Меню
Разработки
Разработки  /  Физика  /  Уроки  /  8 класс  /  Сабақ:"Жылу құбылысын қайталау"

Сабақ:"Жылу құбылысын қайталау"

Та?ырыбы: Жылу ??былыстарын ?айталау.

Ма?саты:

  1. Жылу ??былыстрыны? таралу ?рдісін т?рмыспен ?штастыру.
  2. О?ушыларды? ал?ан білімдерін толы?тырып, тілін, ойын, шы?армашылы? ?абілетін дамыту.

О?ушылар?а физика п?ні? о?ыту барысында ?аза?ты? баспанасын, киімдерін, аспаптарды жаса?анда физика за?дылы?тарын ?олдана білгендігін т?сіндіру

28.01.2017

Содержимое разработки

Жылу құбылысын қайталау

Е.Д. Аязбаев. №53 мектеп-лицейінің физика пәні мұғалімі


Тақырыбы: Жылу құбылыстарын қайталау.

Мақсаты:

  1. Жылу құбылыстрының таралу үрдісін тұрмыспен ұштастыру.

  2. Оқушылардың алған білімдерін толықтырып, тілін, ойын, шығармашылық қабілетін дамыту.

  3. Оқушыларға физика пәнің оқыту барысында қазақтың баспанасын, киімдерін, аспаптарды жасағанда физика заңдылықтарын қолдана білгендігін түсіндіру.

Көрнекті құралдар мен демонстрациялар: Термометр, шам.

Жылуөткізгіштік, конвекция, сәуле шығару құбылысын бақылау.

Сабактын барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Өткен сабақты игеру барысын тексеру.

III. Табиғатта, тұрмыста жылуқұбылыстары мысалдарын берілген слайдтар арқылы сұрақ жауап.

IV. Жылу мөлшерін, жылу сыйымдылығын, температурасын табуға арналған есептерді шығару.

V. Қорытынды.

7 сыныпта біз механикалық құбылыстар жайлы алғашқы мағлұматтармен танысқан болатынбыз. Ал 8 сыныпта жылу, электрмагнит және жарық сияқты табиғат құбылыстарын оқып үйреніп, олардың өзара байланыстарын заңдылықтарын оқып үйренеміз.

Механикалық құбылыстардан кейінгі елеулі және танымал құбылыстар ол - жылу

құбылыстары.

Жылу құбылыстары ерте заманнан - ақ адамдардың назарын аударып келген. Адамның алғашқы от жағуды үйренуімен оны өшірмей сақтай білуі, адамзат ашқан ұлы жаналықтардың бірі болып табылады.

Қазіргі заманда жылу құбылыстары адамзат өмірінде ерекше орын алады, себебі Күн адамға жер бетіндегі тіршілік иелеріне, өсімдіктерге даму процессіне әсерін тигізетін болса, адам эволюциясы кезінде жылулық процесстерді зерделеу барысында оны өз пайдасында тұрмыста, өндірісте және техникада кеңінен қолдануда. Оған көптеген мысалдар келтіруге болады: Үйлерді элетрорталығынан келетін ыстық суды радиаторларға құйып жылыту, үтіктер, электр шәйнектер, пештер, жылыжайлар.

Жылу құбылыстары денелердің қыздыруымен немесе суытуымен, яғни олардың температурасының өзгеруімен байлынысты екенің ескере, өткен тарауға қысқаша шолу жүргізейік.

I. Ұйымдастырушылық кезең.

II. Өткен сабақты игеру барысын тексеру.

Бақылау сұрақтары:

  1. Физиканың қарастыратын тарауларының әрқайсысының белгілі бір негізі заңдылықтары болады. Мысалы: механикада И. Ньютонның заңдары, ал біз қарастырып жатқан жылу құбылыстарын зерттейтін физиканың бөлімі қалай аталады? ( термодинамика )

  2. Термодинамика ұғымын қалай түсіндіре аласындар? ( Термодинамика грек сөзі, термо - жылу, ал динамика - күш )

  3. Жылу алмасу дегеніміз не? ( екі дене жанасқанда, жылу берілу жолымен энергияның қаттырақ қыздырылған денеден азырақ қыздырылған денеге берілу )

  4. Жылу процессіне мысалдар келтіріндер ( отқа қойған шәйнек, ыстық шайға салынған қасық )

  5. Денелер арасындағы жылу алмасу процессін қандай құралмен анықтауға болады? ( Термометр )

  6. Термометр дегеніміз не? ( температурасы өлшенетін денемен жылулық байланыста болатын дене )

  7. Термометрдің қандай түрлерін білесіндер? ( сынапты, спиртті )

  8. Бұл термометрдің ерекшеліктері неде? ( Сынапты үй тұрмыста, ол тез қатады, спиртті өнеркәсіпте, ол қатпайды )

  9. Жылу берудің қандай түрлері бар? ( үш түрі бар: жылу өткізгіштік, сәуле шығару, конвекция )

  10. Жылу берілудің әр түрін өзіне тән ерекшелігі бар, бірақ оларға ортақ қасиеті қандай? ( жылу берілу әрдайым көбірек қыздырылған денеден азырақ қыздырылған денеге қарай жүреді )

  11. Жылу өткізгіштік дегеніміз не? ( Ішкі энергияның көбірек қыздырылған бөлігінен тікелей байланыс арқылы немесе аралық денелер арқылы көбірек қыздырылған денеге берілуін айтамыз. )

  12. Конвекция дегеніміз не? ( сұйықтың немесе газдың ағыны арқылы энергияның тасымалдануы )

  13. Қатты денелерде конвенция бола ма? ( жоқ, себебі: қатты денелер вакуумдық ортада молекулалар қозғалысы жоқ )

  14. Сәуле шығару ( сәулелік жылу алмасу ) қалай жүзеге асырылады? ( Қызған денелердің сәуле шығарып электромагниттік энергия таратуын сәуле шығару ( cәулелік жылу алмасу) деп атайды )

  15. Жылу мөлшері дегеніміз не? ( жылу берілу кезінде дененің алатын немесе жоғалтатын энергияның мөлшерін жылу мөлшері деп атаймыз )

  16. Жылу мөлшері қандай шамаларға тәуелді? ( жылу мөлшері дененің температурасына, массасына, дененің тегіне байланысты )

  17. Жылу мөлшерінің өлшем бірлігі? ( Джоуль, килоДжоуль )

  18. Заттың меншікті жылу сыйымдылығы нені көрсетеді? Белгіленуі? Өлшем бірлігі? ( 1кг заттың температурасы 1С- қа өзгеру үшін қанша жылу қажет екендігін көрсететін физикалық шама, белгіленуі С әрпімен, өлшем бірлігі Джоуль/килограмм С )

  19. Жылу балансының теңдеуін тұжырымдап, форуласын өрнектендер. ( Денені қыздыру немесе салқындатқанда бөлінетін жылу мөлшері анықтау үшін - заттың меншікті жылусыйымдылығын дене массасына және температуралар айырымына көбейту керек ). Формуласы


III. Табиғатта, тұрмыста жылу құбылыстары мысалдарын берілген слайдтар арқылы сұрақ жауап.

Енді жылу энергиясын халқымыздың тұрмыста қолдану жағдайын қарастырайық. Қысы өте суық біздің орталық Қазақстанда биылғыдай жағдайларда өмір сүру үшін жылу энергиясын белгілі бір мөлшерде қолданып оны сақтай білуіміз керек. Бұл процесс өте ертеден басталған. Күннің беретін жылуын сақтау үшін белгілі материалды тұрмыста қолдана білу кажет.

Мысалы:

Киіз үй неге киізбен жабылған?

( киіздің жылу алмасуы өте аз )

Киіз үйді жылыту әдістері қандай?

( Ошаққа от жағу )


Адам баласы тек қана үйде отырып қоймай сыртта да белгілі бір шаруашылықпен айналысқан. Сондықтан осы сырттағы адамдардың өз бойының жылулығын сақтау тиіс. Оны қандай жолмен іске асыра алады? ( киім киуі тиіс )

Енді осы біздің ата-бабаларымыздың суықтан қорғану үшін қолданылған киім түрлерін атаңдар:














Тымақ Ішік











Құс төсек





Саптама етік


Желетке

Ал жас балаларды суықтан сақтандыру үшін қандай жағдай жасаған?

Жас нәрестелерді бесікке бөлеу арқылы өсірген.

Бесік бұл киіз үйдің ішіндегі екінші үй ретінде қолданылған.

Бесік


Табиғи жылу көзі ол-Күн.

Күннің толық сәуле шығару қуаты p=4*кВт

Температурасы 6000К. Күн өз энергиясын сәуле шығару жолымен жерге жеткізеді.

IV. Жылу мөлшерін, жылу сыйымдылығын, температурасын, табуға арналған есептерді шығару.

№1 Массасы 250 г. суға 10 Дж жылу бергендегі оның температурасының өзгерісі неге тең?

№2 Массасы 100 г. темірді 20°C-тан 40°C-қа дейін қыздыру үшін 280 Дж энергия жұмсалса,металл бұйымы неден жасалған?.

№3 Суға 178,5 кДж энергия беріп, 15°C-дағы судың қанша мөлшерін қайнатуға болады?


V. Корытындылап, оқушыларды бағалап, үйге тапсырма беру.

Қорытынды:

Бүгінгі қарастырылған жылу құбылыстары туралы айтылған деректерден, жылу адам баласының өмір сүруі үшін маңызды орын алатынын білдік. Сонымен қатар, осы жылу энергиясын алу және сақтау жолдарында қарастырып үйрендік. Жылу энергиясының сақталу заңын анықтадық. Осы заңға сәйкес оқшауланған санақ жүйелерінде берілген және алынған мөлшері бір біріне тең болады.

Астана қаласы


-80%
Курсы дополнительного образования

Основы правильного питания

Продолжительность 72 часа
Документ: Cвидетельство о прохождении курса
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Сабақ:"Жылу құбылысын қайталау" (651.53 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт