Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Құрастыру
Тақырыбы: Сиқырлы қораптар
Мақсаты: балалардың қағазбен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру, бос қораптарды (тіктөртбұрыш пен төртбұрыш пішінде) түрлі-түсті қағаздарды пайдалана отырып, белгілі бір бейнелерді жасай білуге үйрету.
Билингвалды компонент: қорап-ящик-
Сөздік жұмысы: сиқырлы қораптар, сандық.
Технологиялық қамтамассыз ету: тақырыпқа қатысты суреттер, үлестірмелі қағаздар, құрастыруға арналған жабдықтар.
| Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің басқару әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
| Мотивациялық-қозғаушылық | -Балалар, мен таңертен балабақшаға келе жатсам, біреу жылап отыр. Қарасам, ол қоян екен. Ол қоян менімен бірге сендерден көмек сұрауға келді. -Келе ғой, қоян. (Қоянның қолында жәшігі бартопқа кіреді) Қоян: - Балалар, жаңа жыл мерекесі келе жатыр. Менің шыршам бар, бірақ оған ілетін ойыншықтарым жоқ. Сендер маған мына қораптардан шыршаға ойыншықтар жасап беріңдерші. Тәрбиеші: -Балалар, біз қоянға көмектесеміз бе? -Балалар, ендеше барлығымыз үстелге жақындайық. (Тәрбиеші қораптардан жасалған бейнелерді балаларға көрсетеді). Жасалу жолымен таныстырады. Балалар үш үстелге бөлінеді. Саусақ жаттығуы. Бір саусағым тіпті де, Ұстай алмас жіпті де. Екі саусақ бірікті, Ине қолға ілікті. Үш саусағым орамды, Ұстай алам қаламды. Өнерлі екен он саусақ, Қала салсақ, жол салсақ. 1-үстел «Қояндар» 2-үстел «Сандықтар» 3-үстел «Қонжықтар» Тәрбиеші жеке жұмыс жасайды. Сергіту сәті. «Stend up;henseuр” Балалар дайын ойыншықтарды Қоянға береді. Қоян рахметін айтып, қоштасып кетеді. Good bye! |
Балалар қоянды тыңдап, оған жауап береді. -Иә. Балалар саусақтарын жаттықтырады. Балалар қимылдар жасайды Балалар қоянмен қоштасады |
| Ұйымдастырушылық-ізденушілік | Бекіту. «Жетістік шыңы» рефлексиясы орындалады.
|
Балалар өз ойларын білдіріп, адамдардың бейнесін тауға жапсырады..
|


Тақырыбы: Сиқырлы қораптар (37.5 KB)

