Меню
Разработки
Разработки  /  Литература  /  Презентации  /  Прочее  /  Ұлы тұлға - Мұхтар Әуезов

Ұлы тұлға - Мұхтар Әуезов

Презентацияда Мұқтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы, "Абай жолы" ғұмырнамалық романынан тың ақпараттар берілген.
27.11.2019

Содержимое разработки

Мұқтар Әуезов 1897-1961

Мұқтар Әуезов

1897-1961

Ұлы жазушы

1897 жылы 27-қыркүйекте бүгінде

әлемге танымал Шыңғыстау өңірінде Омархан

деген кісінің отбасында дүниеге келген. Атасы Әуез

немересін өз бауырына басып, тәрбиелейді. Мұсылманша,

түрікше оқуы бар, айналасына қадірлі Әуез – Құнанбай ауылымен

жазы-қысы көші-қоны бір, Абаймен көңілдері жақын, жақсы

сыйласқан адамдар болған. Мұхтар арабша хатты атасының үйретуімен

Абай өлеңдерінің қолжазба көшірмесін әліппе ғып оқып таниды.

Мұхтардың оқу-білім жолындағы алғашқы сапары 11 жасынан басталды.

Немере ағасы Қасымбектің жөн сілтеуімен 1908-1913 жылдары Семейдегі

орыс гимназиясында оқып, одан кейін осы қаладағы мұғалімдер даярлайтын

төрт жылдық семинарияны бітіріп шығады. 1917 жылы тұңғыш баспа бетін

көрген туындысы –«Адамдық негізі - әйел» мақаласы. Қаламгердің

алғашқы көркем туындысы да осы әйел теңдігі, жастардың сүйіспеншілік

бастандығына арналды. Өзі туып-өскен өңірде болған қайғылы

оқиға негізінде жиырма жасар драмашы «Еңлік - Кебек»

трагедиясын жазып, оны Әйгерімнің киіз үйіне қояды.

Бұл қазақ топырағында бұрын болмаған жаңалық еді.

1926 жылы құрылған қазақ драма театры өзінің

шымылдығын осы пьессамен

ашады.

Мұхтар Әуезов – 1945 жылы ашылған Қазақ КСР Ғылым академиясының тұңғыш толық мүшелерінің бірі.  Ол Ғылым академиясы мен Жазушылар Одағында үлкен істерге  ұйытқы бола жүре, өмірінің ақырына дейін Қазақ Мемлекеттік Университетінде алдымен әдебиет тарихынан, одан кейін негізін өзі салған «Абайтану» курсынан дәріс оқыды. Дүние жүзіндегі атақты оқу орындарының бірі – Мәскеу Мемлекеттік Университетінде де біршама уақыт кафедра басқарып, дәріс берді.   50-жылдардың бас кезінде Фрунзе қаласында Қырғызстан Компартиясы  Орталық Комитетінің 1-хатшысының басқаруымен Мәскеулік және жергілікті  ірі ғалымдар қатысқан үлкен ғылыми жиналыс өтті. Онда қырғыздың  ұлы эпосы – «Манас» жыры талқыланып, оған кері пікірлер айтылғанда жырды Мұхтар Әуезов қорғап қалды. «Манасты мансұқтау - ұлттың тілін кескенмен бірдей» - деп қарсы дәлел айтты.  Заңғар жазушы, драматург, ғұлама ғалым, кемеңгер ұстаз Мұхтар Әуезов 64 жасында 1961 жылы Мәскеуде операция үстінде қаза болды

Мұхтар Әуезов –

1945 жылы ашылған Қазақ КСР Ғылым

академиясының тұңғыш толық мүшелерінің бірі.

Ол Ғылым академиясы мен Жазушылар Одағында үлкен істерге

ұйытқы бола жүре, өмірінің ақырына дейін

Қазақ Мемлекеттік Университетінде алдымен әдебиет тарихынан,

одан кейін негізін өзі салған «Абайтану» курсынан дәріс оқыды.

Дүние жүзіндегі атақты оқу орындарының бірі –

Мәскеу Мемлекеттік Университетінде де біршама уақыт

кафедра басқарып, дәріс берді.

50-жылдардың бас кезінде Фрунзе қаласында Қырғызстан Компартиясы

Орталық Комитетінің 1-хатшысының басқаруымен Мәскеулік және жергілікті

ірі ғалымдар қатысқан үлкен ғылыми жиналыс өтті. Онда қырғыздың

ұлы эпосы – «Манас» жыры талқыланып, оған кері пікірлер айтылғанда жырды

Мұхтар Әуезов қорғап қалды. «Манасты мансұқтау - ұлттың тілін

кескенмен бірдей» - деп қарсы дәлел айтты.

Заңғар жазушы, драматург, ғұлама ғалым, кемеңгер ұстаз

Мұхтар Әуезов 64 жасында 1961 жылы Мәскеуде

операция үстінде қаза болды

ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ Әңгімелері: “ Қорғансыздың күні”, “ Жетім”, “Оқыған азамат”, “ Үйлену”, “Барымта”, “ Бүркітші”, “Үздер” т.б. Драматургиясы: “ Еңлік-Кебек” (1917), “ Қарагөз” (1926),“Түнгі сарын”, “ Бәйбәше-тоқал” (1918), “ Айман-Шолпан”(1934;1956), “ Алма бағында”, “Шекара” т.б Повестері: “ Қилы заман” (1928), “ Қараш-қараш оқиғасы” (1927), “ Көксерек”, т.б. Эпопеясы: “ Абай жолы”

ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

Әңгімелері:

Қорғансыздың күні”,

Жетім”, “Оқыған азамат”,

Үйлену”, “Барымта”,

Бүркітші”, “Үздер” т.б.

Драматургиясы:

Еңлік-Кебек” (1917),

Қарагөз” (1926),“Түнгі сарын”,

Бәйбәше-тоқал” (1918),

Айман-Шолпан”(1934;1956),

Алма бағында”, “Шекара” т.б

Повестері:

Қилы заман” (1928),

Қараш-қараш оқиғасы” (1927),

Көксерек”, т.б.

Эпопеясы:

Абай жолы”

Мұхтар Әуезовтың қаламынан көптеген әңгімелер туған. Негізгі тақырыптары - сол кездегі халықтың тұрмыс жағдайын көрсететін, өмір көріністерінен  алынған туындылар. Қай әңгімесін алып оқысақ та,өмір шындығын көрсетіп отырғаны байқалады. Мысалы, «Қараш-қараш оқиғасы» - белгілі қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың өмірінен хабардар етіледі. «Қорғансыздың күні» - қиын кезеңде тамағы үшін байдың есігінде жалшылықта жүрген, қорғаушысы жоқ, қиындықты көп көрген адам тағдыры баяндалады. Сол сияқты «Жетім» әңгімесі де оқырманын бей-жай қалдырмайды. «Жетім» әңгімесі – 1924 жылы жазылған.

Мұхтар Әуезовтың

қаламынан көптеген әңгімелер туған.

Негізгі тақырыптары - сол кездегі халықтың

тұрмыс жағдайын көрсететін, өмір көріністерінен

алынған туындылар. Қай әңгімесін алып оқысақ та,өмір шындығын көрсетіп отырғаны байқалады. Мысалы,

«Қараш-қараш оқиғасы» - белгілі қоғам қайраткері

Тұрар Рысқұловтың өмірінен хабардар етіледі.

«Қорғансыздың күні» - қиын кезеңде тамағы үшін байдың есігінде жалшылықта жүрген, қорғаушысы жоқ,

қиындықты көп көрген адам тағдыры баяндалады.

Сол сияқты «Жетім» әңгімесі де оқырманын бей-жай

қалдырмайды. «Жетім» әңгімесі –

1924 жылы жазылған.

“ Жетім” әңгімесі I Авторы: М. О. Әуезов 1897 жылы әлемге танымал Шыңғыс тауында  дүниеге келген. 1964 жылы Мәскеуде операция үстінде қайтыс болған. II  Шығарманың тақырыбы: Сол кездегі халықтың әлеуметтік жағдайын көрсете отырып, жетім бала – Қасымның тағдырын көрсетеді. Поэма. Эпос жанрына жатады. Себебі өмір шындығын мейлінше мол қамтып, кең суреттеп, адам мінездерін мүмкіндігінше терең ашып, жан-жақты суреттеп тұр. III Әдеби жанр түрі: IV Эпикалық жанр түрі: Шағын көлемді. Әңгіме. V  Шығарманың идеясы: Қорғансыздарға пана болу, оларға қол ұшын беру. VI Шығарманың композициялық құрылысы:  VI.1. Шығарманың басталуы.  Жаз ортасы болсада күн жауынды дей келе табиғатты суреттейді. Сол ауа-райына қарамай бір бала жүгіріп келеді. Ол неліктен жүгіруде? – деп сұрақ қояды да тағдыры айдап келе жатқандығын айтады. VI.2. Шығарманың дамуы. Қасым 10 жаста. Былтыр әжесі қайтыс болған. Бір жарым жыл бұрын әке-шешесі қайтыс болған. Әжесі өлгеннен кейін шын жетімдіктің азабын тартады.

Жетім” әңгімесі

I Авторы: М. О. Әуезов 1897 жылы әлемге танымал Шыңғыс тауында

дүниеге келген. 1964 жылы Мәскеуде операция үстінде қайтыс болған.

II Шығарманың

тақырыбы:

Сол кездегі халықтың әлеуметтік жағдайын көрсете отырып, жетім бала – Қасымның тағдырын көрсетеді.

Поэма. Эпос жанрына жатады. Себебі өмір шындығын мейлінше мол қамтып, кең суреттеп, адам мінездерін мүмкіндігінше терең ашып, жан-жақты суреттеп тұр.

III Әдеби

жанр түрі:

IV Эпикалық жанр түрі: Шағын көлемді. Әңгіме.

V Шығарманың идеясы: Қорғансыздарға пана болу, оларға қол ұшын беру.

VI Шығарманың

композициялық

құрылысы:

VI.1. Шығарманың басталуы. Жаз ортасы болсада күн жауынды дей келе табиғатты суреттейді. Сол ауа-райына қарамай бір бала жүгіріп келеді. Ол неліктен жүгіруде? – деп сұрақ қояды да тағдыры айдап келе жатқандығын айтады.

VI.2. Шығарманың дамуы. Қасым 10 жаста. Былтыр әжесі қайтыс болған. Бір жарым жыл бұрын әке-шешесі қайтыс болған. Әжесі өлгеннен кейін шын жетімдіктің азабын тартады.

Жетім” әңгімесі

VI Шығарманың

композициялық

құрылысы:

VI.3. Шығарманың байланысы. Жақын ағайындары Иса мен Қадиша Қасымды тек оның малы үшін қолдарына алады. Бұл шаңырақта Қасым тек жылаумен күні өтеді. Тіпті тамақты да дұрыстап ішпейтінде болады.

VI.4. Шығарманың шиеленісі. Иса мен Қадиша Қасымның малдарын тек өздерінің пайдасына жұмсайды. Олардың балаларынан таяқ та жейтін болады. Қадишаның балағатты сөздерінен, таяғынан еш нәрсе көрмейді.

VI.5. Шығарманың шарықтау шегі . Қасым бірде жарылып: «Менің жазығым не? Жетімдігім бе? Мені мұндай сорлы қылатындай не жазып ем. Жазығым – жетімдігім бе?» - деп оларға айбат көрсетіп өзіне қарсы шыққан Исаны таспен ұрып қашады. Қайта барып Исаның бетін көргенше ата-анамның басына барып өлейін деген ой келеді. Оларға мал сойып, құран оқытпақ ойы болғанда Иса малын сойдырмай қойған болатын.

VI.6. Шығарманың шешімі. Жолда неше түрлі қорқынышты ойлар миын шарпып алады. Алдыңғы тісі ақсиған бір кісі бұны жетелей жөнеледі. Соның артынан қалмай ілесіп отырады. Үш жолаушы салт атпен келе жатқанда аттары тоғайға баспай кісінеп тоқтап қалады. Бұған не болды деп аттан түсіп қараса, 10 жасар бала өліп жатыр екен, денесі мұздап та үлгермеген екен

“ Жетім” әңгімесі VII Кейіп- керлер келбеті: VII. 1. Басты кейіпкер Қасым – жарты жыл бұрын әжесінен, бір жыл бұрын ата-анасынан айырылып, жетім қалады. Ата-анасы қайтыс болғанда жетімдіктің не екенін түсінбеген еді, әжесі қайтыс болғаннан кейін шын жетім екендігін ұғынады. Малдарын өзі бағады, Иса мен Қадишаның тепкісінен көп азап көреді. Сонымен бірге иман жүректі. Әке-шешесіне мал сойып, құран оқытуды мақсат тұтады. Бірақ Исаның малды бермеуінен ойы жүзеге аспайды. Исаның шаңырағына барудан далада өлуді артық санайды. Оның көрсеткен қорлығына әбден шыдамы таусылады. Пана іздейді, ата-анасының жатқан жерлеріне барып, мұңын шағып жылауды армандайды. Ақыр аяғы түнде адасып өледі. VII.2. Иса мен Қадиша – Қасымды тек малы үшін қолдарына алады. Оның малын Қасымның өзіне қимай, тек өздерінің балаларына жұмсайды. «Сенің малын» деп Қасымды алдап өзіне малды бақтыртып қояды. Жүректілік, имандылық деген атауы мүлде жоқ.  VIII  Әдеби теориялық ұғымдар: Суреттеу, теңеу, метафора, синекдоха т.б. IX Түсіндірме сөздік: өгей X Қорытынды: “Жетім көрсең, жебей жүр”

Жетім” әңгімесі

VII

Кейіп-

керлер

келбеті:

VII. 1. Басты кейіпкер Қасым – жарты жыл бұрын әжесінен, бір жыл бұрын ата-анасынан айырылып, жетім қалады. Ата-анасы қайтыс

болғанда жетімдіктің не екенін түсінбеген еді, әжесі қайтыс болғаннан кейін шын жетім екендігін ұғынады. Малдарын өзі бағады, Иса мен Қадишаның тепкісінен көп азап көреді. Сонымен бірге иман жүректі. Әке-шешесіне мал сойып, құран оқытуды мақсат тұтады. Бірақ Исаның малды бермеуінен ойы жүзеге аспайды. Исаның шаңырағына барудан далада өлуді артық санайды. Оның көрсеткен қорлығына әбден шыдамы таусылады. Пана іздейді, ата-анасының жатқан жерлеріне барып, мұңын шағып жылауды армандайды. Ақыр аяғы түнде адасып өледі.

VII.2. Иса мен Қадиша – Қасымды тек малы үшін қолдарына алады. Оның малын Қасымның өзіне қимай, тек өздерінің балаларына жұмсайды. «Сенің малын» деп Қасымды алдап өзіне малды бақтыртып қояды. Жүректілік, имандылық деген атауы мүлде жоқ.

VIII Әдеби теориялық ұғымдар: Суреттеу, теңеу, метафора, синекдоха т.б.

IX Түсіндірме сөздік: өгей

X Қорытынды: “Жетім көрсең, жебей жүр”

ДИОЛОГИЯ – екі кітаптан тұратын роман ТРИЛОГИЯ –  үш кітаптан тұратын роман ЭПОПЕЯ –  төрт кітаптан тұратын роман

ДИОЛОГИЯ –

екі кітаптан тұратын роман

ТРИЛОГИЯ –

үш кітаптан тұратын роман

ЭПОПЕЯ –

төрт кітаптан тұратын роман

“ Абай жолы” роман-эпопеясының жазылу жылдарының кестесі 1 кітап  1942 жылы   жазылды 2 кітап  1947 жылы  жазылды 4 кітап  1956 жылы  жазылды 3 кітап  1952 жылы  жазылды 1959 жылы эпопеяға Лениндік сыйлық берілді. 1949 жылы  диологияга КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді.

Абай жолы” роман-эпопеясының жазылу жылдарының кестесі

1 кітап

1942 жылы

жазылды

2 кітап

1947 жылы

жазылды

4 кітап

1956 жылы

жазылды

3 кітап

1952 жылы

жазылды

1959 жылы

эпопеяға

Лениндік сыйлық

берілді.

1949 жылы

диологияга КСРО

Мемлекеттік сыйлығы

берілді.

1930 жылы жазушы Л.С.Соболевпен бірге “ Абай” атты төрт актылы трагедия жазды. 1945 жылы ақынның туғанына 100 жыл толуына байланысты 1945 жылы ақынның туғанына 100 жыл толуына байланысты М. Әуезов Ұлы ақын өмірінен шығармалар жазуға 1930 жылдан бастап кірісті “ Абай” атты операның либреттосын “ Абай жырлары” кинофильмнің сценариін  жазды . жазды .

1930 жылы жазушы

Л.С.Соболевпен бірге

Абай” атты төрт актылы

трагедия жазды.

1945 жылы

ақынның

туғанына

100 жыл толуына

байланысты

1945 жылы

ақынның

туғанына

100 жыл толуына

байланысты

М. Әуезов

Ұлы ақын

өмірінен

шығармалар

жазуға

1930 жылдан

бастап кірісті

Абай” атты

операның

либреттосын

Абай жырлары”

кинофильмнің

сценариін

жазды .

жазды .

Абай жолында біздің дәуірге дейінгі қазақтардың тұрмысы, әдет-ғұрпы ғана емес, күллі ұлттық рухы сайрап тұр.  1-ші кітаптың басында қаладан ауылына асығып келе жатқан бала-шәкірт пен 4-ші кітаптың аяғында жарық дүниеден өтіп бара жатқан данышпан ақынның екі арасындағы 45 жыл Абайды адам, азамат, ақын ретінде суреттейді. Эпопеяның 1-ші кітабындағы басты оқиғалар мыналар: жас Абайдың оқудан қайтуы, Қодар мен Қамқаның өлімі, Бөжейді сабауы, Бөжейге қызы Камшатты беріп татуласуы, Мұсақұл атанып кеткен соғыс т.б. Абай жолы – халық жолы Кітаптың соңында кемеліне келген ақын өз дәуірінің тұрғысынан анағұрлым озық жатқан ағартушылық, адамгершілік, гуманистік идеясы бар, әлеумет қайраткері Абайды көреміз.  Жазушы «Абай жолы» романында ақын өмірін, оның өмір сүрген дәуірін кеңінен қамтиды.  М. Әуезовтың бас кітабы. Абай арқылы қазақ елін көрсетті.

Абай жолында біздің дәуірге дейінгі қазақтардың тұрмысы, әдет-ғұрпы ғана емес, күллі ұлттық рухы сайрап тұр.

1-ші кітаптың

басында қаладан

ауылына асығып келе

жатқан бала-шәкірт пен

4-ші кітаптың аяғында

жарық дүниеден өтіп бара жатқан данышпан ақынның екі

арасындағы 45 жыл Абайды

адам, азамат, ақын

ретінде суреттейді.

Эпопеяның

1-ші кітабындағы

басты оқиғалар мыналар:

жас Абайдың оқудан қайтуы,

Қодар мен Қамқаның өлімі,

Бөжейді сабауы, Бөжейге қызы Камшатты беріп татуласуы,

Мұсақұл атанып

кеткен соғыс т.б.

Абай жолы –

халық жолы

Кітаптың соңында

кемеліне келген ақын өз дәуірінің тұрғысынан анағұрлым озық жатқан ағартушылық, адамгершілік, гуманистік идеясы бар, әлеумет қайраткері

Абайды көреміз.

Жазушы «Абай жолы» романында ақын өмірін, оның өмір сүрген дәуірін кеңінен қамтиды.

М. Әуезовтың бас кітабы.

Абай арқылы қазақ елін

көрсетті.

“ АБАЙ ЖОЛЫ” – ТАРИХИ РОМАН Романда XIX ғасырдың II жартысындағы қазақ ауылының ішкі, тысқы өмірінен алынған, әрқайсысы кішігірім бір шығармаға желі боларлық 30-ға жуық оқиға қамтылған. Осы оқиғалардың тууымен, өрбуімен байланысты романда үш жүзге жуық кейіпкерлердің әрекеттері баяндалады. Ақын Абайдың барлық шығармасы адам туралы.  Романда, әсіресе, ескі ауылдың ішкі өмірі, әдет-ғұрпы, салты мен мәдениеті  суреттеледі . Адамның оғаш мінездерін сынайды, өнеріне шаттанады, алдына нысана қойып соған жетуге талпынады.

АБАЙ ЖОЛЫ” – ТАРИХИ РОМАН

Романда XIX ғасырдың

II жартысындағы қазақ ауылының

ішкі, тысқы өмірінен алынған,

әрқайсысы кішігірім бір

шығармаға желі боларлық

30-ға жуық оқиға қамтылған.

Осы оқиғалардың тууымен,

өрбуімен байланысты романда

үш жүзге жуық кейіпкерлердің

әрекеттері баяндалады.

Ақын Абайдың барлық

шығармасы адам туралы.

Романда, әсіресе, ескі

ауылдың ішкі өмірі, әдет-ғұрпы,

салты мен мәдениеті

суреттеледі .

Адамның оғаш мінездерін

сынайды, өнеріне шаттанады,

алдына нысана қойып соған

жетуге талпынады.

Тотаритарлық ағымның романға әсері Жас Абайдың жүрегін түршіктірген Қамқа мен Қодар оқиғасы Абай дүниеге келмей тұрып, 5-10 жыл бұрын өтіп кеткен. Романда Абай оқудан қайтқан 13 жасар бала Құнанбай аға сұлтандыққа сайланғанда Абай 4 жаста болған  Бөжейдің асында Абайдың кісі күтіп жүруі мүмкін есмес. Ол кезде Абай 7 жаста болған. Бөжей 1853 жылы дүниеден өткен Базаралы итжеккенге Құнанбай емес, Абай болыстық құрып тұрған шақта айдалған  Романдағы Шұбар бейнесі – Шәкәрім Құдайбердіұлы Абайдың әйелі Ділдә өмірде қадірлі келін болған. Романда көкдолы, ұрысқақ болып суреттелген Абайға алғаш бата берген – Дулат Бабатайұлы романда  Барлас ақын деп суреттелген Әйгілі Мұсақұл атанып кеткен соғыста Абай бір жастан асқан сәби еді. Ал романда соғыс ортасында жүреді. т.б.

Тотаритарлық ағымның

романға әсері

Жас Абайдың жүрегін түршіктірген Қамқа мен Қодар оқиғасы Абай дүниеге келмей

тұрып, 5-10 жыл бұрын өтіп кеткен. Романда Абай оқудан қайтқан 13 жасар бала

Құнанбай аға сұлтандыққа сайланғанда Абай 4 жаста болған

Бөжейдің асында Абайдың кісі күтіп жүруі мүмкін есмес.

Ол кезде Абай 7 жаста болған. Бөжей 1853 жылы дүниеден өткен

Базаралы итжеккенге Құнанбай емес,

Абай болыстық құрып тұрған шақта айдалған

Романдағы Шұбар бейнесі – Шәкәрім Құдайбердіұлы

Абайдың әйелі Ділдә өмірде қадірлі келін болған.

Романда көкдолы, ұрысқақ болып суреттелген

Абайға алғаш бата берген – Дулат Бабатайұлы романда

Барлас ақын деп суреттелген

Әйгілі Мұсақұл атанып кеткен соғыста Абай бір жастан

асқан сәби еді. Ал романда соғыс ортасында жүреді. т.б.

Үлкен бір дәуірдің бар тұлғасын, адамдардың ішкі, тысқы тіршілігін, қазақдеген елдің елдік дәрежесін “Абайдан” толық көресін, түсінбегенің болса толық түсінесің. Бұл ең алдымен қазақ халқының елдігі, ой-санасы өскен елдігі жайындағы роман. 3. Роволюциядан бұрынғы қазақ халқыының шындығын дәл көрсете білген. 2. “Абай” арқылы, сол дәуірдің өзін де, ар жақ,  бер жағында жете ұғынуға болады. 1943 жылы Ғ. Мүсрепов “ Абай жолы” романының 6 ерекшелігін көрсетеді 5. Жазушы басынан аяқ ойлы, көркем тілмен жазған . 4. Абайдың жас кезін  суреттеу арқылы, жаңа өсіп  келе жатқан ақынды ашқан. 6. “Абай” - әрі шын мағынасында қазақ халқының шын өмірінің шын бейнесін көрсете алған ұлттық роман әрі мәдениетті елдердің  жақсы деген қай романымен болса да салыстыруға болатын роман.
  • Үлкен бір дәуірдің бар тұлғасын, адамдардың ішкі, тысқы тіршілігін,

қазақдеген елдің елдік дәрежесін “Абайдан” толық көресін, түсінбегенің

болса толық түсінесің. Бұл ең алдымен қазақ халқының елдігі,

ой-санасы өскен елдігі жайындағы роман.

3. Роволюциядан бұрынғы

қазақ халқыының

шындығын

дәл көрсете білген.

2. “Абай” арқылы, сол

дәуірдің өзін де, ар жақ,

бер жағында жете

ұғынуға болады.

1943 жылы

Ғ. Мүсрепов

Абай жолы”

романының

6 ерекшелігін

көрсетеді

5. Жазушы басынан аяқ

ойлы, көркем тілмен

жазған .

4. Абайдың жас кезін

суреттеу арқылы, жаңа өсіп

келе жатқан ақынды ашқан.

6. “Абай” - әрі шын мағынасында қазақ халқының шын өмірінің

шын бейнесін көрсете алған ұлттық роман әрі мәдениетті елдердің

жақсы деген қай романымен болса да салыстыруға болатын роман.

Роман-эпопеядағы шағын эпизодтардың тақырып-идеясы «Үш күндік жолдың соңғы күніне шәкірт бала барын салды. Астындағы жырау құла бестісін ағызып-ағызып алып, жалпақ жазықтың белінен-беліне көтеріліп, қасындағылардан оза шауып, алып-ұшып келеді» Тақырып – туған жер. Идеясы – сағыныш . «Абай үлкен үйге кірді. Құнанбай қасында ақсақал-қарасақалдар отыр,  үнсіз, жым-жырт, бір-бірін баққан суық жүздер, әлде бір кеселді құпияны әркім өзінше іштей салмақтап, тына қалған» Тақырып - әке.  Идеясы – мейірімсіздік. «Жолаушылар жайлаудағы ауылға жетті. Абай әйелдер құшағында, енді бірде әже қасында. Бәрі мәз-мейрам, мәре-сәре» Тақырып – ана. Идеясы – мейірім.

Роман-эпопеядағы шағын эпизодтардың тақырып-идеясы

«Үш күндік жолдың

соңғы күніне шәкірт бала

барын салды. Астындағы жырау

құла бестісін ағызып-ағызып алып,

жалпақ жазықтың белінен-беліне

көтеріліп, қасындағылардан оза

шауып, алып-ұшып келеді»

Тақырып – туған жер.

Идеясы – сағыныш .

«Абай үлкен үйге кірді.

Құнанбай қасында

ақсақал-қарасақалдар отыр,

үнсіз, жым-жырт, бір-бірін

баққан суық жүздер, әлде бір

кеселді құпияны

әркім өзінше іштей

салмақтап, тына қалған»

Тақырып - әке.

Идеясы – мейірімсіздік.

«Жолаушылар жайлаудағы

ауылға жетті.

Абай әйелдер құшағында,

енді бірде әже қасында.

Бәрі мәз-мейрам, мәре-сәре»

Тақырып – ана.

Идеясы – мейірім.

Балқыбек сьезінде ұлықтарға жағынудың ебін таба алмай жүрген арғын, найман, керейдің болыстарына арнап «Болыс болдым мінекей» өлеңін жазды «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Қара көз, имек қас» өлеңдері жастық  сезімнен туындаған Романдағы Абай өлеңдерінің туу тарихы Абай үш баласын Семейге оқуға алып бара жатып, күйме ішінде «Әсемпаз болма әр неге»  өлеңін жазған  Романның «Аңда» деп аталатын бөлімінде аңшылар аңға шығады. Соған арнап «Қан сонарда бүркітші шығады аңға», осы аңшылықта Абай Біржанмен ән-өлең туралы көп ақылдасып, «Құлақтан кіріп, бойды алар»  өлеңдерін шығарды.

Балқыбек сьезінде ұлықтарға

жағынудың ебін таба алмай

жүрген арғын, найман,

керейдің болыстарына арнап

«Болыс болдым мінекей»

өлеңін жазды

«Көзімнің қарасы»,

«Желсіз түнде жарық ай»,

«Қара көз, имек қас»

өлеңдері жастық

сезімнен туындаған

Романдағы Абай

өлеңдерінің

туу тарихы

Абай үш баласын

Семейге оқуға алып

бара жатып,

күйме ішінде

«Әсемпаз болма әр неге»

өлеңін жазған

Романның «Аңда» деп аталатын

бөлімінде аңшылар аңға шығады.

Соған арнап «Қан сонарда

бүркітші шығады аңға», осы

аңшылықта Абай Біржанмен

ән-өлең туралы көп ақылдасып,

«Құлақтан кіріп, бойды алар»

өлеңдерін шығарды.

РОМАНДАҒЫ АБАЙ МЕН ҚҰНАНБАЙ БЕЙНЕСІ

Романның бас

кейіпкерлерінің өмірге көзқарасы, өз дәуірінде

алға қойған мақсаты тұрғысынан жіктегенде негізгі екі

топқа бөлуге болады. Біріншісі - Құнанбай, Бөжей, Байсал,

Сүйіндіктер бастаған ескішіл топ. Екіншісі - Абай бастаған, жаңалыққа

талпынған, әкелер әрекетіне іштей де бой көрсетіп те наразылығын білдіре

бастаған жаңашыл жастартобы. Құнанбай тобының түп мақсаты – етегі

ыдырап, көбісі сөгіле бастаған феодалдық қоғамды сақтап қалу, сол қоғамның

заңдарын қаталдықпен жүзеге асырып, қазақ даласынан орын таба бастаған

капиталистік қоғамның жаңалықтарына қарсы тұру.Бұл топтың өз арасында ала

көздік, әсіресе, Құнанбай мен Бөжей арасындағы ру тартысы бар.

Ғ. Мүсірепов романдағы кейіпкерлер туралы былай деген: «Сүйіндік – жалтақ;

Байдалы – табанды, қарыс адам; Бөжей – сыр бермес; Қаратай – жеңген топтың

жағында; Майбасар, Жұмағұл, Тәкежан, Қамысбайлар – патша үкіметінің

жасаған болыстығының маңында болатын мансапқорлар.... Зере – ел анасы,

Ұлжан – соның жалғасы; Сары апаң – үстем рудың әрқашан өзімдікі

дұрыс деп тұратын, қисыны келсе қарсы тұратын кеуделісі...

Бұлардың бәрінің жиынтығы, сақасы сияқты Құнанбай –

сонша сұм, сонша аруақты, сонша бір кесек образ.

Ал Абай – ел тілегіне, ел болашағына жаңа

бағыт іздеген замана жасы, ел басы».

Та рау Эпизод Кейіпкер бейнесін ашатын үзінді Қайт қан да  Қодар мен Қамқаны жазалау сәті Қайт қан да  Кейіпкерге мінездеме Құнанбай Қия да  ... Жалғыз көзі оттай қадалып, Қодарға қарады. Жұртты иіріп, сақ етіп, зілді бұйрық берді.  Оқудан қайтқан Абайдың әкесіне сәлем беруі Әкесі де бұл баласының сондай сезгіштігін өзге балаларынан артық санаушы еді. Ұялғанды, жауап айтпағанда кешірмейтін әке мінезі Абайға мәлім. Жұртты иландыра біледі, шешіміне тас түйін берік, қайта оралар қайырым жоқ, ашулы, зілді. Абай Абайдың әкелер заманына дау айтуы. Құнанбай баласына қатты зекіп: - Жә, тоқтат! – деді. Әкесі жеңілгенін біліпті. Енді суық жүзі солғындап, үлкен бойы басылып, кішірейіп қалған әлдеқандай бала сияқты кінә тағып, өкпе айтып отыр.  Әке балаға сыншы. Шарасыз, бала алдында жеңілгенін мойындау.  Әке мінезіне бала әбден жатық.  Өзінің дұрысты-ғын дәлеледеп берді.

Та

рау

Эпизод

Кейіпкер бейнесін ашатын үзінді

Қайт

қан

да

Қодар

мен

Қамқаны жазалау

сәті

Қайт

қан

да

Кейіпкерге мінездеме

Құнанбай

Қия

да

... Жалғыз көзі оттай қадалып, Қодарға қарады. Жұртты иіріп, сақ етіп, зілді бұйрық берді.

Оқудан қайтқан Абайдың әкесіне

сәлем беруі

Әкесі де бұл баласының сондай сезгіштігін өзге балаларынан артық санаушы еді. Ұялғанды, жауап айтпағанда кешірмейтін әке мінезі Абайға мәлім.

Жұртты иландыра біледі, шешіміне тас түйін берік, қайта оралар қайырым жоқ, ашулы, зілді.

Абай

Абайдың әкелер заманына

дау айтуы.

Құнанбай баласына қатты зекіп: - Жә, тоқтат! – деді. Әкесі жеңілгенін біліпті. Енді суық жүзі солғындап, үлкен бойы басылып, кішірейіп қалған әлдеқандай бала сияқты кінә тағып, өкпе айтып отыр.

Әке балаға сыншы.

Шарасыз, бала алдында жеңілгенін мойындау.

Әке мінезіне бала әбден жатық.

Өзінің дұрысты-ғын дәлеледеп берді.

Жол да Майырға Бөжейді айдату туралы тапсырмасын пысықтауы Қат-қабат та  Құнанбай мұндайда ойдағы жұмысына күмілжімей кірісетін. Тесіле қарап, Майырдан жалғыз көзін алмай сызданып отыр Тоқпам беттегі ұрыс  Еңіс те Ұсынылған тапсырманы дер кезінде жасағанды ұнатады. Ат үстінде үлкен, өткір жалғыз көзі қанталап, шапшаң қарап, жалт-жұлт етеді. Бөжейді дүре соғуға бұйрық беріп, қатты зәрленіп, оттай күйіп ашуланып, ақырды. Құнанбайдың Меккеден оралуы. Немересінің қайтыс болып, Тәкежан ауылына келуі  Зәрлі, ашуланшақ.  Бұл күнде ол қатты ағарып, үлкен кәрілікке жеткен. Сүйекті денесі әлі де қапсағай зор болғанымен, бет әжімі мол. Қуаң тартып ажары тозған, бір кездегі үлкен, қатал, қуатты адамның әл-шамасы азайғанын танытады. Ақырын баяу ғана сөйлейді. Сыпайы, мүләйім.

Жол

да

Майырға Бөжейді айдату туралы тапсырмасын пысықтауы

Қат-қабат

та

Құнанбай мұндайда ойдағы жұмысына күмілжімей кірісетін. Тесіле қарап, Майырдан жалғыз көзін алмай сызданып отыр

Тоқпам

беттегі

ұрыс

Еңіс

те

Ұсынылған тапсырманы дер кезінде жасағанды ұнатады.

Ат үстінде үлкен, өткір жалғыз көзі қанталап, шапшаң қарап, жалт-жұлт етеді. Бөжейді дүре соғуға бұйрық беріп, қатты зәрленіп, оттай күйіп ашуланып, ақырды.

Құнанбайдың Меккеден оралуы. Немересінің қайтыс болып, Тәкежан ауылына келуі

Зәрлі, ашуланшақ.

Бұл күнде ол қатты ағарып, үлкен кәрілікке жеткен. Сүйекті денесі әлі де қапсағай зор болғанымен, бет әжімі мол. Қуаң тартып ажары тозған, бір кездегі үлкен, қатал, қуатты адамның әл-шамасы азайғанын танытады. Ақырын баяу ғана сөйлейді.

Сыпайы, мүләйім.

РОМАНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР БЕЙНЕСІ    Жазушы әдебиетке әу баста ана  тақырыбы арқылы келген. Атап айтсақ, М. Әуезовтың «Адамдық негізі - әйел» атты  мақаласы 1917 жылы «Сарыарқа» газетінің 5- қыркүйектегі 12-санында  «Семинарист Мұхтар» деген атпен жарық көрген болатын. Осы мақаласынан кейін аналар бейнесін сомдауға жол ашылғаны анық.  Халық даналығы «Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» десе, Ұлы Абай қос ананың адамгершілік мұраттарын алға жалғастырды. Романда ана мен бала, бала мен әже арасындағы қарым-қатынас шынайы суреттеліп, асқан шеберлікпен берілген. Еш уақытта Зере мен Ұлжанды бөліп қарастыруға болмайды.  Жазушының өзі де қос ананың есімін қатар алып жүреді. Өйткені, Ұлжанды Ұлжан еткен ақылды ене Зере. Бұл туралы Зере қайтысболғанда Ұлжан: «Анаң ана-ақ еді жарықтық. Жақсылап алыс сапарға аттандырайық, риза болсын» - дейді.

РОМАНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР БЕЙНЕСІ

Жазушы

әдебиетке

әу баста ана

тақырыбы

арқылы келген.

Атап айтсақ, М. Әуезовтың

«Адамдық негізі - әйел» атты

мақаласы 1917 жылы «Сарыарқа»

газетінің 5- қыркүйектегі 12-санында

«Семинарист Мұхтар» деген атпен

жарық көрген болатын. Осы мақаласынан кейін

аналар бейнесін сомдауға жол ашылғаны анық.

Халық даналығы «Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі»

десе, Ұлы Абай қос ананың адамгершілік мұраттарын алға

жалғастырды. Романда ана мен бала, бала мен әже арасындағы

қарым-қатынас шынайы суреттеліп, асқан шеберлікпен берілген.

Еш уақытта Зере мен Ұлжанды бөліп қарастыруға болмайды.

Жазушының өзі де қос ананың есімін қатар алып жүреді. Өйткені,

Ұлжанды Ұлжан еткен ақылды ене Зере. Бұл туралы Зере қайтысболғанда Ұлжан:

«Анаң ана-ақ еді жарықтық. Жақсылап алыс сапарға аттандырайық, риза болсын» - дейді.

Кәрі әженің алдында

Құнанбай да қаймығады.

Бір ғана мысал, Кәмшат жайын

естігенде Зере «... аяғың аспаннан

салбырап түскен жоқ.

Сен пенденің ұлысың, сен де

анадан тудың. Менмін сені

тапқан» - деп райынан қайтарады.

Ананың үні ардың үні болып

Құнанбайдың құлағында

қалып қояды.

Үш күндік жолды артқа тастап өздерін

күтіп тұрған топқа оза шауып түскен

Абай көп ішінде алдымен шешесін

көзі шалып, соған жүгіреді.

Сонда Ұлжан: «Әй, балам, әуелі

аржағында әкең тұр, соған сәлем бер» -

дейді. Өзі қанша баласын сағынып

тұрса да ер азаматтан аттап кетпейді.

Романдағы

Зере мен Ұлжан

бейнесін ашатын

үзінділер

Қарашоқы... Қодар мен

Қамқаның өлімі...

Әке... Әке істеген мінез... Жаман көріністі

көргеннен кейін шешесіне келіп шағым

айтқан болады. Артынан Абайды

қуып келген Жиреншеге салмақты

үнмен ғана. «Шырағым, сен бала емессің,

естиярсың, ендігәрі ондай жерге

Абайды бастай көрме» - дейді.

Ұлжанның жай ғана айтқан сөзі

Жиреншеге оттай қадалады.

Бар жайды кейін естіген

Зере әже: «Иә, Құдай.

Бейуақыттағы

тілегімді қабыл ете гөр!

Осы қарашығыма әкесінің

ит мінезін бере көрме» -

деп дұға қылады.

М. Әуезов - драматург “ Еңлік-Кебек” “ Бәйбәше-тоқал” Пьеса 1918 жылы жазылды да, 1923 жылы басылды. Пьесаның оқиғасы Есендік  байдың бәйбішесінің балалары мен тоқалы Қайманың жауласуы, мал үшін, байлық үшін таласуын баяндайды.  1917 жылы мамыр айында, жайлауда Абайдың жары Әйгерімнің  үйінде алғаш қойылған. Пьеса он сегізінші жылдарда  Шыңғыстау жерінде болған оқиғаға негізделіп құрастырылған.

М. Әуезов - драматург

Еңлік-Кебек”

Бәйбәше-тоқал”

Пьеса

1918 жылы жазылды да,

1923 жылы басылды.

Пьесаның оқиғасы Есендік

байдың бәйбішесінің

балалары мен тоқалы

Қайманың жауласуы,

мал үшін, байлық үшін

таласуын

баяндайды.

1917 жылы

мамыр айында, жайлауда

Абайдың жары Әйгерімнің

үйінде алғаш қойылған.

Пьеса он сегізінші жылдарда

Шыңғыстау

жерінде болған оқиғаға

негізделіп

құрастырылған.

М. Әуезов - драматург “ Тас түлек” “ Шекарада” “ Алма бағында” “ Сын сағатта” “ Намыс гвардиясы” (Ә. Әбішов) “ Қынаптан қылыш”( Ғ. Мүсрепов) Ұлы Отан соғысы жылдарында елді қорғау, Отанды, жерді сүю идеяларын көтеріп, халықтың  рухын көтерген туындылар.  Жаңа социалистік қоғамның қажетін өтеу мақсатында, заман ағымымен жарық көрген.

М. Әуезов - драматург

Тас түлек”

Шекарада”

Алма бағында”

Сын сағатта”

Намыс гвардиясы” (Ә. Әбішов)

Қынаптан қылыш”( Ғ. Мүсрепов)

Ұлы Отан соғысы

жылдарында елді

қорғау, Отанды,

жерді сүю идеяларын

көтеріп, халықтың

рухын көтерген

туындылар.

Жаңа социалистік

қоғамның қажетін өтеу

мақсатында, заман

ағымымен жарық

көрген.

М. Әуезов - драматург  “ Октябрь үшін”   “ Түнгі сарын”  1916 жылың оқиғасын суреттейтін пьеса. 1934 жылы “ Әдебиет майданы” (қазіргі “Жұлдыз”) журналында жарияланды.   Жетісудағы социалистік революцияның тарихынан “ Қазақстан” баспасынан жарық көрген, пьеса еш  жерде қойылмады. Саясат ықпалымен жазылған.

М. Әуезов - драматург

Октябрь үшін”

Түнгі сарын”

1916 жылың

оқиғасын суреттейтін

пьеса. 1934 жылы

Әдебиет майданы”

(қазіргі “Жұлдыз”)

журналында

жарияланды.

Жетісудағы

социалистік

революцияның

тарихынан

Қазақстан” баспасынан

жарық көрген, пьеса еш

жерде қойылмады.

Саясат ықпалымен

жазылған.

Шығарма  М. Әуезовтың «Абай жолы» ғұмырнамалық романындағы Абай бейнесі       «Туған халқына мәңгілік мұра       болғандай ғасырлық туынды      сыйлау тек қадау-қадау      ұлылардың үлесіне тиген. Солардың бірі – Мұхтар Әуезов» (З. Қабдолов) Жоспар 1 . Роман авторының өмірі мен шығармашылығы 2. «Абай жолы» романы – халық жолы  2.1. Романдағы Абай бейнесі 3. «Абай жолы» - тарихи роман 4. Қорытынды.

Шығарма

М. Әуезовтың «Абай жолы» ғұмырнамалық романындағы Абай бейнесі

«Туған халқына мәңгілік мұра

болғандай ғасырлық туынды

сыйлау тек қадау-қадау

ұлылардың үлесіне тиген. Солардың бірі – Мұхтар Әуезов»

(З. Қабдолов)

Жоспар

1 . Роман авторының өмірі мен шығармашылығы

2. «Абай жолы» романы – халық жолы

2.1. Романдағы Абай бейнесі

3. «Абай жолы» - тарихи роман

4. Қорытынды.

-75%
Курсы повышения квалификации

Повышение мотивации учеников к чтению (на материале программы по литературе для 5 класса)

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Ұлы тұлға - Мұхтар Әуезов (501 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт