Меню
Разработки
Разработки  /  Информатика  /  Уроки  /  5 класс  /  Сабақ жоспары 5 сынып информатика пәні

Сабақ жоспары 5 сынып информатика пәні

Сабақ: Программалық жабдықтама

Сабақтың мақсаты: 5.2.2.1 «программалық қамтамассыз ету» ұғымын түсіндіру

22.02.2018

Содержимое разработки

Сабақ № 12 Программалық жабдықтама

Мектеп: «№ 7 ОММДШО»КММ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5 « а»

Қатысқан оқушы саны:

Қатыспаған оқушы саны:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

Программа туралы түсінік, программалық жабдықтама ұғымын меңгерту, білім-білік дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың мақсаты

5.2.2.1 «программалық қамтамассыз ету» ұғымын түсіндіру

Жетістік критерийлері

Барлық оқушылар:

1.Программа, программалық жабдықтама ұғымымен, операциялық жүйе, драйвер ұғымдарымен танысады.

2. Біліп үйренгендерін қолданып, практикалық және теориялық түрде берілген тапсырмаларды орындайды.

Оқушылардың басым бөлігі:

Жүйелік программалық жабдықтама, қолданбалы программалық жабдықтама (қосымшалар), программалау жүйелері туралы білімдері қалыптасады.

Кейбір оқушылар:

Білімін жинақтайды, рефлексия жасайды, ақпараттың өлшем бірліктеріне берілген түрлі тапсырмаларды орындайды.

Өткен тақырып

«Бес сұрақ» әдісі арқылы өткен тақырыпты қайталау

Қолданылатын

әдіс-тәсілдер

Сыни тұрғыдан ойлау (СТО), «Миға шабуыл», «Бес сұрақ»

Қолданылатын

ресурстар

Оқулық

Пәнаралық байланыс

Математика, әдебиет, қазақ тілі

Сабақ барысы

Жұмыс түрлері

Тапсырмалар, қосымшалар

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

(нәтижесі)

1 кезең

Үйымдастыру кезеңі







Тренинг: Бүгін күн қандай?

Ақпарат алмасу. Сынып оқушылары өз ойымен бөліседі.

Сынып оқушыларының зейінін сабаққа аудару. Психологиялық ахуал қалыптастыру, топтастыру.

Сынып оқушылары

« Жүйелік программалық жабдықтама», «Қолданбалы программалық жабдықтама», «Операциялық жүйе» бойынша жаңа сабақ ұғымдарымен топтасады.

Үй тапсырмасын тексеру


«Бес сұрақ» әдісі бойынша үй тапсырманы сұрау. Ақпараттың өлшем бірліктерін атаңдар.

Ақпарат көлемі деген не?

Интербелсенді тақтадан сұрақтар көрсету

Оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді..

Қызығушылығын ояту, мәселе қою.

«Миға шабуыл» әдісі арқылы көпір тапсырмасы сұралады. Компьютер ақпаратты қалай өңдейді? Операциялық жүйе ұғымын қалай түсінесіңдер?

Оқушы жауаптарын тыңдайды. Қосымша сұрақтар қою арқылы толықтырады.

Көпір тапсырмаларында берілген сұрақтарға әр топ сыни тұрғыдан ойлау арқылы жауап береді.

2 кезең

Теория бойынша «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тапсырмалары (топтық жұмыс, презентация, мұғалім мен бірге талдау)

Мазмұнды сызбамен жұмыс.

Әр топқа берілген тақырыптар бойынша мазмұнды сызба дайындау және қорғау тапсырмасы беріледі.

1-топ. Жүйелік программалық жабдықтама.

2-топ. Қолданбалы программалық жабдықтама.

«Білу» тапсырмасын оқушылыр теория бойынша сұрақтарға жауап береді.

«Түсіну» тапсырмаларына қорытынды жасап, ой-тұжырым айтады.

«Талдау» тапсырмасындағы драйвер мен утилиттерді, алғашқы операциялық жүйе мен қазіргі операциялық жүйелердің мүмкіндіктерін салыстырып айтады.

«Жинақтау» тапсырмасында берілген кестені дәптерлеріне толтырады және сөзжұмбақты шешеді.

Жаңа сабақты меңгерту мақсатында жаңа ұғымдармен, материалдарымен таныстыру, слайдтар көрсету арқылы мәліметтер беру.




Топ бойынша жасалған жұмыстарды тексеру.

Әр қадам тапсырмаларына нұсқау беру, тексеру.


Дұрыс орындалғанындығын тексеру. Қателескен жағдайда тузету, түсіндіру.

Сөзжұмбақ «Программа» Жауаптары: Ақпарат Пернетақта Қолданбалы

Гигабайт

Растрлық

Драйвер

Әмбебап

Модем

Графика

Оқушылардың мұндағы мақсаты- берілген тапсырмаларды қатесіз, топпен бірлесе отырып орындау.


Оқулықпен жұмыс жасау. Қадам тапсырмаларын қатесіз орындау. Теориялық білімін бекіту арқылы біліктілігі қалыптасады.

Оқушылар топпен ақылдаса отырып қорытынды жасап, өз ойларын айтады.






Сергіту сәті

Ән тыңдау арқылы жаттығу жасау

Оқушылар мен бірге сергізу жасау.

Интербелсенді тақтадағы бейнероликті көріп, ой түйеді.

3 кезең

«Қолдану» және «Баға беру» тапсырмалары

«Қолдану» тапсырмасы бойынша оқушылар компьютермен практикалық жұмыстар орындайды. Тапсырмада берілген мәтінді компьютерге теріп, бос орынға тиісті сөздерді қояды.

«Бағалау» тапсырмасындағы жүйелік программалық жабдықтама мен қолданбалы жүйелік программалардың қолданылатыны туралы айтып, ойларымен бөліседі.

Оқушылардың орындаған тапсырмаларын тексеру, білмеген жағдайда бірлесе отырып орындату. Оқушылардың айтқан ойларын тыңдау, ой қосу.

Тақырып бойынша алған білімдерін қолдана отырып, берілген тапсырмаларды орындайды. Теориялық білімін бекіту арқылы біліктілігі қалыптасады.







Оқұшылардың барлығы бірдей тапсырмаларды орындайды.

Бағалау, кері байланыс (бағалау парағы бойынша)

«Бас саусақ» әдісі арқылы топтар бірің-бірі бағалайды.

мұғалім тексеріп болған соң оқушылардың дұрыс нәтижелерін салыстырып, бағалау парағына бағаларын қойғанын қадағалайды. Қорытынды бағаларын қояды.

Топ оқушылары өздерінің бағаларын бағалау парағына қояды.

Үй тапсырмасы: § 11-12 –ні оқу, анықтамалары жаттау

Оқушыларға бағдар беру, түсіндіру, үй тапсырмасының қалай орындалу керектігіне шолу жасау.

Оқушылар үй тапсырмасын орындайды.

Қорытынды: Сабақтын соңына дейін әр оқушы қадам тапсырмаларын үлгергенінше орындайды, қалғанын үйге алады. Сабақтын соңығы үш минутында сыныпта жинаған балл санын әр оқушы өздерінің жеке бағалау парағына белгілейді. Оған келесі сабақтың басында үйде жинаған балы қосылып, барлық балл саны мониторингке тіркеледі, сәйкес бағасы сынып журналына қойылады.

Қосымша ақпарат


Саралау: оқушыларға алдыңғы тақырыптар бойынша білімдерін еске түсіруге бағыт беремін. Тапсырмалар топтық болғандықтан қабілеті жоғары оқушылар бар топтың тапсырмасын күрделі есіп беруге тырысады.

Бағалау критейлері бойынша әр оқушының қосқан үлесін әділ бағалауларына назар аударамын.

Оқушыларға қауіпсіздік ережелерін сақтау ескертіліп, Интернет тақырыбына мазмұнды сызбаны түсінікті етіп дайындау айтылды. АКТ-мен байланыс жасау. Бір-бірін топта тыңдау, сыйластық танысу. Бірлескен жұмыс нәтижесіне қол жеткізу.

Сабақ бойынша рефлексия :

1.Сабақ (оқу мақсаттары) шынайы ма?Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болады ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

2. Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

3. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

4. Сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.
















-80%
Курсы повышения квалификации

Исследовательская деятельность учащихся

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Сабақ жоспары 5 сынып информатика пәні (18.25 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт