| Пән: Қазақ тілі Т2 Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат Күні: Сынып: 3 | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Нұрмағамбетова А.Қ. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||
| Сабақ тақырыбы | Жаз бен күз айлары | ||||
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 1.1 3.1.2.1 - баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерінен құралған шағын мәтіндердегі сөйлемдердің мазмұнын түсіну 2.2 Берілген тақырып бойынша сөйлеу 3.2.2.1 - берілген тірек сөздер негізінде сөйлеу (3-4 сөйлем) 3.4 Сұрақтар мен жауаптар құрастыру 3.3.4.1 - мәтін мазмұны мен кейіпкерлерінің іс-әрекетін нақтылау үшін сұрақтар (қандай? қай? қашан? қайда?) құрастыру және оған жауап беру | ||||
| Сабақ мақсаттары | Тыңдаған мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру Берілген тақырып бойынша сөйлемдер құру Көптік, тәуелдік жалғауларды дұрыс қолдану Оқушылардың барлығы: тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді, тірек сөздермен сөйлемдер құрайды, мұғалімнің көмегімен жалғауларды қолданады Оқушылардың көпшілігі: тыңдаған мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді, тірек сөздер негізінде сөйлейді, жалғауларды дұрыс қолданады Оқушылардың кейбірі: тақырып бойынша білетін қосымша ақпаратымен бөліседі | ||||
| Бағалау критерийлері | Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсінеді. Берілген тірек сөздер негізінде сөйлейді. Сөйлемде сөздерді дұрыс байланыстырады. | ||||
| Лексикалық минимум | | ||||
| Грамматикалық минимум | Тәуелдік жалғау, көптік жалғау | ||||
| Құндылықтарды дарыту | Сыныптастарына құрметпен қарауға, сыныптастарымен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйренеді. Қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын түсінеді. | ||||
| Пәнаралық байланыстар | дүниетану | ||||
| АКТ қолдану дағдылары | таныстырылым | ||||
| Бастапқы білім | | ||||
| Сабақтың барысы | |||||
| Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
| Сабақтың басы минут | Ертеңгілік шеңбер «Қайырлы күн». Қайырлы күн,көздерім, Ояндыңдар ма? Қайырлы күн,құлақтарым, Ояндыңдар ма? Қайырлы күн,қолдарым, Ояндыңдар ма? Қайырлы күн,аяқтарым, Ояндыңдар ма? Қайырлы күн,мұғалім, Мен ояндым. Балалар, бүгінгі сабағымыз жақсы өту үшін біз қандай ережелерді ұстануымыз керек? -Сабақта мұқият болу; -Сұрақтарға толық жауап беру; -Сыныптастарымыздың пікірін сыйлау; -Әдепті болу. Олай болса, сабақ барысында осы ережелерді сақтауды ұмытпайық. Ой қозғау. Оқушылар суреттер арқылы жаңа тараудың мазмұнын болжайды. Жыл мезгілдерінің суреттерін көрсету және сұрақ қою: Бүгінгі сабағымыз қай мезгілге қатысты деп ойлайсыңдар? Неліктен?(оқушылар өздері сабақтың тақырыбын анықтайды) Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру - Тыңдалым материалы бойынша нұсқауларды орындаймын; - Берілген тақырып бойынша сұрақтар қоямын, сұрақтарға жауап беремін; - жаңа сөздерді сөздіктерге сүйеніп дұрыс жазамын. Өткен сабақты пысықтау «Даналық ағашы»ойыны Оқушылар ағашта ілулі тұрған сұрақтарды алып оқиды. 1. Қазір жылдың қай мезгілі? 2. Қыс айларын ата. 3. Көктем айларын ата. 4. Қыста не жауады? 5. Көктемде не жауады? 6. Көктемде ауа райы қандай? 4мин | | |||
| Сабақтың ортасы 30 минут Сабақты қорытындылау. | (МК, Ұ) Жаңа сөздерді сурет арқылы, анықтама беру арқылы меңгерту Егін ору, шық түсу, салқындайды; 1.Сөздің айтылуы мен жазылуындағы айырмашылықты көрсету. 2. Дұрыс айтуға дағдыландыру: - мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды; - оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді қайталайды, дауыстап оқиды, тізбекпен оқиды; 2. Жаңа сөздерден сөз тіркестерін құрастырады Жерге шық түседі. Күзде күн салқындайды. Тыңдалым. Жылдың төрт мезгілі бар. Олар: қыс, көктем, жаз және күз. Бір жылда он екі ай бар. Бір айда төрт апта бар. Бір аптада жеті тәулік бар. Бір тәулікте жиырма төрт сағат бар. (Ө) Тыңдалым тапсырмасы Бір жылда неше мезгіл бар? Бір жылда неше ай бар? Бір айда неше апта бар? Бір аптада неше тәулік бар? Бір тәулікте неше сағат бар? “Блиц-бақылау” әдісі: мәтін бойынша сұрақтарға 1-2 сөзбен жауап жазады. Әр оқушы өз бетінше жауап жазып болған соң, мұғалім оқыған дұрыс нұсқамен тексереді. Өз-өздерін бағалайды. Мен өте жақсы түсіндім.(5 балл) Мен жақсы түсіндім.(4 балл) Мен орташа түсіндім.(3 балл) Мен дұрыс түсінген жоқпын.(2 балл) Мен мүлдем түсінген жоқпын.(0-1 балл) 5мин (Т) Оқылым. Оқушыларды 2 топқа бөлу. Алдымен оқушылар оқулықтағы мәтінді оқып, мазмұнымен танысады. Оқылым мәтіні 1-топ: Жаз –ең ыстық мезгілі. Жаз айлары: маусым, шілде, тамыз. Жазда жеміс-жидек піседі.Балалар жазғы демалысқа шығады. Олар өзенде, көлде шомылады. Балық аулайды. 2-топ: Күз айлары: қыркүйек, қазан, қараша. Күзде егін орады. Күзде күн салқындайды. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Жаңбыр жиі жауады. Біз қолшатыр ұстаймыз. Әр топ сөз тіркестерін құрастырады. «Кім жылдам?»ойыны.Тапсырманы бірінші орындаған топ тақтаға шығып, «ұшақ, поезд,машина, велосипед» суреттерінің астына іледі. Дескриптор -мәтінді мәнерлеп оқиды - күз, жаз мезгілінің белгісін табады; - тілдік нормаларды сақтайды Кері байланыс «Бағдаршам» арқылы тапсырма бойынша кері байланыс жасайды. Жеңіл болды Ойландырды Қиын болды 5мин Сергіту сәті “Көкөніс пен жемістер” ойыны. Оқушылар шеңбер құрады. Бір-біріне допты лақтырып, көкөніс пен жемістерді сипаттайды. Мысалы: алма-қызыл, қияр-жасыл, пияз-ащы, алмұрт-тәтті, қызанақ-дәмді, картоп-дәмді, анар-тәтті, 3мин (Т) Жазылым Сурет бойынша сөйлемдер құрастырып жазу 1-2 жұптың жауаптары тыңдалады, «Шапалақ» әдісі арқылы бағаланады. 5мин Дескриптор - жыл мезгілдерінің белгісін табады; -сөйлемдерді сауатты құрастырады; - тілдік нормаларды сақтайды (Ж) Айтылым. Кел, балалар, келіңдер, Себетке әр жыл мезгілін сипаттайтын сөздер мен сөз тіркестерін жинайды. 1.Күз мезгілі:салқын,жаңбыр, көкөністер піседі, оқу басталады, ұшып кетеді, қолшатыр, қыркүйек, қазан, қараша; 2.Жаз мезгілі: күн ыстық, шілде, шомылады, көңілді, жеміс-жидек піседі,демалыс, тамыз, маусым; 5мин | | |||
| Сабақтың соңы 5 минут | Үй тапсырмасы: Оқулық, 93-бет, жаз туралы өлеңді жаттау Рефлексия Бүгінгі сабақтағы көңіл-күйіңді қай ағашқа теңейсің? Неліктен? | | |||
| Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||
| Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушының жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады. | Бұл бөлімде оқушының сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазыңыз. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары. | |||
| Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушының барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | ||||
| | |||||
| Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушының жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | |||||


Сабақтың тақырыбы "Жаз бен күз" (208.73 KB)

