Ересек тобына арналған оқу жұмыстарын
ұйымдастырудың технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлімдері: Қазақ тілі
Тақырыбы: «Өз елімді сүйемін, өз тілімді білемін»
Мақсаты: Балаларды өз Отанын сүюге тәрбиелеу; жыл бойы алған білімдерін бекіту. Балалардың тіл байлығын, сөйлеу қабілетін, логикалық ойлау дағдысын қалыптастыру. Балаларды өз туған еліне, туған жеріне, қазақ тіліне деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыра отырып, адамгершілікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойындар.
| Тәсілдер кезеңдері | Мұғалімнің іс - әрекеті | Балалардың іс - әрекеті |
| Мотивациялық - қозғаушы | Ұйымдастыру кезеңі. Музыка ойнап, балалар залға кіреді.
Шеңбер болып тұрайық, Алақанды ашайық. Күннің нұрын салайық, Таза ауадан салайық. Жүрек жылуын салайық, Жиналған жылы шуақты Қонақтарға шашайық.
|
- Сәлеметсіз бе, Айткүл Мусаевна! - Балалар сөзін айтып, қимылдарын орындайды.
|
| Іздену - ұйымдастырушы | - Балалар енді «Тез жауап бер» ойынын ойнайық. - Біз қай Республикада тұрамыз? - Посмотрите на доску. Бұл не? №1 слайд - Қазақстан қандай?
- Да, ребята, Казахстан большой, многонациональный. - А как живут люди разных национальностей? - Дружно как на казахском языке? - Тату. - Адамдар тату тұрады. - Ел басымыз кім? - Бас қала, қай қала? - Астана қандай қала? - Артем, Астана туралы тақпақты оқы. - Кирилл, сен қайда тұрасың? - Қостанай қандай қала? - Біздің қалада не бар? № 2 слайд № 3 слайд № 4 слайд Жарайсыңдар, балалар, отырыңдар. - Қазір жылдың қай мезгілі? - Ауа-райы қандай? - Көктем айларын атаңдар? - Қазір көктемнің қай айы? - Балалар, тақтаға қараңдар. - Мынау не? № 5 слайд - Тудың түсі қандай? - Внимательно посмотрите, настоящий ли это флаг Казахстана? - Чего не хватает? - Чтобы собрать лучики мы должны выполнять много заданий. Орындаймыз ба? - Мынау не? № 6 слайд - Отбасы мүшелерін атаңдар? - Бұл отбасы қандай? - «Үйде кім жоқ?» ойын № 7 слайд «Санамақ» - Қандай мақал білеміз? - Ребята, чем богат наш край? - Азық-түліктерді атаңдар? - «Дүкен» ойыны № 8 слайд - Қандай мақал білеміз? - Что самое дорогое в жизни человека? - Чтобы быть здоровым, что надо делать? - Данил, сергіту сәтін өткізе ғой - Сергіту сәті - Күн шыққан жақсы ма? Достармен жүрген жақсы ма? Туған өлкеде жақсы ма? Қазақстандық болған жақсы ма? - Қандай мақал білеміз? № 9 слайд - Балалар, тақтаға қараңдар. Сәулелер пайда болып жатыр. Жарайсыңдар! - «Большевичка» фабрикасында не тігеді? - Киімдерді атаңдар? № 10 слайд - Балалар, киімнің суретін алып, сөйлем құрастырыңдар. - Киім туралы қандай мақал білеміз? - Жануарлардың дауыстары естіледі. Бұл нелердің дауыстары? - Үй жануарларын атаңдар? - Жақсы. Енді үстелдерге барып, тапсырма орындайық. - Кесілген бөліктерден жануарларды құрастырыңдар. Олардың пайдасы туралы айтыңдар! - Қандай мақал білеміз? - Природа Казахстана разнообразная. Есть горы, степи и леса. № 11 слайд - А как лес на казахском языке будет? - Орманда қандай аңдар бар? - «Санның қасындағы аңды ата» ойын - «Аңның қасындаға саңды ата» ойын - Жабайы аңдар қайда тұрады? - Қандай мақал білеміз? № 12 слайд - Тақтаға қараңдар, сәулелер көбейіп жатыр - Казахстан имеет большую территорию. Можно пешком обойти? Что нам тогда нужен? - Как будет транспорт на казахском языке? № 13 слайд - «Шатақ» ойыны - Мынау кеме ме? - Балалар, көлік пайдалы ма? |
- Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз. - Бұл Қазақстан Республикасының картасы. Қазақстан үлкен, Қазақстан бай, Қазақстан әдемі.
- Дружно
- Тату
- Адамдар тату тұрады. - Елбасы – Нұрсұлтан Назарбаев - Бас қала – Астана - Астана әдемі, жас қала
Астана – арман қала, Бағы бір жанған қала. Тұрады жап-жас болып, Мен үлкен болғанда да. - Мен Қостанайда тұрамын. - Үлкен, әдемі, таза қала. - «Баян-сұлу» кәмпит фабрикасы - «Алпамыс» аяқ киім фабрикасы - «Большевичка» тігін фабрикасы - Қазір көктем - Күн жылы - Наурыз, сәуір, мамыр - Мамыр айы - Бұл ту - Түсі көк - Нет - Не хватает лучиков - Иә, орындаймыз - Бұл отбасы - Ата, әже, іні, аға... - Үлкен, тату - Үйде ата жоқ - Үйде әпке жоқ - Бас бармақ – атам, Балан үйрек – әжем, Ортан терек – әкем, Шылдыр шүмек – шешем, Кішкене бөбек – мен. Бәрінің базары. - Отан отбасынан басталады - Наш край богат хлебом - Нан, май, жұмыртқа... - Сәлеметсіз бе! - Сәлеметсіз бе! - Саған не керек? - Маған нан керек - Алыңыз - Рақмет - Сау болыңыз! - Сау болыңыз! - Ас атасы – нан - Ас - адамның арқауы - Здровье – денсаулық - Отдыхать, заниматься спортом
- Жақсы (3 рет) - Жақсы (3 рет) - Жақсы (3 рет) - Жақсы (3 рет) - Денсаулық – зор байлық - Киім тігеді - Жейде, көйлек, шалбар... - Менде көйлек бар. Көйлек көк... - Ескі киімнің жылуы жоқ - Үй жануарларының дауыстары - Сиыр, түйе, қой... - Мынау сиыр. Сиыр сүт береді. - Мынау мысық. Мысық тышқан аулайды. - Мал өсірсең қой өсір, Пайдасы оның көл-көсір - Орман - Орманда аю, қасқыр, тиін бар - Жабайы аңдар орманда тұрады - Аюдан қорыққан орманға бармас - Нет. Нам нужен транспорт - Көлік - Жоқ, бұл кеме емес. Бұл ұшақ - Иә, көлік пайдалы |
| Рефлексивті - коррекциялаушы | - Сонымен балалар, біз бүгін не туралы айттық? - Отан туралы тақпақ оқыңдар. № 14 видео
- Жарайсыңдар, балалар! Тақтаға қараңдар. № 15 слайд Енді бізде Қазақстан Республикасының нағыз Туы шықты. Барлық тапсырманы орындадыңдар. № 16 слайд - Отан туы желбіреп, Көз тартады құбыла. Біз қараймыз елжіреп, Қазақстан туына. - Балалар, бүгінгі жақсы еңбектерің үшін сендерге «Баян сұлу» фабрикасынан сыйлық бар. - Сабақ аяқталды. Сау болыңдар! | - Отан туралы, қала туралы, киім туралы, азық-түлік туралы, аңдар туралы, көлік туралы - Отан – біздің әніміз, Отан – біздің сәніміз. Ер жетеміз туған ел, Сені сүйіп бәріміз. Ен даласын егін жапқан, Бар баласы бақыт тапқан. Менің жерім, туған елім, Күн сәулелі Қазақстан. - Сау болыңыз! |
Күтілетін нәтиже:
Қайталайды: Қазақстан Республикасына байланысты білімдерін, түсініктерін ойын барысында көрсете алады.
Түсінеді: Қойылған сұрақтарды түсіне отырып, толық жауап беруді, мұғалімнің талаптарын орындауды.
Қолданады: жыл бойы сабақтарда өткен сөздерді сөйлем құрастырғанда диалог арқылы сөйлескенде, ойындарда.
6

«Өз елімді сүйемін, өз тілімді білемін» (70 KB)

