Меню
Разработки
Разработки  /  Прочее  /  Уроки  /  9 класс  /  Табиғи ресурстары және олардың түрлері

Табиғи ресурстары және олардың түрлері

Қазақстан өзінің жер қойнауының байлығымен әйгілі. Бұл Жер қыртысының геологиялық құрылысы мен даму ерекшеліктеріне байланысты. Тау түзілу, магмалық жыныстардың енуі және метаморфизм (өзгеріске ұшыраған), яғни эндогендік процестердің әртүрлілігі, солармен байланысты тау жыныстарының құрылымында, минералдық және химиялық құрылысында болған қандай да бір өзгерістер түрлі пайдалы қазбаларды түзеді. Пайдалы қазбалар деп, қазіргі техниканың даму деңгейінде, табиғи түрінде немесе өңделгеннен кейін шаруашылықта пайдалануға болатын минералдар мен тау жыныстарын айтады. Әдетте, таулы аймақтарда (қатпарлы және қатпарлы-жақпарлы аудандарда) және шөгінді қабығынан айырылған платформаларда рудалы қазбалар кені көптеп кездеседі. Ал шөгінді түріндегі пайдалы қазбаларды (мұнай, газ, көмір, уран және т.б.) шөгінді қабығы бар платформаларда (жазықтарда) кездестіруге болады. 1919—1923 жылдардың өзінде Қарағанды тас көмір алабының өнеркәсіптік мүмкіндіктері анықталды. Содан бері Қазақстанда геологиялық пайдалы кендер ашылып, жоспарлы зерттеу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Қазақстанда аса маңызды минералдық шикізат түрлерінің бәрі дерлік бар. Еліміздің жер қойнауынан Менделеев кестесіндегі 105 элементтің, оның 70-інің мол қоры барланған және 60-тан астамы өндіріледі. 6 мыңға жуық пайдалы қазбалар кен орындары ашылған. Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мамандарының мәліметі бойынша (2007) республика дүние жүзінде уран, хром және марганец қоры жөнінен - екінші орында, мырыш, молибден, қорғасын, мыс, вольфрам және алтын қорынан - алғашқы бестікте, ал мұнай, темір және қалайы қорынан - алғашқы он орынның біріне ие. Қазақстан Еуразия континентінде хром қорынан ең бай ел, ал марганец қорынан бүкіл ТМД-да басым ел. Алтын қорынан Қазақстан дүние жүзі бойынша 5-орында, ал ТМД бойынша Ресей мен Өзбекстаннан кейінгі 3-орында. ТМД көлеміндегі мыс пен қорғасын корының жартысынан астамы, мырыштың 70%-ынан астамы Қазақстанда шоғырланған. Пайдалы қазба орындары жанатын, кен және кен емес болып үш топқа бөлінеді. Жанатын пайдалы қазбаларға мұнай мен газ, көмір, уран және т.б. кен орындары жатады.
15.06.2021

Содержимое разработки

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сабақ

Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану.

Пунктуация

Мектеп: №39. Л. Жолдасов атындағы ЖОББМ КММ

Күні:18.05.2021ж

Мұғалімнің ТАӘ:

Алипова Жанар Каблановна

Сынып: 9Т1

Қатыспағандар саны:

Қатысқандар саны :


Сабақтың тақырыбы

Табиғи ресурстары және олардың түрлері



Осы сабақ арқылы іске асатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.2.5.1 мәтінде көтерілген мәселеге оқырманның қарым-қатынасын анықтауға арналған талқылау сұрақтарын құрастыру;


Сабақтың мақсаты

Оқушылар:

мәтінде көтерілген мәселеге оқырманның қарым-қатынасын анықтауға арналған талқылау сұрақтарын құрастыру;



Бағалау критерийлері


  • Оқылым мәтінін зейін қоя оқиды;

  • Берілген ақпараттарды өмірмен байланыстыра алады;

  • Мәтінде көтерілген мәселеге оқырманның қарым-қатынасын анықтауға арналған талқылау сұрақтарын құрастырады.


Тілдік мақсаттар

Пән лексикасы және терминология: табиғи байлық, пайдалы қазба, ел игілігі, жер қыртысы,т.б.

Айтылымға қажетті сөз тіркестері:

Қазақ жері - ...

Жер қыртысының геологиялық құрылысы мен даму ерекшеліктеріне байланысты, өйткені...

Мен .... мақтан етемін, себебі...


Құндылықтар

Құрмет, өмір бойы оқу, ынтымақтастық

Пәнаралық байланыс

тарих, әдебиет, өзін-өзі тану, экономка, география пәндері

Осыған дейін меңгерілген білім

Сұрақ-жауап

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут







Мұғалім сабақтың тақырыбы, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін оқушылармен бірге талқылайды.


Таныстырылым






Сабақтың ортасы

5 минут




















5 минут


























15 минут























































10 минут








5 минут

  1. Қызығушылықты ояту

Тапсырма атауы: «Қазақстан елінің жер қойнауы»


Мұғалімнің әрекеті:

Мұғалім қазба байлықтардың картасын көрсетеді.

Cұрақ:

  • Картадағы шартты белгілер нені білдіреді?

  • Сіздің ойыңызша жер асты қойнауының шикізат қоры шексіз нәрсе ме?

  • Неліктен?

Оқушылар әрекеті: Картаны оқушылар жұпта талқылайды.


Оқылымалды тапсырмасы.

Оқушыларға мақалдар таратылып беріледі, оны жұпта оқиды, мақалдың мәнін ашады.

  • Мақалдағы асты сызылған қазба байлықтарының рөлі қандай?

  • Ол мақалда қалай көрініс тапқан?



  • Жалтырағанның бәрі – алтын емес.
    Аз сөз алтын, көп сөз көмір.
    Темірді қызғанда соқ.
    Жайсыз болған жаздан

  • Жайлы келген қыс артық.

Көріксіз соққан күмістен

Келісті соққан мыс артық.

  • Тауып сөйлесең — күміссің,

Таппай сөйлесең — мыссың.


Оқылым тапсырмасы. Оқушылар оқылым мәтінін оқиды.

  • Оқушылар мәтінді зейін қоя оқиды.

  • Мәтінде көтерілген мәселеге оқырманның қарым-қатынасын анықтауға арналған 3 талқылау сұрақтарын құрастырады;

Оқылым мәтіні.

Қазақстан өзінің жер қойнауының байлығымен әйгілі. Бұл Жер қыртысының геологиялық құрылысы мен даму ерекшеліктеріне байланысты. Тау түзілу, магмалық жыныстардың енуі және метаморфизм (өзгеріске ұшыраған), яғни эндогендік процестердің әртүрлілігі, солармен байланысты тау жыныстарының құрылымында, минералдық және химиялық құрылысында болған қандай да бір өзгерістер түрлі пайдалы қазбаларды түзеді.

Пайдалы қазбалар деп, қазіргі техниканың даму деңгейінде, табиғи түрінде немесе өңделгеннен кейін шаруашылықта пайдалануға болатын минералдар мен тау жыныстарын айтады. Әдетте, таулы аймақтарда (қатпарлы және қатпарлы-жақпарлы аудандарда) және шөгінді қабығынан айырылған платформаларда рудалы қазбалар кені көптеп кездеседі.

Ал шөгінді түріндегі пайдалы қазбаларды (мұнай, газ, көмір, уран және т.б.) шөгінді қабығы бар платформаларда (жазықтарда) кездестіруге болады.

1919—1923 жылдардың өзінде Қарағанды тас көмір алабының өнеркәсіптік мүмкіндіктері анықталды. Содан бері Қазақстанда геологиялық пайдалы кендер ашылып, жоспарлы зерттеу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді.

Қазақстанда аса маңызды минералдық шикізат түрлерінің бәрі дерлік бар. Еліміздің жер қойнауынан Менделеев кестесіндегі 105 элементтің, оның 70-інің мол қоры барланған және 60-тан астамы өндіріледі. 6 мыңға жуық пайдалы қазбалар кен орындары ашылған. Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мамандарының мәліметі бойынша (2007) республика дүние жүзінде уран, хром және марганец қоры жөнінен - екінші орында, мырыш, молибден, қорғасын, мыс, вольфрам және алтын қорынан - алғашқы бестікте, ал мұнай, темір және қалайы қорынан - алғашқы он орынның біріне ие. Қазақстан Еуразия континентінде хром қорынан ең бай ел, ал марганец қорынан бүкіл ТМД-да басым ел. Алтын қорынан Қазақстан дүние жүзі бойынша 5-орында, ал ТМД бойынша Ресей мен Өзбекстаннан кейінгі 3-орында. ТМД көлеміндегі мыс пен қорғасын корының жартысынан астамы, мырыштың 70%-ынан астамы Қазақстанда шоғырланған.

Пайдалы қазба орындары жанатын, кен және кен емес болып үш топқа бөлінеді.

Жанатын пайдалы қазбаларға мұнай мен газ, көмір, уран және т.б. кен орындары жатады.

Оқылымнан кейінгі тапсырма


Жұпта

  • Мәтінде көтерілген мәселеге оқырманның қарым-қатынасын анықтауға арналған 3 талқылау сұрақтарын құрастырады.


Дескриптор:


  • Оқылым мазмұнын түсінеді;

  • Жұпта көтеріген мәселе төңірегінде оқырманға арналған талқылау 3 сұрағын құрастыра алады.


Ой қорытайық.

  • Мәтін мазмұны бойынша ойды жалғастырыңдар.

Қазақ жері - ...

Жер қыртысының геологиялық құрылысы мен даму ерекшеліктеріне байланысты, өйткені...

Мен .... мақтан етемін, себебі...






Таратпа материал













Таныстырылым















































https://kk.wikipedia.org/wiki/%

Сабақтың соңы

5 минут

Сабақтың соңында мұғалім бағалау критерийлері мен сабақ мақсаттарына қайта оралады. Бағалау критерийлеріне қаншалықты қол жеткізгендері туралы бірге талқылайды.

Рефлексия.



Стикерлер, сурет

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)










Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?




Тексерілді---------------------------------------ДОІТЖО: Б. Амалдықова

-75%
Курсы дополнительного образования

Основы правильного питания

Продолжительность 72 часа
Документ: Cвидетельство о прохождении курса
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Табиғи ресурстары және олардың түрлері (650.21 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт