Меню
Разработки
Разработки  /  Всем учителям  /  Уроки  /  7 класс  /  Сабақ жоспары "Сноуборд тебемін"

Сабақ жоспары "Сноуборд тебемін"

?аза? тілінде ?уес ісіне байланысты на?ты айтыл?ан ша?ын хабарламаларды ?олдану ар?ылы тілдік коммуникация ??ру. Лексикалы? та?ырып аясында б?лшектік сан есімді ме?герту.

14.05.2017

Содержимое разработки

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Шапиева Жулдыз Жумашевна

Пән: қазақ тілі

Сынып: 7

Сабақтың тақырыбы

Сноуборд тебемін

Оқу мақсаты

(Осы сабақтың сол мақсатқа қол жеткізуде тигізетін үлесі)

Қазақ тілінде әуес ісіне байланысты нақты айтылған шағын хабарламаларды қолдану арқылы тілдік коммуникация

құру. Лексикалық тақырып аясында бөлшектік сан есімді меңгерту.

Сабақтың мақсаттары


Барлық оқушылар орындай алады: тақырыпқа қатысты мәтіндерді мәнерлеп оқиды, мәтіндерден тақырыпқа

қатысты негізгі ақпаратты таба алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: сабақ барысында мәтіндерді талдау, сипаттау арқылы өзінің

әуес ісі жайлы толық ақпарат бере алады.

Кейбір оқушылар орындай алады: тақырып көлемінде сөйлемдерді құрау арқылы тілдесімге түседі, қарапайым

сөйлеу үлгілері арқылы әуес ісі жөнінде сұхбаттасады.

Алдыңғы білім

Өткен сабақтың тапсырмасын тексеру

Жоспар. Қолданылатын әдіс – тәсілдер: әңгімелеу, сипаттау, түсіндіру, сұрақ-жауап, «Көңіл күйді анықтау» тренингі, «Ой шақыру» әдісі, ассоциограмма, «Қарлы кесек» ойыны, «Атомдар мен молекулалар» ойыны, «Броундық қозғалыс» әдісі, «Жеке әңгіме» техникасы, сергіту жаттығуы.

Сабақ кезеңдері (уақыт)

Жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Басы (Ой қозғау)

0-10


1. Ұйымдастыру кезеңі

Ынтымақтастық атмосферасын құру. Тренинг «Жүректен – жүрекке»

Қызығушылықты ояту

«Ой шақыру» әдісін пайдаланып, интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты суреттер көрсету. Сипаттап берулерін сұрау.

Интерактивті тақта, слайдтар,

А4 парағы, маркерлер,

плакат, тақырыпқа

қатысты альбомдар,

буклеттер, смайликтер.

Ортасы

(Мағынаны ашу)

10 – 25




Мағынаны тану

1. Сөздікпен жұмыс. Жаңа сөздердің мағынасын түсіндіру.Талғам, мінез-құлық, жартысы, жарым, ширек, қауіпті әрі қызықты, аяқты бүгу, екі аяқтап, өрге шығу, шыр айналу, тақтай, әмбебап, құмарттым.


2. Мәтіналды жұмыс.

а) 1-тапсырма. Жақша ішінен сөйлемнің мағынасына сәйкес келетін сөзді

табады, тірек сөздерді пайдаланып, сөйлемдер құрастырып жазады.

ә) 2-тапсырма. Суреттерге қарап кімнің әуес ісі қандай екенін айтады, берілген

сөйлемдерді аяқтайды.


3. Грамматика. Бөлшектік сан есімді меңгерту.


4. Мәтінмен жұмыс.

а) 3 – тапсырма. Мәтінді дұрыс оқуға машықтандыру.

ә) 4 – тапсырма. Мәтіннен сан есімдерді табады, есептік сан есімдерді бір бағанға,

бөлшектік сан есімдерді екінші бағанға бөліп жазады.


б) 5,6 – тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді, сөздердің аудармасын

дұрыс сәйкестендіріп, сөйлем құрайды, әр суретке екі сөйлемнен құрайды, ақпараттың дұрыстығын тексереді, сөйлем құрайды..


в) 7 – тапсырма. «Қарлы кесек» ойынының шартын орындайды, мәтінді

Әлібектің атынан мазмұндап айтады.


5. Мәтінсоңы жұмыс.

а) 8-тапсырма. Хатты қазақ тіліне аударады, мәтін бойынша «Қос жазба» күнделігін толтырады.

ә) 12-тапсырма. Досымен сноуборд туралы диалог құрады.

г) Сыр сандықтағы сөздер. Мағынасын талдайды, есте сақтайды.



Соңы 25 – 40





ІІІ. Ойтолғаныс. Топтық жұмыс.

«Броундық қозғалыс» әдісі. Оқушыларға сипаттама мәтінін құрау үшін «Менің әуес

ісім» деген тақырып береді. Аталған тақырыпқа қатысты сыныпты аралап ақпарат

жинайды. Басқалармен ой бөліседі. Мәтін құрайды.

IV. Бекіту.

9-тапсырма. Досына өзінің әуес ісі туралы жауап хат жазады.

Үйге: 10 – тапсырма

Рефлексия 40 – 42

Оқушылар жапсырмаларға келесі сұрақтарға жауап жазады.

1) Бүгінгі сабақта мен... үйрендім

2) Бүгінгі сабақ мен.... білдім

3) Мен білгім келеді ...

Жапсырмалар

Қорытынды бағалау

42 – 45

Бағалау парақшалары




-80%
Курсы профессиональной переподготовке

Учитель, преподаватель обществознания

Продолжительность 300 или 600 часов
Документ: Диплом о профессиональной переподготовке
13800 руб.
от 2760 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Сабақ жоспары "Сноуборд тебемін" (21.18 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт