Меню
Разработки
Разработки  /  Математика  /  Уроки  /  6 класс  /  Рационал сандарға амалдар қолдану

Рационал сандарға амалдар қолдану

Рационал сандардың қосу ережелерін білу және есептер шығару барысында тиімді түрде қолдану
27.11.2019

Содержимое разработки

Султангазина Сяудат Ермашовна


Математика және информатика пәндерінің мұғалімі

«Преснов жалпы орта білім беретін мектеп»

Жамбыл ауданы

Солтүстік Қазақстан облысы











Пән: математика, 6 сынып

Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарға амалдар қолдану

Сабақтың мақсаты:

- Рационал сандардың қосу ережелерін білу және есептер шығару барысында тиімді түрде қолдану;

- Өзіндік және өзара білім деңгейін бағалауға үйрену.

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, жұптық жұмыс.

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы.

Сабақ көрнекіліктері: интербелсенді тақта, бағалау парақтары, деңгейлік, логикалық тапсырмалар

Сабақта қолданылатын құралдар: ватман, маркер, стикер, кеспе қағаздар, суреттер.



Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі(2 минут).

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеріп, олардың зейінін сабаққа аудару.

 Тренинг: Бір-біріне сәттілік тілеу:
Қайырлы күн, досым!
Қайырлы күн болсын!
Бүгінгі сәрсебі күні
Сәттілікке толсын!
Біздің алар бағамыз
Тек бестіктер болсын!

 Топқа бөлу(оқушылар үстел үстінде тұрған кеспелерді алып, кеспедегі фигуралар бойынша бірдей фигуралар бір топ құрайды: үшбұрыш, дөңгелек, тіктөртбұрыш, жұлдызша), топ басшысын(спикер) таңдау.

Табыс критерийлері:

 Таңбалары бірдей және рационал сандарды қосу ережесін білемін;

 Таңбалары әр түрлі рационал сандарды қосу ережесін білемін;

 Рационал сандарды қосу ережесін есеп шығару барысында тиімді қолдана аламын.

  1. Қайталау (20 минут).

 Теориялық материалды қайталау. Топтық жұмыс, постер жасау (8минут);

Әрбір топқа бірдей тапсырма: Рационал сандарды қосу тақырыбына постер жасау(мысалдар келтіру)

 Постерді қорғау (Әр топқа постерді қорғау үшін 3 минуттан беріледі);

Постерді қорғау критерийлері:

  1. Мазмұны толық болуы керек, яғни берілген тақырыптан ауытқымай;

  2. Тақырып бойынша маңыздыларын айтып кету;

  3. Әзірленуі дұрыс болуы керек, яғни түрлі түсті маркерлерді қолданып, безендірілген;

  4. Сөз мәдениеті сақталуы керек, яғни оқушы тіл байлығын көрсете алу;

  5. Бір-біріне сыйластық көрсету;

  6. Уақытты тиімді пайдалану.


Постерді бағалау критерийлері:

1 балл – мазмұны толық емес, әлі де толықтыруға болады, әзірленуі мен сөйлеу мәдениеті

төмен.

2 балл – мазмұны толық емес, әзірленуі мен сөйлеу мәдениеті орташа.

3 балл – критерийлері толық орындалған, мазмұны толық, әзірленуі дұрыс, сөз

мәдениеті сақталған.


Т оптар бірін -бірі бағалайды.

Бағаларын бағалау парағына түсіреді.



  1. Деңгейлік тапсырмалар(9 минут):



А деңгейдегі тапсырмалары:

1)Қосуды орындаңдар:





В деңгейідегі тапсырмалар:

2 ) Қосуды орындаңдар:



С деңгейдегі тапсырмалар

3) Өрнектерді салыстырып «» теңсіздік белгісін қойыңдар:









Деңгейлік тапсырмалардың жауаптары интербелсенді тақтада көрсетіліп тұрады, әрбір оқушы өз жұмысын өздері бағалайды.



Логикалық есептер шешу(9 минут):

  1. Марат, Бауыржан, Азат және Азамат төртеуі балық аулады. Азамат балықты Азатқа қарағанда көп ұстатады. Марат мен Бауыржанның ұстаған балықтарының саны Азат Азаматтың ұстағандарымен бірдей. Марат пен Азамат Бауыржан мен Азаттың ұстағандарынан аз. Ұстаған балықтардың санына қарай кім қандай орын алғанын жаз.

  2. 4 қара сиыр мен 3 сары сиырдан 5 күнде қанша сүт сауылса, 3 қара сиыр мен 5 сары сиырдан 4 күнде сонша сүт сауылады. Қандай түсті сиыр сүтті көп береді-қара ма әлде сары ма?

  3. Ұзындығы 102 см сымды 15 см және 12 см болатындай бөліктерге бөлу керек,сонда қиындылар қалмайтын болсын. Осыны калай орындауға болады? Есептің неше шешімі бар?


  1. Сабақты қорыту. Бағалау(2 минут).

Әр топтың мүшесі өз бағасын айтып дәлелдеме айтады.

Әр топтың басшысы басқа топтың жұмысына баға береді(2 жұлдыз, 1 тілек)

  1. Үй жұмысын беру (1 минут)

ІІ, ІІІ тарау(ережелер), А, В және С деңгейінен бір есептен.



  1. Рефлексия (оқушылар бір бірден үстел үстінде жатқан алма суреттерін алып, табыс ағашына іледі) (2 минут).



















Бағалау парағы

Сынып: __________ топ:____________ топ басшысы:_____________

Топ мүшелерінің

Аты-жөндері

Постер

қорғау

Деңгейлік

тапсырма

Логикалық есептер

Қорытынды

баға

1






2






3






4






5






6










-80%
Курсы повышения квалификации

Геометрия в школе. Технологии активизации познавательной деятельности в условиях реализации ФГОС ООО (СОО)

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Рационал сандарға амалдар қолдану (196.5 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт