Меню
Разработки
Разработки  /  Прочее  /  Разное  /  Прочее  /  Скуби и Кот в сапогах

Скуби и Кот в сапогах

На самом деле утренник - это не совсем праздник для детей. Скорее, это демонстрация умений детей и одновременно отчет о проделанной работе воспитателей. И многое, что входит в понятие хорошо проведенного праздника с методической точки зрения, детям понравиться никак не может. Чего, например, хотят воспитатели? Чтобы была хорошая явка: во-первых, этот показатель очень ценен сам по себе, а во-вторых, чтобы не пришлось воспитательнице играть роль заболевшей Белочки или Снежинки.

  • Чтобы все дети проявляли активность и на предложение поучаствовать в конкурсе с неподдельной радостью вскакивали с мест.
  • Чтобы была дисциплина - без особого предложения никто с мест не вскакивал и не отрывал детали костюма у соседа.
  • Чтобы папы гордились, а мамы умилялись так, что в отдельные моменты не могли сдержать слез.
  • И чтобы все, даже родительские слезы, было по сценарию.
23.01.2017

Содержимое разработки

Ешимкулов Жақсыбек Махаматкулович

М.М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайының «Глобус» жас театралдар клубының жетекшісі

Павлодар қаласы.

Скуби мен Етік киген мысық Джек


Кейіпкерлері:

Скуби Ду

Етік киген мысық –Джек

Әтеш Пракаш Чопра Жөбірәлі

Түлкі

Барыс

Заманауи ән ойналады. Сол әнге еркелене сахнаға Скуби Ду шығады.

Скуби: Күнде осы. Шығасын кіресін, кіресін шығасын іш пысты. Ауыл жақсы, ауыл таза деп айтатын қалалықтар, осы ауылда екі күннен артық тұрмайды. Ал, мен бейшара осында дүние есігін ашқаннан бері өмір сүріп келем. Ешқандай Ро Ман Ти Ка жоқ! Осылай дым білмей, ешнәрсе көрмей өмірден өте беретін секілдімін...

Скубидің зарын тыңдап қалған Етік киген мысық Джек Романтикалық композицияның орындалуымен сахнаға шығады

Джек: Мияу, синьор!

Скуби: Вав! Скуби Ду вообще то!

Джек: Мен етік киген мысық Джек болам, синьор Скуби!

Скуби: Танысқаныма қуаныштымын дейтін едім, бірақ көңіл қошым болмай тұр!

Джек: Өміріңізге налып жүрсіз бе?

Скуби: Налып деген де гәп болып па, ит болып туғаныма өкініп жүрмін! Күнде бір тірлік. Үйдің қоңырауы, қорғаны болуы міндетті мойынымызға жүктеп қойылған! Не жаңа жыл мерекесін дұрыстап тойлай алмайсын!

Джек: Барлық жерде бірдей, Скуб!

Скуби: Бірдей емес болған соң налып жүрмін.

Джек: Оны қайдан біліп жүрсін?

Скуби:Көршінің мысығы Катя айтқан. Шарбаққа мініп алып, менің титығыма тиетін неше түрлі сөздерді айтқанды жақсы көреді өзі.

Джек: О, ол ханым менің жүрегімнің төріндегі жалғыздан-жалғыз ханымдардың бірі. Оны еркелігі, күлкісі, жүрісі...

Скуби: Джек мырза! Алло! Сіз мен жайлы ұмытып кетпедіңіз бе?

Джек: Кешіріңіз, өтінем! Сіз не жайлы айтып жатқан едіңіз? Жалғастыра беріңіз!

Скуби: Сөйтіп ана бір жолы, теледидардан қаланың жаңа жылын көрдім, қандай керемет! Алаңның қақ ортасында алып шырша, әр түрлі әсем ойыншықтар жайлы, сол алаңда қыдырып жүрген балалар мен үлкендер, тіпті ит пен мысықтардың бақыты жайлы сөз қозғаған!

Джек: Сөйтіп, мен әлі де түсіне алмай тұрмын!

Скуби: Түсінбейтіндей несі бар? Біздің ауылдың жаңа жылы, елестет! Адамдар өз үйлеріне шырша қойса қояды, қоймаса атасынан қалған қолдан жасалған шыршаны ортаға қойып жаңа жыл дейді. Мысықтар более менее, көре алады, ал біз иттерге қиын ғой! Барлығы қуанып, шат-шадыман мәз болса, біз мұңайғаннан айға қарап ән айтып жүреміз!

Джек: Енді сізге кім бөгет жасап жатыр? Қалаға барыңыз!

Скуби: Мен жолды білмеймін, одан соң жалғыз баруға қорқам! Жолсерік керек дегендей? Одан соң жүрегіңіздегі ханымның арманын өз көзіңізбен көріп қайтып келген соң айтып бергенініңіз үлкен сый болады деген ойдамын!

Джек: Мұныңыз табылған ақыл екен синьор! Қалаға барып келу деген етік киген мысық үшін сөз емес! Мен сізге жолсерік болуға келісемін! Сапарға шығайық, сіз дайын болсаңыз мен дайын!

Скуби: Скуби-Дуби-Ду! Алақай! Сіз менің өмірлік арманымның кілті болдыңыз! Тіпті сізге қалай алғысымды айтарымды білмей тұрмын!

Джек: Сөзді доғарайық! Кім тәуекел етпейді, сол мақсатқа жетпейді!

Скуби: Бірақ, менің қарным ашып тұр! Жол алыс дегендей!

Джек: Болыңыз! Созылып жүруге уақыт жоқ, таң да жарысып қалды! Жаңа жылды көруге үлгермей қаласыз!

Скуби: Бір аяғым анда, бір аяғым осында! Қалған екі аяғым тамақты ұстайды!

Скуби сахнада шығып кетеді.

Джек: Өзгелердің арманын жүзеге асыру, менің өмірлік ұстанымым болсын! Жол жөкей осы сәтті пайдаланып өзіме жаңа жылға жаңа етік сыйлайын! Қыс та міне суытып барады, ал бұл етіктің әбден тозығы жетті...

Сахна сыртынан әтештің дауысы шығады.

Джек: Тсс..., синьор Әтеш! Синьор Әтеш тыныш деймін.

Сахна сыртынан муызкалық сүйемелдеумен Әтеш ұшып кіреді.

Әтеш: Біле білсеңіз, сіз менің күнделікті міндеттімді орындауға бөгет болдыңыз! Қалай ғана батылыңыз барды, мен сізді жекпе-жеке шақырам!

Джек: Оның керегі бола қоймас! Өйтені мен сізді жеп қоюуым мүмкін ғой!

Әтеш: Ха, мен сізден қорықпаймын! Неге енді керегі болмас! Керек! Сіз өйткені...

Джек: Білемін, қайталаудың керегі жоқ! Менің есімім Джек, көпшілік Етік киген мысық деп атап кеткен!

Әтеш: Естуім бар! Ал, мен мисстер Әтеш Пракаш Чопра Жөбірәлі, жүз жиырма балапаның әкесі және алты тауығымның адал жары болам!

Джек: Батылдығыңыз жайлы елден естімесем де, өз көзімді жеткізіп тұрмын!

Әтеш: Мақтауыңызға рахмет! Енді, неге менің міндетімді бөлдіңіз, мақсатқа көшер болсақ!

Джек: Мен және Скуби таң жарыспай жатып қалаға атанып кетеміз деген ойға келдік!

Әтеш: Қашқынмын деңіздер!

Джек: Жоқ, мисстер Әтеш Пракаш Чопра Жөбірәлі. Біз армандарымызды жүзеге асыруға бара жатырмыз!

Әтеш: Армандарыңызды... (классикалық музыка) Кезінде, менің де армандарым болған!

Джек: Тааак... құлағым сізде!

Әтеш: Ол қазір маңызды емес, армандайтын жастан өткеніме бір айдың жүзі толды! Бала шаға қамы мен әйелдерге адал жар болу міндетті армандарға қарама-қайшы келетін екі дүние!

Джек: Армандардың артынан еруге ешқашан да кеш емес! Тек оған сенім артып, сол үшін күресе білу керек синьор Әтеш! Кешіресіз мисстер Әтеш...(Пркаш)

Әтеш: Жетеді... (түсініксіз музыка, Әтеш шешім қабылдап) Мен, сіздермен барамын! Бір күнімді армандарымды орындауға арнасам, еш кемшілік бола қоймас! Ал, арманым жайлы, мен сіздермен бірге баратын болған жағдайда ғана жол жөнекей айтармын!

Джек: Сізді бәйбішелеріңіз іздеп қалмайды ма?

Әтеш: Үйдің басшысы өзім! Өз білгенімді істеймін. Мен Әтеш Пракаш Чопра Жөбірәлі ешкімнің алдында есеп бермегенмін!

Джек: Оған ешкім күмән келтіріп тұрған жоқ!

Сахна сыртынан Скуби тамақтанып кіріп келе жатты. Әтешті көріп қақалып қалады.

Скуби: Әтеш, мен бәрін түсіндірем! Тек түсінуге тырысшы!

Әтеш: Жүрегіңе құлақ салып, армандарыңды жүзеге асыруға бел буған екенсін, мен сені қолдаймын! Тіпті, мен сендермен бірге баруды жөн санап отырмын!

Скуби: Табылған ақыл! Қосымша күш ешқашан артықтық етпес!

Джек: Сөзді доғарайық синьорлар! Күнің көзі көрініп келеді, ел оянбай тұрғанда сапарымызға аттанайық!

Үшеуі бірігіп жолға шығады. Ауылдан шыға бергені сол еді, қызыл құйрығын құшақтап алдарынан Түлкі шығады.

Джек: О, синьорина, таңсәріден тыныштығыңызды бұзғанымызға кешіріңіз!

Түлкі: О, сөздеріңіз қандай керемет еді, жаныма майдай жағып жатыр. Маған ондай жылы сөздер айтылмағалы қашан...

Скуби: Өкпелемеңіз, жараңызға тұз сепкен болсақ!

Түлкі: Жоға... керісінше жастығымды есіме салып, сіздер мені қуанышқа бөледіңіздер!

Әтеш: Ханым, рұқсат болса біз жолымызды жалғасақ!

Түлкі: Қызық... таң жарыспай қайда жол тартыңыздар?

Джек: Қалаға, жаңа жылл күні армандарымызды орындауға бара жатырмыз!

Түлкі: Ммм... менің де арманым бар, осы қаусаған шақта жаңа жылды жалғыз қарсы алғым келмейді.

Скуби: Онда жүріңіз бізбен бірге, бәріміздің арманымыз бірге орындалсын.

Түлкі: Қуана-қуана баратын едім ғой, бірақ баяғыдай күш жоқ. Көріп тұрғандарыңыздай тұрсам отыра алмаймын, отырсам тұра алмаймын. Осындай сәтте жаныма демеу болып, тағы бір жылды қарсы алатын жан болса деп едім.

Джек: Кешіріңіз, синьора біздің бәріміздің өз арманымыз бар еді... тек... әтеш мырза өз арманы жайлы айтқан жоқ!

Түлкі: Кешіресіздер, сөздеріңізді бөлгеніме. Мүмкін болса, мен өз арманымды жеткізсем. Менің арманым, осы жаңа жылды, жаңа жыл иесімен қарсы алсам деген еді.

Скуби: Ренжімеңіз... мен сізді түсінем. Арманға қол жеткізе алмай қалу дегеннен сорақы жаза жоқ шығар!

Әтеш: Рұқсат болса, мен өз арманымды айта кетер болсам!

Джек: Тұра тұрыңыз...

Джек Әтешті шетке шақырып сыбырласып келеді.

Скуби: Меннен жасырын не айтып келдіңдер?

Джек: Әтеш мырзаның арманы да түлкі ханымның арманымен тең келіп отыр, бірақ біраз өзгешелеу.

Түлкі: Сонда қандай екен? Менің қуанышымда шек жоқ екенін білсеңіздер!

Әтеш: Достарымды жолға салар бұрын жасырынбақ ойнағым келді. Түлкі ханым, сіздің жасыңыз үлкен болғандықтан, ойынды сіз бастасаңыз!

Скуби: Әтеш сіздің кең пейіл екеніңізді әрқашан білгем.

Түлкі: Иә... бірақ... қалай?... Ыңғайсыздау емес пе?

Джек: Әркімнің арманы орындалуы тиіс. Жаңа жыл келе жатыр.

Түлкі: Жарайды... жарайды...

Түлкі теріс бұрылып санай бастайды. Ал Әтеш пен Джек Скубидің жасырынып жатқан жерінен алып кетті. Түлкі санап болып, үшеуін іздеуге кірісті.Ары-бері қарап

Түлкі: Алдап кетті, алдап кетті. Менің айламнан озып, мен Түлкіні алдап кетті. Ұят ай, ұят ай!

Түлкі сахнадан шығып кетеді. Әтеш, Скуби және Джек жолда келе жатып адасып кетті.

Скуби: (Ыңылдап) Менің қарным ашты, қарным ашты! Қалаға дейін әлі алыс па?

Әтеш: Сендердің қала дегендерің қайда?

Джек: Саспаңыздар синьорлар! Біз бар жоғы біраз ғана жолдан шығып кеттік.

Скуби: Аааа.... біз енді осында жаңа жылды қарсы аламыз ба? Одан да ауылда кішкентай болса да өз үйшігімде қарсы алғаным артық емес пе еді?

Әтеш: Тыныш мырзалар! Алыстан бізге қарай жылжып бір нысан келе жатыр. Шабуыл дайындығына кірісеміз.

Әтеш пен Джек талдардың артына тығыла қалады. Скуби тығыларға орын тапай сахнаның ортасына өзіне өліге салып жатып алады. Сахнаға Барыс шығады. Скубидің қасына жақындағанда, Скуби шошығаннан атып тұрып қаша жөнеледі.

Барыс: Тұра тұрыңыз! Қайда қашып барасыз?

Скуби: Ауылға, ауылға, ауылға!

Әтеш: Тоқта Скуби, соншама су жүрек болғаның ба?

Джек: Егер біздің досымызды ренжітер болсаңыз, қылышымның сырымен танысасын!

Барыс: Азаматтар мен ешкімге де жамандық ойлап тұрған жоқпын!

Скуби: Шынымен бе?

Барыс: Мен негізі вегетарианецпін. Сондықтан менен қорқудың керегі жоқ, әсіресе сіз Әтеш!

Скуби сахна шетінен ортаға сенімсіздікпен адым басып келеді. Әтеш жұлқынып

Әтеш: Сіз мені өз-өзін қорғай алмайды деп ойлайсыз ба? Мен сізді жекпе-жекке шақырам! Шығыңыз ортаға! Кішкентай деп мазақ еткеніңіз үшін сазайыңызды тартқызайын!

Барыс: Жоооқ... кешіресіз, ренжіткен болсам ғафу етіңіз!

Джек: Не шаруамен жүрген жансыз?

Барыс: Мен... мен... мен негізі зоопарктен қашып келе жатырмын. Өмір бойы жаңа жылды қалада, зоопаркте өткіземін. Шаршадым бір күйді қайта-қайта айналдырып тыңдаудан! Осы жылы батылдығымды ұстап ең жақын ауылда жаңа жылды қарсы алсам деймін.

Скуби: Мен сіз өте жақсы түсінем, бірақ неге ауылда? Елдің бәрі, әсіресе мына біз сияқтылар қалаға ағылып жатқанда сіздің ауылға қарай асықаныңыз қызық екен.

Джек: Ондай мұндай жағдайлар болып тұрады.

Әтеш: Негізі сіздің бізге жолығып қалғаныңыз өте жөн болды. Біз қалаға барар жолды жоғалтып алып едік.

Барыс: Мен де сіздерді көргеніме қуаныштымын. Мен де ауылға барар жолды таба алмай келе жатқам.

Джек: Онда не тұрыс біз сізге-сіз бізге жол көрсетіп өз жөнімізге жүрейік. Жаңа жыл мерекесіне үлгермей қалып жүрмейік.

Музыка ойнайды. Жануарлар бір-біріне жолды көрсетіп, қоштасып кетеді.

Көңілді музыка ойналады. Әтеш, Джек, Скуби көңілді бәрі билеп келе жатыр. Бір кезде музыка дауысы бәсеңдеп, әңгіме құра бастайды.

Скуби:Скуби-Дуби-Ду! Бұл менің өмірімдегі ең ерекше жаңа жыл болды... Арманым орындалды

Джек: Армансызбын де...

Скуби: Армансыз жан болмайды, бір арман орындалса орынын басқа арман басады.

Джек: Дұрыс... Мен де өзіме жаңа етік алып, арманым жүзеге асты. А, айтпақшы синьор Әтеш сізді біз алаңға барған сәттен бастап жоғалтып алдық, қайда болдыңыз?

Скуби: Иә... зорға таптық қой

Әтеш: Еее... жігіттер! Мен сіздерге өз арманымды айтпаған едім ғой, бәрін ашық айтатын уақыт келді.

Скуби: Қызық... қызық!

Әтеш: Скуби сіз менің арманым жайлы қатты білгіңіз кеп жатқан секілді!

Скуби: Бәрінен артық!

Джек: Онда бізге билеп беріңіз!

Скуби: ыыыы.... неге?

Скубидің түрін көріп бәрі күлді.

Әтеш: Менің арманым үлкен сахнада ән айту болатын! Менің де арманым орындалды.

Джек: Қараңыздар, ауылымыз да көрініп қалды.

Скуби: Қандай керемет, үйің болғаны қандай ғажап!

Әтеш: Мен балапандарымды сағынып қалдым!

Скуби: Барыстың арманы жүзеге асқан болар!

Джек: Синьор Әтеш, сіз әнші ретінде ауылға жеке концертіңізді қойсақ қалай болады?

Әтеш: Сіз дайын болсаңыз біз дайын

Сахнаның сыртына шығып кетті. Бір кезде ауызында сүйегі бар Скуби сахна ортасына шығып,сүйегін қолына алып

Скуби: Армандарға сену керек, бүгін болмаса да ертең орындалуы мүмкін. Армандарға жетуге әрекет қылыңыздар!

Сахна сыртынан «Скуби» деген дауыс естіледі.

Скуби: Мен барайын, қожайыным тамаққа шақырып жатыр.




-80%
Курсы профессиональной переподготовке

Руководство и управление организацией дополнительного образования

Продолжительность 300 или 600 часов
Документ: Диплом о профессиональной переподготовке
13800 руб.
от 2760 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Скуби и Кот в сапогах (27.39 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт