Меню
Разработки

Өскенде мен кім болам?

0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау 0.1.4.2 Берілген тақырып аясында диалогке қатысу 0.1.6.2 Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастыру 0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу
03.12.2019

Содержимое разработки

3





ТАҚЫРЫБЫ: Өскенде мен кім

Мектеп/МДҰ:


болам?




Күні:


Педагогтің аты-жөні:






Сынып/топ:


Қатысқандар саны:

Қатыспағандар




саны:

ҰОҚ оқытылу

0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау

мақсаты

0.1.4.2 Берілген тақырып аясында диалогке қатысу



0.1.6.2 Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастыру



0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып


жеткізу



Күтілетін нәтиже

Барлық тәрбиеленушілер: Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды


дұрыс дыбыстайды. Тыңдалған мәтіндердегі ақпаратты сурет, сызба,


белгілер қолданып жеткізеді.







Көпшілік тәрбиеленушілер: Берілген тақырып аясында диалогпен


сөйлесе алады.








Кейбір тәрбиеленушілер: Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастырады.





Тілдік мақсат

Тәрбиеленушілер: Әңгіме құрап айта алады. Сөздік қорын кеңейтеді.


Көптілділік: мамандық профессия – profession



Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:



Мамандық иесі, дәрігер, аспаз, құрылысшы, тігінші, балықшы, мұғалім,


ғарышкер, суретші, оқу құралдары, ғимараттар.



Пікір алмасу сұрақтары:



Сендер кімдерді көріп тұрсыңдар?



Сендер өскенде кім болғыларың келеді?



Ата-аналарының мамандығын кім біледі?




Өткен ҰОҚ алған білім Үлгілі бала қандай болатынын біледі.



Жоспар


Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар











І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.


0-2 минут







ІІ. Мақсатты болжам.


3-5 минут




ІІІ. Тақырып бойынша жұмыс.


6-27 минут


(Ұ) Балалар шаттық шеңберіне тұрады, бәрі бірге қосылып айтады.



Жабырқауды білмейміз,


Жалқаулықты сүймейміз.


Біз талантты жас ұлан,


Үлгі аламыз жақсыдан.


Балалардың назарын тақтаға аударады.


– Кімдердің суреттерін көріп тұрсыңдар?


(Балалар әр мамандықтың не істейтіні туралы өз ойларын әңгімелеп айтады.)


– Ал, балалар, сендер ойландыңдар ма, өскенде кім болғыларың келеді?


(Балалар қалаған мамандықтарын айтады және не үшін таңдағандарын түсіндіреді. Ата-анасының да кім болып жұмыс жасайтынын айтып өтеді.)


Педагог:

  • Балалар, автобуста құрылысшы, дәрігер, аспаз кездесіп қалды, айтыңдаршы, олар не туралы әңгімелесуі мүмкін?

  • Ортаға шығып, көрініс ойнап көрсетейік. Кәне, кім дәрігер болам дейді, кім құрылысшы, аспаз болам дегендерің шыға қойыңдар.

Педагог ниет білдірген балаларды ортаға шығарып, құрылысшы, дәрігер, аспаздың атрибуттарын кигізіп, педагогтің көмегімен рөлдерді ойнайды, диалогпен сөйлеуді үйренеді.


Көптілділік: мамандық профессия – professio

Дидактикалық ойын: «Сұхбат».


Ойын шарты: Педагог мен тілші ретінде сендерден сұхбат аламын дейді де, балаларға микрофон ұсынады және бір мамандықты айтады, балалар мамандық иесі не істейтінін өз атынан айтады.

Мысалы: Сіз әншісіз – ән айтамын, сахнада өнер көрсетемін.

Сіз дәрігерсіз – балаларды, адамдарды емдеймін. Сіз ғарышкерсіз – ғарышқа ұшамын.

Сіз мұғалімсіз – балаларды оқытамын.

Сіз құрылысшысыз – үйлерді, ғимараттарды саламын. Сіз суретшісіз – сурет саламын.

Сіз тігіншісіз – киімдер тігемін.

Өлеңді мәнерлеп оқып, мағынасын түсіндіру, қайталау арқылы өлең жолдарын жаттату.

Ұшқыш боламын

Көкке ұшамын,

Ұшқыш болар баламын.

Соңына ерем

Ер ғарышкер ағаның.

Батыр болам,

Көк аспанды сүйемін.

Жұлдыздарға

Барып-келіп жүремін. (Т. Молдағалиев)












Интербелсенді тақта немесе тақтаға ілінген суреттер
























Микрофон





Әліппе-дәптермен жұмыс:

Әліппе-дәптер, түрлі



1-тапсырма. Өзіңе ұнайтын мамандық иелерінің

түсті қарындаштар



суреттерін белгіле. Сен кім болғың келеді?




Дидактикалық ойын: «Төртінші артық».




Логикалық ойлау қабілетін дамыту мен заттардың




жалпылама түрін білуге үйрету. Суреттердің біреуі




артық, ал үшеуінің мағынасы бірдей. Сол үш затты




жалпылама сөзбен айт немесе қай мамандыққа




қажет екенін айт. Мысалы:




Қасық, қазан, етік, кесе - ыдыстар;




Балта, балға, ау, шеге - саймандар;




Ине, жіп, қайшы, қасық - тігінші заттары;




Қайық, ау, қармақ, қалам - балықшы заттары;




Нан, торт, бәліш, балта - тағамдар.




Сергіту жаттығуы:




Қиынсынып қашпаймыз,




Шынығамыз жастай біз.




Көңілді әуен сазымен




Жаттығуды бастаймыз.




Иілеміз оңға бір,




Иілеміз солға бір,




Қолды жоғары көтеріп,




Қолды төмен түсіріп,




Терең тыныс аламыз.




Әліппе-дәптермен жұмыс:




2-тапсырма. Сурет бойынша әңгіме құрастыр:

Әліппе-дәптер



«Үй қалай салынады?»






Педагог балалармен бірге шартты белгілерді




талқылайды.




Өлеңді мәнерлеп оқып, мағынасын түсіндіреді.




Әліппе-дәптермен жұмыс.




3-тапсырма. Қай зат кімге тиесілі? Сызықпен




қос. Оларды не үшін пайдаланатындарын түсіндір.




Артығын сыз.




4-тапсырма. Тіл ұстарту.




Жаңылтпашты жаңылмай айт.




Ас аспай




Бас аспаз.




Ас асты




Жас аспаз.




Іске іскер,




Істі




Іскер істер.







IV. ҰОҚ

Педагог қорытынды жасайды. Балаларды

Әліппе-дәптер, түрлі


қорытындысы.

марапаттайды.

түсті қарындаштар


Рефлексия.

(Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап



28-30 минут

қорыту.




Балалардан зымыранды түсті қарындашпен бояуын




сұраңыз:




Ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен;




Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары




қарындашпен;




Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын –




жасыл қарындашпен.














-75%
Курсы повышения квалификации

Адаптивная физическая культура в условиях реализации ФГОС для лиц с ОВЗ

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Өскенде мен кім болам? (42.83 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт