«Желтоқсан тәуелсіздік рухы.» арналған кітапханалық оқу
Тақырыбы: Тәуелсіз елім – Қазақстан!
Өтетін орны: Гимназия кітапхана
Уақыты: 11.12.2015 жыл
Қатысушылар:
Гимназия директоры – К.Т.Кусайнова
Директордың ТІЖ орынбасары – Е.Омарханов
Директордың бағдар б-ша орынбасары – У.М.Мадиева
5б сыныбының сынып жетекшілері оқушылары
Мақсаты: Оқушыларға Қазақстанның Тәуелсіздік алуының тарихи мәнін насихаттау арқылы Отансүйгіштік,патриоттық,елжандылық сезімдерін қалыптастыру. Туған Отанына өз халқына деген сүйіспеншілігін арттыру.Отанын сүюге тәрбиелеу.
I.Ұйымдастыру кезеңі
Барысы.
Кітапханашы:
Жас арудың жанарында – Желтоқсан,
Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан.
Қаралы өмір қайыстырған халқының,
Қара тұман қабағында – Желтоқсан.
Қош келдіңіздер, құрметті ұстаздар, оқушылар!
Санаулы күндерден соң Алаш жұрты Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесін тойламақ. Тәуелсіздіктің бастауы – Желтоқсан оқиғасы. Тарих беттерін парақтасақ, қазақ халқы өзінің ұзақ жылғы тарихында талай қанды қырғындарды, зорлық- зомбылықтарды көрді, қасірет шекті. Қанша жыл, қанша ғасыр өтсе де ұмытылмайтын оқиғалар болады. Соның бірі – Алматы қаласында болған 1986 жылы 16 желтоқсан күні қазақ жастары Республика алаңына бейбіт шеруге шықты. Бұл көтерілістің себебін бір жақты қарап, бір ауыз сөзбен түсіндіру мүмкін емес. Желтоқсан көтерілісі – ХХ ғасырдағы айтулы оқиға. Бұл күн – қазақ халқы үшін ұлы күн, әрі қайғылы, әрі бақытты күн.
1-оқушы:
- Тарихым жатыр тасында,
Тіл қатып келер ғасырда.
Азаттық дейтін ұғымның
Желтоқсан тұр басында.
2-оқушы:
Алаңға шықты, ойын айтты жастарым,
Қиындық пен қатерге тігіп бастарын.
Содан барып тоңы еріді кеңестің,
Содан кейін еркіндікті бастадым.
Кітапханашы:
Желтоқсанның аққан жұлдызы, жас сұңқар Қайрат Рысқұлбеков – ең ауыр жаза – ату жазасына іліккендердің бірі болды.
Көрініс. «Қ.Рысқұлбековтың соңғы сөзі».
Күнәдан таза басым бар,
21- де жасым бар.
Қасқалдақтай қаным бар,
Алам десең алыңдар.
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар.
«Еркек тоқты құрбандық»
Атам десең, атыңдар!
Мен не етермін, не етермін,
Мен келмеске кетермін.
Көрмеген қош бол таңдарым,
Көре алмай мен өтермін.
Қош аман бол, артымда,
Ағайын, туған азамат.
Артымда қалған ата- анам,
Ел - жұртым, саған аманат!
3- оқушы:
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула желтоқсанда мұзға жаққан алауы.
4- оқушы:
Тегеурінді соққылары жаратқан,
Ақшақарға судай ақты қайнап қан.
Қайдан білсін қызбаланған ерлерім
Айрыларын Ләззәт, Ербол, Сабирадан , Қайраттан.
Кітапханашы:
1986 жылы 16 желтоқсан тәуелсіздік үшін арпалыстың соңғы нүктесі болды.
5- оқушы:
Жеткен арман – жасқа Тәуелсіздігім,
Өз қолыма берген ерік тізгінін.
Ие болған әлем ілтипатына
Дербес, бейбіт мемлекетпіз біз бүгін.
Кітапханашы:
- Байтақ еліміз Қазақстанда мәуелі бәйтерек болып жайқалған Тәуелсіздігімізге 24 жыл толмақ. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялады. 1991 жылы 1 желтоқсанда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті болып сайланды.
6- оқушы:
Ел болдық, ерік алдық, астаналы,
Енді кімнен қазағым жасқанады?
Тәуелсіз Отанымның шежіресі,
Нұратамның атымен басталады.
Кітапханашы:
- Сол кезеңде Егемен елдің тізгінін ұстар білімді ұрпақ тәрбиелеу қажеттілігі айқындалды. Бүгінде Тәуелсіз елдің білім жүйесі толықтай жаңарып, жасампаз ұрпақтың тәрбиесі қалыптасты. Сан ғасырлар ата-бабаларымыз аңсаған Тәуелсіздік туы желбіреген осы жылдар ішінде қазақ халқы үшін тарихтың жаңа кезеңі басталды. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерен еңбегінің, сындарлы саясатының арқасында саяси-экономикалық және әлеуметтік табыстарға қол жеткізуге мол мүмкіндік туды. Еліміз егемендік алып, құқықтық, дербес демократиялық мемлекет ретінде әлемге танылды. Елбасы Н. Ә. Назарбаев жастардың алдында жаңа мүмкіндіктер ашылу үшін барлық жағдай жасауда. Тәуелсіздік – біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз. Жас ұрпақтың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыра отырып, Егемен елдің гүлденуіне құштар, патриоттық күш – қуатты мол жастар тәрбиелеу, әр адамның азаматтық борышы.
7- оқушы:
Қазағымның туы бүгін желбіреп тұр,
Астанамда ашық боп елжіреп тұр.
Сан ғасырлар аңсаған – ТӘУЕЛСІЗДІК!
Қазақ атын әлемге танытып тұр!
Кітапханашы:
Балалар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне нелер жатады?
8- оқушы:
Рәміздерім – белгісі елдігімнің,
Өр рухымның, батырлық, ерлігімнің.
Сан ғасырлық тарихым жатыр онда,
Танып білу тарихты, елдігімді.
Байрағым бар, айбарлы қыран тұрған,
Әнұранда рух болып, бір ән тұрған.
Елтаңбамнан есетін тарих-самал,
Бабалардың өсиеті тұр алтыннан.
Ұлы Отан, кең байтақ ұлан далам,
«Азаматым, саған деп», - ұрандаған.
Белгің боп тұр бүгінде рәміздерің,
Құрмет тұтар рәмізді ұлан болам.
9- оқушы:
Ұлттық қасиетіміз бен Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, Ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!
10- оқушы:
Еліміздің көкбайрағы бейбіт аспан астында желбіреп, әлемге таныла берсін!
Кітапханашы:
Жаңа ғасырда қайта түлеген, жасарып, түрленген еліміздің Тәуелсіздігі тұғырлы болсын!
1-оқушы:Жас арудың жанарында – Желтоқсан,
Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан.
Қаралы өмір қайыстырған халқының,
Қара тұман қабағында – Желтоқсан.
2 –оқушы:
Күнәдан таза басым бар,
21- де жасым бар.
Қасқалдақтай қаным бар,
Алам десең алыңдар.
Қайрат деген атым бар,
Қазақ деген затым бар.
«Еркек тоқты құрбандық»
Атам десең, атыңдар!
Мен не етермін, не етермін,
Мен келмеске кетермін.
Көрмеген қош бол таңдарым,
Көре алмай мен өтермін.
Қош аман бол, артымда,
Ағайын, туған азамат.
Артымда қалған ата- анам,
Ел - жұртым, саған аманат!
- Тарихым жатыр тасында,
Тіл қатып келер ғасырда.
Азаттық дейтін ұғымның
Желтоқсан тұр басында.
Алаңға шықты, ойын айтты жастарым,
Қиындық пен қатерге тігіп бастарын.
Содан барып тоңы еріді кеңестің,
Содан кейін еркіндікті бастадым.
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудемде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,
Айналайын, айналайын жас өркені халқымның.
Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула желтоқсанда мұзға жаққан алауы.
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!
Тегеурінді соққылары жаратқан,
Ақшақарға судай ақты қайнап қан.
Қайдан білсін қызбаланған ерлерім
Айрыларын Ләззәт, Ербол, Сабирадан , Қайраттан
Құрбандарым, жазықсыз, құрбандарым,
Бет бағдарын бақиға бұрғандарым,
Қаралы жылдардай боп қарауытып
Халқымның мәңгі есінде қалғандарым.
Құрбандарым, жазықсыз, құрбандарым.
Жеткен арман – жасқа Тәуелсіздігім,
Өз қолыма берген ерік тізгінін.
Ие болған әлем ілтипатына
Дербес, бейбіт мемлекетпіз біз бүгін.
1 – оқушы:
Ел болдық, ерік алдық, астаналы,
Енді кімнен қазағым жасқанады?
Тәуелсіз Отанымның шежіресі,
Нұратамның атымен басталады.
2 - оқушы:
Қазағымның туы бүгін желбіреп тұр,
Астанамда ашық боп елжіреп тұр.
Сан ғасырлар аңсаған – ТӘУЕЛСІЗДІК!
Қазақ атын әлемге танытып тұр!
3 - оқушы:
Рәміздерім – белгісі елдігімнің,
Өр рухымның, батырлық, ерлігімнің.
Сан ғасырлық тарихым жатыр онда,
Танып білу тарихты, елдігімді.
Байрағым бар, айбарлы қыран тұрған,
Әнұранда рух болып, бір ән тұрған.
Елтаңбамнан есетін тарих-самал,
Бабалардың өсиеті тұр алтыннан.
Ұлы Отан, кең байтақ ұлан далам,
«Азаматым, саған деп», - ұрандаған.
Белгің боп тұр бүгінде рәміздерің,
Құрмет тұтар рәмізді ұлан болам.
4 - оқушы:
Ұлттық қасиетіміз бен Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, Ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!
5 – оқушы:
Еліміздің көкбайрағы бейбіт аспан астында желбіреп, әлемге таныла берсін!