорт — 29,9 млн. АҚШ долларын (19,6% қысқарумен) құрады.

Экспорт бойынша негiзгi әрiптестерi: Ауғанстан (барлық экспорт көлемiнiң 37,6%-ы), Өзбекстан (20,0%-ы), Тәжiкстан (12,0%-ы), Бельгия (7,4%-ы), Латвия (4,4%-ы), Қытай (3,9%-ы).

Экспорттық жеткiзулерде негiзгi үлестi орынды келесi тауарлық топтардың өнiмдерi алады: «Мал және өсiмдiк өнiмi, дайын азық-түлiк тауары» (барлық экспорт көлемiнiң 99,2%-ы немесе 51,0 млн. АҚШ доллары), «Былғары шикiзаты, аң терiсi және олардан жасалған өнiмдер» (0,4%-ы немесе 0,2 млн. АҚШ доллары).

Импорттық өнiмнiң жетекшi жеткiзушiлерi: Израиль (барлық импорт көлемiнiң 30,7%-ы), Қытай (18,6%-ы), Украина (11,1%-ы), Польша (4,9%-ы).

Импорттық жеткiзулердiң құрылымында негiзгi үлестi орынды келесi тауарлық топтардың өнiмi алады: «Машиналар, жабдықтар, көлiк құралдары, приборлар мен аппараттар» (импорттың жалпы көлемiнiң 49,8%-ы немесе 14,9 млн. АҚШ доллары), «Химия өнеркәсiбiнiң және оған байланысты өнеркәсiп салаларының өнiмдерi» (18,1%-ы немесе 5,4 млн. АҚШ доллары), «Мал және өсiмдiк өнiмi, дайын азық-түлiк тауары» (17,4%-ы немесе 5,2 млн. АҚШ доллары), «Металл және одан жасалған бұйымдар» (6,7%-ы немесе 2,0 млн. АҚШ доллары).

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлiгiнiң Статистика комитетiнiң алдын ала мәлiметтерi бойынша 2016 жылғы қаңтар-сәуiрдегi Солтүстiк Қазақстан облысының Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттермен өзара сауда-саттық көлемi 77,8 млн. АҚШ долларын құрады. Бұл ретте, экспорт — 12,1 млн. АҚШ доллары, импорт — 65,7 млн. АҚШ доллары.

Бұл қарапайым мысал ретінде алып отырмын.Экономикалық білім ЕХРО-өркениеттің белгісі.Онда техниканың ғылым мен мәдениеттің жетістіктері ортаға салынады

Сарапшылардың елімізге берген жоғары бағасын көріп,болашақта «Азия жолбарыстары» мемлекеттерінің қатарына қосылуға мүмкіншілігі зор екекнін көрдік

Қорыта айтқанда,Болашақ экономикалық бәсекеге түсуге Қазақстанда ЕХРО -2017 халықаралық көрмесін өткізудің табиғи географиялық,экологиялық және экономикалық қажеттілігі барын толық беруге. Жинақтай айтсақ оқушыларға мемлекеттің даму барысында қажетті инвестиция мен шығындардың негізін оқып үйретуге және өмірде қолдана білуге тәрбиелеу

Мұғалім жоғарыдағы білім түрлері арқылы география пәндерін оқытуда оқушылардың   танымдық деңгейін арттырады.  Яғни,  оқушылар  өз беттерімен тапсырма  орындап, оқу материалдарының  мазмұнын  жақсы меңгеріп, өз ойларын  толық  және дәлелді жеткізуге  төселеді. Олардың ойлау және сөйлеу қабілеттері артады.  Өз беттерімен керекті материалды тауып, тапсырмаларды дұрыс орындауға  үйренеді.





Айымжан орта мектебі КММ





















БАЯНДАМА

Жаратылыстану пәндерін оқытудағы экономикалық білім тұлғаның бәсекеге қабілеттілігін дамыту факторы ретінде

























география пәні мұғалімі С.С.Аубакиров





-80%
Курсы повышения квалификации

Исследовательская деятельность учащихся

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Жаратылыстану пәндерін оқытудағы экономикалық білім тұлғаның бәсекеге қабілеттілігін дамыту факторы ретінде (234 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт