Меню
Разработки
Разработки  /  Дошкольное образование  /  Уроки  /  Дошкольникам  /  Технологическая карта

Технологическая карта

Мақсаты:. 10 саны көлеміндегі санау тәсілдерін нығайту, математикалық есептерді шығара білу. (алу, қосу, амалдары 10 саны көлемінде).

05.06.2017

Содержимое разработки

«Лебяжі ауданының Шарбақты жалпы орта білім беретін мектеп» ММ















Тақырыбы10-саны мен цифры 








Мектеп алды даярлық тобының жетекшісі: Толеуханова Р.А.













2016-2017 оқу жылы


Мақсаты:. 10 саны көлеміндегі санау тәсілдерін нығайту, математикалық есептерді шығара білу. (алу, қосу, амалдары 10 саны көлемінде).

Санды ретімен санау, кері санау , салыстыру .

Дамытушылық: Есте сақтау қабіліттерін, танымдық іс-әрекеттерін, шығармашылығын арттыру.. Математика пәніне деген сүйіспеншілдік сезімдерін ояту, зейін, ойлау есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылардың қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін ояту, ұқыптылыққа, тез ойлауға , достарына қайырымды болуға тәрбиелеу. 

Сабақтың түрі: Ұжымдық ойын сабағы 

Сабақтың көрнекілігі: Жұлдызшалар, кеспе әріптер

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі 

Шаттық шеңбер

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

Қуанайық, достарым!

Арайлап атқан әр күнге.

Өткен сабақты пысықтау .

Ретімен және кері санау.

1,2,3,4,5,6,7,8,9 9,8,7,6,5,4,3,2,1


Арифметикалық таңбаларды қайталау.

+ ; - ; = ; : 

Ой қозғау:

Балалар көзімізді жұмайықшы.

Енді көз алдымызға ғарышты елестетіп көрейік.

Нені көрдіңдер, көз алдарыңа не елестеді, ойларыңа не келді?

Әрине аспан әлемі және ғарыш кемесі көз алдымызға келетіні белгілі.

Жаңа сабағымызды бастау үшін үш топқа бөлініп отырайық.

Жаңа сабақ .

І. Балалар бүгін біз «ғарышқа» саяхатқа барамыз. Онда бізді әртүрлі қызықты істер күтіп тұр. Сендер есеп шығарасыңдар. 1-ден 10-ға дейін ретімен және кері 10-нан 1-ге дейін санайсыңдар. 10 санының құрамымен танысатын боламыз және өз тобымызға берілген сандықшаларымызды жұлдызшаларға толтырып қайтуымыз керек.

Саяхатқа бару үшін бізге зымыран керек . олай болса әр топ өзінің «зымыранын» құрастыруы керек. 


Әр топқа ат қойылады. 


  • «Жұлдыздар»


  • «Шолпан» 


  • «Құйрықты жұлдыз».
    Ал қазір дайын тұрған геометриялық пішіндерден «зымыран» құрастырайық.


Балалар «зымыран» құрастырады. Әр жасалған тапсырма үшін, балаларға «бес жұлдыз» беріледі.

І-топ ІІ-топ ІІІ-топ

  


Дидактикалық ойын. 

«Өз орныңды тап» ойыны.
Әр балаға сандар жазылған қағаз ұсынылады. Балалар қолдарындағы санға байланысты, тақта алдына сандардың «өсу ретімен» тұрады.
-Балалар, қараңдаршы, қандай көп жұлдыздар! Оларды ретімен санайықшы.
Әр топтан бір бала шығып тақтадағы жұлдыздарды санайды.
10 жұлдыз.
Есептерді шығару.

а) Карточкаға жазылған есептердің жауабын жазу.

Әр дұрыс есепке жұлдызша беру.

ә) Логикалық есеп.

Біз ұшып жеткен басқа планетада үш ғарыш кемесі қонып тұр екен. Оларға тағы екі зымыран келіп қосылды. Барлығы қанша зымыран болды.Егер тағы екі кеме қосылса зымырандардың саны көбейе ме әлде азая ма? 

Сергіту сәті:

Санамақ санау.. 

Бір дегенім бір таяқ,

Екі дегенім екі аяқ ,

Үш дегенім үшкір тіс, 

Төрт дегенім төрт бұрыш

Бес дегенім бес қатар

Алты дегенім алты атар

Жеті жердің жемісі 

Сегіз төлдің семізі 

Тоғыз деген төл басы 

Он деген ол он жолдасың.


Бізге енді әр топ өз зымырандарын тиісті жерге қондыруы керек. Ол үшін берілген тапсырманы орындауымыз керек.

Әр топқа ақ парақ таратылып беру.


  • Қызыл жұлдызшаны ақ қағаздың дәл ортасына жапсыру.


  • Жасыл ұшбүрышты оң жағына орналастыру.


  • Көк ұшбұрышты сол жағына жапсыру.


  • Астыңғы оң бұрышқа сары төртбұрышты жапсыру.


  • Қызыл жұлдызшаның үстіне сары дөңгелекті жапсыру.


  • Ал «Зымыраннымызды» сол жақ бұрышқа қондырамыз.



-80%
Курсы профессиональной переподготовке

Эффективный руководитель образовательных организаций

Продолжительность 1000 часов
Документ: Диплом о профессиональной переподготовке
19800 руб.
3960 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Технологическая карта (76.28 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт