Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназия
Эссе
Тақырыбы: "Өмір мектебінің ой түйіні"
(Сара Алпысқызы Назарбаеваның шығармасы бойынша)
Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі:
Спанова Гульжамила Қаныбекқызы
2017 ж
Өмір мектебі бойынша
Эссе
Адам өмірінің маңыздылығы неде деп ойлайсыздар? Адам өмірге қандай мақсатпен келеді ? Әрине бұл сұрақтар әрбір адамның көкейінде жүргені анық. Өмір өзен секілді. Тынбай ағып жатады. Өмір болмас қасіретсіз, мұң қайғы,- деп қазақ халқы өмірді ағып жатқан өзенге теңейді. Өйткені өмір өзен тәрізді тоқтаусыз, ешкімге білдірмей өтіп жатады. Сол өзен ағынында кейбір жан өз арнасын тауып жатса, енді кейбіреулері бастарын тасқа да, жарға да ұрып, өз жолын таба алмай жатады. Әрбір адамның өзінің өмір сүру салты бар. Адамдар әртүрлі болғандықтан, олардың әр бірі түрлі өмір салтымен өмір сүреді. алайда өмір сүре отырып адамдар өмірдің нақты мағынасын түсіне бастайды. Себебі уақыт өткен сайын қателіктер мен жетістіктерді уақыт таразысымен саралай бастайды. Өмір бізді көп нәрсеге үйретеді. Өмір мектебі арқылы әрбір адам есейеді, өмірге деген көзқарасы өзгереді. Өз қателіктері алға ұмтылу үшін жол көрсететін бағдар бола алады. Кейбір адамдар қателіктерінен үйренсе, ал кейбіреулері бір қателікті жасамаймын деп екінші қателіктерді жасайды.
Сара Алпысқызы осы жөнінен өзінің "Өмір мектебі" атты шығармасында өз ойын түйіндеп, басқаларға ой салатын жақсы мағынасы бар тақырыпты қозғай білген.
Біріншіден өмірдегі адам баласының қателіктері неден басталатын алға қойып, мәселені шешудің жолдарын іздеу үшін "Бөбек" қорын ашып жұмысты жүргізе бастады. Қордың не мақсатта пайдаланатынын естіп білген әрбір азамат жан-жақтан бұл қорға өз үлесін қоса білді. "Бөбек" қорын ашудың мақсаты елімізден бастап барлық мемлекеттерде ең алдымен тастанды балдардың болмауын қолға алды. Ал тастанды балдардың неге көп болатыны ол кісіні көп ойландырды. Ойлана келе өзінің дұрыс жолды ұстанғанын сенімді түрде айқындау үшін адамның сана сезіміне дұрыс ой ұялату керектігін түсінеді. Қордың арқасында мемлекеттің көмекті қажет ететін әрбір балалардың барлығына жәрдем беріле бастады. Оның ішінде тастанды, жетім балалар алғы орында болды.
Екіншіден демек адами мінезқұлықтарын дұрыс қалыпқа келген адам дұрыс әрекет жасайды дегенді алға тартады. Көптеген педагогтармен кездесе отырып сұрақты талқыға салады. Адамдардың мінезқұлықтары өзгерсе онда өмірде де, адамдердың арасында жақсы қарым-қатынас пайда болады, адамгершілік құндылықтары артады деген нақты мақсатты алға қояды. Ол үшін адамдармен сөйлесіп олардың өміріндегі қиындықтар мен қателіктерді саралай бастайды. Барлығы да адамдардың өз мінез құлықтары мен адами құндылықтардың жетіспеушілігінен туындайтынын анықтайды. Сол себептен адамдар қателікке ұрынбау үшін, өмірде өз орындарын дұрыс табу үшін оларға өмір мектебінен өздерін дұрыс танып білу керектігін жолға қояды. Осындай қиындықтан адамдарға өмір деген өзеннен дұрыс жолды таңдау үшін "Өзін-өзі тану" пәнін арнайы бағдарлама құра отырып, пән ретінде бала-бақшадан бастап жоғарғы оқу орындарына пән ретінде енгізуді қолға алады. Алдағы уақытта барлық адамдар , ұлдарымыз бен қыздарымыз өмірде қателеспей, дұрыс бағытты ұстана білу керек. Араларындағы қарым-қатынасты орната отырып, рухани адамгершілік құндылықтар ретінде сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, талап, татулық сияқты қазақ ұлтына тән қасиеттер мен құндылықтарды үйлестіру басты мақсаттың бірі
болды.
Үшіншіден қандай жағдай болмасын ақыл - ойымызбен, сабырлылығымызбен жеңе білуіміз керек. Қоғамда болып жатқан жаман әдеттерге кінәлі - өзіміз. Осындай жат, жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстап, төзімділік, табандылық танытып, адамгершілік қасиеттерді жоғары ұстай білуіміз керек. Сонда адамдар бір -біріне мейірімді болса, адамгершілік құдылықтарымыз көп болса тастанды балдардың жетімдер үйін жағаламай әр бала өз отбасында өмір сүре алады деген ойларға жетелеп отырды.
Кез келген адамды туылғанынан бастап әр кезеңінде дұрыс тәрбие ала алса, болашақта еліміз баққытты, сәбилеріміз өзгенің қолында жыламай өтер еді деген үлкен үміт болды.
"Бөбек" қоры "Өзін-өзі тану" мектебімен ортақ үлкен мақсат пен мүддесі іске асырылды.
Сара Алпысқызының өмір мектебінен "Бала арманы", "Өзін-өзі тану" - жаңаша тәрбие бастауы, "Шаттық шеңбері", "Сүйіспеншілік" сабақтарының үнемі, үзіліссіз, болып тұрса, онда адамдарда өзгеретінін түсіндірді. Оны мына жолдардан байқауға болады.
Сара Алпысқызы жаңа сана-сезімді тәрбиелеудің маңызды міндеті – адамды беруге үйретуде, барлық жүйені жақын адамға, әсіресе, балаларға беруге, сыйлауға және қамқор болуға қайта жасауда деп есептейді. Адам – жасаушы, құрушы. Ол әлемге зұлымдық, бүліншілік емес, игі істер және ойлар әкелуі керек. Және ол Жер ғаламшарында, яғни, өз үйінде не болып жатқанына жеке өзі жауап береді. Себебі әлемдік тепе-теңдіктің сәл ғана бұзылуы түзеуге келмейтін салдарларға алып келуі мүмкін. Қандай жағдай болмасын біз және біздің балаларымыз, немерелеріміз, шөберелеріміз барлық өмір сынынан адамның жоғары атағын лайықты түрде алып шығуымыз керек. Мұндағы сана сезім басты міндетті атқаратынын көруге болады.
Өмір мектебі деп Сара Алпысқызының жалпы адамдық құндылықтар туралы терең философиялық ойлар табуға болатын «Путь к себе», «Во имя жизни», «Этика жизни» кітаптарын атауға болады. Бұл жай ғана сөздер емес, бұл – әрекетке әрдайым орын бар өмір ұстанымы. Және де осы арада Беслан трагедиясын еске алғым келіп отыр. Ол да бірінші ханымның жүрегі арқылы өткен. Беслан балалары «Махаббат сабағының» қонақтары болған. Осыдан кейін Қазақстан халқына, екі ел елшілігінің жетекшілеріне және Қазақстанның бірінші ханымы Сара Алпысқызына Қазақстан жеріндегі әр минут сайын сезінген көмек, махаббат, көңіл және қамқорлық сезімдері үшін алғыстарын айтты.
«Өзін-өзі тану» деп аталатын, рухани-адамгершілік құндылықтарды жаңғырту бойынша білім жобасының авторы: оның басты мақсаты – жалпы адами құндылықтарды жаңғырту, балаларды өз-өзімен және қоршаған ортамен үйлесімде өмір сүруге үйрету. Сара Алпысқызы әр қазақстандық кішкентайдың тағдырына алаңдайды. Өз қамқорлығымен ол балалар өз елінің патриот азаматтары болып өсу үшін оларға үміт сыйлайды. Оның халықаралық аренада сөйлеген барлық сөзі бала жанын сақтауға және жас ұрпақтың бақыты үшін өмірді өзгертуге үндеу болып табылады
" Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім берудің жалпы мақсаты: әрбір оқушының жеке тұлғалылығын және ішкі әлемін ойлауды қамтамасыз ету; өмірдегі ең маңызды құзіретті мақсатты дамытудың негізінде үйлесімді тұлғаны қалыптастыруға үлесін қосу: өзінің өмірлік айқындамасын анықтау; адамгершілік нормаларына сәйкес әр түрлі сұрақтарды конструктивті түрде шешу; өзіне, адамдарға және қоршаған ортаға ізгі көңіл бөлу; адамдарға көмек көрсету, жақындары мен туысқандарына қамқорлық жасау; өз-өзімен үйлесімде өмір сүру; ойларында, сөйлеген сөздерінде және әрекеттерінде шынайы болу; жасампаздық белсенділікті, азаматтылықты және отансүйгіштікті көрсету; адамгершілікті таңдауда дайындығын көрсету және өзінің ойына, сөйлеген сөзіне және әрекетіне жауапты болу; қоғамға қызмет етуді тәжірибеде дамыту. Жалпы мақсаттар күнделікті тәжірибеде: тұлғаның өзін-өзі толықтай көрсетуге және ұғынуға көмектесетін жалпы адами құндылықтарды оқыту негізінде тұтас білім беру процесін құру арқылы; балалардың жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, тұлғаның рухани-адамгершілік әлеуетін дамытуға әсер ететін ақпараттық және білім беру кеңістігін құру арқылы; басқа жалпы білім беру пәндерінің мазмұнының тұтастық ұғымын күшейту арқылы; қоғамға қызмет етуге бағытталған білім беруден және мектептен тыс қызметтерде тәрбиенің ролін күшейту; мектеп пен отбасының әлеуметтік серіктестігін, мұғалімдер мен ата-аналардың, қамқоршылар мен тәрбиелеушілердің тығыз ынтымақтастығын дамыту арқылы тұлғаның рухани-адамгершілігін қалыптастыру оң алғышарттар жасау арқылы жүзеге асырылу мүмкін.
Қорытынды:
Қорытындылай келе өмір мектебі таңғажайып ғаламшарымызда әрбір адам өздігінше сабақ алуда. Дүниеге шыр етіп түсіп, соңғы ақтық деміміз қалғанша өмір мектебінің шәкірттеріміз. Біреулерге өмір мектебінен білім алу жүйесі ұнаса, екіншілеріміз бұрынғы қателіктерімізді қайталап сол қателіктер аралында бірнеше жылдар бойы қалып қоямыз.
Өмір мектебінде жетістіктерге жету үшін не істеу керек? Жер шарында өмір сүріп жатқан адамдар бір уақытта шәкірт болса, дәл солай ұстаз қызметін атқарады. Өмір мектебінің әрекет жүйесі үздіксіз жұмыс жасайды. Сіз тоқтағанмен, ол кідірмейді. Өзіне ілескен жандарды өзімен ерте жүреді. Жіберген қателіктерімізге байланысты түрлі сынақтар ұйымдастырып отырады. Онда адамдар бірі алда жүрсе енді біреулері соңында келеді, жалқаулар да кездеседі. Қатып қалған қағида жоқ, қателескен жандарға да түзелу үшін мүмкіндіктер беріледі. Өмір өзен шәкірттерін үйретуден жалықпайды. Өмір мектебінде барлығы да ойластырылған. Өмір ешкімді мәжбүрлемейді, қалағаныңды оқып, жетістікке жетуіңе тілекші болады. ал алар бағамыз көпті көргендігімен өлшенеді. Өмір ғылымды зерттеуге талпынып, үнемі өзін толықтырып отыруға тырысатын, адамзаттың мүддесіне ортақ дүниелерге қызмет көрсетуге дайын шәкірттерін жақсы көреді. Өмір мектебі мәселелерін өзі шешетін, жауапкершілігі мол, шыдамды жандарға күле қараса, жеңілдің үстімен жүруге дайын жандарды ұната бермейді. Болашағымыз нұрлы, еліміздің ертеңі нұрлы болсын десек, ел болып, халық болып болашағымызды, ұлтымызды, тегімізді жоғалтып алмау үшін дұрыс өмір жолымен өмір сүріп, рухани адамгершілік құндылықтарымызды жоғалтпауға тырысуымыз қажет.