Меню
Разработки
Разработки  /  Дошкольное образование  /  Разное  /  Прочее  /  Статья о специальности

Статья о специальности

статья о специальности.

Педагоги должны написать историю о своей профессии.

10.02.2019

Содержимое разработки

Мамандығым-мақтанышым!

Менің өмірдегі бақытым – жүрек қалауыммен ұстаз болуым. Бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын осынау заманда ұзтаздың шәкірт өмірінен алар орны бөлек. Қай заманның ғылымын да, ақынын да, басшысын да, басқасын да «жеке тұлға» ретінде қалыптастыратын бір ақ дүние педагогикалық методика. Сол үшінде ұстаз болу – жай ғана мамандық емес. Ол адам бағдарын жасаушы. Егер де өмірге турашыл, тәрбиешіл де, ізгі жүректі тұлға, мақтанышы мен толоғай табыстарға жетерліктей ұрпақ тәрбиелесем, мақсаттарыммен алға аттатсам, ол мен үшін үлкен мәртебе! Әрине, тәрбиеші болу үшін жоғарғы педагогикалық оқу орнын үздік бітіру аздық етеді. Ұстаз деген атқа ие болу үшін, ұлы шыңға көтерілу үшін, өмір бойы оқисың. «Мен бір жұмбақ адаммын» оны да ойла , деп Ұлы Абай атамыз, айтқандай, әрбір тұлға - жұмбақ. Сол жұмбақтың кілтін тауып, жүрек кілтін аша білу, әрбір жүректің құпия сырын оқи білу мен қалаған мамандықтың ғажайып тылсым күшін түсіну. Мен өз мамандығыммен мақтанамын. Себебі: мен тәрбиешілік қызметте, қызмет атқарып тұлға тәрбилеудемін. Мен көп жылды қызмет еткен тәрбиеші болмасамда, жас маман дәрежесіндей тәрбиешілік орным қуантады.

Жақсы тәрбиеші болу үшін не қажет?Ең алдымен терең білім, еңбек, ұқыптылық, бастамашылдық, қойған мақсатқа жетуге деген өз күшіне сенімділік. Бұл қасиеттер кез-келген мамандық иесіне тән емес пе? Әрине солай. Ал, тәрбиеші мамандығы бұдан да гөрі зор қасиеттерді талап ететінін еңбек ету барысында сезініп, білудемін.Шығыстың Аристотелі атанған ұлы бабамыз Әл-Фараби «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы», - деп көрсеткен. Бала тәрбиелеу өте қиын, жауапкершілікті үрдіс екені белгілі. Барлық ұстаз білім мен тәрбиені қатар алып жүруі керек. «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деген халық сөзіне сүйене отырып, әрбір баланы жеке тұлға деп танып, ғылыми, рухани мұраларды игерген, шығармашылық ой-өрісі бар компьютерлік сауаттылығы мен ақпараттың мәдениеті қалыптасқан жастарды тәрбиелеу бүгінгі күннің ең негізгі мақсаттарының бірі деп ойлаймын.

“Балдырған” бөбекжай

балабақшасының тәрбиешісі:

Оразахунова Назым Болатқанқызы






-75%
Курсы повышения квалификации

Интерактивные методы в практике школьного образования

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Статья о специальности (9.45 MB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт