Меню
Разработки
Разработки  /  Обществознание  /  Уроки  /  10 класс  /  Таным белестері

Таным белестері

О?ушылар?а таным белестері ??ымын тере? т?сіндіре отырып, ішкі тынышты? ??ндылы?ыны? м?нін ашу. 

17.10.2016

Содержимое разработки


Өзін-өзі тану сабағының жоспары 

Мектебі: «Мәтібұлақ ауылындағы орта мектеп МДШО» КММ

Мұғалім: Рәсіл Нүргүл Айтбекқызы

Мерзімі: 03.09.2016ж

Сынып: 10

Оқушылар саны: 15

Сабақ №1

Тақырыбы: Таным белестері
Құндылық: Ішкі тыныштық
Қасиеттер: сыпайы, сабырлы, жағымды ойлау


Мақсаты: оқушыларға таным белестері ұғымын терең түсіндіре отырып, ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері: 

- оқушыларға сыпайы ұғымын тереңдету;

- оқушыларға сабырлы дағдыларын дамыту;

- оқушыларға жағымды ойлауға тәрбиелеу;

Ресурстар: (инструментарии, мағлұматтар) интер.тақта, үнтаспа,суреттер, нақыл сөздер

Сабақ барысы:

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.

Бес ереже

1. Тәртіп

2. Талап

3. Тыныштық

4. Тазалық

5. Татулық Ережеге қысқаша мағұлмат беру.

1.Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

( Жәй классикалық музыка қосылады ).

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді дұрыс ұстаңыздар. Аяқ- қолыңызды айқастырмаңыз. Қолдарыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмып, елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоциаңыз бен тілек- қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің көзін ашады.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Енді, нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте күшейе бастайды, сіздің денеңізден тарап, жан- жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға , жан- жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: « Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзді ашуға болады.

Сабақ барысын талқылау:

«Хрустальная грусть» әуені

2. Үй жұмысын тексеру

«Жаз» тақырыбына әңгімелесу

- Жаз мезгілі несімен қызықты?

- Жаз мезгілінде қандай қызықты оқиғаларға тап болдың?

- Жаз мезгілі туралы пікірін қандай?


3. Жағымды ой-пікір (дәйексөз)

Адам әлемді қаншалықты таныса, соншалық өзін де тани түседі. Өзін-өзі қалай тануға болады? Борышыңды өтей бастаған сәттен бастап-ақ, өзіңді тани аласың.

Иоганн Гете

  1. Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

  2. Өзін-өзі қалай тануға болады?

  3. Борыш дегенді қалай түсінесіндер?

Иоганн Гете (28тамыз,1749-22наурыз,1832). Туған жері Германия,Франкфурт

Ұлты; Неміс. Ұлы неміс ақыны,дана ойшыл,табиғаттанушы.Жеті-сегіз жасынан бірнеше көне және еуропалық тілдерді меңгерді,француз мәдениетімен жетік таныс болды.

4. Оқиға айту. Мұғалімнің сыйы.

Н.Р.Күнхожаевтың «Өмірлік бағыт» әңгімесі.

Адамда саналы түрде қалыптасқан өмірлік бағыт оның әлемді, өмірді, өзін-өзі тұтас түсінуіне байланысты. Өмірлік бағыт адамның іс-әрекетінен, өмірге берген бағасынан көрінеді. Адамның өмірлік бағытының негізгі сипаты – оның белсенділік дәрежесі. Өзін-өзі тануда, өзін-өзін жетілдіруде, өмірде және қоғамда өзорныңды табуда әркімнің белсенділігі алға шығады. Жақсылық үшін, адам игілігі үшін жасалған белсенділік маңызды деп саналады.

Адамның өмірлік бағыты оның өмір бейнесінен көрінеді. Адамдардың өмір бейнесі, салты олар өмір сүріп отырған қоғамның материалдық, рухани және мәдени дәрежесімен анықталады. Сондықтан аадм өмірінің көп жағдайы өмірдің бағытына байланысты. Әр адам өз өмірінің бағытын анықтауға тиісті. Ол үшін мына ережелерді басшылыққа алсаңдар дұрыс болады:

  • Өмірде қандай жақсылық болса, соны көре біліңдер;

  • Өмірде кездесетін ұсақтыққа назар аудармаңдар;

  • Өмірдің ең құнды жақтарын алуға тырысыңдар;

  • Адамның әлсіздігіне шыдамдылықпен қараңыз;

  • Ондай жағдай сіздің де өміріңізде кездесуі мүмкін;

  • Өмірде жақсылық та, жамандық та болады, сондықтан оның жақсылығына рақаттаныңыз, алыңыз, ал жамандығына ренжімеңіз.

Сөйтіп, өмірлік бағыт дегеніміз әркімнің өз өмірлік жолын таңдауға әкеледі.

Мәтін бойынша сұрақтар:

  1. Мәтін не туралы?

  2. Адамға өмірлік бағыт не үшін керек деп ойлайсыңдар?

  3. Сіз өмірлік жолыңызды қалай таңдар едіңіз?


5. Шығармашылық жұмыс. Топтық жұмыс

Өмірлік бағыт тақырыбында пікір талас ұйымдастыру. Төменде берілген ой-тұжырымды жалғастырыңыздар

-Біздің танымымыз артқан сайын орындайтын міндетіміз де көбейе береді.

6. Топпен ән айту.

«Өміріңе немқұрайлы қарама» Дәрібаевтар отбасы


7. Үй тапсырмасы.

10 бет. Б.Үсеновтың «Өз жолым бар, сонан соң өз үнім бар» өлеңін оқу


8. Соңғы тыныштық сәті.  (Жәй классикалық музыка қосылады).

Денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашыңдар.

Бүгінгі сабақтағы жақсы ой-пікірлерімізді жүрегімізге апарып, түйіндейік.

Бүгінгі сабақта не үйрендік?

Әр бала өз ойын айтып шығады.




-80%
Курсы дополнительного образования

Кухни мира

Продолжительность 72 часа
Документ: Cвидетельство о прохождении курса
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Таным белестері (22.64 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт