Күні 23.11.16ж | Пәні:Математика | Сынып: 5 ‹қа,қб,қв› | Усенбаева Д.У | |||
Сабақтың тақырыбы: | Жай сандар, құрама сандар. Есептер шығару | |||||
Негізгі мақсат | құрама санда екі жай санның көбейтіндісі түрінде жаза білу; құрама сандардың бөлгіштерін табуды үйрену; | |||||
Оқыту нәтижесі: | Жай сандар, құрама сандар. Есептер шығару тақырыбына диагностикасын шығарып үйрену; | |||||
Түйінді идеялар: | Жай сандар, құрама сандар. Есептер шығару тақырыбын меңгеру | |||||
Дерек көздер: | Оқулық: «Математика 5 сынып» Алматы, «Атамұра»,2015 ж. | |||||
| Сабақ барысы: | |||||
Сабақты өту кезеңдері | Уақыты 45 мин | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | |||
1.Ұйымдастыру кезеңі | 2мин | Сәлемдесу. Мұғалім оқушы назарын аудару үшін сабақ барысында орындалатын тапсырмалар мен бағалау түрлерін таныстырады | Оқушылар белсенділік таныта отырып барлық тапсырма түрлерімен танысады. | |||
2. Үй тапсырмасын тексеру | 5мин | Қиындық туғызған тапсырмаларды сыныппен талдау, тапсырманы орындауға бағыт беру | Бірлесіп тексереді, талдайды, қателерін дұрыстап, есепті шешудіңдұрыс жолын түсінеді | |||
3. Миға шабуыл | 3мин | Сұрақ-жауап 1. Жай сандар деп қандай сандарды атайды? 2. Құрама сандар деп қандай сандарды атайды? 3. 1 саны қандай сан? 4. Егіз сандар деп қандай сандарды атайды?
| Әрбір сұраққа жауап береді, сол арқылы өздерінің ұпай сандарын арттырып отырады | |||
4. Топтық жұмыс | 10 мин | 1. 1,3,6,7,9,15,23,28,37 сандарынан 2. 1,5,10,17,12,21,29, 32,41 сандарынан 3. 1,11,8,19,16,25,27,34,43 сандарынан
Құрастыру (7 минут) Жүк машинасы кірпіш әкелді.
Жүк машинасында қандай сан-кірпіштер бар? Сан-кірпіштерден басқа сандарды құрастырамыз. 2, 5 және 7 үш сан-кірпіштерді алып, олардағы сандардың көбейтіндісін табамыз. Қандай сан шықты, жай сан ба әлде құрама сан ба? 2, 2 және 11 сан-кірпішті аламыз, ондағы сандардың көбейтінділерін былай табамыз: 2 * 2 * 11. Қандай сан шықты, құрама сан ба әлде жай сан ба? Әрі қарай оқушылар өз беттерімен құрастырулар орындайды (Құрамында сан-кірпіштердің саны әр түрлі болатындай 2 мысалдан құрастырады). Жаттығудан кейін оқушылар өз беттерімен (ауызша) мына сұрақтарға жауап береді: "Жай сандарды көбейткенде қандай сан шығады?"
| ||||
4. Диагностика | 6 мин | Тест тапсырмалары | ||||
5. Есептер шығару | 14мин | №664, 665,666
| ||||
6. Сергіту сәті | 2мин | Мен тақ сандарды атағанда – сендер тұрасыңдар, ал жұп санды атағанда отырасыңдар.
| Оқушылар орындайды | |||
7. Үй тапсырмасын түсіндіру, бағалау Үйге берілетін тапсырма | 3мин | №663,667,668 | Алған білімдерін жинақтайды, сұрақтарға жауап береді, үй жұмысын жазып алады |