Меню
Разработки
Разработки  /  Начальные классы  /  Мероприятия  /  3 класс  /  "Туған тілі-тірлігімнің айғағы" "Ақ жарқын аналар" "Менің Президентім" "Бақытты жанұя-бақытты ел"

"Туған тілі-тірлігімнің айғағы" "Ақ жарқын аналар" "Менің Президентім" "Бақытты жанұя-бақытты ел"

Бастауыш сынып оқушыларын шығармашылық қабілеттерін дамыту

06.04.2018

Содержимое разработки

«Бақытты жанұя 

- Бақытты ел»


 

                                                                                                       

Мақсаты:

        Бала тәрбиесіндегі ата - ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Жанұядағы ата – анамен баланың арасындағы  қарым қатынасты нығайту. Ата – анаға деген бала махаббатын ояту. Мектеп, ұстаз, ата - ана үштігін  нығайту. Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық, қайрымдылық достық  қарым – қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.

Мұғалім: Құрметті ата – әжелер, жас отбасы мүшелері және балалар, біздің бүгінгі сыныптан тыс іс шарамыздың тақырыбы «Бақытты жанұя – бақытты ел »деп аталатын кешімізге қош келдіңіздер!.

    «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп » ұлы ақын атамыз Абай айтқан екен. Адамзат – бүкіл адам баласы деген сөз. Адамды сүю адам танудан басталады. Адам тану – адамзат арасындағы қарым – қатынас мейірімнен басталады. Ал адамға деген сүйіспеншілік , мейірімділік қайырымдылық – ең әуелі әркімнің отбасынан басталады. Әр үйдің ішіндегі адамдар сол отбасының мүшелері болып саналады.

   Ұрпақ – ғұмыр жалғасы, тіршілік көзі. Қай халық болсын, үмітін ең алдымен ұрпағынан күтеді. Жанған отын сөндірмей, түтінін түтетін ұрпақ қалдыруды көздейді. Халқымыз балалы болу бақытын байлыққа, мансапқа ауыстыра алмаған. «Бала - өмірдің жалғасы, көз қуанышы, шаңырақ иесі,»- деп ұрпақты болуға, оның тәрбиесіне қатты көңіл бөлген.

Қуанып жан жүрегі қақ жарылды,

Қасірет басындағы қалды арылып.

Ұл – қыз көріп дүбірлі той жасайды,

Атқан соң маңдайынан таң жарылып.- дей келе енді оқушыларды екі топқа бөліп сайыс өткіземіз.

Әрине, сайыс болған соң әділ қазы алқалары болу міндетті. Ол арамыздан әділ қазылар алқасын таңдап алайық.

Ән: Дастан Аяжан

Бағдарлама:

I - бөлім:  «Таныстыру»

II - бөлім: «Білімдіге дүние жарық» сұрақ жауап

III- бөлім: «Болашағымыз білімді жастардың қолында» сурет сайысы

IV- бөлім: «Тығырықтан шығу» ситуациялық сұрақтар

V- бөлім: «Тіл өнері» мақал мәтелдің жалғасын тап

VI- бөлім: «Сөз тапқанға қолқа жоқ»

Ән: Хамит Айжан мен Зиядова Алтын

I - бөлім:  «Таныстыру»

II - бөлім: «Білімдіге дүние жарық» сұрақ жауап

І-топ.

1.     Балдан тәтті не? (бала)

2.     Қара шаңырақ иесі кім? (Кенже бала)

3.     Балаға кім сыншы? (ата)

4.     Әкеден балаға берілетін зат. (мұра)

5.     Үйдегі алтын адам кім? (ана)

6.     Бес дұшпанды атаңдар (Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)

 

ІІ – топ.

1.     Тәрбиеме білімнің ордасы (мектеп)

2.     18 жасқа толмаған адам (бала)

3.     « Өзін-өзі тану» бағдарламасының  авторы кім?( С. Назарбаева)

4.     Екі адамның бір - біріне  деген адалдығы (достық)

5.     Қазақстандағы қандай білім алу міндетті түрде (орта)

6.     Бес асылды атаңыз (А.Байтұрсынов, Ш.Құдайбердіұлы, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов)

III- бөлім: «Болашағымыз білімді жастардың қолында» сурет сайысы

Би: «Лави-дави» бишілер тобы

Ән: Төлеген Мадина

IV- бөлім: «Тығырықтан шығу» ситуациялық сауалнама

І-топ.

 

1.     Сенің  өзіңнің жақын адал досың бар,бірақ  онымен  дос болуға ата-анаң қарсы. Сен не істейсің?

2.     Көктем  мезгілі. Жолдасын сабақ оқуың азайтып,сабақтан тыс нәрселерге көп көңіл бөлетіндіктен сабақ  үлгерімі  төмен деп кетті. Сен не істейсің?  

II топ

1.     Пән мұғалімдері сенің  жауапкершілігіңді  бағалап  ертеңге бір  жұмыс  тапсырды. Белгілі  себептерімен  сен  ол жұмысты  орындап  бола  алмадың. Сен  не  істейсің?

2.     Сыныпта сабақтан себепсіз көп қалып қоятын оқушы бар.Ол оқушыға  деген көз қарасың қандай?

Би: «Роли- Поли»

V- бөлім: «Тіл өнері» мақал мәтелдің жалғасын тап           

1)    Атаға қарап - .................... ұл өсер

анаға қарап - ...............қыз өсер

2)    Ананың көңілі балада ...........................баланың көңілі далада

3)    Ата – ананың қадірін - ..........................балалы болғанда көресін

4)    Атаның баласы болма ...............адамның баласы бол

5)    Ұяда не көрсең ................. ұшқанда соны ілесің

2 топ

1)    Балалы үй базар...........баласыз үй мазар

2)    Ата көрген оқ жонар.................... шеше көрген тон піщер

3)    Ананың сүті – бал ................Баланың тілі бар

4)    Туған үйдің түтіні жылы............... туған ананың күтімі жылы

5)    Анаңа ауыр сөз айтпа...............атаңа ауыр жүк артпа

 

VI- бөлім: «Сөз тапқанға қолқа жоқ»

І топ

1)    Тілді қадірлейсіз бе?

2)    Орысша сөйлеуге қызығасыз ба?

3)    Мерекеге қандай киім       киесіз?

4)    Кітап оқығанды ұнатасың ба?

5)    Лотореядан ақша ұтсаңыз, не істейсіз?

6)    Достарыңыз кімдер, көп пе?

7)    Тілімізді, дінімізді жоғалтпау үшін не істеу керек?

8)    Баланың бас ұстазы – ата - ана ма?

9)    16-желтоқсан қандай мереке тойлаймыз?

ІI топ

Сөз сүйектен өтеме ?

Жаңа жылға қандай сыйлық алғың келеді?

Мектепке немен келесіз?

Көршіңмен  татусың ба?

Ауа райы салқын ба?

Дүниедегі қымбат жан

Түлкі неге қу аң?

Су тіршілік көзі ме ?

Бақыт дегеніміз не?

Ит жеті қазынаның бірі ме ?

 

Ән: Зиядова Алтын

Ал, құрметті халайық!

Жарысты енді көрдіңдер

Әділ қазы алқасы

Әділ баға беріңдер!

Соңғы қорытынды сөзді әділ қазылар алқасына береміз.

Қазылар алқасы қорытындысын тыңдау.

Жүлдегерлерді анықтау, құттықтау.



-80%
Курсы повышения квалификации

Духовно-нравственное воспитание в условиях реализации ФГОС

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
"Туған тілі-тірлігімнің айғағы" "Ақ жарқын аналар" "Менің Президентім" "Бақытты жанұя-бақытты ел" (24.47 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт