Меню
Разработки
Разработки  /  Внеурочка  /  Мероприятия  /  Прочее  /  Становление Независимости Казахстана

Становление Независимости Казахстана

Еліміздің өткеніне, бүгініне ертеңіне көзжіберіп шолу жасау. Өз еліміздіңтілін,таричын салт-дәстүрін, әдебиетін қадір тұтып, құрметтеу. Қазақ елімізді әлемдік деңгейге жеткізу– біздіғ қолымызда екенін айтыпектүсіндіру. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Еліне, Отанына туғанжеріні деген сүйспеншілігін арттыру.

15.01.2019

Содержимое разработки

Тақырыбы: «Тәуелсіздік шапағаты»

Мақсаты:
Еліміздің өткеніне, бүгініне ертеңіне көзжіберіп шолу жасау. Өз еліміздіңтілін ,таричын салт-дәстүрін, әдебиетін қадір тұтып, құрметтеу. Қазақ елімізді әлемдік деңгейге жеткізу– біздіғ қолымызда екенін айтыпектүсіндіру. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Еліне, Отанына туғанжеріні деген сүйспеншілігін арттыру.

Көрнекілігі ; нақыл сөздерплакаттар,буклеттер музыкалық жабдықтар.

1-оқушы

Атыңнан айналайын егеменді ел

Тәуелсіз күнің бүгін кенеле бер,

Мейрамың құтты болсын тәуелсіздік!

ҒҒасырдың тойы болшы келе берер.

2-оқушы:

Тәуелсізбін мен бүгін,

Келелі, мне азаттығым теңдігім.

Бостандықта байлығым мен ендігім,,

Шешіл енді шемен болған енді үнім!

3-оқушы:

Өзіңдікңі- Еліңде,

Өзіңдікі –Жеріңде,

Өзіңдікі өзің екен бақ- Тәуелсіздік төріңде.

Мұғалім: Мен – қазақпын - өліп мың- тірілген...

Ж. Молдағаливтің осы өлең жолдары қазақ деген дана халықтың бүкіл болмысы мен өмір жолын айғақтап бергендей: ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама, 30-жылдардағы ашаршылық, 37- жылдардағы нәубет, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан Соғысы, желтоқсан көтерілісі:

Тәуелсіздіктің құны мне осындай...

Биылғы жылы Тәуелсіздік таңының арайлап атқанына 26 жыл толып отыр. Армысыздар қадірлі қонақтар, ата-аналар, ұстаздар мен оқушылар!

Ал, егеменді еліміздің Тәуелсіздігін алғанына 26 жыл толған мерейлі тойына арналған «Тәуелсіздік шапағаты» атты әдеби кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

1-жүргізуші: Шарықта шарлакөкті көк байрағым,

Арманым, Азаттығымкөпке айғағым.

Мен сенің салтанатты сағатыңа

Өлеңменалтын шашақ шшоқ байладым.

Ал самға әлем кезіп Әнұраным

Қалықта Елтаңбасы- шаңырағым.

Хор «Әнұран»

1-жүргізуші:
Армандардыдарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты ертеңі, 
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
2-жүргізуші
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым, 
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан! 
1-жүргізуші
Кең байтақ көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті 
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің
2-жүргізуші: 
Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам аспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, -деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші.Талай қиын-дықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туаты-нына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.
1-жүргізуші
Сол күндер ғой жүректің аңсағаны, 
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз-өзінен жүрегім ән салады.
2-жүргізуші: Қазақ халқы азаттық үшін талай қиындықты бастан кешірді.Бірақ ешқашан мойымады, күресе білді. Азаттық таңы туатынынакәміл сенді. Енді осы кейбір тарихи оқиғаларды еске түсіріп өтейік.

1-жүргізуші: 1723-1725 жылдар Ақтабан шұбырынды.

2- жүргізуші: 1836-1838 жылдар ішкі Бөкей ордасындағы көтерілісі

1-жүргізуші:1837-1847 жылдар Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.

2-жүргізуші: 1916 жылы Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.

1-жүргізуші: 1932-1933 жылдар ашаршылық кезеңі.

2-жүргізуші: 1936-1938 жылдар репрессия кезеңі .

1-жүргізуші: 1941-1945 жылдар Ұлы Отан соғысы..

2-жүргізуші: 1986 жылы желтоқсан оқиғасы.

1-жүргізуші: Қазақ халқын дүние жүзіне танытқан бұл оқиғаның алғашқы құрбандары Қайрат Рұсқұлбеков, Ләззат Асанова, Жансая Сабитова, Ербол Сыпатаевтарды еске алып, олардың рухына тағзым ету парызымыз. 1986 жылдың тоқсаны бүкіл ұлтымыздың жанын жаралап, жүрегіне ызғар шашып кетті, бостандық үшін өрімдей жап-жас қыз-жігіттер құрбан болды. Біз әрдайым Қайраттың от жүрек үніне, қыздардың намысын қорғаған ерлігіне, күнәсіз күйіп кеткен келбетіне бас иеміз.

1-жүргізуші: Озбырлық күшпен тұншығып

Үміттің оты өшкен күн.

Жанына таппай бір шындық,

Ер Қайрат, қыршын кеткен күн.

Қайғы езіп, елдің еңсесін

Жаншыды- ау жанын ,батпан күн!
Ән: «Желтоқсан желіі»

2-жүргізуші: «Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында,жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады ел боса ер болады. Ерлеріміздің арқасында«Қазақстан» егеменді ел болып, дүниежүзіне танылды. 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осындайқасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.
Қзақпын еңселі елімен егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұқиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе-тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы құт жері - дархан
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.
Оқушылар өздерінің тәуелсіздік күніне арналған суреттерін таныстыру.
2- жүргізуші:

Қазақстан республикасы -біздің туып өскен жеріміз, біздің Отанымыз. Бұлжерде қазақ халқы ертеден тұрып келеді. Қазақтар мал өсіріп жер игеріп, өз Отанын жаудан қорғаған, жерін болашақ ұрпағына мұра етіп қалдырған, яғни біз үшін.

1-оқушы

Мерекең құтты болсын егемендіел,

Терезең барлық елмен тең ерен ел.

Балалар мәңгі бақи арман еткен,

Теңдіктң бостандықты иелеңгендер

2-оқушы

Ел болдық егеменді, теңдік алып,

Бар әлем болды танып.

Қойнауы кенге толы қазақ елі

Жыл сайын келеді өсіп, қанат жайып.

Ән «Жаса қазақстан»

ІІ- жүргізуші

Бүгін әрбір мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты . Мемлекеттік рәміздер– Ту, Елтаңба - Әнұран. Бұл халық бірлігінің белгілері. Қазақстан Республикасының да өзрәміздерібар. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу әрбір азаматтың міндеті.

Ән: «Қазақстан»

4 - оқушы

Енді бүгін өлген туым тірілді

Ән ұраным жалғап алды ғұмырды

Босағада қалып келген елтаңбам,

Баяғыша төріме кеп ілінді.

5- оқушы

Кең байтақ , көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман , жасыл жайлау көлім менің.
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз – Қазақстан – елім менің!

Еліміз әрқашан тыныш болсын!-дей отырып, бүгінгі ашық тәрбие сабағымызды аяақтаймыз.











-80%
Курсы повышения квалификации

Организация профилактической работы по ВИЧ-инфекции: формы и методы работы

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Становление Независимости Казахстана (23.45 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт