| Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.4А Статистика. Комбинаторика | Мектеп: |
| Педагогтің аты-жөні: |
|
| Күні: №131 |
|
| Сыныбы: 6 | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
| Сабақтың тақырыбы: | Статистикалық деректер және олардың сипаттамалары: арифметикалық орта, мода, медиана, құлаш
|
| Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 6.4.3.1 бірнеше сандардың арифметикалық ортасы, санды деректердің құлашы, медианасы, модасының анықтамаларын білу; 6.4.3.2 статистикалық санды сипаттамаларды есептеу; |
| Сабақтың мақсаты: | бірнеше сандардың арифметикалық ортасы, санды деректердің құлашы, медианасы, модасының анықтамаларын біледі статистикалық санды сипаттамаларды есептейді |
Сабақтың барысы:
| Сабақ кезеңі/Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
| Сабақтың басы | I.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа дайындықтарын тексеру. Сабақты жағымды ахуалдан бастау. Оқyшылaрдa бір-бірінe болғaн доcтық ceзімдeрін оятy мaқcaтындa«Aтом жәнe молeкyлa» әдіcі aрқылы пcихологиялық жaғдaй орнaтaмын жәнe үш топқa бөлeмін. 1-топ 2-топ 3-топ
II. Үй тапсырмасын тексеру: Тақтада тапсырма дұрыс жауабымен көрсетіліп тұрады. «Мен саған, сен маған» арқылы оқушылар бір-бірінің үй тапсырмасын тексереді. | Шаттық шеңберін құрып «Өзіңе тілегенді,өзгеге тіле»! әдісі арқылы бір-біріне тілек айтып,жақсы көңіл күй сыйлайды. Мақсаты: Оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру. Тиімділігі: Оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл -күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.
| Мұғалім ұйымдастыру кезеңінде белсенділік танытқан оқушыларды «Мадақтау сөз» әдісіарқылы бағалайды: «Жарайсың! Жақсы! Өте жақсы! Талпын!»
| Түрлі түсті қима қағаздар |
| Сабақтың ортасы | Жаңа тақырыпқа қысқаша түсініктеме а) Статистика - қоғам мен шаруашылық салаларының дамуындағы өзгерістер туралы мәліметтерді жинақтау, зерттеу және жариялаумен айналысатын ғылым; сандық есептеулер әдісі. СТАТИСТИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАР
Арифметикалық орта белгіленуі
Өзгеру құлашы белгіленуі R Медиана белгіленуі Ме Мода белгіленуіМо
b) Бірнеше санның арифметикалық ортасы ( 1-мысал. Таңертең температура 10 градус болды, күндіз 18 градусқа дейін көтерілді, кешке қарай 9 градусқа түсті, түнде 3 градусты көрсетті. Тәулік бойғы орташа температураны тап. Шешуі. Алдымен тәуліктегі температуралардың жалпы қосындысын табамыз: 10+18+9+3 = 40 Сосын алынған қосындыны қосылғыштар санына бөлеміз: 40 : 4 = 10 Яғни, (10+18+9+3) : 4 = 10 немесе Жауабы: 10 градус
2-мысал. Дүкенде килограмы 250 теңгеден 7 килограмм алма және килограмы 325 теңгеден 5 килограмм алмұрт сатылды. Жемістердің 1 килограмының орташа бағасы қандай? Шешуі. (250 Жауабы: 281,25 теңге
|
Тапсырмалар. Сыныптағы бірнеше оқушының бойларын өлшегенде 150 см, 160 см, 145 см, 140 см, 138 см болды. Осы оқушылардың бойларының орташа ұзындығы қандай? 2)Асыл дүкеннен 75 теңгеден 4 көк қаламсап және 65 теңгеден 6 жасыл қаламсап сатып алды. Бір қаламсаптың орташа бағасын анықта.
| Дескриптор: -1-ші сұраққа жауап береді.
-2-ші сұраққа жауап береді.
Әрбір дұрыс жауапка 1 балл қойылады
| «Математика», 6-сынып, 2-бөлім, |
|
Сабақтың аяғы
|
|
Түсінбеген тапсырмаларды бір- біріне түсіндіреді. . Берілген тапсырма бойынша өз ойларын ортаға салып, пікірлерін білдіріп, талдау жасайды Саралау: Бұл тапсырмада саралаудың «Қарқын»тәсілі көрініс табады.
|
Дескриптор: -формуланы тұжырымдайды; -қосынды түрінде жазады.
Бағалау: Әрбір дұрыс жауапка 1 балл қойылады
|
|


Статистика. Комбинаторика (125.41 KB)

