Сабақтың тақырыбы: Слайдтарды безендіру. Жан бітірімді баптау. Көрмелерді көрсету.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: MS Power Point – та слайдтарды көркемдеуді үйрету. Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауын және алған білімдерін әр түрлі жағдайда пайдала алу іс - әрекетін қалыптастыру
Дамытушылығы: Алдына мақсат қоя білуге, берілген материалды жүйелеуге үйрету. Оқушылардың логикалық – ойлау қабілетін дамыту
Тәрбиелігі: Оқушыларды өзара қарым – қатынас жасауға тәрбиелеу
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: жобалау, жұптық, интерактивті
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдыстыру
Сергіту сәті. Оқушыларды сабаққа психологиялық тұрғыда дайындау
Оқушылардың көңіл – күйін және сабаққа дайындығын анықтау мақсатында сергіту сәтін ұйымдастыру.
Күлімдеп күн бүгін, (қолдарын көтереді.)
Қарады маған да! (қолдарын кеуделеріне қояды.)
Күлімдеп күн бүгін,
Қарады саған да! (қасындағы балаға қарайды)
Сәлем деймін достарға!
Сәлем барша ұстазға!
Тату болып халықтар,
Аман болсын балалар!
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
«Білімге бойлау» бөлімі сұрақтарға жауап беру
1. Power Point программасы қалай іске қосылады?
2. Power Point программасының мүмкіндіктерін атаңыз
3. Презентация деген не?
4. Слайд дегеніміз не?
5. Бос презентация қалай құрылады?
6. Шаблон көмегімен презентация құру
7. Слайдпен жұмыс істеудің қандай режимдері бар?
8. Слайд фонын өзгерту тәсілдері
9. Слайд макетін өзгерту
10. Саймандар тақтасы не үшін қажет?
11. Стандартты элементтерді атаңыз
12. мәзірлер қатарын атаңыз
«Адасқан әріптерді» тауып, оның түсіндіру қажет.
йдалс
енпязтцеира
манцииая
ІІІ. Жаңа сабаққа кіріспе
Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «MS Power Point – та слайдтарды көркемдеу» Біздер сабақ барысында презентация құрып, оны көркемдеп үйренеміз.
Жаңа материалды түсіндіру
Көрмені тартымды ететін – суреттер. Суреттер әр түрлі болады.
MS Power Point – та кез – келген жағдайларға арналған суреттер, клиптер, тіпті дыбыстық жинақтар сақталған.
Слайд деп көзге көрінетін күрделі объектіні айтамыз. Оның құрамына тақырыптар, мәтін кестелер, графикалық кескіндемелер, ұйымдастыру схемалары, дыбыс үзінділері, бейнеклиптер мен гиперсілтемелер кіреді. Презентацияны белгілі тақырыптағы слайд – фильм депте атайды.
Жан бітірім және мультимедия эффектілері.
Слайдтарды жасау және орналастыру бойынша негізгі қызметімен қатар, көрмелерге түрлі жан бітірім және мультимедия эффектілерін қосуға мүмкіндік береді. Яғни анимация жасауға болады. Алдымен әрбір нысананы бөлектеп алып, содан кейн жан бітірім үстеу батырмасын шерту керек . (1-сурет)
Сөздерді де дәл солай жасаймыз. (2-сурет). 1-сурет


2-сурет
Жасалған слайды көру үшін менюден Показ слайдов командасын орындаймыз немесе F5 пернесі арқылы да жасауға болады
(3-сурет).
Оқушылардың ізденіс жұмысы.
Мультипликацияның даму тарихы
Қазақ мультфильлімінің қарылғашы



ІV. Практикалық жұмыс.
Оқушылар, «Көктем мерекелері» тақырыбында презентация дайындауға 10 минут уақыт беріледі.
Презентацияны дайындауға қажетті ақпараттар компьютердің жұмыс үстелінде сақталған.
Мен, сіздердің істеріне сәттілік тілеймін!


V. Бекіту
Сабақты бекіту мақсатында, оқушылар информатикалық диктант жазады.
Информатикалық диктант
Power Point презентация жасауға арналған программаның бірі. Презентация толық мағынасында өзін көрсету, ұсыну деген ұғымды білдіреді. Слайд деп көзге көрінетін күрделі обьекті айтамыз. Оның құрамына мәтіндер, графикалық кескіндемелер, дыбыс үзінділері, гиперсілтемелер кіреді. Презентацияны белгілі тақырыптағы слайд – файл депте атайды. Көрмелерге түрлі жан бітірім және мультемедиа эфектілерін қосуға мүмкіндік береді. WordArt арқылы жазуларды түрлі стильде жасап қоюға болады. Дайын презентацияны Показ слайдов мәзірінен Начать показ командасын орындаймыз немесе F5 пернесі арқылы да жасауға болады.
Мен мәтінді бір оқып шығамын, асты сызылған жерлерді өздері жазу керек.
Информатикалық диктант
.................... презентация жасауға арналған программаның бірі. Презентация толық мағынасында өзін көрсету, .............. деген ұғымды білдіреді. ...... деп көзге көрінетін күрделі обьекті айтамыз. Оның құрамына ................................... .........................................кіреді. Презентацияны белгілі тақырыптағы слайд – ............ депте атайды. Көрмелерге түрлі ...................... және .........................
................................ қосуға мүмкіндік береді. ................... арқылы жазуларды түрлі стильде жасап қоюға болады. Дайын презентацияны ........................... мәзірінен ..................... командасын орындаймыз немесе ........... пернесі арқылы да жасауға болады.
Дұрыс белгіленген сөздер саны
Ұпайы
Оқушы _____________________
VІ. Рефлексия
Сын тұрғысынан ойлау . БҮҮ кестесін толтыру
| Білемін | Үйрендім | Үйренгім келеді |
|
|
|
|
VІІ. Бағалау

VІІІ. Үйге тапсырма беру
MS Power Point – та «Әлем мойындаған компьютерлік желі» тақырыбында
презентация құруға дайындалып келу

Урок по информатике (1.38 MB)

