Меню
Разработки

"Тіл ел тірегі"

Тілдер күніне арналған тәрбие сағаты.Тәрбиешілерге қолдануға көмек.

24.01.2018

Содержимое разработки


Тақырыбы: «Тіл ел тірегі» 
Мақсаты: Мемлекеттік тілдің маңызы туралы түсінік беру. Сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра боп қалып жатқан ауыз әдебиетінің бай саласының бірі қазақ тілін ұрпақтың бойына сіңіре білуге және туған жерін сүюге, қадірлеуге, бағалап мақтан етуге тәрбиелеу. 
Қолданылатын көрнекі құралдар: Қ.Р мемлекеттік рәміздері, шарлар, жалаушалар. 
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап. 
Шаттық шеңбері 
Балалар шеңберге тұрып, педагогпен бірге бүгінгі күндеріне сәттілік тілейді. 
Тәрбиеші: Балалар қазір жылдың қай мезгілі. 
Балалар: Қазір жылдың күз мезгілі. 
Тәрбиеші: Күз айларын атаңдаршы? 
Балалар: Күз айлары қыркүйек, қазан, қараша. 
Тәрбиеші: Бүгін бізде мереке. Қандай мереке білесіңдер ме? 
Балалар: Бүгін 22 қыркүйек тіл мерекесі. 
Ана тілі-адам болып жаралғаннан бері адамның жан дүниесінің айнасы, мәңгі құрметтейтін бәйтерегі. 
Тәрбиеші: Тіл туралы қандай тақпақ білесіңдер? 

Аяжан:Ана тілің-арың бұл 
Ұятың боп тұр бетте, 
Өзге тілдің бәрін біл, 
Өз тіліңді құрметте 

Мөлдір: Ана тілім бал тілім 
Өзің барда шалқыдым 
Өз тілімде ән шырқап 
Термелетіп балқыдым 
Адема: Ақыл ойын дананың 
Ана тілден аламын 
Ана тілім ардақты 
Ақ сүтіндей анамның. 
Санжар: Тілім барда мақтанам. 
Тілім менің аппақ ән 
Бірлігімді бүгінгі 
Ана тілім сақтаған. 
Айсұлтан: Өсірген ой білімді 
Сүйем туған тілімді 
Мақсат етем әр сөздің 
Мәнін терең білуді 
Жанерке: Ана тілді білмесем 
Шат-шадыман күлмес ем 
Жер бетінде сайраңдап 
Қазақ болып жүрмес ем 
Никита:
Ана тілің біліп қой 
Еркіндігің, теңдігің 
Ана тілің біліп қой 
Мақтанышың, елдігің 
Тәрбиеші:Жарайсыңдар балалар тіл туралы көптеген тақпақтар біледі екенсіңдер. 
Дидактикалық ойын: «Кім зерек» 
Ойын шарты:Тақтадан жануардың суреті беріледі. Сол суретке қарап, бала жануардың атын атап және сол жануардың төлінің атын атау керек. 
Тәрбиеші: Тіл туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер. 
Жансая: Өнер алды қызыл-тіл. 
Айзере: Тіл қылыштан өткір. 
Дария: Тіл тас жарады 
Тас жармаса бас жарады. 
Балымжан: Басқа пәле тілден. 

«Ана тілі» әні балалардың орындауында.
Қорытындылау 




















































-80%
Курсы повышения квалификации

Развитие человека от рождения до смерти: психология развития и возрастная психология

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
"Тіл ел тірегі" (18.01 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт