Ойыл қазақ орта мектебі
«Білгір логик» математикалық сайысы.
( 4 «а» сыныбында )
4 «а» сынып мұғалімі: Ж.Дәулетқалиқызы
2015- 2016 оқу жылы
«Білгір логик»
математикалық сайысы.
Сайыстың мақсаты:
Білімділік : Оқушылардың бойында азаматтық қасиетті қалыптастыру, олардың белсенділігін арттыру, білімге ұмтылдыру. Дамытушылық: Оқушыларды ұқыпты тыңдауға, сұрақтарға нақтылы жауап беруге, практикамен ұштастыруға үйрету және олардың математикалық тілін, логикалық ойлау қабілетін дамыту. Тәрбиелік: Оқушыларды көпшіл болуға үйрету, өзара көмегін қалыптастыра отырып, өз білімін ғана емес басқа оқушының да білімін жауапкершілікпен қарауға дағдыландыру.
Ойын шарттары:
І. Таныстыру
ІІ. Сырлы сұрақтар
ІІІ. «Кім жылдам»
ІV. Математикалық жұмбақтар
V.Мақал сөздің мәйегі
VI. «Орамал тастау» ойыны
VII. Есепшілер-еліне саяхат
VІІІ . Сөзжұмбақ шешу
І. Таныстыру
І.Сайыскерлерді топтарға бөлу: Таныстыруы.
« Алғырлар » тобы: Шақырып жарыстарға сан-салалы, Алғырлар топ жарғалы жар салады! Ту етіп достық пенен татулықты Тапқырлар командасын қарсы алады!
Ұраны: Тартысайық сайыста күш жігермен
Айырылысайық қимас бір дос көңілмен.
« Тапқырлар » тобы: Құрметтеп алғырларды ой-саналы Тапқырлар сәлем беріп ән салады. Бүгінгі сайыстан достарына Қашанда тапқыр бол деп ой салады. Ұраны: Білім қару етіп, серік етіп,
Болашақтың есігін біз ашамыз!
ІІ.Сырлы
І топқа
1.Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 10 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады?
Сочи -2014 қысқы ойындар олимпиадасына елімізден спорттың 10 түрінен спортшылар қатысты, бұл барлық спортшылардың бестен бір бөлігін құрайды. Сочи олимпиадасына еліміздің атынан неше спортшы қатысты ?
2.1 кг етті пісіру үшін 1 сағат қажет. Осындай еттің жарты килограмын пісіру үшін қанша уақыт қажет?
ІІ топқа
1. Қай қалалардың балалары Әділет, Еркін, Ерлан үшеуі лагерьде кездесті? Бұлардың біреуі – Оралдан, екіншісі – Ақтаудан, үшіншісі – Астанадан келген. Ерлан мен Оралдан келген Еркін екеуі бір бөлмеге орналасты, бұлардың екеуі де Ақтауда болып көрмегендігі болса, қай бала қай қаладан келген ?
1.Бір қыз баланың бір жері ауырады.Егер қыздың атын тапсаң сол ауруды табасың.
Қаздың аты 8 әріптен тұрады.Алғашқы 4 әрпі сұрағы,соңғы 4 әрпі жауабы
2.Таксиден 2 жолаушы шыққанда жартысы таксиде қалды. Таксиде неше адам болған еді?
І топқа
3.Африкада бір бала туылды.Әкесі скорый шақырды.
Туылған баланың беті қап-қара,тісі-аппақ.Мен қай жерде өтірік
айттым?
1.Бір үлкен бағананы 9 бөлікке бөлу үшін неше рет кесу керек.
2.Бөлмеде 12 балапан, 3 қоян, 5 күшік, 2 мысық, 1 әтеш және 2 тауық болды. Осында тағы ит және оның қожайыны кірді. Бөлмеде қанша аяқ бар?
ІІ топқа
3.Екі қасқыр, сегіз қоян,
Жеті қораз, тоғыз жылан,
Екі бұғы, сегіз түлкі,
Нешеу болды барлығы?
1. Етік киген Мысық төрт шортан ұстады. Бұл ұстағандарының жартысы. Ол неше балық ұстады?
2.Кездесіп бір топ аңменен,
Болды 30 бас малменен.
Олар кетті қоштасып 16
Үш түлкімен достасып.
Теңдеуді ойлап құрыңыз,
Мал санын айта тұрыңыз.
I.Кім жылдам? (сұрақтарға жауап беру). Алғырлар тобы. 1. Уақытты қалай табамыз? 2. Қиылыспайтын түзулер? 3 . 126 мен 7 дың көбейтіндісі? 4. Жұп цифрларды ата. 5. Санды қандай санға бөлуге болмайды? 6. Ең үлкен екі таңбалы сан? 7. Шеңбер салуға арналған құрал? 8. 5 тәулікте неше сағат бар? 9. 4 қойдың аяғы нешеу?
10. Қандай сан барлық сандарға қалдықсыз бөлінеді? 11. Бір тоннада неше кг бар?
12. Ұзындығы 14 см,ені 5 см тіктөртбұрыштың ауданы?
Тапқырлар тобы. 1. 1203 саны нешеге бөлінеді?? 2. Алманың жартысы неге ұқсайды? ? 3. Үш сызықтан пайда болған фигура?? 4. Тақ цифрларды ата. 5. Бес жарым таяқтың неше ұшы бар?? 12 6. Жарты түзу? 7. Қай ыдыстан тамақ ішуге болмайды. ? 8. Бір ғасырда неше жыл бар? 9. Үстелде 3 стақан сүт бар.Алмаз бір стақан сүтті ішіп қойды. Үстелде неше стақан бар?.
10. 35 -тің квадраты. 11. 86 санын еш амал қолданбай 12-ге арттыр. 12. Шеңбер сызуға арналған құрал
III. Математикалық жұмбақтар
Алғырлар тобы.
2.Шар емес, дөңгелек емес
1. Нүктеден, екі сәуледен
Фигура ол құралды.
Бірақ осылардың бөлігі
Айтыңдаршы канекей
Радиус,диаметрін іздегенде
Қалай ғана аталады (бұрыш)
Онсыз болмайды келісі
(шеңбер )
.
3.Нәрселердісанағанда Керек бізге ауадай
Айтыңдаршы бұл қандай сан
Жан-жағына қарамай
4.Нүктеден екі сәуледен Құралған айтшы бұл не екен?
III. Математикалық жұмбақтар
Тапқырлар тобы.
Тапқырлар тобы.
2.Егіз туған қос жүйрік Жарыса шауып терлейді Бірін-бірі көрмейді Дамылсыз қанша шапса да Бір мәреге келмейді.
Келбеті келген бір сұлу Жағасы жоқ, жеңі жоқ Үшбұрыш көйлек киіп тұр Етегі жерге тиіп тұр (пирамида)
Алды артымыз шексіз де Жете алмайсың біздерге. Сәуле менен кесінді Шыққан тегін білсе де. (түзу)
1.Алды –артымыз шексізде Жете алмайсыз біздерге Сәуле менен кесінді Шыққан тегін білесін бе?
4.Үлкен кіші сандарды сен Қандай таңба қояр едің Ажыратқың келсе егер Қане ойлан куәгер
3.Жоқ өзінде бас та, қас та,
мойын да, Ұзындығы жазылып тұр
бойында.
Шекер жейтін ақ құтан Бір қазыққа байланды Аузына тістеп шекерін, Ол қазықты айналды (циркуль)
Нүктеден, екі сәуледен, Құрылған бұл не екен? (бұрыш)
IV. Мақал-сөз мәйегі ( мақал – мәтелдің жалғасын тап.) Алғырлар тобы. 1 . 7 рет өлшеп , 1 рет кес 2. 1 тал кессең , 10 тал ек, 3. Досыңды 3 күн сынама , 3 жыл сына . 4. Білгенің бір 9 , білмегенің 99.
5.Жеті жұрттың тілін біл (жеті түрлі ілім біл)
6.Білікті бірді жығар.(білімді мыңды жығар)
7.Екі жақсы қас болмас.(екі жаман дос болмас)
.
Тапқырлар тобы. 1.Жігіт 1 сырлы , 8 қырлы . 2. Ұлға 30 үйден тыю , қызға 40 үйден тию. 3. 100 тенгең болғанша, 100 досың болсын . 4. 7 жұрттың тілін біл , 7 түрлі білім іл.
5.Отыз тістен шыққан соз,(отыз рулы елге тарар)
6.Бір кісі қазған құдықтан,( отыз кісі су ішер)
7алтау ала болса ауыздағы кетеді,( төртеу түгел болса төбедегі келеді)
8.Елу жылда ел жаңа
«Орамал тастау» ойыны
1. 406 саны 9-ға бөліне ме? 2. Қай сан мына сандардың ішінен 9-ға бөлінеді? 396,523,701 3. 2008 саны 5-ке бөліне ме? ал 2080 саны ше? 4. Елу саусақ көріну үшін неше баланың қолы көрінуі керек?
5. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг тартады, ал екі аяғымен тұрса неше кг тартады? 6. 9 дың кубы 7. 134 пен 100-дің көбейтіндісі? 8. 37*4 көбейтіндісі қандай? 9. Алманың 1 кг 250 теңге, 4 кг алма? 10. Тікбұрыштың ұзындығы 12, ені 6 болса ауданы қандай?
« Ойлан тап»
Алғырлар тобы
1) 1476:3 – 2 + 2563 * 5 =
2) 76+1575:9 - (45:9+358) – 321=
Тапқырлар тобы
3) (732 - 32:8)*6-124*5 =
4) (14 : 7- 2):12+16*(548 - 23) =
Сөзжұмбақ “ Бөлгіш ”
Көлденеңінен:
1.. Аласаға қарсы ұғым
2 Бөлудің компаненті.
3. 5*10 нешеге тең болады .
4. Бөлудің компаненті .
5. Геометриялық фигура .
6. Геометриялық фигура .
1.
2.
3.
5.
Б
6.
Ө
Л
Г
І
Ш
Сөзжұмбақ “ Халық шығармашылығы ”
Тігінен:
1 Қазақ қаздарының бұрымына тағатын әшекейі.
2 Өнер саласы .
3 Заттарды нақыштаудағы нақты өрнек түрі.
4 Үрлеп тартылатын аспап.
5 Зергерлердің затты әсемдеу әдісі.
6 Айт мейрамында айтылатын ән.
Ш
Е
Ң
Б
Е
Р
Ш
Е
Ң
Б
Е
Р
VІ.Логикалық сұрақтар.
Алғырлар тобы. «Сыр сандық құпиясы» 1.Бұл зат сендерде жуырда пайда болады. Жоғарғы сынып оқушыларына ол өте қажет. Көбінесе оны уақытты үнемдеу үшін қолданады, ал кейде бірдеңені білмей қалған жағдайда соның көмегімен іздегеніңді оп-оңай тауып алуға болады. Бұл не?
2.Бұл зат әр оқушыда болады. Мектепке әлі бара қоймаған бүлдіршіндер де оны болғанын ұнатады. Жоғарғы сынып оқушыларында олар көп болады, өздері қалың-қалың. Кейбір мұғалімдер оларды әрі-бері тасып әлек. Бұл не?
Тапқырлар тобы. «Жасырынбақ» 1. Кейбіреулер «ол» тезірек бітсе екен деп асығады. Өйткені, ол бітсе, ойнауға, асыр салып жүгіруге болады. Бірақ ол бітер емес... Біреулер оны жақсы көреді, ал кейбіреулер ұнатпайды, өйткені «онда» көп ойлау керек, есептеу, жазу, жауап беру қажет. Кейде бірдеңелерді орындайсың-орындайсың, ал тексергенде «2» қояды. Мүмкін, тапсырмаларды дұрыс орындамағансың, әлде уақытың жетпей қалды ма екен? Өйткені «ол» 45 минутқа ғана созылады ғой. Бұл не? 2. Бұл сенің ең негізгі құралың. Басқа құралдарыңды кейде ауыстырып әкеліп отырсаң, бұл құрал жыл басынан соңына дейін сөмкеңнен түспейді. Оны мұғалімге бергенде кейде қуанасың, ал кейде жылағың келеді. Бірақ ол өзіңе байланысты.. Егер қатты қуансаң оны сен мамаң мен папаңа өзің көрсетіп мәз боласың, ал кейде ешкім сұрамаса екен деп ойлайсың. Өйткені онда сенің бар құпияларың жасырынған ғой... Бұл не?


"Забота"презентаций (829.73 KB)

