Пән: қазақ әдебиеті
Сыныбы: 6 «Г»
Сабақтың тақырыбы: Жамбыл Жабаев «Алатау» өлеңі
Сабақтың мақсаты: Ж.Жабаевтың өмірі мен шығамашылық жолы туралы оқушылар түсініктерін , Ж.Жабаевтың қазақ әдебиетіндегі орны туралы оқушы білімдерін толықтыру , тіл дамыту, сөздік қорларын молайтуға жағдай туғызу.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Қазақ әдебиеті пәнінен жаңа білім, сөз қорларын пысықтау. Жамбыл Жабаевтың «Алатау» өлеңін тереңдете оқытып үйрету. Оқушыларға Жамбыл Жабаев өмірі мен шығармашылығы туралы түсінік беру. «Алатау» деген өлеңнің мазмұнын түсіндіру, қазақша мәнерлеп оқу, оқушылардың ой-пікірін, жеке көзқарасын қалыптастыру.
Дамытушылық: Шәкірттердің ой-өрісін, тіл байлығын дамыту және сөйлеу,қазақ тілінде ойлау, сауатты жазу шеберліктерін арттыру.Сөздік қорларын байтыу, танымдық түсініктерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке,адалдыққа,ұқыптты болуға, табиғатты аялауға тәрбиелеу. Оқушыларды Жамбыл Жабаевты сүюге, ардақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Сабақтың педагогикалық технологиясы:
Сабақтың әдіс-тәсілдері:
Сабақтың жабдықталуы:
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Сабаққа қажетті әдебиеттер тізімі:
Сабақтың құрылымы:
I. Ұйымдастыру(2 мин)
II. Үй тапсырмасын тексеру (10 мин)
III. Жаңа сабақ (15 мин)
IV. Жаңа сабақты бекіту (10 мин)
V. Сабақты қорытындылау (2 мин)
VI. Үйге тапсырма беру(1 мин)
VII. Бағалау (3 мин)
VIII. Рефлексия (2 мин)
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
1.1. Сәлемдесу;
- Сәлеметсіңдер ме, балалар! (оқушылардың жауабы) Жақсы, орындарымызға отырамыз.
1.2. Оқушыларды түгендеу
- Балалар, бүгін сыныпта кім кезекші? Сабақта кім жоқ? (кезекші жауап береді, өзіме белгілеп аламын)
1.3. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
- Жақсы, балалар, зейінімізді сабаққа аударайық.
II. Үй тапсырмасын тексеру
-Кезекші(есімін айтамын), үй тапсырмасына не берілді?(кезекші жауап береді) Ахмет Байтұрсынов «Аққу, шортан һәм шаян» өлеңін мәнерлеп оқып, жаттау. Үй тапсырмасын қайталап отырамыз. Тақтаға 8 оқушы шығады, әрбірі 2 жолдан өлеңді жалғастырып айтады. Жаттамаған оқушы бірден білінеді.
Аққу, шортан һәм шаян
Жүк алды Шаян, Шортан, Аққу бір күн,
Жегіліп, тартты үшеуі дүркін-дүркін.
Тартады Аққу көкке, Шаян кейін,
Жұлқиды суға қарай Шортан шіркін.
Бұлардың машақаты аз болмады,
Жұмысы орнына кеп мәз болмады.
Тартса да бар күштерін аямай-ақ,
Аслан жүк орнынан қозғалмады.
Оншама ол жүк артық ауыр емес,
Құр сырттан «пәлен» деу де тәуір емес.
Жүк бірақ әлі күнге орнында тұр,
Бырыңғай тартпаған соң бәрі тегіс.
* * *
Жігіттер, мұнан ғибрат алмай болмас,
Әуелі бірлік керек, болсаң жолдас.
Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей,
Істеген ынтымақсыз ісің оңбас.
III. Жаңа сабақ
-Балалар, бүгін сабақта жүз жасаған Жамбыл өмірі туралы әңгімелейміз. Жамбыл Жабаевтың «Алатау» деген өлеңімен танысамыз. Сабақтың мақсаты Жамбыл Жабаевтың «Алатау» өлеңімен танысып, Ж.Жабаевтың өмірі мен шығамашылық жолы туралы оқушылар түсініктерін , Ж.Жабаевтың қазақ әдебиетіндегі орны туралы оқушы білімдерін толықтыру , тіл дамыту, сөздік қорларын молайтуға жағдай туғызу.
-Балалар, суретте кім бейнеленген? Ол туралы нені білесіңдер? (Оқушылар постерге жауаптарын жазады, тақтада Ж.Жабаевтың портреті тұрады)



Ж.Жабаев туралы не білесіңдер?










Сөздік жұмыс:
Жыр алыбы - гигант поэзии
Әлемнің түкпір-түкпірне– во все уголки мир
Күнкөріс қамын жеу – думать о хлебе
озбырлық – насилие
өркөкіректік – высокомерие
наразылық – недовольство
жоқшылық – бедность
өмірдің ауыр сабақтары– тяжелые уроки жизни
суырыпсалма ақын - поэт-импровизатор
Мәтінмен жұмыс. (Оқушыларға мәтін таратылады, бір-бір сөйлемнен оқиды)
Жамбыл Жабаев (1846-1945)
Қазақ халқының дарынды ақыны, жыршы, жырау - Жамбыл Жабаев 1846 жылы 29 ақпанда Жамбыл облысы Жамбыл тауының бөктерінде дүниеге келген. Өзі өмір сүрген қоғамның жыршысына айналады.Жетісудың атақты ақыны Сүйінбай Жамбыл Жабаевқа ақ батасын берген. «Менің пірім-Сүйінбай, сөз сөйлемен сиынбай» деп айтқан.
ХХ ғасырдың Гомері атанған Жамбылдың туындыларында қазақ қоғамының қайшылықтары, халықтың әлеуметтік жағдайы суреттеледі. Жамбыл 10-11 жасында шығарған «Шағым» деген алғашқы өлеңінде шәкірттеріне білім беруден гөрі, өз құлқынын көбірек ойлайтын молдарлардың сиқын суреттейді.
Жамбылдың алғашқы өлеңдерінің бірі -«Жылқышы» өлеңі. Бұл өлеңде ақын әлеуметтік теңсіздік мәселесін қозғайды. Жамбылдың өлеңдері : «Кедей күйі», «Зілді бұйрық?», «Өмір жыры», «Тарас», «Отанды сүю», «Алатау», «Балаларға», «Ленинградтық өрендерім» және т.б
Жүз жасаған Жамбыл өмірінің соңында ел басына түскен ауыр қайғы –Ұлы Отан соғысын көреді. Өз балалары да соғысқа кетіп,қайтыс болады. Қазақстанда бір облыс, бірнеше аудан, көшелер, республикалық филармония ақын атымен аталады. Әсем қала Алматыда ақын атаға қойылған екі ескерткіш бар.
-Балалар, Ж.Жабаевтың табиғат жайында жазылған, «Алатау» өлеңімен танысамыз.
Алатау
Тізілген таулары бар Жетісудың,
Ішінде орман, тоғай біткен нудың.
Дариядай сол таулардан тулап тасып,
Көресің тамашасын аққан судың.
Есепсіз тау суреті көз жетпейтін,
Жырлауға қазынасы көп тіл жетпейтін.
Өрік пен алма, алмұрт, жемістер көп,
Бір татсаң, ауызыңнан дәм кетпейтін.
Қарлы тау басы биік мұнар кетпес,
Сырласып, бұлттарменен болған кептес.
Түрлі аңдар мекен етіп, өніп-өсіп,
Жұреді бір-бірімен боп тілектес.
Арыстан, аю, қасқыр, түлкі, борсық,
Сілеусін, жолбарыстар түнде жортып.
Тулаған аққан бұлақ тасқынында
Асаудай ойнақ салар балық шоршып.

Сөздік жұмыс
Тізілген – перечисленных
Тау – гора
Орман – лес
Тоғай – лесок
Қазына – сокровище
Өрік – абрикос
Алма – яблоко
Алмұрт – груша
Жемістер – фрукты
Дәм – вкус
Қарлы тау – снежная гора
Мұнар – мгла
Аңдар – животные
арыстан – лев
аю – медведь
қасқыр – волк
түлкі – лиса
борсық – барсук
сілеусін – рысь
жолбарыс – тигр
бұлақ – родник
IV. Жаңа сабақты бекіту
Өлеңдегі ақын ойын және сөзін пайдаланып, сызбаны толтыр. (Тақтаға ілінеді, оқушылар жауаптарын жазады)
Берілген сөз Осы сөзге қатысты көркем сөз
Таудан аққан су _________________ дыбысы, қимылы___________________
Таудағы жемістер: _______________ олардың дәмі_______________________
Таудағы аңдар: __________________ олардың қимыл - қозғалысы__________
Тау суындағы жәндік _____________ оның қимылы______________________
Сөздерді сәйкестендір. (тақтаға сөздер ілінеді)
Жыр алыбы во все уголки мир
Әлемнің түкпір-түкпірне насилие
Күнкөріс қамын жеу думать о хлебе
озбырлық гигант поэзии
мерейтой мгла
ерекше вдохновление
шабыт перечисленных
Тізілген особенный
Қарлы тау юбилей
Мұнар снежная гора
Жауабы:
Жыр алыбы - гигант поэзии
Әлемнің түкпір-түкпірне– во все уголки мир
Күнкөріс қамын жеу – думать о хлебе
озбырлық – насилие
мерейтой- юбилей
ерекше- особенный
шабыт-вдохновление
Тізілген – перечисленных
Қарлы тау – снежная гора
Мұнар – мгла
V. Сабақты қорытындылау
Алатаудың табиғаты қандай?
Өлеңде Алатаудың табиғаты қалай суреттелген? (Өлең жолдарын оқу)
Жамбыл Жабаев қай жылдарда өмір сүрген?
Оның қандай шығармалары бар?
Жамбыл кімнің шәкірті болған?
VI. Үйге тапсырма беру
Ж.Жабаевтың өмір жолын оқып, мазмұндау, «Алатау» өлеңін мәнерлеп оқып, жаттау.
VII. Бағалау

Өте жақсы – 5

Жақсы – 4

Қанағаттанарлық – 3
VIII. Рефлексия. – Балалар, бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңді стикерге жазып, сабақ аяқталғанда есікте ілініп тұрған Алатау тауында өсетін, әдемі шыршаға жабыстырып кетіңдер. (оқушыларға стикер таратылады)

ммм


















м











Жамбыл Жабаев (1846-1945)
Қазақ халқының дарынды ақыны, жыршы, жырау - Жамбыл Жабаев 1846 жылы 29 ақпанда Жамбыл облысы Жамбыл тауының бөктерінде дүниеге келген. Өзі өмір сүрген қоғамның жыршысына айналады.Жетісудың атақты ақыны Сүйінбай Жамбыл Жабаевқа ақ батасын берген. «Менің пірім-Сүйінбай, сөз сөйлемен сиынбай» деп айтқан.
ХХ ғасырдың Гомері атанған Жамбылдың туындыларында қазақ қоғамының қайшылықтары, халықтың әлеуметтік жағдайы суреттеледі. Жамбыл 10-11 жасында шығарған «Шағым» деген алғашқы өлеңінде шәкірттеріне білім беруден гөрі, өз құлқынын көбірек ойлайтын молдарлардың сиқын суреттейді.
Жамбылдың алғашқы өлеңдерінің бірі -«Жылқышы» өлеңі. Бұл өлеңде ақын әлеуметтік теңсіздік мәселесін қозғайды. Жамбылдың өлеңдері : «Кедей күйі», «Зілді бұйрық?», «Өмір жыры», «Тарас», «Отанды сүю», «Алатау», «Балаларға», «Ленинградтық өрендерім» және т.б
Жүз жасаған Жамбыл өмірінің соңында ел басына түскен ауыр қайғы –Ұлы Отан соғысын көреді. Өз балалары да соғысқа кетіп,қайтыс болады. Қазақстанда бір облыс, бірнеше аудан, көшелер, республикалық филармония ақын атымен аталады. Әсем қала Алматыда ақын атаға қойылған екі ескерткіш бар.
Жамбыл Жабаев (1846-1945)
Қазақ халқының дарынды ақыны, жыршы, жырау - Жамбыл Жабаев 1846 жылы 29 ақпанда Жамбыл облысы Жамбыл тауының бөктерінде дүниеге келген. Өзі өмір сүрген қоғамның жыршысына айналады.Жетісудың атақты ақыны Сүйінбай Жамбыл Жабаевқа ақ батасын берген. «Менің пірім-Сүйінбай, сөз сөйлемен сиынбай» деп айтқан.
ХХ ғасырдың Гомері атанған Жамбылдың туындыларында қазақ қоғамының қайшылықтары, халықтың әлеуметтік жағдайы суреттеледі. Жамбыл 10-11 жасында шығарған «Шағым» деген алғашқы өлеңінде шәкірттеріне білім беруден гөрі, өз құлқынын көбірек ойлайтын молдарлардың сиқын суреттейді.
Жамбылдың алғашқы өлеңдерінің бірі -«Жылқышы» өлеңі. Бұл өлеңде ақын әлеуметтік теңсіздік мәселесін қозғайды. Жамбылдың өлеңдері : «Кедей күйі», «Зілді бұйрық?», «Өмір жыры», «Тарас», «Отанды сүю», «Алатау», «Балаларға», «Ленинградтық өрендерім» және т.б
Жүз жасаған Жамбыл өмірінің соңында ел басына түскен ауыр қайғы –Ұлы Отан соғысын көреді. Өз балалары да соғысқа кетіп,қайтыс болады. Қазақстанда бір облыс, бірнеше аудан, көшелер, республикалық филармония ақын атымен аталады. Әсем қала Алматыда ақын атаға қойылған екі ескерткіш бар.
Алатау
Тізілген таулары бар Жетісудың,
Ішінде орман, тоғай біткен нудың.
Дариядай сол таулардан тулап тасып,
Көресің тамашасын аққан судың.
Есепсіз тау суреті көз жетпейтін,
Жырлауға қазынасы көп тіл жетпейтін.
Өрік пен алма, алмұрт, жемістер көп,
Бір татсаң, ауызыңнан дәм кетпейтін.
Қарлы тау басы биік мұнар кетпес,
Сырласып, бұлттарменен болған кептес.
Түрлі аңдар мекен етіп, өніп-өсіп,
Жұреді бір-бірімен боп тілектес.
Арыстан, аю, қасқыр, түлкі, борсық,
Сілеусін, жолбарыстар түнде жортып.
Тулаған аққан бұлақ тасқынында
Асаудай ойнақ салар балық шоршып.
Алатау
Тізілген таулары бар Жетісудың,
Ішінде орман, тоғай біткен нудың.
Дариядай сол таулардан тулап тасып,
Көресің тамашасын аққан судың.
Есепсіз тау суреті көз жетпейтін,
Жырлауға қазынасы көп тіл жетпейтін.
Өрік пен алма, алмұрт, жемістер көп,
Бір татсаң, ауызыңнан дәм кетпейтін.
Қарлы тау басы биік мұнар кетпес,
Сырласып, бұлттарменен болған кептес.
Түрлі аңдар мекен етіп, өніп-өсіп,
Жұреді бір-бірімен боп тілектес.
Арыстан, аю, қасқыр, түлкі, борсық,
Сілеусін, жолбарыстар түнде жортып.
Тулаған аққан бұлақ тасқынында
Асаудай ойнақ салар балық шоршып.
Жыр алыбы - гигант поэзии
Әлемнің түкпір-түкпірне – во все уголки мир
Күнкөріс қамын жеу – думать о хлебе
озбырлық – насилие
өркөкіректік – высокомерие
наразылық – недовольство
жоқшылық – бедность
өмірдің ауыр сабақтары– тяжелые уроки жизни
суырыпсалма ақын - поэт-импровизатор
Тізілген – перечисленных
Тау – гора
Орман – лес
Тоғай – лесок
Қазына – сокровище
Өрік – абрикос
Алма – яблоко
Алмұрт – груша
Жемістер – фрукты
Дәм – вкус
Қарлы тау – снежная гора
Мұнар – мгла
Аңдар – животные
арыстан – лев
аю – медведь
қасқыр – волк
түлкі – лиса
борсық – барсук
сілеусін – рысь
жолбарыс – тигр
бұлақ – родник
Сөздерді сәйкестендір.
Жыр алыбы во все уголки мир
Әлемнің түкпір-түкпірне насилие
Күнкөріс қамын жеу думать о хлебе
озбырлық гигант поэзии
мерейтой мгла
ерекше вдохновление
шабыт перечисленных
Тізілген особенный
Қарлы тау юбилей
Мұнар снежная гора
Берілген сөз Осы сөзге қатысты көркем сөз
Таудан аққан су _________________ дыбысы, қимылы___________________
Таудағы жемістер: _______________ олардың дәмі_______________________
Таудағы аңдар: __________________ олардың қимыл - қозғалысы__________
Тау суындағы жәндік _____________ оның қимылы______________________
Ж.Жабаев туралы не білесіңдер?










Жамбыл Жабаев 7-сынып (471.25 KB)

