Сарықамыс негізгі мектебі
Мектепалды даярлық класс педагогі
КАЛИЕВА БИБИТ РАХМЕТЖАНОВНА
Білім беру саласы: «Қатынас»
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: «Сауат ашу және жазу»
Тақырыбы: «С» дыбысы және әрпі
Мақсаты: С с дыбысы және әрпімен таныстыру
Білімділігі: «С» дыбысынан басталатын сөздер айтқызып,дыбыстық талдау жасату.
Дамытушылығы: ойын арқылы ойлау қабілетін, сөздік қорларын дамыту.
Тәрбиелігі: балаларды ұқыптылыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Мақсаты:
Шаттық шеңбері.
Айналаға алақанмен
Жылулықты шашайық.
Сәттіліктер күлімсіреп,
Біз сабақты бастайық.
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейіл тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық.
Балалар, бүгінгі ашық оқу іс - әрекетін бастамас бұрын,
Дыбыс пен әріптің айырмашылығы неде?
Дыбыс нешеге бөлінеді?
Дыбыстан не құрайсыз?
Буыннан не құралады ?
Сөзден не құралады?
Сөйлем нешеге бөлінеді?
өткен әріптерімізді қайталап жіберейік. Балалар біздер дыбыстарды қайталау мақсатында
«Сөз ойла тез ойла, дәл тигіз» ойынын ойнап жіберейік.
Шарты: Қоржыннан әріптер жазылған асықтарды таңдап аламыз. Қандай дыбыс жазылған асық түссе сол жыбыстан басталатын сөздерді айтуымыз керек. Асықты көздеп атып түсіру керек. Бұл ойын арқылы шапшаңдығымыз бен мергендігімізді сынамақшымыз.
Тәрбиеші: Балалар тақтаға қарайықшы? Нені көріп тұрмыз?
Балалар: Сатушыны
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, балалар! Ендеше сурет бойынша әңгімелейік
Сатушы
Біздің ауылда дүкен бар. Дүкендегі заттарды сатушы апай сатады. Сатушы апай нан, сағыз, сүт, сәбіз, алма сатады. Біз дүкенге сағыз алуға баамыз. Ол өте мейірімді. Барлық адамдар оған алғысын айтады.
Өте жақсы балалар. Осы САТУШЫ сөзінің басында қандай дыбыс естілед і?
С дыбысы
Ендеше бүгінгі оқу іс әрекетімізде С дыбысымен танысатын боламыз
«С» дыбысының айтылу артикуляциясымен таныстыру.
Ерін езуге қарай тартылып, тіс көрінеді. Тіл тістерге жақындап, тістің арасынан «с» дыбысы қысылып шығады.
Қане айтайықшы
Барлығы бірге «С» дыбысын қайталап айтады. С – с – с
-«С дыбысы »дауыссыз дыбыс (балалар қайталайды).
- Дауыссыз дыбысты қандай текшемен белгілейміз?
- Көк текшемен белгілейміз.
-«С» дыбысынан басталатын сөздерді атаңдаршы.
- Сағат, сәбіз, сырға, сақина, сабын, сақшы, сүлгі, садақ
С дыбысы сөздің басында (мысалы сағат) ортасында (асық) және соңында кездеседі (күнбағыс)
- Жарайсыңдар, енді сағат, сүт деген сөздерді буынға бөлейікші. Неше буыннан, неше дауысты дыбыстан тұрады.
- Са - ғат - екі буынан, екі дауысты дыбыстан тұрады. Сағат - часы - clock
Сүт – бір буыннан, бір дауысты дыбыстан тұрады. Сүт - молоко - milk
1 тапсырма: Дәптермен жұмыс (С с әрпін жазу)
СЕРГІТУ СӘТІ
2 тапсырма: құрамында С с дыбысы бар сөздерді С әрпімен байланыстырамыз.
3 тапсырма: Сағат және сабын сөздеріне дыбыстық талдау жасау
Тіл ұстару жаттығулары:
Са - са - са - ұстап алдым маса.
Се - се - се - сынды неше кесе.
Ес - ес - ес - пышақпен нан кес.
4 тапсырма: Оқулықпен жұмыс:
Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын сендер жауабын айтып тақтаға жазасыңдар.
Жұмбақ жасыру
Күрең қызыл түсі бар,
Тағамдардың асылы.
Қуат берер күші бар.
(Нан хлеб- bread)
Жыл озған сайын ағарған
(ШАШ -волосы- hear )
Тепсең – ақ секіріп ұстатпай қашады
(Доп - мячь ball )
Тық – тық етеді, уақытты көрсетеді
(Сағат - часы – clock)
- Балалар, «С» дыбысына байланысты тағы бір ойын ойнап бүгінгі ашық оқу іс - әрекетімізді қорытындылап жіберейік
Дидактикалық ойын: «Кім тез ойлайды?».
Ойын шарты: Үстел үстінде тұрған заттардың ішінен, ойынға шыққан бала
«С» дыбысынан басталатын затты таңдап алып, атын атау және сол сөзге сөйлем құрау. Ойынға шыққан бала сырғаны алып «Бұл сырға, сырға сөзі –
с дыбысынан басталады. Сырғаны анам тағады» деп сөйлем құрайды.
Сүлгі, сабын, сағат сөздеріне сөйлем құрау
С дыбысы қандай дыбыс?
Ашық оқу іс – әрекеті сендерге ұнаса, өздеріңнің жауаптарыңа көңілдерің толса күліп тұрған жұлдызымызды күннің астына, ал өздеріңнің жауаптарңа көңілдерің толмай, мен дұрыс жауап бере алмадым десеңдер ренжулі смайликті бұлттың астына жабыстыра қойыңдар
Ашық оқу іс - әрекетіне жақсы қатысқан барлық балаларды мадақтау.
Күрең қызыл түсі бар,
Тағамдардың асылы.
Қуат берер күші бар.
(Нан)
Жыл озған сайын ағарған
(ШАШ)
Тепсең – ақ секіріп ұстатпай қашады
(Доп)

С с дыбысы мен әрпі (21.82 KB)

