Меню
Разработки
Разработки  /  Коррекционная школа  /  Проверочные работы  /  Дошкольникам  /  Психикалық дамуы тежелген балалардың қарапайым математикалық түсініктерін дамытуға арналған дидактикалық ойындар

Психикалық дамуы тежелген балалардың қарапайым математикалық түсініктерін дамытуға арналған дидактикалық ойындар

Психикалық дамуы тежелген балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыруға арналған дидактикалық ойындар

14.03.2018

Содержимое разработки





Психикалық дамуы тежелген балалардың қарапайым математикалық түсініктерін дидактикалық ойындар арқылы қалыптастыру

























Мазмұны




  1. Алғы сөз... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .... .... ..... ..... ... .... ...3-4

  2. Дидактикалық ойындардың негіздері..... ...... .... .... ..... ...... ......5-7

  3. Күтілетін нәтижелер...... ....... ..... .... .... .. .... ... ... . ... ... ... ... .... ...8

  4. Ортаңғы топ балаларына арналған ойындар.. .... .... ......... .....9 -15

  5. Ересек топ балаларына арналған ойындар.. .... .... .... ..... ..... 16-23

  6. Мектепке даярлық топ балаларына арналған ойындар... ... ..24-30

  7. Әдебиеттер тізімі...... ...... ..... ....... ....... ....... ....... ....... ....... ....... .31





Алғы сөз


Қазіргі кезеңде қоғамда болып жатқан көп өзгерістер мен әлеуметтік теңсіздіктер, отбасылық, қоғамдық, экологиялық, экономикалық дағдарыстар жүйке жүйесі бұзылған, психикалық дамуында тежелуі бар балалардың көбеюіне әкеліп отыр. Психикалық дамуында тежелуі бар балаларға тез шаршау, сөздік қорының аз болуы, ойын және іс - әрекеттің қалыптасу бәсеңдігі, қабылдауы баяу және ойлау қызметінің төмендігі, логикалық ойлауының қалыптасу қиындығы тән.
Психикалық дамуында тежелуі бар балалар – әдетте ұзақ уақытта әр түрлі себептегі науқастар салдарынан, түрлі созылмалы аурулардан, туа біткен және жүре пайда болған соматикалық жүйедегі ақаулардан, балалар неврозынан жапа шеккендер. Көп жағдайда мұндай балалар әлсіз, әлжуаз, қорқақ және тұлғалық қарым - қатынаста шектеулі болып келеді. Көңіл - күйінің төмендеуі баланың орталық жүйке жүйесінің дамуына әсер етеді әрі шектейді. Алайда, науқасынан сауыққан балалар өз қатарын қуып жете алады.“Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруға” арналған дидактикалық ойындар жиынтығы тәрбиешілермен ата – аналарға көмек беру ретінде құрастырылған. Дидақтикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді атқарады.

Ойынның мақсаты бағдарламада анықталған математикалық білім, білік және дағдылары жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, тиянақтау және бекіту, қайталау және пысықтау, немесе тексеру сипатында болып келеді. Ойынның міндеттері баланың қызығушылығын туғызып, белсенділігін арттыратындай іріктеліп алынған нақты мазмұнымен анықталады.

Жинақта балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру бағдарламасы бойынша дидактикалық ойындар сипатталған.

Балалардың танымдылық қабілетін дамытып, пәнге қызығушылығын арттырудың негізгі бір жолы – дидактикалық ойындар. Ойынды тәрбиеші баланың ойлау іс әрекетін жандандыруға арналған әдістемелік тәсіл ретінде қолданады. Жаңа тақырыпты түсіндіру, оны пысықтау үшін өткен тақырыпты еске түсіріп, қайталау үшін дидактикалық ойындарды пайдалану қажет.

Құралда әрбір ойынның мазмұны, шарты, дидактикалық мақсаты, керекті құралдары берілген. Ойнау ережелері қарапайым, тапсырмалар балалардың өздері орындауға шамасы жететіндей етіп сұрыпталған.

Ойындардың мазмұны математикалық білімдерді ұғыну, геометриялық пішіндерді айыра білу, қосу, санау, салыстыру, айырмашылығын көрсету, орналастыру, тағы басқа ұғымдарын ойын арқылы жетілдіру.

Осы құралдың көмегімен балалардың математика саласындағы құпияларын танып, жаңалықтар ашады.

Балабақшада осындай дидактикалық ойындарды жиелі түрде қолдану арқылы баланың: ақыл – ойын жүйелеу, ойлау қабілеттерін жетілдіру, дәлдікке үйрету, шындыққа тәрбиелеу, логикалық қабілеттерін дамытуға болады.

Ойын барысында баланың көңіл – күйін, зейінің, әрекеттерін бақылау, белсенділігін арттыру, тапқырлыққа бауылу, ойлануға, талдау жасауға, үйренуің, танымдылық, шығармашалық қабілеттерін шыңдау тәрбиешіге байланысты.

Мектеп жасына дейінгі балалардың жан - жақты дамуы үшін логикалық ойындардың орны ерекше. Ойын – мектеп жасына дейінгі кезден басталып адаммен өмір бойы ілесіп жүретін ерекше қызмет түрі. Ойын – балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал, баланың психикасында сапалы өзгерістер тудырады: бала зейінінің, жадының қалыптасуына ойлау, қиялдау қабілетінің дамуына әсер етеді. Ойлау шығармашылық және таным әрекетінің негізі болып табылады





















Дидактика ойындардың негіздері.

Дидактика бұл ежелгі грек сөзі, яғни didacticos – үйретуші, didascalos – мұғалім деген мағынаны білдіреді. Дидактика білім беру мен оқытудың теориялық негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы. Дидактика ойындар сонымен бірге кішкентай баларға мейілінше тән оқыту формасы болып табылады. Дидактикалық ойындар балалардың ойын әрекетіне тән құрылымы элементтерінің бірі: ой – ниет, мазмұн, ойын әрекеттері, ереже, нәтижә бар. Дидактикалық міндеттін болуы ойынның оқыту сипатын, оның мазмұны балалардың танымдылық әрекетін дамытуға бағытталғаның атап көрсетеді. Дидактикалық ойындардың зор маңызы балалардың дербестігін және ойлау мен сөйлеу белсендігін дамытатындай.

Дидактикалық ойын элементтерінің бірі – ережелер. Ережелер оқыту міндеті мен ойын мазмұнына қарай белгіленеді және өз тарапынан, ойын әрекеттерінің сипатыф мен тәсіл белгілейді, балалардың міңез – құлқын, тәрбиеші мен балалардың өзара қарым – қатынасын ұйымдастырады және бағыттайды. Осының нәтижесінде өз қимылын басқара білу, оны басқа ойнаушылардың іс әрекетімен үйлестіру қабілеті дамиды. Ойын ережелерін үйретуші, ұйымдастырушы және тәртіптендіруші сипаты бар. Үйретуші ережелер баларға не істеу, қалай істеу керек екені ашып беруге көмектеседі, олар ойын әрекеттерімен үйлес болады, оның ролін күшейтеді, орындау тәсілін анықтайды. Ұйымдастырушы ережелер ойынның тәртібін, жүйелілігін және балалардың ойындағы қарым – қатынасын белгілейді. Тәрбиеші ережелер нені және неге істеуге болиайтының ескертеді.

Тәрбиеші белгілейтін ойын ережелерін балалар бірте – бірте меңгереді. Соларды бағалай отырып, олар өзінің және жолдастардың ойын үстіндегі әрекеттерінің, қарым – қатынастардың дұрыстығын бағалайды. Дидактикалық ойындардың оқу іс - әрекетінен тыс уақытта ұйымдастыру, баланың математикалық түсінігін кеңейтеді, тереңдетеді, ойын бекітеді. Дидактикалық ойындар негізінен оқыту барысында жан – жақты, бағыт – бағдар беріп отырады. Яғни балалардың өй өрісін дамытуға маңызды рөл атқарады

Мектепке дейінгі жастағы балаларға әрбір ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің тақырыбына сәйкес ойын әдіс - тәсіліне ү лкен мән беріледі, сонда ғана оқу іс - әрекет балаларға пайдалы, қызықты болады. қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру геометриялық пішінмен санауды үйрету, 20 көлеміндегі сан туралы түсініктерін дамыту, шартты өлшеуіштің көмегімен өлшемдерді жүргізу, көзбен қабылдау, шамалау қабілетін жеткізу, кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын қалыптастыру, затты тең екі бөлікке бөлу деген мәселелерге назар аударылады

Дидактикалық ойындардың оқыту мазмұнына сәйкес түрлері:

  1. Ойын – саяхаттар. Олар ертегілерге ұқсас. Олар фактілер немесе оқиғаларды бейнелейді, бірақ олар ерекше түрде ашып көрсетіледі, қарапайым жұмбақ арқылы, қиындық – оңай жолымен, қажеттілер – қызық жолымен беріледі.

  2. Ойын – тапсырмалар. Бұл ойындардың негізін заттар мен әрекет, сөздік тапсырмалар құрайды. Ойын міндеттері мен әрекеттері бір нәрсені болжауға негізделеді.

  3. Ойын – болжамдар. Бұл ойындар “Не болар еді...?” , “Мен не істер едім, егер...” деген сұрақтарға негізделеді.

Ойынның дидактикалық мазмұны балалардың алдына проблемалық міндет пен ситуацияны қоюда ерекшелінеді. Мұндай ойындар білімді нақты жағдайда ұштастыра байланыс есептерін тағайындауды талап етеді.

  1. Ойын – жұмбақтар. Жұмбактың негізгі ерекшеліктері логикалық астарының болуында. Олар баланың ой әрекетін белсендіреді. Жұмбақ салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді, баланың қиялын дамытуына әсер етеді.

  2. Ойын - әңгімелер. Ол тәрбиешінің балалармен, балалардың тәрбиешімен және балалардың балалармен қарым – қатынасын негізделеді. Бұл қарым – қатынас ойын мазмұнында ерекше сипатқа ие болады. Ойынның құңдылығы – олар эмоциональдық түрде белсендіруге, бір сөздікке, өзара әрекет жасауға, бірлесіп ойнауға мүмкіндік туғызады.

Құрылымы бойынша дидактикалық ойындар мынадай түрге жіктеледі:

  1. Сюжеттік – рольдік ойындар.

  2. Жаттығу ойындар.

  3. Драммалық ойындар.

  4. Шығармашылы ойындар.

  5. Әдеби – музакалық ойындар.

Дидактикалық ойындарда балалардың алдына қандайда бір мақсаттары мен міндеттер қойылады, оларды шешу үшін назарды жұлылдыру, ерікті зейін қою, ой – күшін жұмсау, ережені ой енігінен өткізе білу, іс - әрекеттердің жүйелілігі, қиыншылықтарды жою керек болады. Олар мектеп жасына дейінгі балалардың түйсіну және қабылдау қабілетін дамытуға, ұғымдарын қалыптастыруға, білім меңгеруіне көмектеседі.


Мақсаты:

  1. Бала ойының құрылымы бойынша негiзгi математикалық түсiнiктердi (сан, есеп, пiшiн, көлем, бағыт) бiлуi қажет.

  2. Бала қандай да бiр нақты математикалық жағдайда дидактикалық ойындардың шарттарын пайдалана бiлуi керек.

  3. Баланың пайдаланылатын дидактикалық ойындар жайында түсiнiгi болуы қажет.


Мiндеттерi:

  1. Мектепке дейінгі балаларда танымдық процесстерiн (зейiн, есте сақтау, ой-өрiсiн, қиял, қабылдау) негiздерiн дамыту.

2. Дидактикалық ойындар арқылы баланың мотивациясына инсценизация жасау.









Блум теориясы бойынша күтілетін нәтижелер:


    • Бала ойынның құрылымы бойынша негізгі математикалық түсініктерді (сан, есеп, пішін, көлем, бағыт) түсінуі.

    • Бала қандайда бір нақты математикалық жағдайда дидактикалық ойындарды таңдай білуі.

    • Дидактикалық ойындар арқылы балалар өз ойларын толық және еркін жеткізе білуі, ойын ережесін ұғынады.

    • Заттың түріне, түсіне, пішініне қарай салыстыру, талдау, әр затты қолдарымен ұстап оған мән беру арқылы ішкі сезімге әсер етіп бекіте білуі.

    • Сурет бойынша, математикалық ұғымдардың арасындағы байланыстарды, олардың қасиеттерін тұжырымдай біліп қолданылуы.


Пішіндер әлемі

Ойын шарты:

Геометриялық фигуралар дайындағанда көлемдері бойынша әрқилы ғып дайындаймын және балаларда көлем, пішін, саны жайында түсінік қалыптасады.

Бала сипаттағанда:

«Үлкен – үлкенірек – ең үлкен»,

«кішкентай – кішірек – ең кішкентай»,

«биік – биігірек – ең биік»,

«ауыр – ауырырақ – ең ауыр»,

«жеңіл – жеңілірек – ең жеңіл»,

«терең – тереңірек – ең терең»,

«жарық – жарығырақ – ең жарық»,

«қараңғы – қараңғырақ – ең қараңғы» және т. б. тиісті салыстырмалы және таңдаулы шырайдағы салыстырмалы сын есімдерді дұрыс өзіндік дербес қолдануға үйретемін.



Санына қарай салыстырайық ойыны

Ойын шарты:

. Бастапқыда балаларға қай жерде ойыншықтың көптігін, ал қай жерде аздығын көзбен анықтауды ұсынамыз, яғни, үзіліссіз мөлшерлерді салыстыра бастаймыз. Алғашқы мысалдардың жауаптары көзге көрініп тұруы қажет.



«Жеуге жарайтын – Жеуге жарамайтын» ойыны

Ойын шарты:

Осы ойынды топпен жіктеу ойынын бәріміз білеміз. Ұқсастығына байланысты басқа да белгілерді таңдауға болады:

тірі – тірі емес, қозғағышы бар – қозғағышы жоқ, дөңгелегі бар – дөңгелегі жоқ және т. б

«Төртінші артық» ойыны.

Ойын шарты:

басқаларына сәйкес келмейтін затты «геометриялық пішінді) алып тастау немесе боямау керек және топты жалпылама сөзбен атау қажет.

Есту арқылы жұмыс жасау: тәрбиеші сөздер айтады да, солардың ішінде басқаларға сәйкес келмейтінді бөліп көрсетуді сұрайды,

мысалы: 3 шеңбер, 1 төртбұрыш (пішін бойынша), 3 қызыл пішін және 1 жасыл пішін (түс бойынша)



«Мен не жасырдым?» ойыны.

Ойын шарты:

Балалардың алдына 3 - 4 түрлі заттар немесе қос суреттер қойылған. Балаларға сұрақ қою арқылы мен айтқан карточкамды немесе затты табуы керек. Әрбір сұрақтан кейін, әрі қарай қарастырылмайтын карточканы алып тастатып отырамын Мысалы, «Ол тірі ме?» деген сұраққа «иә» деп жауап берілсе, тірі емес заттар бейнеленген карточкаларды төңкеріп немесе алып тастаған жөн, ол баланың әрі қарай ізденуін және сұрақ қоюын жеңілдетеді.



 1 - 10 - ға дейін санау ойыны

Ойын шарты:



Бала 1 - 10 аралағында таңбаларды тани білу. Аталған санға байланысты қимыл жасап үйретемін. Мысалы шапалақтап санау, немесе түрлі санамақпен жаттатамын



 «Орнынды тап» ойыны

Ойын шарты:

Балалар реттік номерімен тұрады да тәрбиеші «Ап, қасқырым аш» деп балаларды ойнап қуса балалар «қасқырдан» құтылғаннан кейін тез өз орындарын реттік номерімен тауып алу керек



 «Қойма» ойыны. Мына жерге салыңдар!

Ойын шарты:

Тәрбиеші « Әй, бүлдіршін! Қасқырлар мен лақтарды жинаңдар дейді.

Мына жерге салыңдар деп 2 қорап ұсынады Балалар ойыншықтарын, карточкаларын жинай бастайды, Сол кезде тәрбиеші сен тағы қасқырлар мен лақтарды бір жерге жинап қойдың ба?

Сенің лақтарыңнан түк те қалмас: қасқырлар лақтарды жеп қояды ғой!»,- деп баланы заттарын жүйелеп жинауға үйретеді



«Қажет суретті тап».

Ойынға қажет заттар: Үлкен және кішкене суреттер немесе қуыршаққа арналған ыдыстар, пластилиннен жасаған заттар, конфет, бауырсақ, т. б.

Ойын ережесі: Егер ойын суреттермен жүргізілсе тәрбиеші - мұғалім үлкен суреті балалардың бәрі көрсетіндей орынға іледі. Мысалы: үлкен тарелка немесе орамал ұстаған қыздың суреті. Балалар қораптағы суреттердің ішінен тақтаға ілінген сурет мазмұнына сәйкес заттардың суретін алып столға қояды. Не істегені туралы айтады.

Ойынның соңында балалар ойынға қатысты заттардың суретін салады (өз қалаулары бойынша нан, қант тоқаш т. б.) 

Ортаңғы топ балаларына арналған дидактикалық ойындар.


Ұқсас затты тап”

Нүктелерді қос”

Айырмашылығы неде?”

Қай қолымда көп”

Өз үйіңді тап”

Сандықты әшекелейміз”



Ұқсас затты тап”.


Ойынның мақсаты: Үшбұрыш, тіктөртбұрыш, дөңгелекке ұқсас заттарды тауып, атын атай бiлуге үйрету. Баланың түстердi, пiшiндi ажыратудағы ой-қиялын дамыту.

Қажетті құралдар: Геометриялық пішіндер, суреттер.

Ойын барысы:

Ойынға басшылық. Тәрбиешi үш түрлi пiшiндердi көрсетiп, аттарын сұрайды. Оларды атаған соң, түстерiн сұрайды. Бұдан кейiн балаларға тапсырма бередi. Тәрбиешi: - Таратып берiлген суреттерге қараңдар, мен үшбұрышты көрсетемiн, соған ұқсас сурет тауып көрсетiңдер. (тіктөртбұрышты көрсетедi, дөңгелектi көрсетедi). Балалар өздерiндегi ұқсас затты көрсеткенде, олардан не екенiн, түр-түсiн сипаттап айтуды талап етедi. (Үшбұрыш сызғыш, үйдiң төбесi). Топ бөлмесiнде үшбұрышқа ұқсас зат бар ма?

Тiк төртбұрыш: кiтап, терезе, есiк т.б.

Дөңгелек: доп, алма, шар т.б.

Суреттегi заттар жайында кiмнiң қандай өлең, тақпақтар, жұмбақтар бiлетiнiн сұрау. Ендi балаларды үш топқа бөлiп, үш түрлi пiшiндi таратып бередi. “Өз орныңды тап” қимылды ойыны ұйымдастырылады. Балалар жиналатын орындағы пiшiндер көлемi жағынан қолындағыларынан үлкен болады. Ойын аяқталған соң балалардың iс-әрекетiн бекiтiп, талдау жасайды.








"Нүктелердi қос".


Ойын мақсаты: Балаларды кеңістікті бағдарлай


білуге үйрету.Нүктелерді қосу арқылы, бейнелерді шығара алуға


дағдыландыру.Балаларды ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Қажетті құралдар: Нүктелермен бейнеленген жұлдызша, жалауша бейнелерi.

Ойын барысы:

Қағаз бетiндегi нүктелердi қосу арқылы бейнелердi анықтау, атын атату. Неше нүкте бар екен? Сұрағына жауаптарды тыңдау. Нүктелердi нөмiрлету, сандарды тура және керiсiнше атату. Ойын нәтижесiнде түзу, үшбұрыш, тiкбұрыш ұғымдарын қалыптастыру, сандарды тура және керiсiнше атату.
























Айырмашылығы неде»


Ойын мақсаты: Балалардың геометриялық фигуралар туралы түсiнiктерiн тереңiрек қалыптастыру, олардың жай емес “сиқырлы” фигуралар екенiн, олардан түрлi ойыншықтар, есептер, ойындар құрастыруға болатынына балалардың көзiн жеткiзу, қызығушылығын арттыру, ұқсас заттарды бiр-бiрiмен көзбен көру арқылы салыстыра бiлуге үйрету.

Қажеттi құралдар:

Мейрампаз суреттерi, гүл салғыш ыдыс, гүлдер.

Ойын барысы:

Тек геометриялық фигуралардан құрастырылған екi мейрампаздың бiр-бiрiмен ұқсас және айырмашылығы бар жерлерiн табады. Ойында балаларды екi топқа бөлiп ойнатуға болады. Әр топқа әрбiр ұқсастығы мен айырмашылығын тапқан сайын, әр топ тақтада iлулi тұрған гүл салғышқа гүл салып отырады. Қай қатар гүлдi көп жинайды, сол қатар жеңедi.



Қай қолымда көп»

Ойын мақсаты: Заттың екi жиынтығын салыстыра бiлуге үйрету. Көз мөлшерін дамыту, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Қажетті құралдар: Ұсақ нәрселер.

Ойын барысы:

Топ екi топқа бөлiнедi, оның әрқайсысы алма-кезек тәрбиешiнiң столына өз топ басшысын жiбiредi. Стол басына келген бала қолын артына ұстайды. Алдымен тәрбиешi, одан соң балалардың бiрi оның қолына кубик, түйме, шарик секiлдi әртүрлi ұсақ нәрселердi ұстатады, бiрақ олар бiр қолда көп, екiншiсiнде аз болуы тиiс. Бала алдымен көз мөлшерiмен нәрсенiң қай қолында көп екенiн анықтауы, одан кейiн нәрселердi бiрiнiң артына бiрiн қойып, қайсысының қатарында көп, қай қатарда аз екенiн салыстыруы тиiс.

Тәрбиешi екi қатардағы нәрселердiң санын теңестiру үшiн не iстеу керектiгiн 2 тәсiлмен орындауы керек.







«Өз үйiңдi тап»


Ойын мақсаты: Балаларды тапсырма бойынша өз үйлерін табуға үйрету.Жылдамдыққа, шапшаңдылыққа тәрбиелеу.

Бұл ойын биiк-аласа, үлкен-кiшi, оң жақта, сол жақта - деген ұғымдарды жаттықтыру мақсатында өтiледi.

Қажетті құралдар: «Ағаштардың бейнесі».Үйлердің суреттері.

Ойын барысы:

Тәрбиешi балаларды екi топқа бөлiп, әр топтың ойнайтын орнын немесе “үйiн” тағайындайды. Екi топқа да өсiп тұрған бiрi биiк, бiрi аласа ағашты көрсетедi де 1-топтағы балалардың үйi биiк ағаштың оң жағы, ал 2-топтағы балалардың үйi аласа ағаштың сол жағы - деп белгiлейдi. Қай топ өз үйлерiне тез барады. Ойын екi рет қайталанады. Ойынның соңында әр топтың балаларын мадақтап отырады.
















Сандықты әшекелеймiз”

Ойын мақсаты: Әртүрлi пiшiндердi ажырату және оны желiмсiз жапсыру дағдыларын қалыптастыру. Ұлттық бұйымның ерекшелiгiмен таныстыру.

Қажетті құралдар: Геометриялық пішіндер, суреттер.


Ойын барысы:

Тәрбиешi түктi қағаздан жасалған сандықты көрсетiп, сұрайды. “Мынау не? Қайдан көрдiңдер? т.б.” Тәрбиешi балалар жауабын толықтырып, ұлттық бұйымның ерекшелiгiн, маңызын қысқаша айтып өтедi де: - Қазiр осы сандықты әшекейлеймiз. Бұл сандық өзi сиқырлы екен, қане ашып көрейiк, - деп iшiнен қорапқа салынған түрлi-түстi геометриялық пiшiндердi алып көрсетедi. Түстерiн сұрайды, ал сандықтың бетi, қақпағы қандай пiшiнге ұқсайды? – Тiк төртбұрышқа. Бұл пiшiндердi балаларға таратып бередi. Сандықтың бетiнде әдемi ою-өрнек бар, бiрақ кейбiр бөлiктерi бос, сол бос орындарға бiз мына пiшiндердi орналастырамыз. Тәрбиешi өзi жапсырып көрсетуi керек. Одан кейiн дөңгелектердi түстерiне қарай таңдап, бiр-бiрiне қарама-қарсы немесе қатарластыра, шетiне ортасына орналастыруды балалардың өздерi жапсырып безендiредi.











Ересек топ балаларына арналған дидактикалық ойындар.


Апта күндері”

Неге ұқсайды”

Көрші – көрші”

Сипаттама бойынша тап”

Өз орныңды тап”

Доп лақтыру”

Дыбыс арқылы санды тап”


Апта күндерi”


Ойын мақсаты: Апта күндердi есте сақтау. Апта күндерін рет-ретімен айта білуге дағдыландыру.

Қажетті құралдар: Апта күндерiн шартты түрде белгiлейтiн 1-7-ге дейiн фигуралардың немесе ұлттық таңбалардың суретi салынған 7 және суретi жоқ 1-2 тәж.

Ойын барысы:

Тәрбиешi балалардың мынаған келiсiп алуын өтiнедi. Бiр таңба бар тәж аптаның бiрiншi күнi дүйсенбi, екi таңба бар тәж аптаның екiншi күнi сейсенбi және т.б. бiлдiредi. Балалар апта күндерiнiң атын хормен қайталайды.

Тәрбиешi 7 баланы шақырып оларға тәждердi таратып бередi. Шақырылған балалардың әрқайсысы тәжбен таңбаның санына қарап: “Сабыр – сәрсенбi”, “Мен – жұмамын” және т.с.с. дейдi.

Осыдан кейiн тәрбиешi аптаның кез-келген күнiнiң атын дауыстап атайды. Бiлетiн бала алдына шығып тұрады. “Апта күндерi, сапқа тұрыңдар” деген бұйрық берiлiсiмен, басқа балалар оның қатарына дұрыс ретпен сапқа тұруы тиiс.


  1. 2 3 4 5 6 7



Неге ұқсайды?”

Ойын мақсаты: Балалардың есту, көз алдына елестету, ұқсата бiлу дағдыларын қалыптастыру. Пішіндер туралы бiлiмдерiн толықтыру әрi пысықтау.

Қажетті құралдар: Көлемдер (дөңгелек, куб, цилиндр).

Ойын барысы:

Тәрбиешi кез-келген бiр затты атайды. Балалар сол заттың қай геометриялық пішінге ұқсайтынын атайды.

Мысалы тәрбиешi: - доп?

Бала: - дөңгелек.

Есiк – тiктөртбұрыш.

Қай бала немесе қай қатар көп ұпай жинаса солар жеңедi. Ойын қызықты болу үшiн сөздi, жауапты тездетiп шапшаң айту

керек.







Көршi – көршi”


Ойын мақсаты:1-10-ға дейін тура және кері санауға үйрету.Сандарды рет-ретімен орналастыруын қалыптастыру.

Қажеттi құралдар:1-ден 10-ға дейiнгi сандар жазылған карточкалар.

Ойын барысы:

Тәрбиешi бiр санды айтады, мысалы, “Жетi” дейдi. Омырауын жетi саны бала iлгерi шығып, балалардың алдына тұрады. Тәрбиешi былай дейдi: “Бұл санның көршiлерi, қатарына тұрыңдар!”. Оның қатарына 6 және 8 деген карточкалар тұрып, 6, 7, 8 сандарын құрайды. Одан соң 6 және 7 сандары салыстырылады. Омырауында 6 цифры қадалған бала былай деп түсiндiредi: 6-ның 7-ден 1-еуi кем. 6-ға 1-дi қоссақ 7 болады. 6 саны алты бiрлiктен тұрады.

Одан кейiн 7,8 сандары да осылайша түсiндiрiледi.

Жаттығу қайталанады, ойыншылардың құрамы өзгередi. Отырған балалар тапсырманың дұрыс орындауын қадағалайды.



5 6 7


Сипаттамасы бойынша тап”


Ойын мақсаты: Ұзын – қысқа, кең – тар, биiк – аласа және т.с.с ұғымдарды қайталау.

Қажеттi құралдар:Жануарлар мен құстарды белгiлейтiн ойыншықтар.

Ойын барысы:

Сөреге аю, қоян, қасқыр, түлкi секiлдi 5-6 ойыншық қойылған балалар көрiп отырады. Олар тәрбиешiмен бiрге әрбiр ойыншықты анықтап қарайды, олардың атын қайталайды. Осыдан кейiн ойнаушылардың бiреуi бөлмеден сыртқа шығады да, басқалары ойыншық туралы жұмбақ құрастырады, мәселен, мұғалiм балаларға қоянды көрсете отырып, олармен бiрге мынадай жұмбақ құрастырады: “Ұзын құлақ, қыли көз, қысқа құйрық – бұл қай аң?” Аю туралы “Маймақ аяқ, қорбиған, аңсағаны тәттi бал, ұзын жүндi жабайы аң” және т.с.с. Балалар жұмбақты құрастырып болған соң оны шешетiн баланы шақырады. Егер ол жұмбақты дұрыс шеше алмаса, қолына сол ойыншық берiледi де, жұмбақ қайта айтылады. Ол тағы да қиналса, балалар жәрдемдеседi. Ойынға келесi бала шақырылады. Ойын қайталанады.

Балалар жеңiмпазды анықтайды.

О
йынға алуан түрлi ойыншықтарды, сондай-ақ суреттердi пайдалануға болады.

Өз орныңды тап”

Ойынның мақсаты: Алғашқы ондықтағы сандар қатарын, оның атауын, белгiсiн, орнын қайталап, есте сақтау, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Қажетті құралдар:Кеспе сандар.


Ойын барысы:

Бұл ойынды 10-ға дейiнгi натурал сандар қатарын өтiп болғаннан кейiн жүргiзуге болады. Тәрбиешi 10 баланы тақтаға шақырып, омырауына кеспе цифрлар жапсырылған карточка тағады. Балалар ретсiз араласып тұрады. Тәрбиешi балалардың ретiмен қатарға тұруын талап етедi. Екi цифрын ұстап тұрған бала мен екiмiн деп, бiр цифрын ұстап тұрған баланың жанына келiп тұрады, қалған балалар да өздерiндегi цифрға байланысты өз орындарын тауып тұру керек.


Доп лақтыру”

Ойын мақсаты: Сонша, артық, кем ұғымдарын доп лақтыру дыбыс үні арқылы білдіреді:

Қажетті құралдар: Доп.


Ойын барысы:


Тәрбиешi допты жоғары лақтырып, немесе еденге ұрып балаларға санату, сонша немесе бiреуi (екеуi) артық (кем) ойын барысында неше болса сонша, содан (артық), “кем” деген … өзiнiң допты еденге ұруының балалар шапалағымен сәйкес келуiн қадағалау, қол шапалақтатуы, әлде қарындашпен тықылдату керек.





Дыбыс арқылы санды тап!”

Ойын мақсаты: Дыбысты ести отырып, тиісті сандарды тез табу, жылдамдыққа тәрбиелеу.

Қажетті құралдар:Қарапайым сандар, геометриялық пішіндер.

Ойын барысы:

Тәрбиешi қарандашпен үстелдi дыбыс шығатындай етiп тоқылдатады, оқушылар тыңдап отыры, алдындағы тиiстi цифрды көрсетедi. Мұны оқушы шығып құстың дауысына, мал, жануарлардың дауысын салу арқылы жасауға болады. Тақтада жазылып тұрады:

Ж


6

үргiзушi: Ойлан азырақ,

Уақытыңды үнемдеп,

Кiм шығады, кәнеки,

Жауабын «Мен бiлем» деп

Үлгiсiн көрсетiп қою:


10




Сергiту болады.

Топ басшыларына тапсырма беру (ребус). Топ басшылары ребусты шығарып жатқанды:

Қожанасыр қонаққа келедi, отырғандар (1 сынып оқушылары.)

- Мен бiр жаман хабар әкелдiм. Зынданда Тазша баланы қамап қойған. Сендердiң көмектерiңдi сұрап келдiм. Мына есептiң жауабын айтыңдаршы балақайлар.

Жүргiзушi: Есептiң қызығын көретiн боламыз десеңдер, ең дұрыс шешiмiн беретiн жауапты дәл таба бiлiңдер.


Мектепке даярлық топ балаларына арналған дидактикалық ойындар.


Өз жұбынды тап”

Сенде сонша көрсет”

Кім тез жинайды”

Қол соғу”

Қапшықта неше ойыншық”

Балық ұстау


Өз жұбыңды тап”

Ойын мақсаты: Санды көру, есту және қимыл арқылы қабылдау қабiлетiн пысықтау.

Қажеттi құралдар: Карточкалар, суреттер.


Ойын барысы:

Балалар он адамнан топқа бөлiнiп ойнайды. Ойынға қатысушылар қарама-қарсы қарап, сапқа тұрады. Бiрiншi қатардағы балалардың омырауында – суреттер салынған карточкалар. Екiншi қатардағы ойнаушының бiреуi алақанын соғады. Бәрi неше соққы болғанын санайды. Омырауында осы соққы санына сай келетiн карточкасы бар бала ойын бастаушының қасына жүгiрiп келедi де, екеуi бiрге ойыннан шығады.

Барлық балалар өздерiнің жұптарын тапқанда ойын аяқталады. Ойынға қатысушылар жеңiмпаз топты атайды.

Сен де осынша көрсет”

Ойын мақсаты: Балалардың көрген нәрселерiн немесе естiген дыбыстарын санап, есте сақтап, оған басқа нәрселердi сәйкестендiруге үйрету.

Қажеттi құралдар: Фигуралардың, ою-таңбалардың суретi салынған карточкалар. Бала санайтын материалдар.

Ойын барысы:

1 нұсқа Тәрбиешi карточканы көрсетедi де, алып қояды. Балалар карточкада неше фигура, ою-таңба бар екенiн айтып, сонша жалауша немесе басқа нәрсе көрсетуi тиiс. Тапсырманы дұрыс әрi тезiрек орындаған қатар жеңiмпаз аталады.

2 нұсқа Тәрбиешi бiрнеше рет алақанын соғады. Балалар оны зейiн қоя тыңдап, одан соң соншама жалауша көрсететдi.














Кiм тез жинайды”

Ойын мақсаты: Көкөнiстер мен жемiстер жайындағы балалардың бiлiмiн тиянақтау /жинақтау/. Бейнелеу iс-әрекетi барысында пiшiн, көлем, түстi, салыстырмалы көлемдi қабылдауын қалыптастыру. Балалрдың есте сақтауын дамыта отырып, зейiндiлiкке, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа баулу.

Қажеттi құралдар: Көкөнiстер мен жемiстердiң ұсақ суреттерi /10х10; 10х15 см/ немесе муляждар. Екi себет.

Ойын барысы:

А) Көкөнiстер, жемiстер жайында әңгiмелеп, түрi, түсi, көлемi, пiшiнi т.б. Ә) Үстелдiң екi шетiне қойылған екi себетке жемiстердi бiр бөлек, көкөнiстердi, бiр бөлек, бiр-бiрлеп салу тапсырылады.

Ойынға басшылық. Ойын барысында тәрбиешi көкөнiстер мен жемiстер жайында қысқаша әңгiмелеп балалардан көкөнiстерге не, жемiстерге не, жататынын сұрайды. Балаларды жартылай шеңбер жасай отырғызылады. Тәрбиешi ойынға қажеттi көрнекiлiктердi алдын ала үстел үстiне қояды.

Берiлетiн тапсырма: көкөнiстердi жинап, бiр себетке, жемiстердi жинап, екiншi себетке салу керек. Екi бала шығады. “Бiр, екi, үш” деп санау арқылы немесе санамақпен ойын басталады. Кiм бұрын араласып жатқан жемiстер мен көкөнiстердi шатаспай дұрыс жинаса, сол жеңiске жетедi. Ендi жиналған көкөнiстер мен жемiстер қайта жайып қою үшiн балаларды бiр-бiрлеп шақырып, сипаттап айтып, орнына қояды. Оны басқа бала орындайды. Мыс: Алма қызыл домалақ пiшiндi, дәмi тәттi, т.б. көкөнiске немесе жемiске жататынын сұрап, тәрбиешi жауаптарын толықтырып отырады. Ойын балалардың жемiстер, көкөнiстер жайында өлең-тақпақтар айтуымен аяқталады.


Қол соғу”

Ойын мақсаты: Тез, дәл қимыл жасау,есту қабiлетiн жетiлдiру, ретiмен санауды, қашан? қанша болса сонша ұғымдарын қалыптастыру үшiн жаттықтыру.

Қажеттi құралдар:Тәрбиешi мен әрбiр баланың алдында тiлi бар дөңгелек (3 сурет) болуы тиiс.

Ойын барысы:

I вариант. Тәрбиешi қол соғады. Балалар санайды. Одан соң тақта алдына шақырылған балалардың бiрi тәрбиешiнiң қол соғуын қайталап, оның неше рет қол соққанын айтуға немесе дөңгелектiң тiлiн қол соғу санына сай келетiн сандық фигураларға қаратып қоюы тиiс.

II вариант. Ойын күрделенедi. Балалар үндемей, қол соғу санын есептейдi, әрқайсысы дөңгелек тiлiн өздiгiнен жылжытады. Тәрбиешi қатарларды аралап, ойын ережесiнiң дұрыс орындалуын тексередi.

Ойын екi-үш рет қайталанған соң оның қорытындысы шығарылады. Ойыншылары қателеспеген қатар ұтып шығады.








Қапшықтан неше ойыншық алдың”

Ойын мақсаты: Балаларды заттың санын қолмен сипалап бiлудi үйрету.Саусақтың ұшымен ойыншықтың көлемін айта білуге дағдыландыру.

Қажеттi құралдар: Әрбiр балаға iшiне шошқа-жанғақ, ұсақ тастар, түйме т.с.с санайтын заттар салынған қапшық берiлуi тиiс.


Ойын барысы:


Тәрбиешi балаларға қолдың саусақтарымен сипалап бiлу арқылы қапшықтан 4 шарик (асық) алуды тапсырады. Балалар тапсырманы орындау үшiн қапшықтан шариктердi алып, стол бетiне қояды және санайды. Осыдан кейiн балалар тапсырманы орындауын өзара тексередi, қателiктер жөнiнде тәрбиешiге айтады.

Тапсырма бiрнеше рет қайталанады. Ешқандай қателiк жiбермеген балалар жеңiмпаздар атанады.

Балық ұстау”

Ойын мақсаты:Ойын арқылы қосу, азайту дағдыларын қалыптастыру, түсті ажырату, тез ойлау қабілеттерін арттыру, шапшаңдыққа баулу.

Қажетті құралдар:Аквариум iшiнде жүзiп жүрген балықтар суретi.1-10 сандар.

Ойын барысы:

Аквариум iшiнен, ондағы жүзiп жүрген балықтар көрiнiсiн алу. Екi түрлi түске боялған балықтардың келесi бетiне толық ондықтарды, 1,2…- 9-ды қосып, азайтуға 8-дi өрнектер жазулы тұруы керек. Ойынды топқа бөлiп ойнатсақ, аквариум iшiнен алынған балықтағы жазылған өрнектiң нәтижесiн тез ойлап, дұрыс шешсе, көп ұстаса сол топтың жеңгенi болып табылады.

Ойын нәтижесiнде толық ондықтарды қосу және азайтуға жаттықтыру көзделедi.






















































Әдебиеттер тізімі:


  1. Ш.Х. Құрманалина, С.Ш. Сәрсенбаев Математикадан дидактикалық ойындар және қызықты тапсырмалар.

  2. Л. Мартынова. Обучение математике младших дошкольников.

  3. Т. Қаражанұлы, Ш. Хайралақызы. Математикадан дидактикалық материалдар.

  4. Т.К. Жикалкина. Игровые и занимательные занятия по математике.

  5. Р.Ф. Соболевский. Математические игры.

  6. Ж. Мурадян. Дидактические игры, развивающие математические представления.

  7. М.К. Сай, Е.И. Удальцов. Математика в детском саду.

  8. Ғ. Дұкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.

  9. П. Есімбетова. Балабақшада оқыту және тәрбиелеу бағдарламасы бойынша әдістемелік нұсқау.

  10. Б. Баймұратов. Мектеп деінгі дидактикалық ойындар, принциптер туралы түсінік.

  11. М. Фидлер. Математика уже в детском саду.

  12. Е. Водопьянов. Формирование начальных геометрических понятий у дошкольников.



27



-75%
Курсы повышения квалификации

Интерактивные методы в практике школьного образования

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Психикалық дамуы тежелген балалардың қарапайым математикалық түсініктерін дамытуға арналған дидактикалық ойындар (224 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт