Меню
Разработки
Разработки  /  Английский язык  /  Практикумы  /  5 класс  /  Статья "Польза игр на уроках английского языка"

Статья "Польза игр на уроках английского языка"

эта статья на казахском языке о видах игр на уроках английского языка. Эта публикация рассказывает о видах и о материалах разработок.

15.03.2017

Содержимое разработки

Ойын – қанағат алу үшін жасалатын іс – әрекеттің бір түрі. Ойыннің элементерін адам өмірінің барлық бөлітерінде қолдануға болады: оқу барысында немесе еңбекте де. Ойын туралы өазіргі таңда көптеген теориялар кезедеседі. Олардың ең алғашқысы – Ф.Рубель теориясы. Рубель тұжырымдамасы бойынша ойын арқылы бала өзін өзі көрсету жолы. Сонымен қатар басқа да ғалымдардың тұжырымдамалары көп кездеседі: М.Лазарус ойынды жұмыстан кейін дем алу жолы ретінде қарастырса, Г.Спенсер ойынды денедегі артық немесе жағымсыз энергияны шғару, К.Круз кішкене баланы тіршілік үшін күреске дайындайтын ойындардың теориясын ашқан болатын.

Ойын негізінен әлеуметтік өқбылыс болып табылатындықтан, оны баланың тәрбиелік және танымдық дамуының, қоршаған ортаны дұрыс танып білуінің, айналадағыларды құрметтеуге үйретудің, құрбы – құрдастары арасында ынтмақтастықтың болуының басты құралы деп танимыз. Ойын арқылы баланың психологиялық дамуында сапалы, ағымды өзгерістер пайда болады, оқу әрекетіне деген талпыныстың негіздері қаланады. А.М.Горький « Ойын арқылы бала жаңа дүниені тани алады» десе, А.М.Сухомлинский « Ойынсыз ақыл ойдың, эстетиканың, тәрбиенің қалыптасуы мүлдем жоқ, және болуы да мүмкін емес» деп атап кеткен болатын. Ойын – кең дүниеге қарай ашылған үлкен есік тәрізді, ол арқылы бала жасампаз әлем туралы кең түсінікке ие болады. Ойын арқылы балада ересекке деген еліктеушілік сезім пайда болып, барлық жақсы – жаманда танып білуге деген талпыныс, ерекше сезімдер қалыптасады.

Н.К. Крупская ойынның ұсақ құбылыстарды байқағыштыққа, дене - ой ептілігіне жәнебасқа да жақсы мінездерге тәрбиелейтінін атап көрсеткен. Ол адамның өз алдына дербес, жеке тұлға болып қалыптасуына, ұйымдастырушықы қабілеттерінің пайда болуына көп септігін тигізеді. Ойынның негізгі мақсаты- оқу үрдісін дұрыс және сапалы ұйымдастыру, сабақтың барысын, мазмұнын, ондағы қолданылатын әдіс – тәсілдердің сапасын көтеру және мазмұны жағынан байыту.

А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эльконин, Л.С.Выготский секілді психолог – ғалымдар еңбектерінде « Ойын – баланың өмірінен тыс өзінің қияли әлемі» деп тұжырым жасаған болатын. Ал қазақтың « Ойлы бала ойыннан тәрбие алады» деген тамаша даналығы бар.

Қазіргі кезде «Ойын» деген сөздің мағынансын, жұмыстану аясы кеңейіп жатыр. Ол енді тек қана баалық шақта болатын ғана құбылыс емес, тіпті елдің мәдениеті мен тұрмысын сипаттайтын ұғымға айналып бара жатыр. Бұрын балалар ойынын тек қана педогогика, өнертану ғылымдары ғана қарастырған болса, қазіргі таңда психология, психофизика, әлеументтану, мәдениеттану, тіпті кейде әдебиеттану сынды ғылымдардың да зерттеу нысаны болып отыр. Ойын арқылы оқушының білімге деген қызығушылығын арттыра отырып, сонымен қатар оған тұлғалық тәрбие беруге болады.

Ойынды көптеген педагогтар оқытудығы жаңа технологиялардың бірі деп есептейді. «Ойын» ұғымын баланың мінезін өзі басқаруымен белгіленетін қоғамдық тірбиені, тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізінде құрылатын, продуктивті іс – әрекет. Ойын әрекетінің мынандай қызметтері бар:

  • Сауық – балаға және айналасындағыларға тамаша көңіл күй сыйлау

  • Қарым – қатынастық – біріккен ойын арқылы бала құрбыларымен немесе ересектермен қарым- қатынсақа түседі, коммуникативтілік қасиетін дамтады

  • Ойын арқылы өзін өзі тану

  • Өзін – өзі түзету, өзіндік тәрбие алу

  • Әлеуметтену

Ойын - адамның алғашқы даму барысынан бастап өмірінің соңына дейін кездесетін құбылыс. Тіпті әлі өздігінен отыра алмайтын бала да өзі ойнауға талпынады, сол ойыншықтар арқылы санасын, қол моторикасын, денесін дамытады. Ал ересектерде көбіне ми жұмысын арттыратын немесе дене жаттығуларымен тығыз байланысты ойын түрлері көп кездеседі.

Ойнап оырағн бала өзін қоршаған әлемді тани бастайды, ондағы болып жатырған құбылыстармен танысады, оларды талдайды, керектісін қабылдап алады. Сол себепті біз көбіне баламыздың ойынының барысында ересектерден көрген қызмет түрлерін, қарым- қатынастарды, іс – қимылдарды еліктеп, қайталап отырғанын жиі байқаймыз. Мысалы ол дүкенде, ауруханада, тіпті тұрмыста болған оқиғаларды бақылай отырып, кейіннен ойын барысында сол оқиғаларға елктеп, дүкендегі сатушы рөлін, дәрігер немесе ананың да рөлдерін сомдап жатады. Осы жас кезеңерінде бала әсіресе елікегіш болып келеді. Жақсы мен жаманның айырмашылығын түсіндеген бала, кез келген көрген, естіген нәрселерін санасына құйып алады, оны дұрыс деп санайды. Сондықтан осы кезде балаға жақсы үлгі беретіндей іс – қимылдар жасап, оның айналаны дұрыс тануына көмектесу қажет.

Ойын арқылы бала еңбек етуге әрекеттенеді. Мысалы ол аурауханадағы дәрігер рөлінде болса, қуыршақтарын емдеп, оларды мәпелеп, бағып – қағып, сол қуыршақтарға деген жауапкершілігін түсіне бастайды. Бұл – еңбек етуге бағытталған алғашқы қадам болып табылады.

Бала жиі ойынның барысын, мазмұнын, ережелерін өзі ойлап тауып отырады. Яғни кімнің рөлінде ойнып, қандай іс – әректпен айналысатынын, бұл ойын түріне қандай ойыншықтар- қуыршақтар керек екенін өзі шешіп отырады. Сол арқылы баланың ой – қиялы және кез келген жағдайда шешім қабылдау, дұрыс таңдау секілді мінез құлқы дамиды. Ойын барысында бала өзінің қияяли әлемінде жүреді, айналадағы құбылыстарды көп байқамайды. Ал егер ол құбы – құрдастарымен біріккен ойын болатын болса, бала құрбы құрдастарның да ойымен санасып, бірге әрекет етуге, диалог құруға, ашылуға дағдыланады.

Қазіргі ғылымда ойынның көп тұрлері анықталған:

  • Логикалық

  • Спорттық

  • Рөлдік

  • Грамматикалық

  • Ойын – сабақ

  • Ойын – жаттығу

  • Сергіту және т.б.

Ойын арқылы ұйымдастырылған білім беру үрдісі кез келген жастағы балаға жеңіл, түсінікті, әрі тартымды болып келеді. Ойын атмосферасы арқылы бала өзін жайлы сезініп, ұялмай, құрбыларымен ашыла сөйлесуге, ойнауға дағдыланады. Оқытушы да бұл атмосфераны жасау арқылы оқушымен қарым – қатынасын жақсартып, сыныпты өзіне баурап алады. Оқушылар өздігінен еңбектеніп, шешім қабылдап, тіптен өзара жарыса да алады. Ойын арқылы сынып оқушыларының бір біріне деген достығы, сыйласытығы, қамқорлығы артады, бір бірі үшін жауапкершілікті сезінеді, ал бақталастар болса, бір біріне деген сыйластық сезімдерін көрсетуге үйренеді.. Құрбыларына жәрдемдесіп, ақыл – кеңеңс беріп, достық қарым – қатынастарын нғайтады. Ойын ойнату арқылы балаға көп тәрбие, қоғамдық қатынастар туралы мағұлмат, бере отырып адам баласының бойындағы тамаша қасиеттерге талпындыруға болады. Бұлар: адамгершілік, бауырмалдылық, жауапкершілікті сезіну, әділеттілік, әдептілік, т.б. Осылай ойын түрлерін жақсы меңгерген, қолдана білген оқытушы оқытуда кез келген мақсатына жеңіл жетеді.

Ойынның негізгі мақсаты – баланы білім үрдісіне қызықтыра отытып, тәрбиелеу болса, оқытушының міндеті – сол ойынды сабақ барысына дұрыс енгізе отырып, оқудың сапасын арттыру, оқушыларды өздігінен жұмыс жасай білуге, тіл байлығын арттыруға көмектесу.

Ойын – мектеп жасына дейінгі бүлдіршіннің негізгі даму іс – әрекет болса, ол кейіннен оқудағы қосалқы әдіс балды, кейінгі жастарда демалыстың бір түрі болып қалады. Сұлтанмахмұт Тораығыров « Балалаықтың қанына ойын азық» деп бекер айтпаған болатын. Себеі ойын барысында баланың алғашқы мінез – құлықтары, белгілі бір нәрсеге немесе қызметке деген қызығушылығы, айналаға деген көзқарасы анықтала бастайды.

Қазақ ғалымдары ойынды мазмұны мен түріне қарай, мынандай түрлерге бөліп қарастырған:

  • Мазмұнды – бейнелі

  • Қимыл – қозғалыс

  • Дидактикалық

  • Құрылыс оындары

  • Рөлдік

Алғашқы түрі мазмұнды – бейнелі ойындарының негізгі мақсаты – баланың белгілі бір ақпаратты, мәтінді түсініп,соны өз сөздерімен, түсінігімен немесе қимылдарымен басұқаларға деткізе алу қабілетін дамыту. Яғни бұндай оындарда алдын ала мәтін немесе оқиға беріледі. Алдымен бала сол жаңа ақпаратпен танысып, өзінше түсінуге тырысады, өзі шешім жасап, ақпаратты қабылдайды. Бұл уақытта оқытушының жәрдемші болғаны қажет. Себебі бала бір нәрсені басқаша түсініп, тіпті мүлде түсінби қиналып қалуы мүмкін. Оқытушы мүмкіндігінше тек ақылшы, көмекші ғана болуы қажет. Екінші бөлімінде сол санаға қабылданған материалды, бейнені, көріністі басғаларға жеткізу немесе көрсету. Бұл жерде қосымша көркемдік материалдар көмекке келеді: яғни киімдер, әшекейлер, бетперделер, ән салу, қуыршақтар және .т.б. Көрініске қажетті материалдық заттарды, көркемдеулерді, ойыншықтарды бірігіп қолдан жасау барысында оқушылардың алдымен еңбекке деген талпынысы артады, одан соң құрбыларымен кеңінен қарым қатынас жасап, бір біріне көмектесіп үйренеді. Бұл – ұжымдық еңбектің алғашқы баспалдақтары. Ендігі көрініс қою барысында баланың әртістік шеберлігі, сахнаға деген талпынысы, шығармашылыққа деген қарым –қатынасы айқындалады. Осы кезде де оқытушының көп көмегі тиюі мүмкін. Себебі сыныпта орфоэпиялық негізінен проблемалары бар оқушылар, дауыс интонациясымен жұмысты қажет ететін оқушылар да кездесуі мүмкін. Соларға дұрыс жолды көрсетіп, интонаиясына көмектесіп отырған абзал. Себебі қойылымның ең маңызды бөлігі- сауатты және сенімді кейіпкерлері болып табылады. Бұндай ойындар қысқа немесе тіпті тұтас сабақтың уақытын алатын ұзақ та болуы мүмкін. Мазмұнды – бейнелі ойындардың басты ерекшелігі – оқушылардың эстетикалық тәрбие ала отырып, өздігінен еңбек етуге, жұмыстануға деген ынтасын арттыруында.

Баланың қуанышы мен ренішін, уайымын, қорқынышын оның ойыны арқылы анықтауға болады. Мысалы: қыз баланың қуыршағымен ойнаған іс – әрекеттері – анасынан еліктеп алынған іс – әрекеттер. Егер бұнда баланың қуыршаққа ұрысуы немесе тіпті қатал қарым – қатынасы көрінетін болса, онда себебін анасының көрсетіп отырған үлгісінен іздеу керек. Сол сияқты ойнау арқылы бала өзінің бар білгенін, санаға тиғанын көрсетеді.

А.С.Макаренко тұжырымдамасы бойынша, ересектер үшін жұмыс жасау, еңбек ету қандай қызмет атқарса, кішкене бала үшін ойын ойнау проесі де дәл сондай қызмет атқарады. Бала қазірден бастап ойынағанда қандай болса, жылдар өтіп, ересек болған уақытында да дәл сондай азамат болады. Сондықтан баланың ойынына да араласып, дұрыс тәрбие берген жөн. Ойында баланың кейбір жекелік өзіне тән мінез құлықтары көрінуі мүмкін. Мысалы: ән салуға жақындығы, ұстаздық мамандығына талпынысы, пысықтығы немесе тіпті жуастығы. Ешкімге байқатпай немес басқа бөлмеде тығылып ойнайтын балаға ересектердің көмегі қажет, ал тыныштығы бұзылған, қатты эмоционалды бала үшін де ересектің араласуын қажет етеді.

А.С. Макаренко баланың кез келген жастағы даумуында ойынға аса көп мән берген болатын және өзі қызмет атқарған, басшылық жасаған мекемелерде ойын элементтерін тәрбиеленушілердің өміріне міндетті түрде енгізіп отырған. Ол ойын баланың өмірін нәрлендіріп, қызықты шақтарға толы және қуаныш сезімі кернеген өмірге айналдырады деп сенген болатын. Макаренконың еңбектерінің басты ерекшелігі ойындар арқылы баланың өмірге, білім алуға деген қызығушылығын, талпынысын, сүйіспеншілігін тәрбиелеу. Педагог ойындарды жалпы 2 үлкен бөліктерге бөлген болатын: белгілі бір педагогикалық мақсаттарды көдейтін ойындар және балаларға арналған көңіл күйді көтері немесе сергіту жаттығулары. Ол әрқашан ойындардың мазмұнын, құрылысын өзгертіп, кез келген тақырыпқа белгілі бір ойын комплексін тауып отырды. Кейіннен оны жетілдіріп, бавқа да жаңа элементтерді қоса алды. Ойынның басты мақсаттарының бірі – баланы ұжыммен жақындастыру және ұжыммен дұрыс қарым – қатынас орнатуға жәрдемдесу екенін атап көрсетті. Сондықтан көбіне ұжымдық, топтық, өзара көмек көрсетілетін ойындарды көптеп қолдады.сонымен қатар балаларды ойынның барысына қатысып қана қоймай, ойынның барысын өзгертуге немесе жаңалауда да балаларды қатыстырып отырды. Олардың пікірімен санасып, сенімін білдірді.

А.С.Макаренконың практикасында ойындар еңбекке баулуға талпындырып,ойын арқылы кез келген іс баланың немесе ұжымның еңбегін керек ететіндігін түсіндірді. Балалардың өмірінде негізінен шығармашылық ойындардың, әсіресе рөлдк немесе драмалық ойындардың орны ерекше. Себебі бұл ойындар арқылы бала материалды жаттап қана қоймай, өзін ұжымның тығыз бір бөлігі, әртіс сезінуін қамтамасыз етеді. Бала рөлді сәтті орындап шығу үшін көп еңбектенетін болады. Бұл кезде сөздерді мұқият жаттап, барлық сөздердің интонациясының дұрыстығын оқытушымен тексеріп, керек болған жағдайда қойылымға қажетті қосымша көрнекіліктерді, киімдерді енгізеді. Тіптен бқл көркемдік нәрселедрі өқрбыларымен бірігіп, өз еңбегімен жасаулары да мүмкін. Қойылым барысында бала өзінің кейпкерінің басынан кешкендерін өз жүрегімен сезініп, іштей жақсы жақтарын үйреніп, жаманнан жиренеді. Кейіпкерден үлгі алады, оның қате әрекеттерін масқаралайды. Осылайша бала тек білім ғана алып қоймай, өзін өзі тәрбиелейді.

Бала мектепке барғаннан бастап ойынды екінші орынға ысырып, саба оқуға көп көңіл бөледі. Бұндай жағдайға үйренбеген бала оқуда мазасыз, тіптен оқуға құлқы болмауы мүмкін. Егер сабақтың барысы тым ұзақ немесе түсініксіз болатын болса, баланың сол сабаққа деген құлшынысы жоғалады. Осындай кездерде ойынның пайдасы көп. Бала өзіне таныс әрекетті кездестірген соң, оған қуана қуана ат салысады. Осылайша ойын арқылы бүлдіршіннің оқуға деген құлшынысын көтере аламыз. Осы ерте кезден бастап баланың оқуға, білім алуға деген талпынысын оятқан жөн. Себебі ерте жасынан бастап оқымаған бала, өсе келе де құлшынысы болмайды. Мектеп жасына дейінгі балалардың өмірінде ойын тек қана көңіл көтеру, қимыл - қозғалыс немесе сергіту сипатында болуы мүмкін. Ал мектеп жасынан бастап ойынның мінезі, мақсаты, мазмұны өзгере бастайды. Ендігі ойын таным мақсаттарын, өзін өзі тұлғалық тәрбиелеу, қоғамдық өмірге тәрбиелеу, т.б. жаңа күрделі мақсаттарды да қамтитын болады. Баланың дүниетанымы кеңере бастайды, оқушы өздігінен шешім қабылдауға, еліктеуге, өзін өзі тәрбиелеуге дағдыланады. Айналаға деген, өмірлік құбылыстарға деген қарым - қатынасы өзгереді. Осылайша бастапқыда тек сергіту қызметінде болған ойын әрекеті қоғамдық өмірмен, тәрбиемен, еңбекпен қабыса түседі.

Сабақта немесе сабақтан тыс уақыттарда ойын әрекетін ұйымдастырған кезде бірнеше шарттарды есте сақтаған жөн. Бұл шарттар ойынның өз мақсатына сәтті жеуін қамтамасыз етеді.

Ең бастысы баланы еркінен тыс зорлап қатыстырудың керегі жоқ. Себебі бұл жағдайда бала өзінің дербестігінен, бостандығынан айырылады да, ойынға деген құлшынысы болмайды. Ойынға қатысқанның өзінде өзін өзі дұрыс көрсете алмауы мүмкін тіпті кейбір жағдайларда оқытушы мен оқушының арасындағы қарым қатынас түбегейлі өзгеруі мүмкін. Ойынның басты тәрбиесі баланың еркін білім алуын қамтамасыз ету, оның дұрыс тәрбиеленуін ұйымдастыру. Еркінен тыс көндірген жағдайларда бұндай тәрбие беру мүмкін емес.

Ойынды балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне қарап отырып таңдау қажет. Мысалы кішкене жастағы бүлдіршіндерге қозғалмалы, сергіту ойындарын көбірек қолданған жөн. Себебі бұл жастағы балаға қимыл қозғалыстың маңызы зор. Ойнап, шыр айнала жүгіріп, бала денсаулығын ғана дамытып қоймай, өзінің күшін, еркіндігін, жастық шағын сезінеді. Балалық шақтың қызығын көру - баланың дамуында орны зор факторлардың бірі. Қозғалмалы ойындарды кең әрі ауасы мол жерде ұйымдастыру қажет. Бала еш қысылмауы керек. Осы ойындар арқасында баланың көңіл күйі жақсарып, сабақтың атмосферасы жақсы жаққа өзгереді.

Қазіргі заманғы педагог – психолог ғалымдар ойынның баланың санасына, психологиясына пайдасы туралы мынандай тұжырымдамалар жасады:

  • Ойын – баланың ақыл – ойын дамытатын, сөздік қорын байытатын, тағылымын кеңейтетін негізгі тәрбие құралы;

  • Жақсы мінез және ерікті дамыта отырып, адамгершілік тәрбие береді

  • Ұжымдық жаттығулар арқылы ұжымды сыйлауға, ережесіне бағынуға, көмектесуге үйретеді.

  • Бала шығармашылық, театрлық ойындар арқылы эстетикалық тәрбие алып, театр әлемімен танысады

  • Белгілі бір мақсатқа жету үшін еңбектің қажет екенін ұғындырып, еңбекке тәрбиелейді

  • Қозғалмалы ойындар балның дене күшінің жетілуіне жәрдемдеседі

  • Сабақ барысында қолданылған ойындар мұғалім мен оқушының арасындағы қарым – қатынасты жақындатып, Еркін психологияны қалыптастырады

Ойынның педагогикалық мәніне келетін болсақ, оның білім беру аясында кең қоданылатыны анық. Өйткені тек ойын арқылы мектеп жасына дейінгі балаларға білім әрі тәрбие бере аламыз. Мектеп жасына дейінгі балалар айнала қоршаған ортаны бақылауға, болып жатырған қимыл – іс әрекеттерге еліктеуге, ересектердің ісін бақылауға құштар екенін білеміз. Олар үшін әлем- толып жатқан жұмбақ. Соған байланысты баланың сол жастан бастап көп сұрақтар қоятынын білеміз. Өйткені бала айналасын бақлай отырып, көп нәрсені түсінбеуі мүмкін. Осы көп сұрақтарға ойын арқылы да жауап беруге болады. Ойын – баланың ең сүйікті бірінші әрекеті болып табылады. Сондықтан ойын шартымен ұйымдастырылған сабақ әрқашан жылы қабылданады. Себебі ойын балаларға таңсық нәрсе емес. Кез келген бала ойнауды біледі, әрі жақсы көреді. Сондықтан ойынның кез келген жастағы баланың педагогикалық мәні ерекше. Қазақтың ұлы ойшылы А.Құнанбаев: « Ойын ойнып, ән салмай өсетін бала бола ма?»деген дана сөздерімен, сол кезден ақ ойынның бала дамуындағы ерекше рөлін атап көрсеткен екен.

Мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің зейіні тұрақсыз болып келгендіктен, олрады біркелкі жұмыс тез жалықтырып, тіпті қызықтырмауы да мүмкін. Ал біз білетініміздей сабақ барысы біркелкі жүретін процесс. Әлі де ойын баласы болып саналатын бүлдіршінді 45 минут бойы бір партаға отырғызып, тіпті сабақты тыңдатқызып қоюдың өзі қиынға соғары анық. Шамалы уақыттан соң баланың назары басқа нәрсеге ауып, сабақты меңгермей қалады. Сондықтан осындай қиыншылықтардың алдын алу үшін қазіргі педагог мамандар сабақ барысында ойын элеменнерін кеңінен қолданылады. Ойын арқылы берілген білім, тез әрі талпыныспен қабылданары анық.

Әлемнің ойшыл ұлы адамдары балаларды ойын арқылы тәрбиелеу- педагогикалық маңызы бар шешім деп айтып берген. Ойынның педагогикалық мәнін де осыдан көре аламыз. Ойын арқылы оқыту қазіргі заманғы педагогтарының жиі қолданылатын әдіс – тәсілдерінің бірі. Грузин педагогы Ш.А.Аманошвили ойын арқылы балаларға кез келген қиын нәрсені өз тілдерінде түсіндіріп бере алды. Ұстаз ойын барысында өзін балалармен бірге қойып, ойын арқылылбалаларға қиын көптеген нәрсені үйрете білді, кез келген жағдайда шешім қабылдауға, ұжымдық еңбекке баулыды. Осы арқылы балалардың көздерінде білім луға деген қызығушылықты оята білді. Ұстаздың оқушыларының білім беру саласында жеткен жетістіктері мол. Осылай ойын арқылы оқыту әдісі арқылы дидактикалық ойын ұғымы пайда болды. Оның ойынмен ұқсасатығы және айырмашылықтары да кездеседі. Кез келген ойынды сабақтың тақырыбына, мақсатына қарай өзгертіп, қолайлы етіп алуға болады. Ойын арқылы әріптен бастап тіпті күрделі математиклық формулаға шейін үйретуге болады. Ол ұстаздың біліктілігіне байланысты болып келеді. Балалардығ жас ерекшелігін ескере отырып, психофизологиялық дамуын ескерек отырып, сабақтың мазмұнына сай тапсырмаларды қолданған абзал. Осылайша ойын ойнау арқылы баланың ойлау, қабылдау, еліктеу, талдау қабілеттері дамиды.

Дидактикалық ойындардың бір ерекшелігі – міндетті түрде екі оқушы қатысатын дидактикалық ойын түрлерін пайдалану тиімділігі. Дидактикалық ойындар ойын арқылы оқытудағы ең тиімді тәсіл. Балаларға берілетін тапсырмалардың барлығы ойын түрінде болуы қажет. Тапрсырмалар балалардың деңгейіне,біліміе, жеке тұлғалық ерекшеліктеріне сәйкес берілуі керек. Балалар ойын арқылы белгілі бір тапсырманы еркін меңгереді. Бұл – дидақтикалық ойындардың басты мақсаты. Дидактикалық ойындар да өзара көптеген түрлерге бөлінеді. Солардың өзіндік танымдық және тәрбиелік мақсаттары болады. Дидактикалық ойындар тәрбие әрі білім беруде оқыту мақсатын іске асырудағы тиімді құрал.

Ойын баланың дамуында педагогикалық, психологиялық және физиологиялық маңызды қызметтер атқарады. Ойын баланың ең алғашқы тәрбие көзі, даму факторы, өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуда, эстетикалық тәрбие алуда теңдесі жоқ жәрдемші. Ойынды кез келген адам ойынп өседі. Ойнамай өскен баланың дамуы басқалардан өзгеше болады. Ойынды көп ойнаған баланың дүниетанымы кең, жаны таза, жүрегі нәзік, нағыз сезімтал тұлға болып шығары анық. Ойын адамның тұлға болып қалыптасуында әртүрлі әсер береді. Себебі әр бала ойынды өзінше қабылдауы мүмкін. Кейбіреулері ойынды шынайы өмір ретінде көрсе, кейбіреуі оны жай сауық ретінде қарастырады. Ойынды өзгертетін факторлар өте көп. Мысалы: ойынға ересектердің араласуы қажет және қажет емес кездер де болады. Кей жағдайларда бала ойын барысында өзіндік әлемін құрастырады, сол әлемнің басшысы болып, онда өз ережелерін, өз түсініктерін орнатады. Сондықтан ескретусіз ересектің ойынға рараласуының кесірінен, баланың ойы бұзылып кетуі мүмкін. Содан соң ойыншықтардың да маңызы зор болып табылады. Балаға дұрыс таңдалған ойыншық - сол баланың әрі қарай ойыншықтан дұрыс тәрбие алуын қамтамасыз етеді. Соынмен қатар баланың ойнайтын орны, ұжымы, уақыты, тәрбиесі, барлығы ойынның маңызды, ескеруге тиіс факторлары болып табылады. Дегенмен ойын тек қана танымдық әрекет емес, баланың, тіпті кез келген ересектің де рахат алатын, жаны жылитын, демалатын қызметтің түрі болып табылады.

Ойынды тек балалар ғана емес, ересектер де ойнайды. Бірақ ересектерге арналғын ойынның деңгейі және мақсаттарында ерекшеліктері болады. Балаларға ұйымдастырылатын ойындардың әрқашан өзгеріп және дамытылып отырылуы да абзал. Ойынның қазіргі таңда көптеген түрлері анықталып көрсетілген: драмалық, рөлдік, музыкалық, қозғалмалы, танымдық, құрастыру, дидактикалық, спорттық, дамытушы және т.б.



-75%
Курсы повышения квалификации

Проектная деятельность учащихся

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Статья "Польза игр на уроках английского языка" (25.56 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт