Меню
Разработки
Разработки  /  Музыка  /  Уроки  /  5 класс  /  "Туған жер", "Менің қалам -Алматы"

"Туған жер", "Менің қалам -Алматы"

Сабақтың тақырыбы: «Туған жер». "Менің қалам -Алматы"

Сабақтың мақсаты: Туған жер,ел туралы балаларға мол мағлұмат беру

Сабақтың міндеттері:

а) Білімділік:

ә)Дамытушылық: Оқушылардың ән орындау мүмкіндігін дамыту

б)Тәрбиелік: Оқушыларды патриоттық тұрғыда тәрбиелеу,елжандылыққа баулу

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгеру

Сабақтың ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,сергіту сәті, топпен жұмыс, пікірталас

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, белсенді тақта,бейнекөріністер, сазгерлердің портреттері, домбыра,баян, фортепиано

Музыкалық материалдар:

Ән үйрену:"

15.12.2017

Содержимое разработки

САБАҚ ЖОСПАРЫ, 4-тоқсан

5-сынып, 7-сабақ


Сабақтың тақырыбы: «Туған жер». "Менің қалам -Алматы"

Сабақтың мақсаты: Туған жер ,ел туралы балаларға мол мағлұмат беру

Сабақтың міндеттері:


а) Білімділік:

ә)Дамытушылық: Оқушылардың ән орындау мүмкіндігін дамыту

б)Тәрбиелік: Оқушыларды патриоттық тұрғыда тәрбиелеу,елжандылыққа баулу


Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгеру

Сабақтың ұйымдастырудың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,сергіту сәті, топпен жұмыс, пікірталас

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, белсенді тақта,бейнекөріністер, сазгерлердің портреттері, домбыра ,баян, фортепиано


Музыкалық материалдар:


Ән үйрену:"


Сабақ барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлемдесу (әндете) оқушыларды түгендеу


3.Жаңа сабақ "Туған жер"

Туған жер әрқашан жда әрбір адамға ыстық боп келеді.Туған жер, Отан ,Мемлекет бұлардың бәрі туысқан сөздер

Отан десем оралады ойыма Ақсақалды, ақ шапанды қария, Туған жерім - құт мекенім, дариям, Егеменді елім, туым, әнұран, Қанатымды қағып ұшқан жанұям. Осы жолды аңсап еді еліміз, Ар-намысты батыр туған жеріміз. Мақтан етер бай мұрасы, салты бар, Мен сүйетін қалың қазақ, халқым бар. «Отаным» деген жас жүрегімнен шыққан асыл сөзді мақтанышпен, асқақтықпен айта аламын. Ата-бабамыздың азаттық жолындағы ерен ерлігінің арқасында осынау арман еткен заманға тер төге, көп күш жұмсай жеткен елімді мақтаныш етемін. Талай жылғы ұлы дүбір, дүрбелеңнен кейін жарқын болашақтың таңы атып, еркіндік пен теңдік есігін айқара ашты. Еліміздің күні оңынан туып, жарық жұлдыздар шоғыры ұлттық намыс пен арымызды тудай желбіретті. Әрине, бұл күн оңайлықпен келмегені белгілі. Еліміздің арыстары талай жылдар басын тау мен тасқа ұрып, тар жол тайғақ кеше жүріп, еліміздің болашағы, келер ұрпақтың бақытты ғұмыры үшін аянбай күресіп табандылық пен асқан қайсарлық, шыдамдылық пен беріктік танытты. Барлық саналы ғұмырын ұлт мүддесіне арнаған бес арыс, ұлы Отан соғысында елім деп жанын пида еткен қайтпас қыран алаш азаматтары, жүректері оттай жалындаған желтоқсан қаһармандары... Айта берсе жалғаса берер елінің асыл ұландары, асқақ рухты азаматтарының ерен ерлігінің арқасы деп білемін. Еліміздің көгінде тәуелсіздік туы желбірегеннен бері өшкеніміз жанды, өлгеніміз қайта тірілді, ата-баба дәстүрі көш түзеді, халқымыз еңсесін тіктеп жарқын болашаққа қол созды. Содан бері атқан оқтай зулап, табандатқан 20 жыл өтті. Қазақстанның жиырма жылдық ғұмырына көз салсақ, ауыз толтыра айтарлықтай, көкірегіңді мақтаныш сезімі кернеп еске аларлықтай жеткен жетістіктері, асқан асулары мен бағындырған жаңа белестері бар. Бүгінгі Қазақстан Астанасын бас қала етіп, дамыған мәдениет пен экономиканың, білім мен ғылымның орталығына айналдыра, елінің тұрақтылығы мен бірлігін сақтап, дүние жүзіне танытуға күш салуда. Бұған мемлекетіміздің Біріккен ұлттар ұйымына, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы сияқты халықаралық қауымдастықтарға мүше болып дүние жүзі елдерімен тығыз байланыс орнатуы және осы жолда атқарып жатқан қыруар істері дәлел бола алады. Кемеңгер Елбасымыздың «Қазақстан – 2030» бағдарламасы өз бағытымен жүзеге асса, келешекте Қазақстан мемлекеті дүние жүзіндегі ірі мемлекеттер қатарына қосылады деген сенімдемін. «Отан - оттан да ыстық» деген дана халқымыз, адам баласының жүрегінде ең бірінші, ақ сүт берген туған анасына деген сезім орын алса, екінші, Отанға деген жалынды, ыстық сезім орын алады екен. Мен өз Отанымды, туған жерімді, құдіретті елімді сүйемін және мақтан етемін. Өз елімнің дамуына теңізге тамған тамшыдай болса да үлесімді қосамын деп ойлаймын. Барша Қазақстандықтарды елімнің мерейлі мерейтойымен құттықтай отырып, ашық аспан көгінде қалықтаған қырандай еркіндік пен даму, асқан бақыт және шексіз қуаныш, биік белес пен шығар шың тілеймін.


4.Шығармашылық жұмыс: Дауыс баптау жатттығулары

5.Жаңа ән үйрену

МЕНІҢ ҚАЛАМ- АЛМАТЫМ муз: А.Маханбетова

Алматымды, ән қаламды,

Жақсы көрем жанымдай

Келер күннің әр қадамы,

Күліп атқан таңымдай.


Алматымен бой таласар,

Қала бар ма елімде.

Әсем қалам қайта жасар

Тілегім зор менің де


Алматымның сәні қандай

Салтанатты мекенім

Қонақ келсе танығандай

Сұлулық не екенін.


Қайырмасы:

Алматы – әнші биші қала

Ән жырымды арнадым

Күй төктірген күйші қала

Менің қалам- Алматым.


6.Сабақты қорытындылау сұрақтары:

1."Алатау" әнінің авторы кім

2."Туған жер" туралы не айтасын?



7.Үйге тапсырма: "Туған жер" мазмұндау, "Алатау" әні


8.Бағалау



-80%
Курсы дополнительного образования

Авторская песня: жанровые особенности

Продолжительность 72 часа
Документ: Cвидетельство о прохождении курса
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
"Туған жер", "Менің қалам -Алматы" (14.84 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт