Меню
Разработки
Разработки  /  Прочее  /  Уроки  /  Прочее  /  «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!»

«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!»

1989 жылы 22 қыркүйекте тұңғыш рет Қазақ КСР-нің «Тілдер туралы» заңы қабылданып, онда қазақ тілінде «Мемлекеттік тіл» мәртебесі көтерілді. 1992 жылы 30 тамызда Ата заңымызда қазақ тілі мемлекеттік тіл болып қалды. 1997 жылы 11 шілдеде ҚР парламенті «Тіл туралы» жаңа заң қабылдады. 2007 жыл «Мемлекеттік тіл жылы» деп жарияланды. Тілдің тазалығын сақтаушы академия да емес, грамматика да емес, білімдар да емес, тілді таза қалпында сақтайтын халықтың рухы. «Тілден тілдің кеңдігі болғанымен, кемдігі жоқ», соның ішінде мемлекеттік тіл өз құзыреттілігін барынша сақтап келеді.

09.01.2018

Содержимое разработки

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледжі

«Бекітемін»

Директордың тәрбие жұмысы

жөніндегі орынбасары

Сайдулла Б.С.

« » 2016ж



1108 000 - «Теміржол жылжымалы құрамдарын пайдалану және техникалық күту» мамандығы бойынша ТХ-13о тобының

«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!»

атты ашық тәрбие сағатының

ЖОСПАРЫ

«Теміржол мамандықтары пәндері» циклдық комиссиясының отырысында қаралып, мақұлданды.



Хаттама № « » 2016ж.



ЦӘК төрағасы: Әбдіқадыр А.Т.



Аға топ жетекшісі: Женсикбаева Ш.К.



Топ жетекшісі: Абуова А.Т.









«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!»

атты ашық тәрбие сағатының жоспары

Өткізілетін күні: 10.02.2016ж

Өткізілетін жері, уақыт, тобы: ТХ-13о №34 ауд сағат 10-00

Мақсаты: Оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін молайту.

Көрнекілігі: Қанатты сөздер жазылған плакаттар, интерактивті тақта, слайдтар.

Топ жетекші: Саламатсыздарма, ұстаздар мен оқушылар! »,

«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

Ана тілі- адам боп жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Ана тілі жүректінің терең сырларын, халақ тарихының барлық кезеңдерін, жанның барлық толқындарын ұрпақтан –ұрпаққа сақтап отыратын қазына.

ҚР президенті Н. Ә. Назарбаев «Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді» деген, сондықтан өз ана тілін дұрыс меңгеріп, таза сөйлей білу- қазақпын деген әр адамның міндеті.

Жүргізуші: Қази Самат

Иа, әрине, М. Шахановтың «Төрт ана» өлеңінде айтылғандай, ана тіліміз бізге ата-бабамыздан қалған асыл мұра , оны келер ұрпаққа жеткізу, қасиетін ұғындыру біздің міндетіміз.

Құрметті ұстаздар мен оқушылар «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

Тәрбие сағаты сайыс ретінде өтізіледі, сайыс төрт кезеңнен тұрады, (бағалар 10 -15және 20баллдық).

1 кезең - Өзін –өзі таныстыру

2 кезең – Жас ақын

3 кезең- Мақал- мәтелдер

4 кезең –Көнерген сөздер

Енді қазылар алқасымен танысайық

Орыс тілі пәнінің оқытушысы және аға топ жетекшісі: Шара апай

Қазақ тілі пәнінің оқытушысы: Айжан апай

Цикл төрағасы әрі арнайы пән оқытушысы: Айтбай ағай



Бірінші кезең. Өзін –өзі таныстыру топ басшыларын ортаға шақырамыз.

1-ші топ басшысы: Дүйсенбеков Қуанышбек Нұрлыбекұлы.

Біздің топтың аты «Темір тұлпар»- тобының құрамында- 8 оқушының аты жөнімен таныстырады.

Ана әлдиімен дарыған

Қастерлимін тілімді.

Шұбарлатпай, достарым,

Ардақта ана тіліңді.

2 топ басшысы: Сүлеймен Қанат Ғабитұлы. Біздің топтың аты «Жолсерік»- тобының құрамымен топ басшысы таныстырады.





Оқып ана тілімді,

Болып өсем білімді,

Өз тіліммен жеткізем

Жүректегі үнімді.

3 топ басшысы: Шопанбай Асылхан Мұратбекұлы. Біздің топтың аты «Локомотив» тобының құрамымен топ басшысы таныстырады.

Тілім үшін қазақ елі күресті,

Қайсарлықпен ала алдық үлесті.

Тілім келіп тіршілігім жайғасты,

Қиын күндер осымен түгесті.

Қазылар алқасы өз бағаларыңызды берсеңіздер

Екінші кезең -Жас ақын

әр топ басшысы тілге байланысты өлең жолдарын оқуы керек.

1 топ- «Темір тұлпар»-

Қуанышбек Ана тілім бірге жанар өзіммен,

Ана тілім, қадір тұтам сені мен

Ана тілім ардақтысың қашанда,

Орын берем жүрегімнің төрінен.

Өсірген ой білімді

Сүйем туған тілімді

Мақсат етем әр сөздің,

Мәнін терең білуді.



2 топ- « Жолсерік» -Қанат

Қастерле қазақстанның ана тілін,

Қайнаған қаныменен баба тілін.

Бірлікке, татулыққа ұран болған,

Бұрынғы тектілердің дана тілін.

«Өз» тіліңді оқы дейді мектепте,

Селтең қағып жүрме, досым, бос текке.

Өзге тілге қанша құмар болсаңда,

Өз тіліңді шамаң келсе құрметте.



3 топ- «Локоматив»- Асылхан

Ердің құнын екі ауыз

Сөзбен шешкен- ұлы тіл.

Жатпасам десең көміліп,

Намыстың үрле төрінен.

Ойламаса болмайды

Ертеңгі тілдің өмірін.

Төл тіліңді таза біл:

Абайдан қалған асыл сөз,

Жамбылдың жауһар жырлары,

Қасымның қайсар ызғары,

Төлегеннің жыр бағы,

Мұқағали сырлары,

Жұмекеннің жыр нәрі,

Фаризаның мақалы,

Қадырдың шыққан қырлары,

Тұманбайдың тыңдары,

Мұхтардың маңғыз нұрлы әні.

Қалмасын десең тыңдаусыз,

Түсінемін десең ымдаусыз,

Тіліңді білгін бұл даусыз.

Қазылар алқасы өз бағаларыңызды берсеңіздер



Үшінші кезең. Мақал мәтелдар сайысы-өзі екі турға бөлінеді:

1 тур- Мақалды аяқтау

2 тур- Полиглот

  1. Тур. Мақал-мәтел кезеңі. Мақалды аяқтау.

1 топ- «Темір тұлпар»-

  1. Шешеге қарап қыз өсер,

Әкеге қарап ұл өсер.

  1. Атадан ұл қалса- өзі қалғаны

Қыз қалса- ізі қалғаны.

  1. Ата- бәйтерек,

Бала- жапырақ.

  1. Білім- таусылмайтын байлық.

  2. Ғылым- теңіз, білім- қайық.

  3. Кітап оқығандікі, білім тоқығандікі.

  4. Сөз сағасы- құрақ,

Су сағасы- бұлақ.

  1. Судың да сұрауы бар.

  2. Қыста қысыл, жазда жадыра.

  3. Денсаулық-зор байлық.



2 топ- « Жолсерік»

  1. Денсаулықтың қадірін,

Ауырғанда білесің.

  1. Бірінші байлық- ден саулық

Екінші байлық- он саулық

Үшінші байлық- ақ жаулық.

  1. Еңбек ердің- сәні.

  2. Еңбек- барлығын жеңбек.

  3. Еңбек пен бақыт егіз.

  4. Білім өз иесін білдіріп тұрады.

  5. Еңбек- ата, жер- ана.

  6. Еңбек пен оқу- аға мен іні.

  7. Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.

  1. Еңбек- ердің санаты,

Білім- ердің қанаты.



3 топ- «Локоматив»-

  1. Еңбек етпей елге өкпелеме,

Терің төкпей жерге өкпелеме.

  1. Әр істің басталуы ғана қиын.

  2. Көз- қорқақ, қол- батыр.

  3. Бал ұстаған бармағын жалар.

  4. Жұмыла көтерген жүк жеңіл.

  5. Болар істің біткені жақсы.

  6. Өніп өскен мал жақсы,

Біліп өскен жан жақсы.

  1. Өнер- бақыт, ақыл- абырой.

  2. Өнерлі бала сүйкімді.

  3. Оқу инемен құдық қазғандай.



Қосымша мақал-мәтелдер

  1. Ақыл айтсаң батыл айт.

  2. Істеу қиын, сынау оңай.

  3. Өнерліге нұр жауар.

  4. Сыйға- сый, сыраға- бал.

  5. Таудай атл бергенше,

Бармақтай бақ берсін.

  1. Білгенің бір тоғыз,

Білмегенің тоқсан тоғыз.

  1. Ақыл- Алланың сыйлығы.

  2. Ақыл- мың оқудың басы.

  3. Ақыл озбайды, білім тозбайды.

  4. Ақыл- жаста, асыл- таста.

  5. Кітап- алтын қазына.

  6. Оқы да біл, ойна да күл.

  7. Ұстазды- атаңдай сыйла.

  8. Ақымақтың ақылы түстен кейін кіреді.

  9. Дана- дананы да туған ана.

  10. Айла- алтау, ақыл- жетеу.

  11. Көп жасаған білмейді,

Көп көрген біледі.

  1. Өткен күн қайтып оралмас.

  2. Жолдасы жоқ жігіттің- олжасы жоқ.

  3. Жауға жалынба- досқа тарылма.

  4. Шын жолдас сөзге берік, ерге серік.

  5. Өзіңнен жолдасың мықты болсын.

  6. Досы көпті жау алмайды,

Ақылы көпті дау алмайды.

  1. Досыңа күлме- басыңа келер.

  2. Дос тұтқанды қадірле.

  3. Тәні саудың- жаны сау.



2-тур Полиглот

1 топ- «Темір тұлпар»-

  1. Бала адамның бауыр еті.

  2. Жақсы бала- сүйек,

Жаман бала- күйік.

  1. Білегіңе емес, біліміңе сен.

  2. Білімдіге дүние жарық,

Білімсіздің күні кәріп.

  1. Батар күннің атар таңы бар

Жер- қазына, су- гауһар.



2 топ- « Жолсерік»



  1. Бас аманда мал тәтті,

Бас ауырса жан тәтті.

Ауруын жасырған өледі.

  1. Еңбек түбі- зейнет.

  2. Еңбексіз өмір жоқ,

Ауырсыз жеңіл жоқ.

  1. Отан- отбасынан басталады.

  2. Отан оттан да ыстық,

Жалыны бар шоқтан да ыстық.



3 топ- «Локоматив»-

  1. Отаныңның ойраны, өміріңнің тозғаны.

  2. Опасызда отан жоқ

  3. Туған елдей ел болмас,

Туған жердей жер болмас.

  1. Адамды білім сақтайды.

  2. Білім ауысады, ырыс жұғысады.

  3. Еңбексіз рахат келмес,

Машақатсыз бақыт келмес.

Қазылар алқасы өз бағаларыңызды берсеңіздер



Төртінші кезең

Көнерген сөздердің түп мағынасын табу

1 топ- «Темір тұлпар»-



1. Дүбірім шыққан- атым шыққан

2. Арсы- ғарыш, жеті қабат көк аспан

3. Шешен- сөзге шебер, суырып салма ақын.

4. Дүре- шыбықпен немесе қамшымен ұрып сабалау

5. Көген- қозы, лақты тізіп байлайтын керілген арқан



2 топ- « Жолсерік».

6. Ұлық- патша шенеуніктерінің жалпы атауы

7. Ғаделет- әділет, шындық

8. Мүмин- мұсылман

9. Тәкбір- азан айту

10. Адырна- садақпен оқ тіреп ататын тарамысы



3 топ- «Локоматив»-

11. Жампоз –айыртүйе (нар бура мен айыр інгеннен түрі айыр боп туылса, оны

жампоз деп атайды).

12. Алаш- бүкіл қазақ деген ұғым

13. Боза- тарыдан жасалып, ашытылған шарап сияқты қыздыратын қою тағам

14. Жарапазан- ораза айында сыйақы ретінде берілетін салт жыр

15. Дітіңді білтелемей- шыныңды айт жұмбақтамай- дегенді білдіреді.







Ескі сөз қазақ және орыс тілдерінде

1 топ- «Темір тұлпар»-

  1. Кемеңгер- мудрый гениальный

  2. Мәртебе- статус, почет

  3. Еліктеу- подражание

  4. Ширақ жанды- энергичный

  5. Бауы берік болсын!- пусть растет крепким и здоровым!



2 топ- « Жолсерік».

  1. Шырағым- ласковое обрашение к младшим

  2. Ах ұру- выражение горя, сильного сожаления

  3. Ақ ниет- доброе намерение

  4. Ата қоныс- земля предков, отечества

  5. Желдірме- напевная реч



3 топ- «Локоматив»-

  1. Оқалау- украшать, позументом

  2. Ажуалау-высмеивать, поднимать на смех

  3. Шешен- оратор

  4. Басқа шауып төске өрлеу- быть впереди всех во всем

  5. Езбе- пустозвон, болтун.

  6. Қас надан- круглый невежда

  7. Кірбіңдеп-выражая досаду, мимикать

  8. Жүйек- грядка



Қазылар алқасы өз бағаларыңызды берсеңіздер



Сайыс қортындысын қазылар алқасы жариалаймыз дегенше осы топ оқушысы Сүлеймен Қанат пен Дүйсенбеков Қуаныштың орындауында Анашым әнін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші: 1989 жылы 22 қыркүйекте тұңғыш рет Қазақ КСР-нің «Тілдер туралы» заңы қабылданып, онда қазақ тілінде «Мемлекеттік тіл» мәртебесі көтерілді. 1992 жылы 30 тамызда Ата заңымызда қазақ тілі мемлекеттік тіл болып қалды. 1997 жылы 11 шілдеде ҚР парламенті «Тіл туралы» жаңа заң қабылдады. 2007 жыл «Мемлекеттік тіл жылы» деп жарияланды. Тілдің тазалығын сақтаушы академия да емес, грамматика да емес, білімдар да емес, тілді таза қалпында сақтайтын халықтың рухы. «Тілден тілдің кеңдігі болғанымен, кемдігі жоқ», соның ішінде мемлекеттік тіл өз құзыреттілігін барынша сақтап келеді.

«Өмірдің кез- келген орайында әрі қару, әрі қалқан болған, әрі байлығы болған- Ана тіліміз»-деп Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев айтқандай, Ана тілімізді қастерлей білейік достар!. Осымен ашық тәрбие сағатын жабық деп жариялаймыз, алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рахмет!

-80%
Курсы дополнительного образования

Химическая завивка волос. Наращивание и кератиновое выпрямление волос

Продолжительность 72 часа
Документ: Cвидетельство о прохождении курса
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» (27.69 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт