Меню
Разработки

Тәуелсіздік төрімде!

утренник "Т?уелсіздік т?рімде!" для детей детского сада

12.04.2017

Содержимое разработки

«Аққайың» ясли бақшасы.







Тәуелсіздік төрімде!





















Тәрбиеші: Жумагалиева А.А

«Жауқазын» ортаңғы топ.

Балалар композициясы «Байтерек»

Көңілді әуенмен балалар залға кіреді.


Тәрбиеші: Армысыздар құрметті қонақтар, балалар және ата-аналар!

Бүгінгі Тәуелсіздіктің 25 жылына арналған «Тәуелсіз Қазақстаным» атты мерекелік шараға қош келдіңіздер!


Тәуелсіздік ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі жүрек жарды қуанышқа толы күні ата- бабамыз ғасырлар бойы армандап күтумен өтті.


Армандарды жақындатты тым алыс

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс

Егемендік ел бақыты, ертеңі

О,халайық құтты болсын қуаныш.


  • Құттықтау сөз балабақша меңгерушісіне береміз.


Тәрбиеші: Кезеті осы мерекеге арналған «16- шы Желтоқсан» әнімен мерекемізді ашайық.


Ән: 16-шы желтоқсан.


Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар мерекеге арналған тақпақтармызды айтып берейік.

Ортаға Каусар.Х. Бекнұр. Ақнұр. Қуанышты ортаға шақырамыз.


Тәрбиеші: Балабақшамыздың «Балбөбек» «Ұлан» «Жауқазын» ортаңғы тобының балалары дайындаған «Вальс» биін тамашалаңыздар.


Би: Вальс.


Тәрбиеші: Тамаша, жарайсыңдар балалар рахмет. Енді тағыда балалардың тақпақтарына кезек берейік. Ортаға Әлнұр. Арсен. Шолпан. А.Каусар.


Тәрбиеші: Біздің талшыбықтай мың бұралған, биші қыздарымыз сіздерге арнап «Домбыра » биін тарту етеді , қабыл алыңыздар.


Би: «Домбыра»


Тәрбиеші: Жарайсыңдар қыздар, өнерлеріңізге көп-көп рахмет. Балалар бүгін мерекеде мен сіздерге жаңа ойын ұсынғым келіп тұр. Ойын ойнағыларың келе ме? Олай болса ойынның аты «Шаңырақ».


Ойын: «Шаңырақ» Шарты: екі топқа бөлініп 4-4 –тен бөлініп тұрасыздар. Әуен ырғағымен мына отырғышты айналып жүреміз, әуен тоқтаған кезде сіздер матаның 4 бұрышынан ұстап жоғары тез шаңырақ құруларың керек.


Тәрбиеші: Балалар олай болса бүгінгіойында құрған шаңырағымыздың қасында тұрып жақсы тілектер айтайықшы.


Тілек айту.

-Жасай бер Қазақстан. Отанымды жақсы көремін. Еліміз тыныш болсын. Т.б. балалар айта береді.


Тәрбиеші: кезекті тағы да биге бергім келіп тұр. Ұлдармыздың дайындаған «Қылыш» биін тамашалаңыздар.


Би: «Қылыш би»


Тәрбиеші: Балалармыздың осы мерекеге арналған тақпақтарына кезек берейік.

Ортаға Димаш. Диас. Ж.Каусар. Амира. Аян шақырамыз.


Ән: «Қазақстан жалауы»


Тәрбиеші: Балалармыздың барлығы мерекеге тақпақ дайындап келді. Олай болса балалардың тақпақтарын тындайық,.


Тәрбиеші. Аңсап халық көп күткен

Егеменді ел болдық

Көңіл-күйі тоқ жұртпен

Тереземіз тең болдық- деп құрметті қонақтар, ата-аналарбүгінгі тәуелсіздік мерекесіне арналған ертеңгілік шарамыз осымен аяқталды. Әрқашан аман-саулықта жүздесейік, сау болыңыздар!






-80%
Курсы повышения квалификации

Основы тайм-менеджмента. Эффективное управление временем

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Тәуелсіздік төрімде! (14.55 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт