Ертеңгілік
Кел Жаңа жыл, Жаңа жыл!
Жүргізуші: Қымбатты қонақтар, ата-аналар сіздерді келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз. Өмірлеріңізге шаттық, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға ынтымақ-бірлік тілейміз.
Құтты болсын ағайын
Жаңа жылым баршаға
Қол соғып қарсы алайық
Шақырайық ортаға,- деп ортаға балаларды шақырамыз. Қарсы
алыңыздар. (Балалар кіреді).
Жүргізуші: Балалар қараңдаршы шыршамыз қандай әдемі безендірілген, алайда ол жаңбай тұр. Қәне бәріміз бірге «қуант бізді таңырқат, шамдарынды жарқырат» деп айтайық. (Шырша жанады)
Жүргізуші: Балалар бізде қандай мереке?
Балалар: Жаңа жыл
Жүргізуші: Әрине дқрыс жаңа жыл. Ал бұл мерекеде бізге кім келу керек?
Балалар:Аяз ата мен Ақшақар
Жүргізуші: Олай болса қәне бәріміз бірге аяз ата мен ақшақарды шақырайық.
Балалар: Аяз ата, ақшақар
Аяз ата: Амансың ба ұлдарым
Есенсің бе қыздарым
Қандай жарқын жүздерін
Қандай әсем жырларын
Сәлеметсіңдер ме балалар! Сәлеметсіздер ме қонақтар!
Балалар: Сәлеметсізбе Аяз ата!
Аяз ата:Балалар менің Ақшақарымды көрген жоқсыңдар ма? Іздеп таба алмадым. Қәне бәріміз бірге дауыстап ақшақарды шақырайықшы.
Балалар: Ақшақар, Ақшақар
Мыстан әже келеді: Не болды? Ақшақарларынды іздеп жатырсыңдар ма? Ол жоқ. Мен оны тығып қойдым. Сендерге бермеймін. Енді сендерде мереке болмайды. (күледі).
Жүргізуші: Сіздің мұныныз қалай, қаранызшы балалар қалай дайындалды, шыршаны да әдемі етіп безендірді. Сіз алдымен біздің балалардың өнерін тамашаланыз. Мүмкін содан кейін Ақшақарымызды қайтарарсыз.
Жүргізуші: Қәне балалар мыстан әжеге арнап ән орындап берейік.
Ән: «Шырша жыры»
Мыстан әже: Әнді жақсы айтады екенсіңдер. Сендер билеу білеісңдер ме?
Балалар: Ия, білеміз.
Мыстан әже: Олай болса, қәне маған би билеп беріндер.
Жүргізуші: Қәне балалар Ха-Фа-На-На биіне шығайық.
Би: Ха-Фа-На-На
Мыстан әже: Керемет балалар, жарайсыңдар. Сендер менің көңілімді көтердіңдер. Мереке маған ұнады. Мереке деген керемет екен. Сендермен бірге қалсам бола ма?
Жүргізуші: Әрине болады. Бірақ алдымен бізге Ақшақарымызды қайтарыныз.
Мыстан әже: Әрине, әрине. (Шығып кетеді, Ақшақарды алып келеді).
Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме балалар, құрметті қонақтар! Мереке құтты болсын.
Аяз ата: Келе ғой қызым, төрлет.
Жүргізуші: Қандай жақсы балалар
Ай жұлдызбен пара-пар
Бола қоймас бізге айып
Тақпақтарын тындайық –дей отырып, балалар Аяз ата мен Ақшақарға арнап
тақпақтарын айтып береді.
Шапағат Аппақ тонға оранып
Базарлықты мол алып
Келеді алыс сапардан
Аяз ата оралып
Мансұр Келіңдер, келіңдер
Тақпақ айтып беріндер
Жомарт Аяз атадан
Сыйлық алып көріңдер.
Айару Е Сақалы аппақ күмістей
Тістері аппақ күріштей
Қызыл ала шапаны
Сағындым Аяз атаны
Расул Қуантып елді
Жаңа жыл келді
Өсетін болдым
Бір жасқа енді
Нұрилла Армысыздар халайық
Бармысыздар халайық
Жаңа жылда жұп жазбай
Бірге қарсы алайық.
Сезім Аспан жерге төгеді
Ақ күмісін уыстап
Жаңа жылда к теледі
Бізге қарай қуыстап
Кәусар Жаңа жылды қарсы алып
Барлық бала ән салып
Ақшақар жүр би билеп
Қол соғады барша жұрт.
Нұрәділ Тамаша сый аламыз
Көңілді Аяз атадан
Шаттанып, қуанып
Біз ән саламыз
Айару А Жаңадан тақпақ
Аламыз жаттап
Жаңа жыл келді
Жаңа жыл аппақ
Ясмин Шыршаға бардық
Әсем ән салдық
Қуантып елді
Жаңа жыл келді
Ерасыл Жаңа жылда барлық үйге
Аяз ата келеді
Жаңа жылда балаларға
Сыйлық әкеп береді.
Жанболат Өлеңде әзір, ән әзір
Ойында әзір, бәрі әзір
Кел Жаңа жыл біздерге
Кел Жаңа жыл, Жаңа жыл
Санжар Қол ұстасып бәріміз
Шырша жаққа келейік
Аяз ата келеді
Өлең айтып берейік.
Аяз ата: Жарайсыңдар балалар. Енді менімен ойын ойнайсыңдар ма?
Балалар: Ия ойнаймыз.
Аяз ата: Балалар ойын: «Кім жылдам» деп аталады. Шарты: Музыка қойылғанда сендер жерде жатқан қарларды жинауларын керек. Ал музыка тоқтағанда сендер тоқтайсыңдар. Кім қарды көп жинаса, сол бала жеңімпаз болады.
Ойын: «Кім жылдам?»
Аяз ата: Жарайсыңдар балалар, ойынды жақсы ойнадыңдар.
Жүргізуші: Аяз ата, Ақшақар сіздер ойын ойнаймыз деп шаршаған боларсыздар. Отырып дем аланыздар. Жай отырмай біздің бүлдіршіндеріміздің биін тамашалап отырыныздар. Балалар ал енді чунга –чанга биіне шығайық.
Би: Чунга-чанга.
Жүргізуші: Келді, міне Жаңа жыл
Қарсы алайық, бәріміз
Күліп, ойнап, би билеп
Ән салайық бәріміз- дей келе келесі кезекті біздің әнші қыздарымызға
береміз.
Ән: «Қош келдің Жаңа жыл!»
Ақшақар: Аяз ата енді көрермендермен ойын ойнайық.
Аяз ата: Дұрыс айтасың қызым. Ойнасақ, ойнайық.
Ақшақар: Ойынның аты «Шар жару» деп аталады. Шарты: Үрілген шарды жарасыздар. Ішіндегі тапсарманы орындайсыздар.
Ойын: Шар жару.
Аяз ата: Ал балалар енді біздің кетуіміз керек. Бізді басқа да балалар күтіп отыр. Мереке бізге өте қатты ұнады. Тағы да мерекелерің құтты болсын. Өнерлерің өрге жүзсің. Ал енді қәнекей қызым балаларға әкелген сыйлықтарымызды апайларына беріп кетейік. Сендерге көп көп рахмет балалар. Келесі кездескенше сау болындар!!!
Ақшақар: Балалар сау болындар. Мыстан әже сіз бізбен бірге жүрініз.
(Аяз ата, Ақшақар мен Мыстан әже кетеді)
Жүргізуші: Ал балалар қәне енді бәріміз орнымыздан тұрып ата-аналарымызға ән орындап берейік.
Ән: «Жаңа жыл»
Жүргізуші: Құттықтау сөз. Ата-аналар мен балаларды марапаттау. Осымен жаңа жылдық ертеңгілігіміз аяқталды. Тағы да жаңа жыл мерекесі құтты болсын. Сау болыныздар.