Меню
Разработки
Разработки  /  Психологу  /  Планирование  /  Прочее  /  Педагог – психологтың негізгі құжаттарының түрлері

Педагог – психологтың негізгі құжаттарының түрлері

тәсілдері Мектептердегі психологиялық қызметтін қалай ұйымдастырылуы, мектеп психологтарының негізгі құжаттарының қалай болуы, қалай жүзеге асырылуы женінде әдістемелік құралдардың аздығы, болса көбісінің орысша басылып, оны аударуға уақыттың көп кетуі, қазақша психологиялық сөздіктің жоқтығы деген сияқты мәселелер мектеп психологтары үшін қиындыктар тудырады. Педагог — психологтың негізгі құжаттарының түрлері
09.01.2020

Содержимое разработки

1 Мектептегі психологиялық қызмет дегеніміз не, мақсаты, түрлері қандай деген мәселені қарастырайық. Мектептегі психологиялық қызмет – әрбір баланың толыққанды психикалық және тұлғалық дамуына әсер ететін жағдайлармен қамтамасыз ету негізгі мақсаты болып табылатын білім беру жүйесіндегі арнайы сала. Мектептегі психологиялық қызметтің басты мақсаты – дамудың және оқу-тәрбие процесінің әлеуметтік жағдайын ғылыми психологиялық қамтамасыз ету, яғни білім беру процесіндегі барлық қатысушылардың денсаулығын сақтауға арналған психологиялық жағдайларды қамтамасыз ете алатын, тұлғаны дамыту мен тәрбиелеудің осы күнгі психологиялық-педагогикалық теориялары негізінде осы процесті ұйымдастыру мен құру және жүргізу.

Қызметтің негізгі мәселелеріне кіретіндер:

  • әр жас кезеңінде балалардың тұлғалық интеллектуалдық дамуына қолдау көрсету, олардың бойында өзін тану және өзін жетілдіру қабілеттерін қалыптастыру;

  • -білім беру мекемелерінде әлеуметтік-психологиялық климаттың жағымды үйлесімді болуына қолдау көрсету;

  • -білім беру бағдарламаларын олардың мазмұны мен игеру тәсілдерін оқушылардың, тәрбиелеушілердің ақыл-ой және тұлғалық мүмкіндіктеріне бейімдеу мақсатында психологиялық қамтамасыз ету;

  • білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік жағдайды психологиялық талдау, негізгі мәселелерді айқындау және олардың туындау себептерін, шешілу жолдары мен құралдарын анықтау;

  • балалардың, жеткіншектер мен жастардың дамуындағы ауытқулардың алдын алу және жеңе білу ;

  • мамандардың кәсіби іс-әрекетіне, білім беру бағдарламалары мен жобаларына, оқу-әдістемелік құралдарға психологиялық сараптама;

  • үздіксіз білім беру процесінде бір сатыдан екінші сатыға ауысу кезіндегі психологиялық – педагогикалық жағдайларды әзірлеу және жасау;

  • білім беру тәжірибесіне психология ғылымының жетістіктерін енгізу мен оларды таратуға қолдау көрсету;

  • білім беру жүйесі мамандарының іс-әрекетін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету.

Мектеп психологының құқықтары мен міндеттері және жалпы ережелер, мектеп психологының негізгі қызметтік мәселелері туралы арнайы оқулықтардан оқып-біле аласыздар (Берілген әдебиеттер тізімін қараңыз). Ал кейбіріне қысқаша тоқталсақ…

  1. Мектеп психологының құқықтары мен міндеттері. Мектеп психологының құқықтық мәртебесі

  2. Мектеп психологы – жоғары психологиялық білімі бар маман.

  3. Қызметтік кесімді айлық, еңбек демалысының ұзақтығы, педагогикалық жүктеменің тарифтелген көлемі ҚР Білім және ғылым министрлігінің нормативті құжаттарына сәйкес белгіленеді.

  4. Психолог қызметі санаттар негізінде (19 дан 16-ға дейінгі дәреже) әрбір мектепте – білім беру мекемесіне кем дегенде бір психолог болып тағайындалады. 500-ден астам тәрбиеленушілері бар білім беру мекемелерінде психолог мамандардың саны көбейтіледі.

  5. Мектеп психологының жұмыс тәртібі мектептің жалпы тәртібіне сай болуы тиіс және оны білім беру мекемесінің директоры бекітеді. Психологтың жұмыс уақыты бағдарлық талаптарды ескере отырып ұйымдастырылады.

  6. Білім беру мекемесіндегі психолог жұмысы үшін табысты іс-әрекетке қажетті жағдайларды қамтамасыз ететін арнайы жабдықталған бөлме бөлінеді.

  7. Мектеп психологы әрбір оқу жылының басында мектептің педагогикалық кеңесінде тыңдалатын және білім беру мекемесінің директоры бекітетін өз іс-әрекетінің жоспарын жасайды.

  8. Мектеп психологы өз іс-әрекетіне есеп жүргізіп отырады және әрбір оқу жылының соңында атқарылған жұмыс туралы есеп береді, ол білім беруді басқарудың тиісті деңгейде жалпы мектептік есепке енгізіледі.

  9. Психолог іс-әрекетіне жалпы бақылауды жоғары тұрған психологиялық қызмет, мектеп директоры және педагогикалық кеңес бекітілген бағдарлама негізінде жүзеге асырады.

  10. Мектеп психологы оқу орны әкімшілігінің нұсқауларын, егер олар психологтың негізгі мақсаттарына, міндеттеріне және этикалық кодексіне қарама-қайшы болса, орындамауға құқылы.

  11. Білім беру мекемесінің психологы өз іс-әрекетін әкімшілікпен, педагогикалық ұжыммен, ата-аналармен, медициналық қызметпен, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлім қызметімен, т.б. тығыз байланысты жүргізуге міндетті.

  12. Өзінің іс-әрекетінде мектеп психологы ұйымдық-психологиялық, дамытушылық, психофасилитациялық, психопрофилактикалық, психодиагностикалық және психокоррекциялық бағыттарды жүзеге асырады.

П с и х о л о г:

  • оқу-тәрбие үрдісінің барлық субъектілерімен жұмыс істеудің формаларын және әдістерін таңдауға, жұмыстың белгілі бір кезеңге арналған маңызды бағыттарын атап көрсетуге, жұмыстың көптеген түрлерін жүргізу кезектілігін белгілеуге;

  • оқу орнының басшылығына психологиялық қызметтің тиімді іс-әрекетіне қолдау көрсететін идеялар ұсынуға;

  • оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру жөніндегі қажетті мектеп құжаттамаларын оқып-үйренуге;

  • оқу-тәрбие үрдісімен байланысты әр түрлі мәселелерді талқылайтын жиындар мен мәжілістерге белсенді қатысуға;

  • педагогикалық және мектеп ұжымдарында әр түрлі психологиялық зерттеулер мен тестілер жасауға, пайдалануға, түзетуге және жүргізуге;

  • тәжірибелік психологияның ғылыми орталықтармен, жоғары оқу орындарының психология кафедраларымен, психологиялық ассоциациялармен, психолог-практиктермен тұрақты іскерлік байланысты жүзеге асыруға;

  • әр түрлі конференцияларға, семинарларға, симпозиумдарға тәжірибе алмасу мен өз біліктілігі мен кәсібилігін жетілдіру мақсатында қатысуға;

  • мектеп әкімшілігіне, педагогтарға, ата-аналарға, оқушыларға әртүрлі психологиялық мәселелер бойынша ұсыныс-кеңестер беруге қ ұ қ ы л ы.

П с и х о л о г:

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нормативті актілерін, құжаттарын, бұйрықтарын, нұсқауларын басшылыққа алуға;

  • Өзінің іс-әрекетін өз кәсіби біліктілігінің және қызметтік міндеттемелерінің шеңберінде жүргізуге;

  • Психология мен педагогиканың әртүрлі салаларындағы ең жаңа жетістіктерді білуге және насихаттауға; диагностиканың, түзетудің, алдын алудың ғылыми негізделген әдістерін өз іс-әрекетінде қолдануға; өзінің кәсіби деңгейін жетілдіру үшін үнемі еңбектенуге;

  • Тәжірибелік психологтың этикалық кодексі нормаларын басшылыққа алуға;

  • Мектеп қабырғасындағы диагностикалық, психокоррекциялық, консультативтік іс-әрекетіне тиісті кәсіби әзірлігі жоқ біліксіз адамдарды жібермеуге;

  • Кез келген мектеп құжаттамасына (тәрбие беру жоспарларына, білім беру бағдарламаларына, педагогикалық кеңестің шешімдеріне, ағымдағы оқу-тәрбие поцесіне, т.б. ) психологиялық талдау жүргізуге;

  • Мектеп ұжымындағы әртүрлі деңгейдегі тұлғааралық қатынастарды (Оқытушы-администратор, оқытушы-оқытушы, оқытушы-оқушы, оқушы-оқушы) бақылауда ұстауға, талдауға және түзетуге;

  • Әкімшілікпен, оқытушылармен, оқушылармен, ата-аналармен бірлесе отырып, білім беру үрдісінің барлық субъектілерінің табысты бейімделуі мен тиімді іс-әрекетіне қолдау көрсететін ғылыми негізделген білім беру, тәрбиелеу, түзету,т.б. бағдарламаларды жасауға және енгізуге;

  • Еркін формадағы психологиялық құжаттаманы (дискеттер, үн таспаларды, перфокарталарды, т.б.) жүйелі түрде жүргізуге және сақтауғам і н д е т т і.

Мектеп психологының негізгі мақсаты-міндеттері:

  1. Оқушылардың сабаққа үлгермеушілік себептерін анықтау.

  2. Кейбір оқушылардың тәртіпсіз болу себептерін анықтау.

  3. «Қиын» сыныптармен жұмыс істеу бағдарламасын жасау.

  4. Жеткіншектермен жұмыс.

  5. Жағдайы қолайсыз жанұямен қарым-қатынаста болатын ата-ана мен бала қақтығысы, кикілжіңді дұрыс шешу, оның тиімді формаларын табу.

  6. Мектеп пен отбасы арасындағы бірлесіп жұмыс істеу үйлесімділігін орнықтыру.

  7. Оқушының сабаққа деген қызығушылығы мен жауапкершілігін тәрбиелеу.

  8. Оқушының танымдық қабілетін арттыру.

  9. Психологиялық кеңес беру.

  10. Мамандық таңдауға көмек.





Сабақ жоспары


Топ






Күні






Пән аты: Білім беру ұйымы анықтайтын пәндер.

Оқытушы: Абдунабиева Зарина

Сабақтің тақырыбы: Педагог – психологтың негізгі құжаттарының түрлері

Сабақтің түрі: теория

Оқыту әдісі: Белсенді оқыту әдісімен дәстүрлі емес сабақ.

Пәнаралық байланыс: педагогика,, этнопедагогика, философия,психология

Сабақтың мақсаты.

1. Білімділік: Студенттерге жанжалдар және оларды шешу жолдары жайлы түсінік беру.

2. Тәрбиелік: Пәнге деген қызығушылығын ояту, үйлесімді адамгершілік-имандылық қасиеттерін қалыптастыру, өзбетінше жұмыс істеуге үйрету.

3. Дамытушылық: Адамның жан-дүниесі жайлы білім, біліктерін молайту, ес процесін дамыту.

Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: лекция материалы, оқулық, плакт, кесте.

Сабақтың құрылымы мен мазмұны.

І. Ұйымдастыру кезеңі: Мемлекеттік әнұранды орындау. Студенттерді түгелдеу, сабаққа даярлау.

ІІ. Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімін тексеру:

Тексеру әдісі: сұрақ-жауап.

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру.

Түсіндіру әдісі: баяндама

Материалды түсіндіру жоспары.

Педагог – психологтың негізгі құжаттарының түрлері және оның жүргізілу тәсілдері  Мектептердегі психологиялық қызметтін қалай ұйымдастырылуы, мектеп психологтарының негізгі құжаттарының қалай болуы, қалай жүзеге асырылуы женінде әдістемелік құралдардың аздығы, болса көбісінің орысша басылып, оны аударуға уақыттың көп кетуі, қазақша психологиялық сөздіктің жоқтығы деген сияқты мәселелер мектеп психологтары үшін қиындыктар тудырады. Педагог — психологтың негізгі құжаттарының түрлері

  1. Нормалы (қағидалы) құжаттар

Мақсаты: Психологтың жұмыс мазмұның мемлекеттік стандартқа сай болуы.

  1. Бала құкығы туралы халықаралық конвенция

  2. «Білім туралы» ҚР заңы

  3. «Білім» мемлекеттік бағдарлама

  4. Психологиялық қызмет ережесінің жобасы

  5. Білім мекемесіндегі педагог-психологтың статусының жобасы

  6. ҚР білімінің даму концепциясы

  7. Психологтың этикалық кодексі

  8. Концептуалды құжаттар

Мақсаты: Психологтың жұмысын ұйымдастыру

  1. Психологиялық қызметтің тұжырымдамасы

  2. Психологиялық қызметтің моделі (құрылымы)

  3. Мектептің басқа жұмысындағы мақсатты бағдарламасы

III.      Қызметтік және есептік кұжаттар

Мақсаты: Психологтың атқарған жұмыстарын тіркеу журналы

  1. Мекеме басшысымен бекітілген бір жылға арналған күнтізбелік жоспары

  2. Психологиялық қызмет бағыттарын көрсететін жалпы жұмыс жоспары

  3. Күндік, апталық, айлық жоспар

  4. Циклограмма

  5. Жылдық есеп

  6. Жеке іс – шаралар:

  • Дарын

  • Девианттық

  • Аутоагрессия

  • ҰБТ

  • ОЖСБ

  • Кәсіптік бағдар

  • Мүмкіндігі шектеулі

  • Үлгерімі төмен

  • Бейімделу 5,10 сынып

  • Ата – аналармен

  • Мұғалімдер

  • ЖҚТБ,есірткі



Есептік құжаттар          

Мақсаты: Психологтың жұмыс мазмұнының көрінісі (жабық құжат)

  1. Жылдық аналитикалық анықтама, мәлімет, есеп

  2. Статистикалық есеп (айлық, тоқсандық, жылдық мәтіндік есептер)

  3. Педагогикалық — психологиялық сараптама жұмыстарының қорытындысы бойынша талдау жеке топтық жұмыстардың аналитикалық анықтамалары

  4. Психологиялық кеңес беру бағытының журналы

  5. Жеке түзету-дамыту сабағын есепке алу журналы

  6. Топтық түзету-дамыту сабағын есепке алу журналы

  7. Сұранысты тіркеу журналы

  8. Психологиялық сұраныстар журналы

  9. Психологтың атқарған жұмыстарын тіркеу журналы

  10. Психодиагностикалар (акт, карта, психологиялық портреттер, зерттеудің хаттамалары, қорытулар, салыстырмалы кестелер, кеңестер)

  • Әкімшілікпен жұмыс жоспары

  • Кәсіптік өзін-өзі жетілдіру жоспары. Мектеп психологында психологиялық-педагогикалық шеберлікті дамыту папкасы болу керек. Онда: білімді жетілдіру курстарын бітіргенін растайтын сертификатгар, жетістіктер, грамоталар, мақтау қағаздары болады.

  • ЖБІБ және мектеп ішілік тіркеуде тұрған оқушылардың картотекасы;

  • Ішкі қолданыс үшін қамқорлыққа алынған балалардың медико-психолого-педагогикалық мінездемесі;

  • Психологиялық қызмет көрсету кабинеті жоспары



-75%
Курсы повышения квалификации

Инновационные подходы к работе с родителями на основе диагностики их запросов и потребностей

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Педагог – психологтың негізгі құжаттарының түрлері (23.68 KB)