| Пәні: жаратылыстану | Мектеп: «Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар № 22 орта мектеп»КММ | ||||||
| Күні: 13.12.2017 ж, | Мұғалімнің аты-жөні: Ысқақова А.М. | ||||||
| Сабақтың тақырыбы:
| Су. Ол қандай екен? | ||||||
| СЫНЫП: 2«Б»
| Қатысқан оқушылар саны:
| Қатыспаған оқушылар саны: | |||||
| Сабақ негізделген оқу мақсаттары | 2.3.3.1 - судың физикалық қасиеттерін анықтау (дәмсіз, иіссіз, белгілі бір формасының болмауы, аққыштығы); 2.1.2.7 - эксперимент жүргізу және оның нәтижелерін кестеге түсіру | ||||||
| Сабақтың мақсаты
| Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: судың дәмсіз, түссіз, мөлдір және аққыш екенін біледі Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: зерттеу жұмысы арқылы судың түссіз, дәмсіз, мөлдір және сіңгіш қасиеті бар екенін дәлелдейді Табиғи су көздерін анықтайды | ||||||
| Бағалау критерийі | Судың қандай қасиеттері бар екенін біледі, табиғи су көздерін анықтайды | ||||||
| Тілдік мақсат | Айтылым мен тыңдалым. «Мөлдір заттар» тапсырмасын орындау кезінде оқушылар сөз тіркестерін құрастырады. Жазылым. «Судың қасиеті» тапсырмасын орындау барысында оқушылар сөйлем құрастырады. Оқылым. «Дұрысын таңда» тапсырмасын орындау барысында оқушылар сөздерді оқиды. | ||||||
| Құндылықты дарыту | Туған жердің табиғатын, суын ластамай, таза ұстауға өз үлестерін қосуға дарыту | ||||||
| Пәнаралық байланыс | әдебиеттік оқу | ||||||
| Ресурстар | Көзге арналған таңғыш, шырын мен таза су құйылған ыдыстар, стақандар, қант, тұз, бояулар, шай қасық, араластыратын түтікше, әр түрлі пішіндегі ыдыстар, топырақ салынған ыдыс, мата және су. | ||||||
| АКТ қолдану дағдылары | Видео «Судың пайдасы» https://www.youtube.com/watch?v=Wux8HTHTOp0 | ||||||
| Алдыңғы бөлім | Ауа толы айнала | ||||||
| Сабақтың жоспары | |||||||
| Жоспарлан-ған уақыт | Сабақ барысы | Ресурстар | |||||
| Басталуы
| Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Қуанасың сен де, Қуанайық достарым Арайлап атқан күнге.
|
Шаттық шеңбері | |||||
| Сабақтың ортасы.
| Өткен білімді қайталау. «Зымыран ұшыру» әдісі арқылы сұрақтар қоямын.
Олай болса, айналамыздағы ауа таза болу үшін не істеуіміз керек?
Біздің еліміз рухани бай болу ол барлығымыздың қолымызда. Біз алыстан емес өзіміздің туған жерімізді көркейтуден бастау керек Елбасымыз «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жеріне көмек жасаған жандардың еліне, Отанына деген сүйіспенщшілігі артады» деген. Білу мен түсіну. Балалар біз жаңа сабағымызды бастамас бұрын мен сендерге бір жұмбақ жасырайын. Дәмі де жоқ, түсі де жоқ. Пайдаланбас кісі жоқ. (Су.) Судың қандай қасиеттері бар екенін білесіңдер; Табиғи су көздерін анықтайсыңдар. Су исі, дәмі, түсі жоқ сұйықтық болып табылады. Жағымсыз исі немесе дәмі бар, лай су зиянсыз болса да ішуге жарамайды. Ол мөлдір, тұнық болуы керек, яғни жарықты өткізіп, белгілі бір тереңдікте жатқан заттарды көрсете алуы керек. Ішетін судың тереңдігі 30 см кем болмауы шарт, және түссіз болуы керек.
Қолдану және талдау. Зертте.Оқушыларды топтарға бөлемін. Топ басшылыры келіп топтың атын таңдайды.. Судың қасиеттерін дәлелдеу мақсатында үш топ жұмыс жасайды. Қорытындысын «Бақылау парағына» жазады. І-топ. «Тамшылар тобы» ІІ-топ. «Бұлақ» Қажетті заттар: оқушылардың алдына таза су құйылған ыдыс, таза стақандар, бояулар, шай қасық және әр түрлі пішіндегі шыны ыдыстар. Тұжырым: Судың түссіз, мөлдір және пішін сақтамайды. Қажетті заттар: Топырақ салынған ыдыс, мата және таза су. Тәжірибе: Ыдыстағы топырақтың үстіне су құяды. Судың топыраққа қалай сіп кеткенін бақылайды. Дәл осылай матаға да су құйып, оның қалай сіңетінін анықтайды. Тұжырым: Судың сіңгіш және аққыш болып келеді. Мен үш топқа осындай зерттеу жұмыстарын бердім. Аяқтаған топ жұлдыз жасап, қол шапалақтау арқылы жұмыстарын аяқтағанын білдіреді. Зерттеу жұмысын аяқтап, қандай тұжырымға келгенін басқа топтармен бөліседі. Тотық жұмысты басқа топтар қол шапалақтау, бас бармақ әдістері арқылы бағалаймын. Мөлдір заттар. Топтағы оқушыларға «мөлдір» сөзімен сөз тіркесін құрастыруды тапсырамын. (Әйнек, терезе, айна, көл, т.б.).
Шай қасықпен жасалған экспериментті есімізге түсіреміз.
Деңгейлеп оқыту. Су тамшылары.
Дұрыс айтасыңдар балалар. Өте жақсы! Ойыңмен бөліс.
Балалардың жауабын тыңдаймын. Ондай суда қауіпті қоспалар болуы мүмкін екенін айтып өтемін. Есіңде сақта. |
Оқулық,
Оқулық
Көзге арналған таңғыш, шырын мен таза су
құйылған ыдыстар, стақандар, қант, тұз,
бояулар, шай қасық, араластыратын түтікше, әр түрлі пішіндегі ыдыстар.
Топырақ салынған ыдыс, мата және су | |||||
| Сергіту сәті
| «Ауа райы» тренингі Бұлт шатырлады (аяқтарын тарсылдатады) Күн ашылды ( екі қолдарын жоғары көтереді) Жел басылды (қолдарын партаға қойып тып-тыныш отырады) | Оқушылар қимылмен қойталайды | |||||
| Дәптермен жұмыс | Жинақтау. Дәптермен жұмыс. 28-жұмыс парағы. 29-жұмыс парағы. Судың қасиеті. Барлық оқушыларға суреттерге сәйкес келетін сөздерді тауып, оларды суреттің астына жазуларын сұраймын. Бір жазуды таңдап, оның суретін бояйды.
| Жұмыс дәптері | |||||
| Аяқталуы Сабақты бекіту
Бағалау
| Ойлан.
Бағалау. |
Смайлик | |||||
|
Кері байланыс
| Кері байланыс. «Білім қоржыны»
| Білім қоржыны | |||||
| Үйге тапсырма: жұмыс дәптері 31 бет аяқтау, оқулық 44-45 бет оқу | |||||||
| Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? | Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? | Пəнаралық байланыс Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтар-дағыбайланыс | |||||
| Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен? |
| ||||||
| Қорытынды бағамдау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?
| |||||||


Су. Ол қандай екен? (273.66 KB)

