Меню
Разработки
Разработки  /  Психологу  /  Мероприятия  /  10 класс  /  Тренинг "Команда формирования" 10 класс

Тренинг "Команда формирования" 10 класс

упражнения для благополучного адаптирования к старшему звену
27.09.2019

Содержимое разработки

Тренинг тақырыбы: Мен және менің ортам. 
Тренинг мақсаты: өмірде адамнан асқан құндылық жоқ екендігін түсіндіре отырып, бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін және жағымды «Мен» концепциясын қалыптастыру. 
Тренинг міндеттері: 
- адамдар арасындағы қарым - қатынастың мәнін түсіну; 
- өз бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттерін білу, түзетуге көмектесу; 
- сыныптағы өз орнын және өзінің ортасын танып білуіне көмектесу; 
- сыныпта белсенді жұмыс жасауға түрткі, ниетті қалыптастыру; 
Көрнекіліктер: «Топта жұмыс істеу ережесі» жазылған плакат, А3-А4 қағаз беттері, фломастерлер, қарындаштар, қобдиша, адамгершілік қасиеттері жазылған карточкалар, үлестірмелі смайликтер, доп, жіп. 
Тренинг құрылымы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі. 
ІІ. Тренингтің мақсат-міндеттерін хабарлау. 
ІІІ. Негізгі бөлім. 
а) Амандасу – «таныстыру» жаттығуы. 
б) «Автопортрет» жаттығуы. 
в) «Мен басқаның көзімен» жаттығуы. 
д) «Сиқырлы қобдиша» жаттығуы. 
е) «Өрмекші торы» жаттығуы. 
ІV. Қорытынды бөлім. 
а) «Жүйрік ой» жаттығуы. 
б) «Қайта байланыс» жаттығуы. 
Тренингтің жүру барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі / амандасу, тренингке қатысуға келгендерге алғыс айту/ 
ІІ.Тренингтің мақсат-міндеттерін хабарлау 
- Сіздер тренингтің ағылшынның «Тот Райн» - ойын, жаттығу деген сөзінен шыққандығын, яғни сабақ емес екендігін білесіздер. Бүгінгі топтық-психологиялық тренинг тәжірибелік-психологиялық әдіс ретінде, коррекцияның негізгі құралы ретінде де қолданылады. Мақсаты әр адам бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін, жағымды «Мен» 
концепциясын қалыптастыру. Сондықтан тренингке барлықтаыңыздың белсенді, шын ниетпен қатысуларыңызды сұраймын. 
ІІІ. Тренингке дайындық, ережесімен таныстыру. 
- Тренинг – ойын, ал әрбір ойын ережелерді қажет етеді. 
/ Психолог 2-ші слайдтағы жазылған ережелердің әр біреуінің мағынасын қысқаша түсіндіріп өтеді./ 
Топта жұмыс істеу ережесі: 
1. Бір-бірін "Визиткада" көрсетілген есім бойынша, атау. 
2. Біреуі сөйлейді, басқалары тыңдайды. 
3. Болып жатқанға белсенді қатысу. 
4. Әркім өз пікірін білдіруге құқылы. 
5. Пайда болған ой, сезімдеріңді осы жерде және қазір айт. 
6. "Басынан" "Аяғына" дейін жұмыс істеу. 
ІV. Негізгі бөлім. 
а) Амандасу – «таныстыру» жаттығуы. 
Нұсқау: әр қатысушы өз есімінің бірінші әрпіне қарай бойындағы жеке қасиетін қосып айту керек. Мысалы: мен Бақытнұр бақытты қызбын.... 
б) «Автопортрет» жаттығуы. 
Нұсқау: әр қатысушыға қос беттен беріледі, өз сипаттамасын тек бір жағына ғана жазу керектігі және 2 минуттан кейін есімдері көрсетілген беттерді тренер жинап алынатындығын ескертеді. 
Жаттығу шарты: Сізді таныс емес адаммен кездесу күтіп тұр делік, ол бірден сізді тану үшін өзіңізді сипаттап жазыңыз. Көпшіліктен өзіңізді ерекшелендіріп тұратын белгілеріңізді табыңыз. Бет-әлпетіңізді, жүрісіңізді, сөйлеу мәнеріңізді, киім киісіңізді, зейінді аударарлықтай ым-ишараларыңыз болса т.б... 
Рефлексия келесі жаттығу жүргізілгеннен кейін жасалады. 
в) «Мен басқаның көзімен» жаттығуы. 
Нұсқау: Тренер алдыңғы жаттығуда алынған автопортреттерді кезекпен оқиды. Қатысушылар кімнің портреті екендігін табу керек. Табылған портрет иесі ортадағы орындыққа отырады. 
Жаттығу шарты: Портрет иесіне өзінің беті қайтарылып беріледі. Қалған қатысушылар ол жайында қандай пікірде екенін айтады. Өзін басқаның көзімен қандай екенін анықтауға мүмкіндік алады, өз бағалауымен сәйкес келген қасиеттері тұсына «+» белгісін қою керек, ал мүлдем өзі білмеген жақтарын беттің 2-ші жағына жазып, автопортретін толықтыруна болады. 
Рефлексия: кімде қанша сәйкестік бар және жаңадан басқаның көзімен қанша қасиет қосқандығын шеңбер бойынша айтқызу. 
д) «Сиқырлы қобдиша» жаттығуы. 
Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құра отырады. Ортада сиқырлы қобдиша тұрады. Сыйлықтар – қағазға жазылған адамгершілік қасиеттер. 
Жаттығу шарты: Қобдишадан әр қатысушы кезекпен бір сыйлықты таңдап алып, ішінде жазылған сөзді лайықты деп санаған адамға сыйлайды. Сыйлықтар үлестірілгеннен кейін, шеңбер бойынша өзінің сыйлығын айтады. 
Рефлексия: сонымен, қоршаған орта да осы қасиетке сізді лайық деп таныса, жеке-жеке қошемет көрсетейік. Сыйлықтарыңыз құтты болсын! 
е) «Өрмекші торы» жаттығуы. 
Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құра отырады. Ойынға барлығы қатысуы тиіс. Жіп кімнен ілініп басталса, сонымен аяқталып өрмек жиналу керек. 
Жаттығу шарты: Топта бірін-бірі жақын танығандықтан, әр кім 1-ші өзінің достарына айтар тілегін, қошеметін, жағымды қылықтарын білдіріп жіпті саусағына іледі, өрмек тоқылды. 2-ші кері бағытта, бірақ сол ізбен достарының бойына қажет емес қасиеттерін, қылықтарын айту. Өрмекті жию. 
Рефлексия: Айтылған тілектер мен сынды қабылдаймыз ба? Сын орынды айтылды ма? Бұл жаттығудың мақсаты да сол, сын түзелмей, мін түзелмейді – дегендей, айтылған ескерте, сындарды түзете білейік. Болдырмайық. 
Тыныштық сәтін ұйымдастыру . 
ІV. Қорытынды бөлім. 
а) «Жүйрік ой» жаттығуы 
Мынадай сауалдарға ойша өзіңізге ғана іштей жауап беріңіз: /музыканың ақырын әуені ойналады/ 
- Маған қажет қасиеттер, мыналар...... 
- Сол қасиеттердің кейбіреуі менің бойымнан табылады. Олар: ...... 
- Әлі де жетіспейтін, түзетуді қажетсінетін қасиеттерім, мыналар ..... 
- Менің жанымнан мына адамдардың табылғанын қалар едім, себебі ..... 
Рефлексия: бұл жаттығуды орындап болғаннан кейін қандай сезімде болғаныңызды айтыңыз. 
б) «Қайта байланыс» жаттығуы 
Оқушылар шеңбер құра отырады да, допты әр қайсысы кезекпен кезек ала отырып тренингтің өткізілуіне байланысты өз ойларын білдіреді: 
- Тренингте ең бірінші не ұнады? 
- Не ұнаған жоқ? 
- Өзің жаңадан не білдің? 
б) "Алған әсеріңіз қандай?"- үлестірмелі карточкалар /смайликтер/ арқылы анықтау. 
в) тренингке қатысушыларға рахмет айта отырып, тренингті аяқтау.
















Оқушылардың тіл табыса алуы мен қарым-қатынас

жасай алу қабілеттерін дамыту

Мақсаты: Топтық қарым-қатынасты нығайту. Өзінің және өзгенің даралығын  бағалауға, ынтымақтастықты  нығайтуға итермелеу. Көңіл-күйді көтеру, сезім мен эмоцияны  реттеу. Оқушылардың шыдамсыз, ашуланшақтық сезімдерін басу, бір-біріне сенімділіктерін, жақындықтарын  арттыру. Қарым-қытынас деңгейлерін жетілдіру.

Барысы«Сілбі» (паутина)  ойыны

Үлкен оралған жіпті мен бастап ұшын өзіме алып қалып, ораманы қарсы тұрған балаға өзім туралы қысқаша мәлімет айтып беремін. Ол бала өзі туралы айтып келесі балаға береді. Осылайша барлық балалар қамтылу керек. Сонда біз өрмекшінің сілбісін жасадық. Енді керісінше соңғы бала өзіне қай бала жіпті берді сол балаға ол туралы есіне сақтағанын айтып қайтарып береді. Осылай ша оралған жіп маған қайтып келу керек.

Сұрақтар: Ойын ұнады ма?

                  Несімен қызықты?

Оқушылардың көбінесе неден шаршайтынын білу үшін төмендегі сұрақтар қойылады, талданады.

1.     Сен көбінесе неден шаршайсың?

2.     Ойдың, яғни мидың шаршауы басым ба, әлде дене шаршауы ма?

3.     Шаршауды басу үшін сен қандай әдістерді қолданасың?

4.     Дене жаттығуларын жасайсың ба? Қай кезде?

5.     Спорттың қай түрімен шұғылданасың?

6.     Өз-өзіңді қалай ұстауға болады?

 

Тіл табыса алу мен қарым-қатынас

         Жасымыз өскен сайын қарым-қатынас та ұлғая түседі. Қарым-қатынас жақсы болу ол баланың мәдениеттілігінде. Осы кезеңде сендердің дене дамуларыңда, физикалық және психологиялық өзгерістер болады. Агрессияға көп кездесеміз, сөз көтере алмаймыз, сол кездерде біздің қарым-қатынасымыз төмендей бастайды. Осындай жағдайлардан шығудың жолы ол- қарым-қатынас, өмірге деген дұрыс көз-қарас, жақсы көру және біреуді жақсы көрушілік, үлкен қуаныш. Осы іс-әрекеттер агрессияны жеңе алады.

         Дүниедегі ең тамаша туынды - тамаша тәрбие алып шыққан адам болып табылады. Жақсы тәрбиемен есейген бала, ол қашанда біздің қуанышымыз. Психология ғылымы еш нәрсеге бейімі жоқ, қабілеті жоқ адам болмайды деп дәлелдейді. Тіл табысу ол да сенің бір қабілетің.

 

Психологтың кеңесі

     Қиындықтан қалай арылуға болады?

     Өзіңізді ойландыратын мәселелерге қайталап соқпауға тырысыңыз. Өмірдің үйреншікті ырғағына түспеңіз, бірақ шаршамаңыз.

    Көңіл-күйіңіздің қолайсыз сәттерінде, сіздің өміріңізде болған қуанышты және жағымды кездерді, сол бір бақытты уақыттардың кішкене бөліктеріне дейін еске алу. Қолайлы жағдайларды қайтадан бастан өткізгендей сезіну пайдалы.

   Көбінесе қиындыққа себепкер болатын- жыл мезгілі. Мысалы, көптеген адамдар үшін көктем айы – психологиялық қатынастың ең қиын кезеңі. Бұл мезгілде шаршауға, өзіңізге «көптеген істерді» жүктеуге болмайды. Таза ауадағы серуен, дұрыс ұйқы, жақсы әуен, достармен әңгіме, спорт көмек бере алады.

  Сіздің көңіл-күйіңіздің нашар болуының себебі неде екенін түсінуге тырысыңыз. Мүмкін, бұл белгілі адамдармен таласта, жеке басыңыздың шешілмеген мәселелеріне, шаршауыңызға немесе көп уақытқа созылған стреске байланысты болар.

 Ең бастысы: депрессия кезінде маңызды шешімдерді қабылдамаңыз. Бұл мезетте көптеген мәселелер бұрмаланған қалыпта қабылданады. Адам қызбалықпен әрекет жасауы мүмкін. Ол туралы соңынан өкініп, немесе өзінің қате жібергенін, кінәсі бар екенін сезінуі мүмкін.

   

Тренинг

Ойынға қатысушылар көп болса, екі топқа бөлуге болады.

1.     «Керісінше» жаттығуы

2.     «Әр тілде ән айту»

3.     Жағымды сезім туғызу үшін «Жыпылықтау» ойыны

Жұптың біреуі орындыққа отырады, екіншісі оның артында тұрады. Тағы бір ойыншы бос орындықпен тұрады да, отырғандарға білдіртпей біреуіне белгі береді. Сол адам оның орындығына келіп отыруы керек. Ал оның артында тұрған ойыншы өз жұбының орнынан тұруына кедергі жасайды. Жұбынан айырылып қалса, бос орындықпен қалған ойыншы жүргізуші болады. Сосын отырғандар мен тұрғандар орындарын ауыстыруға болады.

Талдау: Не ұнады? Не ұнамады? Қандай қиындықтарға тап болдыңыз?

4.  Сөзсіз қарым-қатынас тілін пайдалану іскерлігін жаттықтыру үшін «Жұбын табу» ойыны.

Қатысушылар жұпқа бөлінеді. Үнсіз қарасып, бір-бірін есте сақтаулары керек. Содан соң тарап кетеді. 1 жұптар көздерін жұмған кейіпте бөлме ішіндегі өз жұбын іздейді, ІІ жұптардың көзі ашық болады.

Жүргізуші: «Бір сөзде айтпай жұптарыңды табыңдар». Қатысушылар бір-бірін ұстап көріп, өзінің жұбын табуға тырысады. Таптым деп ойласа көзін ашады. Содан кейін жұптарын ауыстырады және әрекетті қайталайды.

Талдау: Жұптарды табуда не көмектесті? Қалай сезілді?

5.     «Көзді жұму арқылы шеңбер жасау» жаттығуы.

Қатысушылар аудиторияның ортасына жиналады. Жүргізушінің белгісі арқылы көздерін жұмып, сөйлеспей, барлығы шеңбер (үшбұрыш, төртбұрыш) жасауға тырысу керек. Бірнеше минуттан соң жүргізушінің белгісі арқылы көздерін ашып, қандай қиындық соққанын және не жеңіл болғанын талқылайды.

Рефлекция: «Майшам» ойыны.

Қандай әсерде болды, өздеріне не алды, жақсы тілектер айта отырып, бір-бірлеріне майшамды жалғастыра беріп отырады.

Жүргізуші: -Міне, біздің ойынымызда аяқталды, қорытынды сөз кезегі өздеріңе беріледі. Әр ойынның жалпы қорытындысын айтып, өздеріңнің ойларыңды білдіріңдер. Ойын несімен ұнады, ойынға деген қызығушылық болды ма?

Көзге түскен балаларды жеке  марапаттау:

  Ең көңілді қатысушы

·        Ең мазалы қатысушы

·        Бізді таң қалдырған қатысушы

·        Топтың лидері

Жүргізуші:-Жалпы ойынға белсене қатыстыңдар. Маған сендердің ұйымшылдықтарың, белсенділіктерің, тапқырлықтарың ұнады. Қашанда осындай КЕРЕМЕТ  ТҰЛҒА  болыңдар! Ойынға қатысқандарыңа рахмет, сәттілік тілеймін  



-75%
Курсы повышения квалификации

Образование и сопровождение детей с расстройствами аутистического спектра

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Тренинг "Команда формирования" 10 класс (21.56 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт