| Сабақтың тақырыбы: Жемістер мен көкөністер | Мұғалімнің аты-жөні Шарапатова А.М. | |
| Сынып: 1 | Қатысқан оқушылар саны:10 | |
| Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты: | 1.4.2.1 Мұғалімнің көмегімен оқыған, тыңдаған аудиовизуалды материалдар бойынша таныс заттардың атауын жазу. | |
| Сабақ мақсаттары: | Барлық оқушылар орындай алады:Тақырып бойынша таныс сөздер мен жаңа сөздерді түсінеді. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Таныс емес сөздерді түсіну арқылы сұраққа жауап береді. Кейбір оқушылар орындай алады: Сөз тіркестерін құрастырады, сөйлеу арқылы түсінгенін көрсетеді. | |
| Тілдік мақсаты | Оқушылар орындай алады:Жемістер мен көкөністер тақырыбындағы жаңа сөздерді түсінеді. Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: Алмұрт, пияз, өрік, қияр, сәбіз, қызылша, картоп. | |
| Пәнаралық байланыстар: | Бейнелеу, математика, орыс тілі. | |
| Алдынғы оқу | (Барлық оқушылар орындай алады) «Иә» «Жоқ» ойыны. Оқушыларға жемістер мен көкөністердің атауларын дұрыс жазғызу. Сабақтың мақсаты хабарланады. Бағалау дескрипторлары ұсынылады. Тақырып бойынша таныс сөздер мен жаңа сөздердің маңынасын түсінеді. Топтасып жұмыс жасауға үйренеді. | |
| Сабақ кезеңдері: | Жоспарланған жұмыс түрі: | Ресурстар |
| Сабақтың басы:
Сабақтың ортасы:
| Амандасу. Балалар, сендер мектепке келе жатқанда әр жастағы адамдармен кездесесіңдер, сонда сендер олармен қалай амандасуға болады деп ойлайсыңдар? Сәлем! Сәлеметсіз бе? Қайырлы таң! Қайырлы күн! -Өте жақсы енді бір-бірімізге жылы лебізімізді білдірейік. Күніміз жарқын болсын! Аспанымыз ашық болсын! Күніміз сәтті болсын! Деніміз сау болсын!
Өткен сабақты еске түсіру. Топтастыру стратегиясы. Қос диаграмма. КӨКӨНІСТЕР ЖЕМІСТЕР Суреттерге қарап сабақтың тақырыбын болжау. Сурет қиындылары арқылы сынып екі топқа бөлінеді. 1- топ: Көкөністер 2-топ: Жемістер Сөздікпен жұмыс. Бақ - сад Бақша- огород Өседі- растет Дәрумен- витамин Көр- много Денсаулық- здоровья Пайдалы- полезный
Мәтінді тыңдау (оқушылар мәтінді тыңдап, түсінеді) Мәтінді мәнерлеп оқу. Мынау-бақ. Бақта алма, алмұрт, шие өседі. Мынау-бақша. Бақшада сәбіз, пияз,қызылша өседі. Жемістер мен көкөністерде дәрумендер көп болады. Олар адам денсаулығына пайдалы. Мәтінге байланысты сұрақтар (барлық балаларға) 1.Бақшада не өседі? 2. Бақта не өседі? 3.Көкөністер мен жемістерде не көп болады? 4. Олар адам денсаулығына пайдалы ма? Тақырыпқа қатысты сөздерді жазғызу. Алма, алмұрт, шие, сәбіз, пияз, қызылша,. Сергіту сәті: Пісіп тұрған төрт алмұрт, Топтық жұмыс:
Мынау қияр ма? Иә, бұл – қияр. Мынау пияз ба? Жоқ, бұл – алма. Мынау картоп па? Иә, бұл – картоп. Мынау сәбіз бе? Жоқ, бұл – қызылша.
Жұптық жұмыс: Берілген сөздерді дұрыс сәйкестендіріп жаз. бауырсақ қызыл мәнті ішемін асхана көкөністер тамақ үлкен бақ дәмді бақша жемістер алма жеймін Өзіндік жұмыс: (кейбірі орындайды) Өзіне ұнаған жемістер мен көкөністер туралы қысқаша әңгімелеп береді.
«Тыңдау- Көру- Орындау» әдісі. Мен қазір жемістер мен көкөністердің атын атаймын сендер мен айтқан қимыл іс-әрекетті орындайсыңдар. «Алма» қолдарынды шапалақтаңдар. «Алмұрт» орындарыңнан тұрыңдар. «Қияр» бір орында секіріңдер. «Қызанақ» оң қолдарыңды көтеріңдер. Тілді жаттықтыру - Енді біз сендермен тілдерімізді жаттықтырайық. Мен бастайын, сендер костап, аяқтаңдар. Огурцы – қияр, А граната - ...
Мороз – аяз, А лук – ...
Жираф – керік, А абрикос - ...
Один – жалғыз, А арбуз - ...
Сад – бақ, А тыква - ...
Зеркало – айна, А яблоко - ...
Усы – мұрт, А груша - ...
Кобыла – бие, А вишня - ...
Земля – топырақ, А капуста - ...
Фрукт – жеміс, А овощ - ... Анар- ..., лук- ..., абрикос-..., арбуз-..., тыква-..., яблоко-..., груша-..., вишня-..., капуста-... .
| Суреттер
Аудио материал
А4 қағазы, түрлі түсті қарындаштар.
Жемістердің суреті
Қима қағаздар |
| Сабақтың соңы: Кері байланыс
| Балаларға сөздер ұсынылады. Мәселен: пияз, лимон, қияр.... Әр сөздерге сәйкес тіректерді ойлап табулары қажет. - Қияр сопақ - Лимон қышқыл - Пияз ащы - Шие домалақ Балалар әр түрлі түстер арқылы сабақта қалай жұмыс істегенін, қандай қиыншылық көргенін, өз сезімдерін..... белгілейді.
|
|
| Үй тапсырмасы
| Келесі сабақта «Дүкен» ойынын ойнаймыз, сол үшін жемістер мен көкөністердің суретін үлестірмелі қағаз ретінде дайындап келіңдер. |
|
| Жиынтық бағалау | Өте жақсы қатысқан оқушыларға жұлдызша беру. Жақсы қатысқан оқушыларға төрт бұрыш беру. |
|
| Бағалау критерийлері | Дескрипторлар |
|
| Тақырып бойынша жаңа сөздерді түсінді. Сурет бойынша сөйлем құрай алды. Сөздерді сәйкестендіріп, сөз тіркестерін құрды.
| Тақырып бойынша таныс сөздер мен жаңа сөздерді түсінеді. Таныс емес сөздерді түсіну арқылы сұраққа жауап береді. Сөз тіркестерін құрастырады, сөйлеу арқылы түсінгенін көрсетеді.
|
|


Пікірлер сызығы. «Иә» «Жоқ»
Сабақтың тақырыбы "Көкөністер" (36.19 KB)

