Меню
Разработки
Разработки  /  Психологу  /  Разное  /  Прочее  /  Өз-өзіне қол жұмсаудың психологиялық сипаттамасы , себептері және оның алдын-алу жолдары.

Өз-өзіне қол жұмсаудың психологиялық сипаттамасы , себептері және оның алдын-алу жолдары.

Суицид (лат.: sui caedere — өз – өзіне қол жұмсау) — адамның өзіне-өзінің қиянат жасап, өз өмірін қиюы. Жыл сайын 10-20 миллион адам суицид жасауға бекінеді. Олардың бір миллионға жақыны жарық дүниемен қош айтысады. Алдыңғы қатарлы суицид жасаушылардың отаны ретінде, басқасын айтпағанда, көрші алпауыт мемлекеттер - Ресей мен Қытай, Қазақстанды атауға болады.

01.01.2018

Содержимое разработки

Психологияның отбасылық тәрбиеде алатын орны

АЛҒЫ СӨЗ

Кішкентай кезеңнен сәбидің туыстары мен ата-анасына эмоциялық жағынан жақындық сезімін қалыптастырғаны жөн. Тіпті суицидиалдық әрекеттің өте дұрыс емес екенін, ұят нәрсе екенін ұғындырып, отбасылық, шығармашылық, өмірлік жоспарлар туралы жиі әңгімелескен дұрыс.

Ең маңыздысы, баланың бойына үміт пен сенім ұялату арқылы жылы сезімдерді дамыту керек. Жеткіншектің мінез-құлқын қадағалап отырып, оны анализдей білу де үлкен жетістік дер едім. Сонымен қатар, психологиялық орталықтар құру арқылы барлық білім беру саласында психологиялық қызмет жүйесін, ата-аналардың, педагогтардың, оқушылардың психологиялық сауаттылығын ашуды жолға қойған дұрыс. Психологиялық білім беру, психодиагностикалық зерттеу арқылы (анкета, тест, әңгімелесу) мінез ауытқушылығын, суицидиалды әрекеттердің алдын алуға да болады. Суицид проблемасын шешу үшін мемлекеттік деңгейде арнайы педагогикалық-психологиялық бағдарламалар мен жобалар жасау керек деп ойлаймын. Сондықтан бұл түйткілді қоғамдық, мемлекеттік деңгейге көтерген жөн.

Әр адамның тағдыры - өз қолында. Сондықтан да кез келген жеке тұлға «мен отбасыма, бала-шағама, қоғамға және өзіме өзім керекпін» деп өмір сүріп, келеңсіз ойлар мен әрекеттерден арылу қажет.

Суицидті болдырмаудың жолдары: ең алдымен, әрбір өзіне - өзі қол жұмсаған жеткіншекті психикалық ауруға шалдыққан деп есептеуге болмайды, себебі суицид талқылайтын мәселе емес. Иә жеткіншек тығырықтан шығудан қиындықты жеңудің ең нашар жолын таңдағанымен оны кінәлауға болмайды. Бұл оның кінәсі емес, оның кінәсі қиындықты жеңіудің дұрыс жолын таба алмағандығы.

Егер де, біреу суицидке әрекеттену арқылы сізді қорқытып немесе басқарғысы келсе, сіз өз тарапыңыздан салқындық танытып, кетіп қалыңыз немес мұндай адамдардан аулақ жүріңіз. Мұндай жағдайда іске аспайтын әңгімемен диалогті соза бермей, басқа нәрсеге көңіл аударып, әңгімені қозғаңыз, осы әдіс бұл жағдайда ең тимді әдіс екені сөзсіз. Әрине, жекіншек өзіне- өзі қол жұмсағанда біреулер оған жалынышты болады деген оймен де жасауы мүмкін.

Мәселе туындаған жағдайда, оны шешудің амалдарын табуға әрдайым ұмтылу керек. Одан сіздің қандай көмек қажет екенін, бұл жағдайда тағы кім көмектесе алатынын сұрап білген жөн. Өмір қымбат сол өмір бірақ рет келетіндігін және эгоистік сезімнен бас тарту керектігін түсіндіру қажет. Балалардың психикасы өте нәзік, жаралы болып келетіндіктен кішкентай нәрсенің өзін ауқымды мәселе ретінде қабылдайды. Сондықтан балаларға қашан да ата- ананың, ұстаздардың түсінігі мен арнайы маманның көмегі қажет. Сол себептен өз - өзіне қолжұмсау өте күрделі көп аспектілі мәселе (философиялық, әлеуметтік, адамгершілік, діни, құқытық, медициналық және т.б.) болып саналады. Түптеп келгенде балалардың суицидке баруына ата-ананың берген тәрбиесі де ықпал етеді. Балаларды кішкене күнінен бастап алда кездесетін қиындықтарға мойымауға, соны жеңе білуге дайындау керек. Олардың кішкентай кезінен бастап айтқанын жасап үйретпеу керек. Балаға осы өмірде өзі қалағанның бәрі бола бермейтінін үйреткен жөн.

Суицидтің алдын алу үшін бірінші кезекте күнделікті қарым-қатынастағы жақын адамдарымызға жылы шырай танытып, ішкі жандүниесін түсінуіміз қажет. Осы арқылы ғана жақсы жағынан ықпал етіп, үлкен нәтижеге жетеріміз хақ. Сонымен қатар, қолдау көрсететін түрлі мекемелер де жеткілікті. Солардың көмегіне жүгініп, өмірімізге қажетті нәр ала білсек, бұл проблеманы еңсере алатынымыз күмәнсіз.

Суицидтің алдын алуға бола ма?

Алланың берген өлшеулі өмірін өз қолымен қиып қысқарта түсуді ойлаудың өзі қорқынышты. Алайда, осындай қадам¬ға дәті жетіп баратын жандар да кездесіп жатады.











































Өз-өзіне қол жұмсаудың психологиялық сипаттамасы , себептері және оның алдын-алу жолдары.



Жоспар:


1. Суицидтік мінез-құлықтың психофизиологиялық және жас шамасына байланысты себептері.

2. Жасөспірім арасындағы суицидтің алдын – алушаралары мен жолдары.
3.Өзіне- өзі қолжұмсаудың себептерін алғаш зерттеген ғалымдар.

4. Қазақстан суицидтің дамуы.



  1. Суицидтік мінез-құлықтың психофизиологиялық және жас шамасына байланысты себептері.

Суицид (лат.: sui caedere — өз – өзіне қол жұмсау) — адамның өзіне-өзінің қиянат жасап, өз өмірін қиюы. Жыл сайын 10-20 миллион адам суицид жасауға бекінеді. Олардың бір миллионға жақыны жарық дүниемен қош айтысады. Алдыңғы қатарлы суицид жасаушылардың отаны ретінде, басқасын айтпағанда, көрші алпауыт мемлекеттер - Ресей мен Қытай, Қазақстанды атауға болады.

Қазіргі таңда, Қазақстанды алаңдатып отырған жәйт бұл, жеткіншек балалардың суицид ауруына көптеп душар болуы.

Суицид - қатты қажыған, шарасыздықтан, шаршағанда, немесе бір жағдайда шешімін таба алмай тығырыққа тірелген адамдарда және санасы әлі дамып, жетіліп болмаған жеткіншектік ұл - қыздардың арасында кездеседі. Жеткіншек кезеңде  суициалдық  мінез-құлықтың  кейбір өзгешеліктері болады. Жеткіншектер арасында  ересектерге қарағанда өзін-өзі өлтіруге әрекет жасау жиі кездеседі.

Өзін-өзі өлтіру — өзін өмірден қасақана айыру (суицид). Өзін-өзі өлтірудің себептері әр түрлі. Көп жағдайда өзін-өзі өлтіруге себеп болатын нәрсе өмір жағдайының шынайы қиындылығы және өмір оңалмайды деп есептеу. Депрессивті жағдайлар «жиналып» соның салдарынан өзін-өзі өлтіру болуы мүмкін. Өзін-өзі өлтіру қарттарға, нашақорларға, жазылмайтын аурумен ауыратындарға, қылмыскерлерге тән әрекет. Балалардың өзін-өзі өлтіруі ашық қарсылық білдіру түрінде, көбінесе ата-аналарына қатысты жасалады. Криминалистикада өзін-өзі өлтіру әр түрлі негіздер бойынша сараналады.

Өзіне-өзі қол жұмсаудың 3 түрі бар.

Нағыз суицид - қашан да жабырқау, дағдарыстық жағдай немесе өмірден бас тарту  жайлы ой, күйзелу жатады.








Демонстративтік суицид- өлуге деген ниет пен байланысты емес, қайта өз проблемасына назар аудартудың әдіс-құралы болады, көмекке
шақырады.




Жасырын суицид – өзіне- өзі қолсалу мінез- қылығының бір түрі. Қатаң мағанада оның белгілеріне жауап бермейтін, сонда да сол бағытпен қорытындыға ие болады. Бұл іс-әрекет көп жағдайда
бұл мінез-құлық тәуекелге негізделіп өмірден өтуден гөрі өліммен ойнауға көбірек ұқсайды.




Психикалық ауырған кезде өзін-өзі өлтіру.

БӘДСҰ (Бүкіл әлемдік денсаулықты сақтау ұйымы) берген мәлімет бойынша дүние жүзінде жыл бойы 500 мың адамдар өз өмірлерін қияды. Ең жоғарғы суицид көрсеткіші ол ФРГ, ГДР, Австралия, Швецария, Венгрия, Чехославакияда болса, ең төменгі көрсеткіш ол Болгарияда, Ирландияда және Үндістанда. АҚШ-та өзін-өзі өлтіру деңгейі 100 мың адамға орташа алғанда 25-29 адамнан келсе, КСРО-да шамамен 23-24 адамнан келеді.

Қазақстан 2014 жыл бойынша жасөспімірдер арасында өзінөзі өлтіру деңгейі бойынша әлемде 100 мың адамға шаққанда 25.6 жас өліп 4-ші орын алған.

XXI ғасырда дүние жүзінің ғалымдарын толғандыратын мәселе ол қазіргі кезде жасөспірімдер арасында жиі кездесетін-суицид. БӘДСҰ-ның соңғы мәліметтері бойынша 15-24 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында өзін-өзі өлтіру екі есе артып кетті. Ол мемлекеттегі экономикалық жағдайларға байланысты. Мәселем Францияда соңғы 10 жылда суицидттен өлген балалар саны үш есе артқан. Енді бұл өлімдер жол апатынан қайтыс болған адамдар санымен теңеліп отыр. АҚШ-та 15-19 жас аралығындағы өзін- өзі өлтіру саны 1 жылда 5000-ға дейін көтерілді. Қазіргі кезде АҚШ-та ең маңызды өлімдердің арасында суицид 10-шы орында тұр. Онда 1978 жылда 15-19 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында 29000 суицид тіркелген. Бұнда соңғы 30 жылда суицид 15-19 жас аралығындағы қыздар арасында 200%, ал бозбалалар арасында 300%-ға дейін көтерілген.

Суицид термині итальян психологы Г. Дэзен 1947 жылы енгізіп, оны “өзін-өзі өлтіруге әрекет ету” - деп түсіндіреді.

Қазіргі кезде Суицидалогия деп аталатын үлкен бір ғылыми бағытты бар, ол социология, психология, медицина, демография, психиатрия тоғысында пайда болып осындай әрекетке баратын тұлғалардың ерекшелігін, әрекетін, себептерін зерттеуге тырысты.

Суицидалды мінез-құлық – адамның саналы түрде өзін-өзі өлтіргісі келетін тұлғаның мінез-құлқының бір түрі деп есептеді.

Адамзат тарихында өзін-өзі өлтіру әрекеті әртүрлі бағаланады. Европа халқында өзін-өзі өлтіретін адамдар - вампирға айналады деген. Ал көне Грекия, Спарта, Афинада өзін-өзі өлтірген адамдардың мәйітін өртеп жіберген.

Орта ғасырда Австрия, Пруссия, Францияда өзін- өзі өлтіруші адамдарды діни көзқарас бойынша – қылмыскерлер деп санаған.

Суицидальді мінез құлықтың белгілі бір формасы, тәсілі, даму стадиясы, тәуекел факторлары болады. Суицидальді мінез-құлыққа адамның жас ерекшелігі, жынысы, кәсіби ерекшелігі, өмірлік жолының ерекшелігі де әсер етеді.

Әр бір жас кезеңдеріне сай суицидальді белсенділік тән болады.

- Балалық шақ – 12 жасқа дейін;

- Жеткіншектік кезең – 12-17 жас;

- Жастар арасы - 17-29 жас;

- Ересектер арасы – 30-35 жас;

- Қарттық кезең – 55-70 жас.

5 жасқа дейінгі балаларда өзін-өзі өлтіру әрекетіне бару өте сирек кездеседі. Жанұялық қақтығыстарға байланысты 9 жасқа дейін 2,5%, ал 9 жастан кейін 80% өзін-өзі өлтіру әрекетіне барады екен. Жеткіншек кезеңінде суицидалды әрекеттің себебі болып ата-анасымен мұғалімдерімен қақтығысқа бару салдары болып табылады. Жастар арасында әсіресе қыздар арасында әсіресе қыздарда өздерінің жігітеріне байланысты суицидальді әрекеттерге баратыны анықталды.

Суицидтың ең жиі кездесетін кезі 15-24 жас аралығы. Өзін-өзі өлтіруге бармас бұрын, суициденттердің көбі дайындық кезеңі – суицидалды кезеңінен өтеді, ол адамның бейімделу қабілетінің төмендеуімен сипатталады. Ол қызығушылық деңгейінің төмендеуі, қарым-қатынастың шектелуі, мазасызданғыш, эмоционалды тұрақсыз болуы т.б.

Японияда тек 1986 жылы ғана 25524 жағдай тіркелген. Швейцарияда әскер қатарына шақырылған боз балаларды психологиялық тексеруден өткізген кезде олардың 2% өзін- өзі өлтіруге барған, ал 24%- де суицидальді ойлар айқын көрінгені мәлім болған. Польшада соңғы 10 жыл ішінде 12-20 жас арасындағы суицидтен өлген балалар саны 4 есеге көтерілген, ал оның 21% қыздар алса, қалған 79% ұлдар құрайды.

Дюркгейімнің суицид теориясына байланысты адам бір проблемаға тірелген кезде немесе ол бейімделген орта немесе әлеуметтік топ одан бас тартқан кезде ол өзін- өзі өлтіруге барады деген. Әлеуметтік байланыстардың ерекшеліктерін ескере отырып ол келесі суицид түрлерін бөліп көрсетті: эгойсттік және альтруисттік. Тағы да психопаталогиялық жағдай негізінен балалармен жас өспірімдердің социолизация деңгейімен қоғамда алатын орнына байланысты да болады. Психоанализдік зерттеулер барысында суицид ол жеке тұлғаның сексуалды бұзылысына байланысты деген тұжырымдарға келді.

Өзін-өзі өлтіру оның ішкі қақтығыстарын өткізу жағдайларындағы әлеуметтік психология дезадаптация салдары деп Бачериков қарастырады. Суицидогенді жағдайлар тұлғаның ерекшелігіне, оның өмірлік тәжірибесіне, интелектісі және мінез- құлығымен анықталады. Суицидогенді қақтығыс шынайы себептер арқылы жүзеге асады. Ол тіпті сау адамда кездесуі мүмкін. Қақтығыс себептері субьект үшін ылғи да шынайы болады, сондықтан ол субъектіні ауыр уайым – қайғымен депрессияға ұшыратады. Сол проблемалардың шешілмеуіне байланысты адамдар өз- өздеріне қол жұмсауы мүмкін.

А.Г. Амбрумова суицидальді мінез-құлқы бар 770 балалармен жасөспірімдерді зерттей келе пубертантты жасқа дейінгі балалар арасында (13 жасқа дейін) - 14,4%, пубертанты жастағы балалар арасында (13-16) - 51%, пубертантты жастан асқандар арасында (17-18) - 33,8% кездеседі. Суицидке барған көптеген қыздар дәрі ішіп уланып өлсе, ұлдар асылып немесе тамырларын кесіп өледі. 13 жастағы қыздардың өзін-өзі өлтіру себептері ол көбінесе аяқтарының ауыр болып қалуына байланысты. Осы жасқа байланысты Железова бұл балалардың көбінің мінез- құлқында ауытқулары бар және олардың 70% шизофрениямен ауыратын балалар құрайды деген.

А.Г. Абрумова және В.А. Тихоненко суицидалды әрекеттің екі негізгі типін көрсетеді: шынайы әрекет және демонстративті-шантажды. Демонстративті-шантажды әрекетте - өміріне сондай қауіпті емес әрекеттерге барады; денеде ірі веналар жоқ жерлерді кескілеу, онша қауіпті емес дәрілерді ішеді. А.Е. Личко мен А.А. Александров 14-18 жастағы жас өспірімдерді зерттей келе олардағы суицид мінезі көбінесе аффект жағдайында және ол балалардың осы жаста өте сезімтал болатындығына байланысты жиі кездеседі деген тұжырымдарға келді. Бірақ көбінесе бұл кезде балалар арасында кездесетін суицид ол демонсративті әрекет түрінде болады.

Шынайы суицидальді мінез- құлық деп тұлғаға деген шынайы немесе қиын проблемалары шешілмеген кезде өзін- өзі өлтіруін айтамыз. Ал жалған шантажды мінез-құлық деп ол адам өзі ойлаған ойын жүзеге асыру үшін, оны қоршаған адамдарға қысым көрсеткен кезде және басқалардың сезімін манипуляциялаған кезде бұл әдісті қолданады. Ол көбінесе оны ренжіткен адамның алдында жасалады. Бұнда олар өздерін өлтірмейді тек, өзінің өлгісі келетіндігін демонстрациялайды. Шантажды мінез- құлық көбінесе бала кезден пайда болады. Мысалы, Лилияны алатын болсақ ол кішкентай кезінен бастап барлығына да истерика арқылы қол жеткізетін. Ол төрт жасынан бастап- ақ дүкеннен ұнаған нәрсесін алмай кетпейтін. 13 жасында ол мен ешқашан мектепке бармаймын деп әке- шешесін қорқытқан ол музыкалық орталық саттырып алады. 15 жасында әке-шешесі оны туған күнге жібермеген үшін ол терезеге шығып өлемін деп шошытқан. Шошыған әке-шешесі оны туған күнге жіберіп қана қоймай оның қолына ақша да ұстатқан. Уақыт өткен сайын Лилияда шантажды мінез-құлық пайда болған. Өзіне қолайлы жағдайда ол өзін өлтірем деп барлық адамдарды манипуляциялау арқылы өз мақсатына қол жеткізген. Алайда, бұл «өзін-өзі өлтіру ойыны» көбінесе қайғылы болып аяқталады өйткені өліммен ойнамайды.

Қазіргі кездегі жастардың суицидке бару себебі, олардың өмір тәжірибелерінің болмауына, олардың алдарына қойған мақсаттарына жете алмау себептеріне байланысты және өмір қиындықтарына шыдамауына байланысты болады.

И.П. Павлов өзін-өзі өлтіруді «мақсат рефлексін» жоғалту деп түсіндірген. Осыған байланысты ол: «Мақсат рефлексі әр адамның өмір мәні және энергия көзі. Өмір қызығы бір мақсатқа жетуге талпыну, егер сол мақсатқа жете алмаса басқа мақсатты көздеп соған қол жеткізу, қызығу, ұмтылу. Соған байланысты біздің өміріміз гүлденеді және мәндене түседі. Егер адамның өмірінде мақсат жоғалса оның өмірі мәнсіз болады. Сол себепке байланысты біз өлген адамдар артынан қалған қағаздардан, олардың өмірлерінің мәні жоғалғанына байланысты олар өз- өздерін өлтіруге мәжбүр болғандарын ұғынамыз. Бірақ адам өміріндегі мақсаттар саны шексіз...» Тек И.П. Павлов суицидке барған адамдардың ешқайсысында психикалық ауытқуы жоқ деген.

Суицидальді мінез- құлықтың 5 типі бар:

1) Протест.

2) Жанашырлыққа шақыру.

3) Қайғыдан қашу.

4) Өзін-өзі жазалау.

5) Өмірден бас тарту.

Суицидалды мінез-құлық соматикалық, психикалық ауытқуы бар, тіпті сау адамдарда да кездеседі. Сондықтан өзін- өзі өлтіретін адамдардың барлығының психикасында ауытқуы бар деуге болмайды. Медициналық статистикаға байланысты адамдардың бір жартысын ақыл- ойы кеміс адамдар, бірін жүйке-жүйесі тозған адамдар, бірін мазасыз адамдар десе, енді бірін өз эмоцияларын басқара алмайтын адамдар құраса, қалған бөлігін ешқандай психикалық ауытқуы жоқ адамдар құрайды екен.

Суицидальді мінез-құлық тағыда балалар үйінде және толыққанды емес отбасында өскен балалар арасында жиі кездеседі. Сонымен қатар отбасы аралық қақтығыс, әке-шешесінің айырылысуына да байланысты болады.

Көктем, жаз жыл мезгілдерінде сейсенбі күні суицид жасалу күні жоғары болады. Күз, қыс мезгілдерінде сәрсенбі, бейсенбі күндері суицидтің жасалуы төмен болады деп қарастырады.

Суицидальді мінез-құлық көбінесе депрессия кезінде, алкогольдік токсикомания, психопатия және аффект кезінде жиі кездеседі. Өзін-өзі өлтіруге көбінесе индивидуалды проблемалар итермелейді. Қазіргі кезде жастар өздерінің өмірлерін бағалай алмайды. Егер бір проблеманы шеше алмай жатса, олар өз өмірлерін қиюға даяр болады, өйткені олардың ойларынша олар тек осылай ғана тыныштық, уайым-қайғысыз өмір және махаббат табатын сияқты. Көбінесе жасөспірімдер мен балалар жерлеу рәсімін көз алдарына елестетіп, ата- аналарының жылағандарын елестетіп, олардан өш алмақ болады.

Адам өліміне әлеуметтік жағдайлар, жалғыздық та үлкен әсерін тигізеді. Бірақ кей біреулер ұрсысып өзін- өзі өлтіретін болса, енді біреулері түрмеде отырып бостандықты аңсайды. Сондықтан қоғамда өмір нашарлаған сайын суицидте көбейе түседі.





  1. Жасөспірім арасындағы суицидтің алдын – алушаралары мен жолдары.

Суицид. Кейінгі кездері өз-өзіне қол жұмсау жиілеп кетті, әсіресе өмір есігін жаңа ашып, қызығы мен шыжығына енді ғана кірісіп келе жатқан жасөспірімдер арасындағы суицид белең алып барады. Латын тілінен аударғанда бұл сөз «өзіңді-өзің өлтіру» деген мағынаны білдіреді. Термин XVII ғасырда пайда болып, XVIII ғасырдың ортасына дейін қолданылмай келген. XX ғасырдан бастап «суицидология» термині қолданысқа енгізілді. Алайда адамдардың өзін-өзі өлтіруі ерте кезден-ақ басталған. Мәселен әлемге демократия берген ежелгі Грекияда өз еркімен өмірмен қоштасу тек кей жағдайда рұқсат етілді. Бұл әдісті заң өлімге үкім кескен адамға ғана таңдай алатын болған. Афины мен Фивада биліктің рұқсатынсыз өз-өзіне қол жұмсаған адамның қолы кесіліп, бөлек жерленетін болыпты. Адамдардың өз еркімен өмірін қиюы проблемасын дәрігерлер, психологтар, психотерапевтер, зерттеушілердің қарастырып келе жатқанына аз уақыт болған жоқ.. Бұл туралы зерттеу жүргізіліп, монографиялар, кітаптар жазылды. Алайда, одан еш өзгеріс болмады. Керісінше, күн өткен сайын жағдайдың ушығып бара жатқандығын байқаймыз. Дағдарысты күйге тап болғандар оны тек үйдің ішінде талқыға салып, сыртқа шығармайды. Сондықтан көп жағдайда мұның себебі анықталмай қалады. Жасөспірімдер арасындағы суицид мәселесі бұдан да күрделі. Олар тіпті жақындарына да өзін қинап жүрген мәселе туралы айтпайды, оны жасырып-жабуға тырысады. Проблеманы ашып көрсетуден гөрі, үндемей қалуды жеңіл көреді. Тіпті өз-өзін өлімге қиған жағдайда да оның себебін жазып та қалдырмайды. Қазір әлем бойынша суицид 3 есеге артқан. Мұның себебі неде? Жасөпірімдер арасындағы суицид күннен-күнге артып барады. Және мұндайға баратын жастардың жасы — 14-17 жас аралығы. Бүгінде іні-сіңлілеріміз қиын жағдайдан шығудың «оңай жолын» таңдағысы келеді. Өз-өзіне қол жұмсаған адам ертеңгі өмірін ойламайды, бір проблеманың шекарасынан шыға алмай қалады да, осымен бәрі бітті деп ойлайды. Және дәл сондай күйде оған көмек көрсетер жанашыр адам табылмайды. Меніңше, бүгінгі буынның әлсіз болуына тек қана ата-ана, тек қана мектеп емес, оған тұтас қоғам кінәлі.

Балалардың психикасы өте нәзік, жаралы болып келетіндіктен кішкентай нәрсенің өзін ауқымды проблема ретінде қабылдайды. Сондықтан оларға қашанда ата-ананың түсіністігі мен арнайы маманның көмегі қажет. Осы бағытта мектеп мұғалімдері мен психологтары баланың мінез-құлқындағы өзгерістерді бақылап, аңғара отырып, олармен жұмысты жандардыра түсуі тиіс.

Балалардың бақытсыздығына, олардың өз-өзіне қол салу әрекеттеріне баруына көп жағдайда отбасындағы жайсыздық пен мектепте түсінбеушіліктің орын алуы себеп болады. Балаларға жай ғана киімін, тамағын тауып беру аз, олар үнемі ата-ананың жылуын сезініп, жақсы көретінін біліп өсуі тиіс. Ал әке-шеше өз дәрежесінде көңіл бөлмейтін бала ешкімге керексіздігін түсініп, психологиялық стреске тап болады. Әсіресе, 13-17 жас аралығындағы жасөспірімдер өте әсершіл, кез-келген нәрсені жүрегіне тез қабылдағыш келеді. Түсіністік болмаған жағдайда осы жас аралығындаѓы балалар түрлі жағдайларға ұрынып жатады. Олардың сабаққа құлқы болмай, өзге оқушылармен де қарым-қатынасы нашарлап кетеді. Өзін ұстауы мен мінез-құлқында өзгерістердің орын алуы мұғалімді де, ата-ананы да алаңдатуы тиіс. Осы өзгерістерге бей-жай қарамай, психологтың көмегіне жүгіну арқылы көптеген проблеманың алдын-алуға болады.

Қазақ халқында өз-өзіне қол салу болған емес. Бұл заман өзгерісімен туындап отырған жағдай. Бүгінде қарасаңыз, толық емес, сәтсіз отбасылар көп. Осының бәрі өмірді әлі толық танып білмеген, ондағы қиындықтармен күресе алмайтын бала үшін ауыр соққы. Әке-шеше ажырасты да кетті, ал баланың жайы қалай болады? Ол бұны қалай қабылдайды, осыған ой жіберіп жатыр ма? Жоқ, әрине. Осыдан келіп, баланың асыла салуы немесе жаман жолға түсуі сынды оқиғалар орын алады.

Мектепте қарасаңыз, кейбір оқушылардың қолында қымбат ұялы телефон. Соны көрген басқа оқушылар да «менде неге ондай жоқ» деп күйінеді, әке-шешесіне ренжиді. Осы кішкентай заттың өзінен үлкен мәселе туындайды. Осы сияқты мектепте әртрлі жайлар орын алуы мүмкін. Бала осы жағдайдан қалай шығады, кімнен көмек күтуі керек деген сұраққа келсек, бірінші кезекте мектеп психологына жүгінуі тиіс. Оқушылар мұны тиімді әдіс деп таппайды. Сондықтан «Сенім телефондарының» жұмысын жандандырып, жолға қоюымыз қажет.

Әрбір мұғалім психолог болуы тиіс

Бүгінгі таңда психолог баламен ғана емес, қиын жағдайға тап болған баланың отбасымен де жұмыс жасауы керек. Өйткені, оның негізгі проблемасы осы отбасынан басталып отыр. Бүгін ол баламен жұмыс жасадың делік, ертең сол күйреген күйінде алдыңа қайта келеді. Сол себепті оның үйінде орын алған негізгі мәселені анықтап, соған сай әрекет жасау қажет. Әрбір мұғалімнің психологиялық білімі болуы тиіс балалар тағдырына жауапты мекеме, мектептер, үкіметтік емес ұйымдар бірлесе жұмыс жасауы керек.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өзін-өзі өлтірудің 800-дей себебін анықтап отыр. Олардың ең негізгілері мыналар: жеке өміріндегі іздік, махаббаттағы ыза, айналасындағылармен түсініспеушілік, жұмыстағы келеңсіздіктер, түртпекке тап болу, қорлық-зомбылық, кемсітілушілікке ұшырау, кедейлік, қаражат тапшылығы, жазылмайтын ауру не мүгедектік, секталарда кездесетін фанатизм, психикалық аурулар, рухани азғындық, өзін ешкімге керексіз сезіну, өмірден түңілу, жақын адамынан айрылу, оқшаулану, жалғыздық, жазадан қорқу, жақындарымен сыйыса алмау, торығу өмірге деген қызығушылықтың жоғалуы, үнемі жолы болмаушылық т.б. Балалардың бақытсыздығына, олардың өз-өзіне қол салу әрекеттеріне баруына көп жағдайда отбасындағы жайсыздық пен мектепте түсінбеушіліктің орын алуы себеп болады. Әке-шеше өз дәрежесінде көңіл бөлмейтін бала ешкімге керексіздігін түсініп, психологиялық стреске тап болады. Адамның өз-өзіне қол жұмсауының себебі не? Адам егер қатты қиналып, «енді не істесем екен?»- деп жүргенде, ойына бұрын- соңды еш кірмеген ой келеді. «Әрине, бұлай өз-өзімді қинап жүргенше өле қалайын. Сонда мен мына өмірден кетіп, тыныштық әлеміне кетер едім. Мені ешкім мазаламайды, тиіспейді...» Әрине өте жақсы ойлар. Әркім қиналған кезде, шегінуге мүмкіндігі болмаған кезде осылай ойлайды. Бірақ олай болуға тиіс емес. Сен өмір сүруің керек!

Дәл қазіргі кезде жастар арасында өз-өзіне қол жұмсау әрекеті жиі белең алып тұр. Бірі маскүнемдіктің құралы болса, бірі жат қылықтың жетегінен шыға алмай қор болуда. Уақытша қиындыққа төзе алмай, тосын оқиғаға тап болып, өмірімен ерте қош айтысып жатқандар қаншама. Сонда олар үшін өмірдің мәнінің бір тиындық құны болмағаны ма? Әлде жанын жегідей жеген жарасын айтып жазар адам таппағаны ма?! Шыдамдылықтың шегінен шығып, тағдырдың тосқауылына төзе алмауларына не шара?! Көкейімді тескен сан сұраққа жауап іздеп, елімнің өткеніне көз жүгірттім. Сонау ақтабан шұбырынды кезінен бастап, қайта құру заманына дейін еліміздің басына нелер өтіп, нелер келмеді? Аштыққа шыдап, жоқшыллыққа төзген халық күрес үстінде шыңдалды. Олар жарқын өмірді аңсады, ұрпақ қамын ойлады. ұрпақтарына сол жарқын өмірді сыйлай білді. Ендеше, бабалардың қанымен, аналардың арымен келген осынау бейбіт өмірдің қадір-қасиетін, құнын біздер неге түсіруіміз керек? Найзасына ту байлап, жауға шапқан кешегі еңіреп жүріп етігімен су кешкен асыл ерлеріміз бен қар жамылып, мұз жастанған Бауыржандай атамыз, Әлиядай апамыз сынды батырлардың қайсарлығы мен төзімділігінен жаралған біздер өмірдің кез келген қиындығына төтеп беруіміз керек қой. Желтоқсанның мұздақтары қасқайып, қарсы алған Тәуелсіз еліміздің тірегі біздер болғандықтан, олардың өмірін жалғап, алға аяқ басайық. Бабалар үшін арман болған бақытты күннің бал дєміне кермек қоспай сақтайық.

Балаңыздың өзіне-өзі қол жұмсау жайлы ойлап жүргенін қалай білуге болады.

  • Ол депрессиялық жағдайда, күні бойы төсектен тұрмайды, жылайды, ешнәрсе жемейді және ешкіммен сөйлескісі келмейді. Бұл жағдайда «не болды» деген сұраққа жауап алуға тырысудың қажеті жоқ. Балаға егер ол сізбен сөйлескісі келсе, қай кезде де тыңдауға және түсінуге дайын екеніңізді айтыңыз, тіпті ол қорқынышты, ұнамсыз, ұятты туралы болса да. Оны қараусыз қалдырмауға тырысыңыз. Дене түйсігі арқылы жалғасу өте маңызды: оны арқадан қағыңыз, құшақтаңыз, суйіңіз.

  • Ол егер жоғалып кетсе, барлығына да жеңіл болатындығы туралы жиі айтады. Оған қарама-қарсыны дәлелдеу қажет, оған деген өзіңіздің сүйіспеншілігіңізді және оларға оның қымбат екені туралы айту керек.

  • Бала айнаға қарауды қойды әрі өзін «топас», «ұсқынсыз», «семіз» және т.б. деп атап, айтуға ұялмайтын болды. Оны сен сұлусың деп иландырудың қажеті жоқ, одан да осындай ұзын мұрынмен немесе толық аяқтармен жетістіктер мен атаққа қол жеткізген танымас адамдарды мысалға келтіріңіз.

  • Ол бұрын өзін қызықтырған нәрселердің бәріне қызығұшылығын жоғалтты.

  • Ол суицидке арналған сайттарды қарайды. Баламен өзіне-өзі қол жұмсау тақырыбында ашық сөйлесу қажет.

  • Бала сізден немесе сіздің жақын туыстарыңыздан өз өмірлерін өзіне-өзі қол жұмсаумен аяқтай алар ма едіңіз деп сұрайды. Бұл жағдайда онымен суицидке деген өзіңіздің пікіріңізбен ашық бөлісіп, баланың мақсаты бойынша алаңдаушылығыңызды айтыңыз.

  • Ол өзіне залал келтіріп, жанға тигізеді – денесін тілімдеп, шашын жұлады -- өзін жақсы білу үшін деген желеумен. Бұл өте қауіпті жағдай, тіпті балана одан жанды ауыртқан қорқыныш ұстап қалған суицидтік әрекет болуы да мүмкін. Онымен өз күдіктеріңіз жайлы сөйлесіп, бірге психологқа баруды ұсыныңыз.

  • Ол кейбір дәрілерді мөлшерден тыс пайдаланудың салдарларымен немесе адам жетінші қабаттан секіріп кетсе не болатындығына қызығушылық танытады. Бұл жағдайда адамды күтіп тұрған азап тұралы айтыңыз және міндетті түрде бұл сұраққа жауаптың ол үшін не себепті маңызды екендігін анықтаңыз.

  • Бала, егер ол қайтыс болса, сіздің қанша уақыт қайғыратыңызды сұрайды. Бұл жағдайда оған, бұның сіздің өміріңізде болуы мүмкін ең үлкен қорқыныш қауіп екендігін айтыңыз.





Егер баланың өмір сүргісі келмесе, оған не айту керек.

  1. Өзіне-өзі қол жұмсау шегінде тұрған адам өзін толық оқшауланған жағдайда сезінеді әрі оның қайғы-қасіретін ешкім де түсінбейді деп санайды. Сондықтан, жасөспірімге бірінші кезекте оны қаншалықты жақсы көретіндігіңізді туралы және «онымен бірге болуға, оны барлық жағдайда қолдауға» дайын екеніңізді айту қажет.

  2. Қанша ауыр болса да, оның өмір сүруді немесе өлімді таңдауға құқы бар екенімен келісіңіз. «Өзіне-өзі қол жұмсаудан дінге, адамгершілікке шақырып», парыз және басқа факторларды алға тартып, бас тартуға шақыруға әрекеттенбеңіз. Жасөспірім өз өмірі үшін жауапкершілікті сезінуі тиіс, сондықтан өмір сүруге деген шешім оның өзінің шешімі болып қалуы тиіс.

  3. Егер бала өзіне-өзі қол жұмсау мүмкіндігін азаппен ойласа, ягни оның өмір сүргісі келеді. Оған бұл жайлы, өлімді «адамды қақпанға алдап түсіруші» және «азаптан бір сәтте арылуға азғыратын ішкі жау» ретінде көрсетіп, барлығын айтыңыз. Тіс ауруымен аналогия келтіріңіз. Бұл адам төзгісіз әрі бітпейтіндей көрінеді. Бірақ тісті емдеткеннен кейін ауру туралы өте тез ұмытасың. Егер біраз уақыттан кейін жеңілдікті сезінетін болсаң, өзіңді өлтірудің ақымақтық екеніне иландыр.

  4. Өзіне-өзі қол жұмсау шегінде тұрған адам өзін толық оқшауланған жағдайда сезінеді әрі оның қайғы-қасіретін ешкім де түсінбейді деп санайды. Сондықтан, жасөспірімге бірінші кезекте оны қаншалықты жақсы көретіндігіңізді туралы және «онымен бірге болуға, оны барлық жағдайда қолдауға» дайын екеніңізді айту қажет.

  5. Қанша ауыр болса да, оның өмір сүруді немесе өлімді таңдауға құқы бар екенімен келісіңіз. «Өзіне-өзі қол жұмсаудан дінге, адамгершілікке шақырып», парыз және басқа факторларды алға тартып, бас тартуға шақыруға әрекеттенбеңіз. Жасөспірім өз өмірі үшін жауапкершілікті сезінуі тиіс, сондықтан өмір сүруге деген шешім оның өзінің шешімі болып қалуы тиіс.

  6. Егер бала өзіне-өзі қол жұмсау мүмкіндігін азаппен ойласа, ягни оның өмір сүргісі келеді. Оған бұл жайлы, өлімді «адамды қақпанға алдап түсіруші» және «азаптан бір сәтте арылуға азғыратын ішкі жау» ретінде көрсетіп, барлығын айтыңыз. Тіс ауруымен аналогия келтіріңіз. Бұл адам төзгісіз әрі бітпейтіндей көрінеді. Бірақ тісті емдеткеннен кейін ауру туралы өте тез ұмытасың. Егер біраз уақыттан кейін жеңілдікті сезінетін болсаң, өзіңді өлтірудің ақымақтық екеніне иландыр.

Суицид қаупі мына адамдарда жоғары:

  1. Жақында айқындалған прогрессивті ауруы бар. Прогрессивті ауру факторы - оның ауыртпалығы немесе еңбек қабілеттілігінен айрылудан маңыздырақ.

  2. Экономикалық ретсіздіктермен соқтығысқан адамдар. Әрине бұл аспен, киіммен немесе қаржымен байланысты проблемаларды тудырады. Өмірі сәтті құрылмаған адамдар өздерін сәтсіз деп санайды. Болашақ оларға өте анықталмаған болып көрінеді.

  3. Жақсы көретін адам өлімінен кейін өмір ешқашан бұрынғы қалыпта болмайды. Отбасылық өмірдің әдеттегі стереотипі құлдырайды. Өлімнен кейін көп айлар барысында келген шынайылықты терістеу байқалады, соматикалық дисфункциялар, паникалық бұзылулар, кінәлік сезімі, айрылудың идиализациясы, апатия, сонымен бірге көмек беруге дайын достары мен туыстарына деген жауластық қатынас. Адам жалғыздықты және өмірдегі босқуыстықтан ба тартады.

  4. Көп жағдайда ажырасу және отбасылық конфликттер өлімнен ауыр жағдай болып қабылдануы мүмкін. Егер адам өлгенде, оған рационалды, діндік түсіндіру болады. Ажырасу кезінде ақылдық және тәңірлік түсіндірулер негізсіз болып көрінеді. Пайда болған мәселелер ата-анаға да, балаларға да терең психологиялық зақымдайтын әсерін тигізеді. Зерттеулер көрсеткендей, өзіне қол жұмсайтындардың көбі толық емес отбасында тәрбиеленген.



Суицидтің басты себебі –имансыздық!

Ислам діні өзі- өзіне қол жұмсау ең үлкен күнә қатарына жатқызады. Өйткені, жан – Құдайдың адам баласына берген ең қасиетті аманаты. Өз өмірін қию – сол аманатқа жасалған қиянат. Дінге сенімі бар адам өмірдің қиындықтарын сынақ деп біледі, өткінші деп қарайды. Әрбір қиындықтан кейін  жеңілдіктің келетініне сенеді.  Құдайдан үмітін еш үзбейді. Сабыр етеді. Ең қиын сәттерде де өзін өлтіруге бармайды. Ендеше, өзін-өзі өлтірудің себептерін өмірдің қиындықтарынан іздеу дұрыс емес. Мұндағы  басты себеп – сенім болып тұр. Иманы толық адамдарда қандай да бір қайғыны жабыла көтеру, қиыншылыққа ортақтасу бар. Ал, өзімшіл  адамдарда бауырмалдық пен жанашырлық атымен болмайды. Сол себепті, қиналған кезде қайғысы еселеніп, бұл дүниеден безуден басқа жолы қалмайды. Өйткені, о дүниеге деген сенім жоқ. Сөйтіп, онсыз да қызығы қашқан өмірден өліп құтыла салғанды жөн көреді.

Ендеше, бұл қасіреттен құтылудың жолы – балаларымызға ерте бастан ислам тәрбиесін үйретіп, жүректерін тыныштандырғанымыз абзал. Алланы еске алмайтын жүрек тыныш таппайды. Және де кішкентай кезеңнен сәбидің туыстары мен ата – анасына эмоциялық жағынан жақындық сезімін қалыптастырған жөн. Тіпті суицидалдық әрекеттің дұрыс емес екенін, ұят нәрсе екнін ұғындырып, отбасылық, шығармашылық, өмірлік жоспарлар туралы жиі әңгімелескен дұрыс. Ең маңыздысы, баланың бойына үміт пен сенім ұялату арқылы жылы сезімдерді дамыту керек. Жеткіншектің мінез – құлқын қадағалап отырып, оны анализдей білуде үлкен жетістік дер едім. Сонымен қатар, психологиялық орталықтар құру арқылы барлық білім беру саласында психологиялық қызмет жүйесін , ата – аналардың , педагогтардың, оқушылардың психологиялық сауаттылығын ашуды жолға қойған дұрыс. Психологиялық білім беру, психодиагностикалық зерттеу арқылы (анкета, тест, әңгімелесу) мінез ауытқушылығын, суицидиалды әрекеттердің алдын алуға да болады. Суицид проблемасын шешу үшін мемлекеттік деңгейде арнайы педагогикалық – психологиялық бағдармалар мен жобалар жасац керке деп ойлаймын. Сондықтан бұл түйіткілді қоғамдық, мемлекеттік деңгейге көтерген жөн.



2.Өзіне- өзі қолжұмсаудың себептерін алғаш зерттеген ғалымдар.


Өзіне- өзі қолжұмсаудың себептерін алғаш зерттеген ғалымдардың бірі Э. Дюркгейм өлімге итермелейтін себептерден бастап зерттеген: эгоисттік себеп (қоғам мен индивидттің арасындағы қарым- қатынастың әлсіреуі); альтуристік (шындық үшін немесе басқа адамдар үшін); аномикалық (қоғамдағы дағдарыс жағдайлар). Дорпат және Босвелл суицидтті әрекеттік немесе демонстративті деп қарастырған, өзінің өміріне қастандық ету әрекеті. Л.Векштайн (L. Wekstein) суицидттік әрекеттің отызға жуық түрін көрсетеді: алкоголдік немесе нашақорлық мәселесі, рационалды суицид, психикалық және экзистенционалды және т.б. Бэгли басқада авторлармен бірлесе отырып суицидті депрессияға түскен адамдар жасайды деген пікір айтқан, сонымен қатар қарттық және әлеуметтік себептермен де байланыстырған. Э. Фроммның пікіріне де мән беру керек, дамып келе жатқан қоғамға адам икемделе алмаса, жекеленіп қалғандығы туралы сезім пайда болады сол себептен осы невротикалық сезімнен айырылудың жолы ретінде өзіне қол жұмсайды деген.

Суицидке барған адамдардың соңғы хаттарын зерттеумен айналысқан көптеген авторлардың пікірінше қағидалы сөздер, жазудағы қателер, қарама қайшы сөздер, ызасы келтірілген жағдайлар кездеседі деген. Л.И. Постовалов отбасылық суицидттің әлеуметтік- психологиялық аспектілерін көрсеткен. Отбасылық классификация бойынша: интеграцияланған және дезинтеграцияланған, гармониялық және дисгармониялық, корпоративтік және альтуристік, ашық және жабық, авторитарлы және демократиялық. Интеграцияланған және дезинтеграцияланған типтер бойынша отбасындағы адамдардың отбасындағы жағдайлардың барысына араласуымен, олардың эмоциялық біріліктерімен түсіндіріледі. Дезинтеграцияланған отбасында суицидттік жағдай жиі туындап отырады себебі отбасындағы жағдайлар яғни, пікірін тыңдамау немесе туыстарының қарсы шығуы әсер етеді.

Дисгармониялық отбасылар да суицидке жиі түседі. Олар отбасындағы адамдардың ортақ мақсаттарының, қажеттіліктердің және мотивтердің болмауы әсер етеді. Корпоративті және альтуристік отбасылар отбасындағы адамдардың қарым- қатынас жасау түріне байланысыты өзара ажыратылады. Корпоративті отбасында өзінің отбасының қызығушылығы үшін басқадан бас тарту, ортақ пікір болмайды. Альтуристік отбасы суицидке бой салмайтын төзімді отбасы болып саналады себебі, отбасындағы әрбір адам жауапкершілікпен жүктелеген және бір-бірімен тығыз қарым-қатынас орната білетін отбасы.

Консервативті отбасында сыртқы факторлардың әсерінен суицидттік жағдай туындап отырады. Бұл типке жасөспірімдік суицид тәуелді.

Ашық және жабық отбасылар өзара билік көрсете алу жолымен ажыратылады. Индивидттің қарым-қатынасқа түсе алу қабілетімен байланысты ең қауіптісі жабық отбасы болып саналады.

Авториталды және демократиялық отбасылар билікті бөлісуіне байланысты ажыратылады. Демократиялық отбасы толық немесе жайлы болып есептеледі, ал авторитарлы отбасы билік бір адамның қолында болғандықтан отбасылық ауытқушылық болып есептеледі сол себептен суицидке тез түсетін отбасылар қатарына жатады.

Көптеген зерттеулердің көрсеткіші бойынша суицид тек отбасылық жағдайдың нәтижесіне байланысты емес ол сонымен бірге ананың ішкі күйзелісінен туындайды деп есептейді. Себебі бала ана құрсағында жатқанда анасының жағымсыз эмоцияларын сезінеді, яғни анасының психологиялық мәселелері олда суицидттік жағдайдың туындауының себекері болып есептеледі. Отбасындағы жағдайдан басқа ата- ана қатынасы баланың жағдайына тікелей әсерін тигізеді.

Н.Д. Кибрик студенттер арасындағы суицидттің туындауының себептерін зерттеу барысында оқу процессіне тұлғаның бейімделудің деңгейімен байланыстырған:

1-ші деңгей оқу материалын меңгерудегі туындайтын қиындықтар: экзамен кезінде ұйқының бұзылуы, шаршау, төзімсіздік, ашулашақтық.

2-ші деңгей оқу үлгерімнің нашарлауы, академиялық қарыздарды жаба амауы, коллективпен, университеттің басшылығымен кикілжіңге түсуі себепкер болады.

3-ші деңгей оқудан шығып қалуы өмірінің дұрыс қалыптаспауының себепкері болып саналғандықан бұл деңгей өте қауіпті болып саналады.

Суицидтік әрекеттерге ұшыраудың мынадай факторлары бар:

  •   Болашаққа шарасыздықпен қарау, мақсат-армандардың болмауы, өмірге деген құштарлықтың төмендігі;

  •   Әлеуметтік қолайсыздық. Яғни, әлеуметтік шеттілуі, оқшаулану;

  •   Оқшаулану, қоршаған ортамен қарым-қатынастан қашу;

  •   Келешекке деген жоспардың болмауы;

  •   Өз күйзелі сжөнінде дәрігер, психолог, педагогтарға шағымдану.

  •   Отбасындағы жағымсыз ахуал, жайсыз психологиялық атмосфера

  •   Жұмыссыздық, кедейшілік( материалдық жағдайдың жетіспеуі);

  •   Жанұядағы берекесіздік немесе бақытсыздық;

  •   Отбасы мүшелерінің қарым-қатынасында үйлесімлікдің болмауы

  • (өзара жиі конфликт, ұрыс -керіс);

  •  Отбасында елеусіз қалуы (жалғыздықты сезіну) т.б.





«Вертер синдромы»

Жеткіншектің суицид жасауға итермелейтін жағдайдың бірі ғашықтық сезім немесе махаббат. Қазіргі кезде бәрімізге белгілі Шекспирдің кейіпкерлері Ромео мен Джульетта оқиғасы. Ғашықтық жолында өз өмірін қиюға дейін барады. Көбіне махаббаттың құрбаны болып жатқан суицид өз ізін қалдырып кетеді екен. Міне осындай жолдармен өмірден өтуі жөн көрген жеткіншектеріміз сан қилы оқиғаларды қағаз бетіне ойластырып тастап кетуге тырысады. Көбіне мұндай өлер алдындағы соңғы тілек немесе хат тастап кету бұлардың барлығы да кинофильмдерден алынады. Мұны психологияда «Вертер синдромы» деп атайды.

Депрессия дегеніміз - бір сөзбен айтқанда торығу деген ұғымды білдіреді. Сонда суицид жағдайында жан үзетіндердің көбі торығудың торынан құтылудың жолы – өлім деп біліп, солай шешім қабылдайды деген сөз ғой.

Депрессияның бірнеше түрі бар:

І. Депрессиялық дүрбелең. Бұл кезде адам өзін қоярға жер таппай, қатты мазасызданып, бір нәрсе айтса көзіне жас келіп қатты қайғы-мұңға түседі.

2.Ипохондриялық депрессия - адам неше түрлі аурудың белгісін сезініп өзін «аурумын» деп есептеп, қайта-қайта дәрігерге қарала береді.

3.Альтруистикалық өлім - ұзаққа созылған ауру мен шезофрения адамды тек өзі ғана емес, барлық жақын туыстарының да тірі жүруінің қажеті жоқ деген ойға келіп, айналасындағыларға қауіп төндіретін кезі.

Өмірлік проблема басты себеп емес

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өзін-өзі өлтірудің 800-дей себебін анықтап отыр. Олардың ең негізгілері мыналар: жеке өмірдегі кикілжіңдер, үмітсіздік, махаббаттағы ыза, айналасындағылармен түсініспеушілік, жұмыстағы келеңсіздіктер, түртпекке тап болу, қорлық-зомбылық, кемсітушілікке ұшырау, кедейлік, қаражат тапшылығы, жазылмайтын ауру не мүгедектік, секталарда кездесетін фанатизм, психикалық аурулар, рухани азғындық, өзін ешкімге керексіз сезіну, өмірден түңілу, жақын адамынан айрылу, оқшаулану, жалғыздық, жазадан қорқу, жақындарымен сыйыса алмау, торығу, өмірге деген қызығушылықтың жоғалуы, үнемі жолы болмаушылық т.б. Ал, дінге сенетін адам үшін бұл аталғандар өлімге себеп емес, пәни дүниеде әр адамға кезігетін әдепкі жағдай ғана.

Ислам діні өзін-өзі өлтіруді ең үлкен күнә қатарына жатқызады. Өйткені, жан – Құдайдың адам баласына берген ең қасиетті аманаты. Өз өмірін қию – сол аманатқа жасалған қиянат. Дінге сенімі бар адам өмірдің қиындықтарын сынақ деп біледі, өткінші деп қарайды. Әрбір қиындықтан кейін жеңілдіктің келетініне сенеді. Құдайдан үмітін еш үзбейді. Сабыр етеді. Ең қиын сәттерде де өзін өлтіруге бармайды. Ендеше, өзін-өзі өлтірудің себептерін өмірдің қиындықтарынан іздеу дұрыс емес. Мұндағы басты себеп – сенім болып тұр. Иманы толық адамдарда қандай да бір қайғыны жабыла көтеру, қиыншылыққа ортақтасу бар. Ал, өзімшіл адамдарда бауырмалдық пен жанашырлық атымен болмайды. Сол себепті, қиналған кезде қайғысы еселеніп, бұл дүниеден безуден басқа жолы қалмайды. Өйткені, о дүниеге деген сенім жоқ. Сөйтіп, онсыз да қызығы қашқан өмірден өліп құтыла салғанды жөн көреді.

  1. Қазақстанда суицидтің дамуы.


Соңғы кездері жасөспірімдер арасында суицид жиілеп кетті. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, биылғы жылдың 9 айында облыста 56 жасөспірім өз-өзіне қол жұмсаған. Олардың 31-і аман қалса, 25 баланың өмірін ажалдан арашалап қалу мүмкін болмады. Балалар арасында өз-өзіне қол жұмсаудың 23,9 пайызы отбасындағы кикілжіннен орын алса, 69 пайызының себебі белгісіз күйінде қалып отыр.суицид Десе де мамандардың айтуынша, бала өмірінің қауіпсіздігін қадағалау, оқушылар мен ата-аналар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу, мектеп ұжымдарының жауапкершілігін арттыру сияқты бірқатар шаралардың арқасында өңірде өмірімен қоштасқысы келетіндердің саны біршама азайған. Мәселен, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда суицид әрекеттері 15 оқиғаға кеміген. Соған қарамастан мамандар өз-өзіне қол жұмсайтын жасөспірімдер қай заманда да бола беретіндігін айтады. Жастар өзін неге өлімге қияды? Оларды мұндай әрекетке итермелейтін қандай жағдайлар? Талай ананы зар жылатып, бауыр еті баласынан айырып жатқан суицид деген ауру ма? Көпті толғандырып, ойландырып жүрген осы сауалдарға жауап іздеп көрген едік.

Шілденің 24-і күні БҰҰ-ның даму бағдарламасы (UNDP) адам дамуы әлеуеті жайлы 2014 жылғы есебін жарияланды. Есеп әлемнің 187 елі мен бірнеше территориясындағы халықтың білім алу мүмкіндігі, табысы, денсаулығы, өмір сүру ұзақтығы, жеке бас қауіпсіздігі сияқты маңызды көрсеткіштерге қарап жасалған. Тізімді адам дамуы әлеуеті жақсы елдер ретінде Норвегия, Австралия, Швейцария, Нидерланд пен АҚШ бастап тұр. Тізімнің ең соңындағы елдер – Орталық Африка республикасы, Конго мен Нигер.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өзін-өзі өлтіру көрсеткіші бойынша әлем елдерін үш топқа бөледі:

1. Өзін-өзі өлтіру көрсеткіші өте төмен елдерге (100 мың адамнан жылына 10 адам). Оған Грекия, Италия, Гватемала (0,5), Филиппин (0,5), Албания (1,4), Доминикан республикасы (2,1), Армения (2,3) жатады. Өзін-өзі өлтірудің ең төменгі көрсеткіші мұсылман елдерінде. Айталық, Мысырда (0,03), Кувейт (2,1). Африка елдерінде де бұл көрсеткіш жоққа тән.

2. Өзін-өзі өлтіру көрсеткіші орташа елдерге (100 мың адамнан жылына 10-20 адам). Аустралия, АҚШ-ты (10.4) жатқызуға болады.

3. Өзін-өзі өлтіру көрсеткіші жоғары және өте жоғары елдер (100 мың адамнан 20- дан көп адам). Жапония (27,1), Венгрия (35,9), Эстония (40), Ресей (39,4 – жыл сайын 60 мың адам), Литва (42,1), Латвия (42).

Қазақстан бұл есепте 70-орынды иеленіп, Орталық Азиядағы көршілерінен (Түркіменстан – 103, Өзбекстан – 116, Қырғызстан – 125, Тәжікстан 133-орында) озған. Басқа постсоветтік елдерден Беларусь – 53, Ресей – 57, Әзербайжан – 76, Грузия – 79, Украина – 83, Армения – 87, Молдова 114-орында тұр.

Ал 2009 жыл Қазақстанның ішіндегі жағдайға назар аударсақ: соңғы бірнеше жылда осындай қаза бойынша көш басында Оңтүстік Қазақстан облысы (72 оқиға), Ақтау (64-67 оқиға) және Солтүстік Қазақстан облысы (100 мың тұрғынға шаққанда 57 адам өз-өзіне қол жұмсаған). Бір атап өтерлігі – елде адам өлтіргендерге қарағанда өз-өзін өлтіргендер саны әлдеқайда көп екен.

Жалпы әлемде жыл сайын шамамен миллионға жуық адам өз-өзіне қол салып көз жұмады. Олардың 8 мыңы – қазақстандықтар, яғни республикада әр сағат сайын бір адам өз еркімен өмірмен қош айтысып жатады.

Мамандардың айтуынша, Қазақстанда 2007 жылы 352 суицид фактісі тіркелген. Оның 2/3-і ер азаматтар.

Мамандар жыл сайын Қазақстанда 14 пен 17 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында 6-8 суицид фактісі тіркелетіндігін айтады

Елде 2005-2007 жылдары кәмелетке толмағандар арасында 1364 өз-өзіне қол салу фактісі анықталып, оның – 887-і қазамен аяқталған. 2005 жылы – 261, 2006 – 274, ал 2007 – 352 суицид тіркелген.

Жасөспірімдер арасындағы өзіне қол жұмсау әрекеттерінің  жиі себептері: 1. Отбасындағы ұрыс–керіс; 2. Жастар арасындағы тұлғааралық қарым–қатынастың бұзылуы; 3.  Жазалану алдындағы қорқыныш; 4. Махаббат проблемалары; 5. Кедейлік.

Оңтүстік Қазақстан облысында жасөспірімдер арасындағы суицид фактілері соңғы 5 жылда күрт өскен, олар 14–17 жас аралығындағы жастар.

2010 жылы облыста кәмелетке толмағандар арасында 91 өзіне қол жұмсау әрекеті тіркеліп, барлық әрекеттер қайғылы аяқталған. 

Суицид статистикасы

ДДҰ өз-өзіне қол жұмсаудың 800 себебін тіркеген. Солардың ішінде:

  • 41% - белгісіз

  • 19% - жазалау алдындағы қорқыныш

  • 18% – жан азабы

  • 18% - үйдегі қапа

  • 6% - құштарлық

  • 3% ақша шығыны

  • 1,4% - өмірге асыра қаныққан

  • 1,2% - тән аурулары.

Мұндай нақты сандарды көргенде табиғи бір сұрақ туындайды – егер өз-өзіне қол жұмсауға бел буған адамның өзі сол себепті анық түсінбесе, оны статистика жасайтындар қалай соншалықты анық біледі? Өз-өзін өлтіру – көптеген себептер әкелген соңғы қадам, және әрбір себеп өз кезегінде қыруар басқа себептердің салдары болып табылады.



Өлімге асыққандар

Бір минуттық әлсіздікке бой алдырғандардың бірі – Нұрлан (аты өзгертіліп алынған). 16 жастағы шымкенттік жас жеткіншек осы жылдың басында ата-анасымен жанжалдасып, ақыр соңында өмірмен қош айтысуға бел байлаған. Дәрі-дәрмекті шектен тыс, көп мөлшерде қабылдаған оның өмірін дәрігерлер аман алып қалды.

Ал, 16 жастағы және бір жасөспірім Ринат (аты өзгертіліп алынған) сүйіктісі тастап кеткендігі үшін тамырын кес-кен. Дер кезінде көрсетілген көмектің арқасында оның да өмірін ажалдан арашалап қалу мүмкін болды. Қазір мамандар бұл балалармен жұмыс жасауда. Алайда, соңы өліммен аяқталған оқиғалар да бар. Мәселен, жуырда «Нұрсәт» шағынауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің 9 қабатынан секіріп кеткен Мақсатты (аты өзгертілген) достары ажал құрығынан құтқара алмады. Қаладағы №80 мектептің 8-ші сыныбында оқитын бозбала қоғамдық іс-шараларға жиі араласатын, өмірге құштар белсенді оқушы болған көрінеді. Бірақ жеткіншектің мұндай әрекетке не үшін барғаны белгісіз. Белгілісі, ол мұндай әрекетке баруға бел байлағанын өз сыныптастарына әлеуметтік желі арқылы айтқан. Сөйтіп, көп ұзамай достарының көзінше өз-өзіне қол жұмсаған. Осылайша тағы бір жеткіншек қыршынынан қиылды. Ал оның ішкі күйзелісі ешкімге белгісіз болып қала берді.

Жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде өз-өзін құрбандыққа шалғандардың 41 пайызы – үмiтсiздiктен, 19 пайызы – қорқыныштан, 18 пайызы – рухани күйзелiстен, 18 пайызы – отбасылық кикiлжiңнен, 6 пайызы – кәрiлiктен, 3 пайызы – ақша жоғалтудан, 1,4 пайызы – өмiрден түңiлуден, 1,2 пайызы дене бiтiмiнiң кемiстiгiнен осындай әрекетке баратыны анықталған.


























Әдебиеттер тізімі

1.Жасөспірімдер арасындағы өзіне-өзі қол жұмсаушылық әрекеттерінің алдын алу // Алтын ұя, 7 мамыр 2009ж.

2. Жасөспірімдердің мінез-құлықтарындағы ауытқушылықтың сипаты // Таптым-таптым –эврика,№4 2009ж.

3. Суицидтік мінез-құлық психологиясының ерекшеліктері // Сыныптағы тәрбие №1 2009ж.

4. Жасөспірімдік кезеңдегі суицидтік әрекеттің себептері // Тәрбие құралы №4 2008ж.

5. Намазбаев Ж.И. Психология, оқулық Алматы -2005

6. Сатиева Ш.С. Даму психологиясы, Семей-2007

7. Тәжібаев Т. Жалпы психология, Алматы 1993

8. Жарықбаев Қ. Жантану негіздері, Алматы -2002

9. Педагогика және психология сөздігі. - Алматы, 2002.-254 бет.









12


-80%
Курсы повышения квалификации

Современные педагогические технологии в работе по предупреждению и преодолению неуспеваемости учащихся в условиях реализации ФГОС

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Өз-өзіне қол жұмсаудың психологиялық сипаттамасы , себептері және оның алдын-алу жолдары. (2.42 MB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт