БАЯНДАМА
«Өнерпазбын – он саусағы майысқан, Спортшымын - құр қалмаймын сайыстан!»
Ұрпақ тәрбиесі ата салтымыздан келе жатқан ұлттық парызымыз. Дамуға жетелейтін бір күш, бұл- кәсіппен айналысу. Сол үшін де мектеп қабырғасынан бастап, оқушыларды еңбекке баулып, ұстаздар бар білгендерін шәкірттеріне үйретіп,оқушылардың қабілеттерінің, таланттарының ашылуына ұйытқы болуы жас ұрпақты игіліктер мен адамзат мәдени мұрасының сабақтастығын сақтай отырып,оқытуы,тәрбиеленуі және әрбір шәкірті жеке тұлға деп санап,оның жан-жақты дамуына
мүмкіншілік жасауы.
Оқушылардың қабілет- дарынын талантын ояту,өмір кеңістігінде тез шешім қабылдай алатын тұлға қалыптастыру.Қазіргі оқушы болашақ маман, ал дайындалған мамандардың сапасы мен болашақтағы қоғамның дамуы бір-бірімен байланысты болғандықтан әрбір тұлға нарықтық экономика қоғамындағы бәсекелесктікке төзе білетін, жеке көзқарасы бар, өз бетінше ойлай білетін тұлға болуы қажет.
Бұл процестің нәтижесі болуы үшін кәсіптік оқыту әдістемесінде жаңа оқу технологияларын қолданамыз. Сабақ барысында қазақ халқының ұлттық тұрмыстық заттарды жасау және сәнді қолданбаны өнер туындыларын жобалауды қолдану үлкен нәтиже әкелуде. Осыдан келе оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай эксиздер мен жобаларды таңдау, іс-жүзінде сынап қараудың маңызы зор. Қыз балалар технология сабақтарында картон қағаздан,матадан ою-өрнек жасап,құрақ көрпешелер тігіп және киім-кешек тоқуды үйренеді.
Ал енді 7-сынып оқушыларының өз қолдарынан жасап шығарған қазақ қыздарының сәукелесімен камзолын ұсынамыз.
Қамбаров Ерлан
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
ОҚО Шымкент қаласының №16 жалпы орта мектебі
Баяндама
«Өнерпазбын – он саусағы майысқан, спортшымын – құр қалмаймын сайыстан!»
(Технология, бейнелеу өнері, музыка және денешынықтыру пәндерінің апталығы)
2012-2013 оқу жылы