Технологиялық карта.
Күні:
Білім беру саласы: Шығармашылық. Таным.
Бөлімі:Мүсіндеу
Тақырыбы: «Тауық пен балапан »
Мақсаты: жеке бөлшектерді біріктіре отырып, тауықтың балапанын мүсіндеуге үйрету; балалардың мүсіндеуге деген қызығушылықтарын арттырып, ермексаздан түрлі пішіндерді жасау дағдыларын дамыту; эстетикалық талғамдарың жоғары болуына жағдай жасау. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Балаларды үй құстарына қамқор болуға тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар: үй құстарының суреті, ермексаз, тақтайша, сулық, үлестірмелі материал, ойыншық балапан.
Билингвальді компонент: тауық- курица, балапан- цыпленок, үй құстары –домашные птицы
|
Кезең |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Баланың іс-әрекеті |
| Мотивациялық -қозғаушылық
| Жылулық шеңбері: Үнтаспаны қояды. -балалар , балабақшаға біреу келген тәрізді. Естисіңдер ме, ат тұяғының тақылдағанын? Біреу бізге атпен келген тәрізді. -Есікті ашып қарайық. О, бізге сыйлық тастап кетіпті, қасында хат бар. Хатты тауық жазыпты. «Балалар , менің балапандарым адасып кетті. Маған соларды іздеп табуға көмек бересіңдер ме? Мен сендерден көмек күтемін!» депті. | -шеңберге тұрады.
-балалар таңғалады
-қызығушылық білдіреді |
| Ұйымдастыру-шылық ізденістік | -Балалар, тауыққа балапанын табуға көмектесеміз бе? Балапан ойыншықты көрсетіп: -осындай әдемі балапандар жасасақ қайтеді? -балапанның басы қандай ? -денесі ше? | -тауыққа көмектесуге ынта білдіреді. -сұрақтарға жауап береді. |
| Ұйымдастырушылық ізденістік | Сөздік жұмыс: үй құстары Үй құстарын адамдар өсіріп, күтеді, үй жағдайында ұстайды. Қорада тұрады. Жем жейді. Дидактикалық ойын: «Үй құстары» Үй құстарының сұлбасын көрсетеді. Олардың қай құс екенін ажыратуды сұрайды Сергіту сәті: Бір,екі, үш, төрт, бес, Шықты саусақ серуенге, Бір саусағым билеп кетті, Бір саусағым секіріп кетті Бір саусағым сәлем берді Бір саусағым ойнап кетті Бес саусағым ұйықтап қалды Шаршамаңдар саусақтар Мүсіндеуге шығыңдар! Олай болса тауықты мүсіндейік. Балалармен жеке жұмыс жүргізеді. |
-мұқият тыңдайды.
-ойын шартымен танысып,ойынды ойнайды
-балалар әрбір саусағын жеке көрсете отырып, саусақ жаттығуларын жасайды.
-тәрбиешінің нқсқауымен тауық пен балапанды мүсіндейді. |
| Рефлекстік түзетушілік | Қорытындылау: Балалардың жұмысына сипаттама береді. -Балалар , тауық қатты қуанып қалды , сендерге ризашылығын білдіреді. Балаларды мадақтау. | -тауыққа көмек көрсете алғандарына қуанады. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: бірнеше бөлшекті біріктіріп, біртұтас пішін жасауды;
Игереді: үй құстарының пайдасы туралы; мүсіндеу тәсілдерін;
Меңгереді: оқу іс-әрекеті барысында алынған дағдыларды;
Толтырған: Есжанова А.С.
Тексерген: Апбасова Г.Қ.


"Тауық және оның балапаны" (22.06 KB)

