Меню
Разработки
Разработки  /  Начальные классы  /  Планирование  /  3 класс  /  Сөйлем мүшелерінің байланысы

Сөйлем мүшелерінің байланысы

жжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжжж

11.06.2019

Содержимое разработки

Тақырыбы: Сөйлем мүшелерінің байланысы
Мақсаты: Сөйлем мүшелері, тұрлаусыз, тұрлаулы мүшелердің сөйлемдегі байланысын сұрақ қоя отырып таба білуге үйрету. Оқушылардың ойлау, есте сақтау, сөйлеу, сұрақ қоя білу дағдыларын қалыптастыру, сұраққа дәл, айқын жауап беруге баулу, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру. Үлкенді сыйлауға, көмектесуге , дәптерге таза, ұқыпты, әдемі жазуға тәрбиелеу
Көрнекілігі: шырша, шырша ойыншықтары, Аяз ата, Ақша қар суреті, слайд
Типі: аралас с абақ
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу, түгендеу, оқушы құрал-жабдықтарын алғызу, зейіндерін сабаққа аудару;
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
- Үйге қандай тапсырма берілді?
89-жаттығу оқыту, тексеру
ІІІ. Жан-жақты білімдерін тексеру
- Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілінде неше ай бар?
- Қыс мезгілінде қандай мерекелер бар?
- Жаңа жыл жайлы айтып беріңдерші? Сендерге ұнай ма?
- Шыршаны немен безендіреміз?
- Ендеше біз шырша ойыншықтарын шыршаға ілуіміз керек. Ол үшін сендер шырша ойыншығындағы тапсырманы дұрыс орындауларың керек
1. Сөйлем деген не?
2. Бастауыш деген не?
3. Баяндауыш деген не?
4. Қандай жағдайда бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықша қойылады? Мысал келтір
5. Тұрлаулы мүшелерді ата
6. Тұрлаусыз мүшелерге қандай сұрақтар қойылады?
7. Сөйлем мүшелері деген не?
8. Шекарашылар күзетте тұрады сөйлемін сөйлем мүшелеріне талда

ІҮ. Мақсат қою кезеңі
- Шыршаға ойыншықтарын ілдік, енді жұлдызшаны ілу үшін ребусты шешуіміз керек. Ал егер дұрыс шеше алсаңдар, бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы шығады. Ребус шешуі: сөйлем мүшелерінің байланысы
- Жарайсыңдар балалар, сендер ребусты дұрыс шешіп бүгінгі сабағымыздың тақырыбын таптыңдар. Ендеше, бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы: Сөйлем мүшелерінің байланысы
Ү.Жаңа білімді меңгерту кезеңі
Оқушы мектепке келді. Оқушы келді. Мектепке келді.
Сөйлем мүшелерінің байланысын сұрақ қойып анықтаймыз.
91- жаттығу Оқыту
Алдымен тұрлаулы мүшелерінің байланысын жазу. Бала сыйлайды. Қандай бала? Кішіпейіл бала. Қалай сыйлайды? Үлкендерді сыйлайды.
Қар жауып тұр. Қалай жауып тұр?Жапалақтап жауып тұр. Қайда жауып тұр? Далада жауып тұр.
Мал тұрады. Қайда тұрады? Қорада тұрады. Қашан қорада тұрады? Қыста қорада тұрады.
Бақташы бағады. Қандай бақташы? Жақсы бақташы. Нені Бағады? Малды бағады. Қандай жерге бағады? Отты жерге бағады. Неге бағады? Жерге бағады.
ҮІ. Жаңа сабақта меңгергендерін тексеру 
92-жаттығу
Жаңылтпашты оқыту, оның құрамындағы сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдау.
Шешей отты көсеумен қөседі.
Көсеумен кесек-кесек тезек төседі
Байланыс сызбалары арқылы сұрақ қойып, өзара байланысқан сөз жұптарын атату, олардың қандай сөйлем мүшесі екенін айтқызу.
94-жаттығу 
Сөйлемдерді көшірту, сөйлем мүшелеріне талдау. Байланысын сызбамен көрсету 
Марат ойыншықпен ойнады. Мал өрістен қайтты. Қайсар дүкенге келді. Әсия төсекті әдемілеп жинады.
95-жаттығу
Ребусты шешкізу. Шаңғы сөзіне сөйлем құрату
ҮІІ. Бекіту кезеңі
- Жарайсыңдар, балалар сендер Аяз ата мен Ақша қардың тапсырмаларын дұрыс орындадыңдар. Енді соңғы тапсырма қалды. 
Үлестірмелермен жұмыс: 
Жай сөйлемдерді жалаң сөйлемдерге айландырып, осы сөйлемдегі сөйлем мүшелерінің байланысын сұрақ қоя отырып табу керек.
1. Әсет қар күреді.
2. Әжем ертегі айтты
3. Мен бестік баға алдым 
4. Қыс келді
5. Жалқаудың жаны тәтті
- Жарайсыңдар, балалар! Сендер Аяз ата мен Ақша қардың тапсырмаларын дұрыс орындадыңдар. Енді олар басқа да сыныптарға барып, білімді балаларды іздейді екен. Сендерге олар көп-көп рахмет айтып жатыр.
ҮІІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі
93-жаттығу 101-бет

-80%
Курсы повышения квалификации

Одарённые дети. Особенности развития и система сопровождения в системе школьного образования в условиях реализации ФГОС НОО

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Сөйлем мүшелерінің байланысы (18.12 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт