Меню
Разработки
Разработки  /  Дошкольное образование  /  Уроки  /  Дошкольникам  /  "Түйе" Сөйлеуді дамыту

"Түйе" Сөйлеуді дамыту

балалар?а ?й жануарлары т?сінік беру. жануарларды? т?рлерімен таныстыру, оларды? мекендейтін жерлері ж?нінде т?сінік ?алыптастыру.

23.12.2016

Содержимое разработки

Жасы бойынша топ: мектепалды даярлық тобы. Күні:

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: Түйе

Мақсаты: Тілдің дыбысталу мәдениетін игеруге ұмытылдыру негізінде белгілі бір ойды білдіретін сөзді анық айта білуге үйрету.Сөздердің дыбыстардан құралатын дығы туралы түсініктерін кеңейту. Балаларға үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру, олардың пайдасы маңызы, туралы түсінік беру. Олардың түрлерін бір – бірінен ажыратуға, балалардың дыбыстарды дұрыс айтуын, толық сөйлеммен жауап беруге дағдыландыру.  

Қостілді құрам: жылқы-лошадь,сиыр-корова,түйе-верблюд,қой-овца.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

     Тәрбиешінің  іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық





Тәрбиеші балаларды шаттық шеңберге шақырады.

Қайырлы таң, Алтын күн

Қайырлы таң,Көк аспан

Қайырлы таң, Жер ана

Қайырлы таң,қонақтар

Қайырлы таң,достарым

Балалар шаттық шеңберін құрып, өздеріне таныс өлең жолдарын айтады.




Ұйымдастырушылық-ізденістік































Жұмбақ шешу
















Сергіту сәті


















Топпен жұмыс

- Өте жақсы. Балалар бүгін біз жануарла түрімен танысатын боламыз, дайынсыңдарма?

Ендеше айтыңдаршы жануарлардың қандай түрлері болады?

-Үй жануарларына қандай жануарлар жатады ?

-Ал, дала жануарларын атаңдаршы?


-Үй жануарларының бізге қандай пайдасы бар?

Балалар бүгін сабақта біз үй жануарлары туралы әңгімелейтін боламыз.Үй жануарларының ішінен түйе туралы әңгімелейміз.

Түйе – шөлге шыдамды. Екі өркеші бар. Жантақ жейді. Жүк тасиды. Керуен көш бастайды. Шұбат береді.

Жылқы - жүйрік. Көкпар ойнайды. Бәйгеге шабады. Жал құйрығын тараймыз. Арбаға жегеді. Қымыз береді.

Қой - момақан жуас. Жүнінен киіз, байпақ жасайды. Тон тігеді.

Сиыр - екі мүйізі бар. Айран, құрт жасайды. - Үй жануарларының төлдерін не деп атаймыз?Түйенің баласы - бота, сиырдың баласы - бұзау, қойдың баласы - қозы, ешкінің баласы - лақ, жылқының баласы – құлыншақ деп аталады екен.

Жарайды, балалар ендеше мен сендерге жұмбақ жасырайын шешуін кім табады екен?

Кішкене ғана бойы бар

Айналдырып киген тоны бар.


Қане, балалар ендеше қойдың дыбысын салыңдаршы.


Үстінде екі тауы бар


Түйе - бө - бө боздайды


Екі айнасы бар

Екі найзасы бар

Төрт жылтырмағы бар

Бір шыпыртқысы бар

Сиыр - мө - мө мөңірейді

Сергіту сәті( видео ролик көрсету арқылы)

- Балалар, сонымен үй жануарларына нелер жатады?

- Үй жануарларының дыбыс шығарғанын былай атайды:

Жылқы - кісінейді

Сиыр - мөңірейді

Қой, ешкі - маңырайды

Түйе - боздайды.

Балалар масканы киіп кейіпкерлердің роліне енеді.Шөре-шөре - дегенде лақтар секіріп келеді.

Құрау-құрау - дегенде құлындар келеді.

Аухау-аухау - дегенде бұзаулар,

Көс-көс - дегенде ботақандар шауып келеді.

Көрініс құрастыру «Ауылдағы түйе»

Ия, дайынбыз



Үй және дала жануарлары

Сиыр, қой, түйе. Ешкі т.б

Арыстан, жолбарыс, қасқыр, түлкі...

Сүт береді сүттен айран,шұбат,май істейміз.



Тыңдайды





















(Қой)


Қой - мә – мә деп маңырайды


(Түйе)


Бө-бө-бө




(Сиыр)


мө – мө-мө



сиыр, қой, ешкі, жылқы, түйе.



Қайталап айтады




Әр топтан 2-3 бала шығады







Топпен тапсырманы орындайды

Рефлексиялық-түзетушілік

Балалар сендер нетуралы білдіңдер?


Балаларды мадақтау

Үй жануарлары мен төлдері туралы

Күтілетін нәтиже:

Жүйелейді: Балалар үй жануарларын біледі ,оларды ажырата алады.                 

Қолданады: Үй жануарлары туралы тақпақтар, мақал-мәтелдер үйренді.

Түсінеді: үй жануарларының адамға пайдасын, күтіп-баптауды.


-80%
Курсы повышения квалификации

Педагог дополнительного профессионального образования

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
"Түйе" Сөйлеуді дамыту (16.3 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт