Ақмырзаева Айгул Ізбасарқызы
бастауыш сынып муғалімі
№56мектеп-лицейі, Астана қаласы
Тақырыбы: Оқу үрдерісінде ортақ тақырыптар арқылы пән аралық байланысты ұйымдастыру
«...Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру - бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің еншілеріңіз... Ал жас ұрпақтың тағдыры- ұстаздардың қолында»”
Н.Назарбаев
Қазақстан Республикасының Премьер министрінің қаулысы,25 сәуір 2015 жылдың Қ.Р. , үкіметінің №327 қаулысына сәйкес бастауыш сыныптар бойынша білім беру стандарты бекітілді. Осы қаулыға сәйкес біз жұмыс жасаймыз. Негізгі 3 құжатпен жұмыс жүргіземіз.
1.Оқу бағдарламасы
2. Оқу жоспары
3.Кретериалды бағалау бойынша нұсқаулық.
Жаңартылған білім мазмұны мен дәстүрлі сабақтың бірнеше айырмашылығы бар:
1.Ортақ тақырыптың болуы
2. Жоспарлауда ерекшелік ( О.М.Ж., Қ.М.Ж.)
3. Спиральді оқыту
4. Кретериалды бағалауда
5. Кіріктіріліп оқытатындығы
6. Негізгі құндылықтарымен жұмыс жасаймыз.
Білім беру елдердің бәсекелестікке қабілетті болуын қамтамасыз ететін ең тиімді әрі ұзақ мерзімді стратегия болып табылады. Қазіргі білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы – заман талабына сай бағдарлама.
Оқушылар бастауыш сыныпта оқытылатын әр пәндік саланы түсінетіндігін көрсете отырып алдағы уақытта осы білімдерін басқа жағдайларда қолдана білулері қажет. Жаңартылған білім мазмұны бойынша ортақ тақырыбын пайдалана отыра математика және көркем еңбек пәндерінде берілген бөлімнің “Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті” қалай қолданатынымды өз тәжірибемде қолдана отырып сіздермен бөліскім келеді. Салт-дәстүрді бәріміз білеміз бірақ соның ішінде ұлттық ою-өрнектер,ұлттық ойындар,көне сөздер осыларды енгізер едім. Жаңғыртқанда ортақ тақырыпты ала отыра математика мен көркем еңбек пәндерін байланыстырып тапсырмаларда қолдану. Математика пәнінде ұлттық жарыс ойындары арқылы ұйымдастыруға болады. Дәстүрге байланысты мәселе есептерді құрастырып сол арқылы есеп шығартуға болады. Бала есеп шығарам деп отырып мәтінді оқиды,мәтінді оқи отыра салт-дәстүрді есіне түсіре бастайды,білмеген бала болса біле бастайды.
Берілген бөлімнің ортақ тақырыбы: «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»
Мақсаты: 1.1.3.1. шамаларды ажырату; уақыт, оларды өлшеуге қажетті әдістерді, құралдарды таңдау; өлшеу.
1.2.3.1. қарапайым тәсілдермен материалдарды және компоненттерді өлшеу, белгілеу, қию, формасын келтіру,жинақтау.
Осы мақсатты ала отырып мынадай критерилер құрдым.
Критерий:
а) математикалық шамаларды ажыратады.
ә)уақытты өлшеу құралдарының моделін құрастырады;уақытты өлшеу құралдарын қолдана біледі.
б)материалдарды және компоненттерді өлшейді, белгілейді, қияды. Түрлі формаға келтіріп жинақтайды.
1.Құрметті әріптестер осы мақсатты осы критерилерді сіздер «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті» тақырыбы аясында қандай тапсырмалар алар едіңіздер?(аудитория ойын тыңдау).
2. Ал, енді біз өзіміздің тәжірибиемізде былай қолданар едік.
Оқушыларға бұрынғы ата- бабаларымыз сағаттың неше болғанын қалай ажыратқан деп ойлайсыңдар? (ойларын тыңдап кету). Бұрынғы заманда ата-бабаларымыз күнге қарап уақытты білген екен т.б. оқушыларға айтып, түсінік беру. Ал , ендеше қазір біз математика сабағында сағатты жасаймыз.
Тапсырма: а. Сағаттың моделін өзіңнің қиялына қарай құрастыр ( сағат, сағаттың тілі, сандар). Қазақ халқымыздың ең басты ұлттық мерекесі қалай аталады? Осы мерекеде күн мен түннің теңелуі қалай өтеді? (12 сағат күн ,12 сағат түн).Халқымыздың ең басты ұлттық мерекесін қай күн өтетінін , күн мен түннің теңелуі қай уақытта болатынын және бір тәулікте 12сағат күн, 12 сағат түн екендігін біле отыра 1 күнде 24 сағат барын анықтайды.Бұл жерде балалар сағаттың шығу тегін, қай кезде күн болатынын,қай кезде түн болатынын ажырата алады.
ә. - 22 - наурыз күні қандай мереке болады?
- Жақсы. Ал, енді балалар бүгін біздің мектепте осы мереке қарсаңында іс-шаралар өтеді.
09:00 – акт залында мерекелік концерт өтеді.
10:00– спорт алаңында ұлттық «Бәйге» жарысы өтеді.
12:00 – қол күрес, тоғызқұмалақ, арқан тартыс ұлттық ойындар көрсетіледі.
14:00 – «Көкпар» ойыны өтіледі.
15:00 – мерекенің аяқталуы.
Осыған орай сіздерге жеке тапсырмалар беремін.Осы жерде сәйкестендіру картасын жасайсыздар.а.1-топ. 22 - наурыз мерекесінде сағат нешеде ұлттық ойындарды көрсетті?2-топ. 22- наурыз күні сағат нешеде «Көкпар» ойыны өткізілгенін тап, белгіле?
3-топ. Сағат нешеде мерекелік концерт өтті? Осыны сіздер әр топ сағаттың моделіне көрсетулеріңіз керек.
ә. Сәйкестірілген тапсырманың ішінде ұлттық ойындар кездесті ме? Кездессе теріп жаз.
б. Бүгін балалар біз көркем еңбек сабағында сағаттың моделіне қазақтың ұлттық оюларын салып,қиып оны безендіреміз.
Бұл жердегі ортақтақырыптың байланысын қалай байқаймыз? Математика сабағында бала сағаттың моделін жасағанда өзінің қиялына қарай түрлі жасайды. Тапсырманы орындай отыра қазақтың салт-дәстүрлерін еске түсіреді. Ал, көркем еңбек сабағында бала ұлттық ою-өрнектерді пайдаланып жасайды.Бұл да қазақтың ұлттық ою-өрнегі екенін біледі.
Дискриптор:
а. Сағаттың моделін құрастырды. Тапсырмаларды орындады.
ә. Қазақ халқымыздың ең басты ұлттық мерекесін тапты.
б. Наурыз мерекесінде күн мен түннің теңелуін білді,бір тәулікте 24 сағат барын анықтады.
в. Сағаттың моделіне ою-өрнекті қиып жапсырмалады.
Қорыта айтқанда аталмыш бағдарламаның мәні,баланың функционалды сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асыра білуі керек. Сол үшінде бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған.Сабақта жоспарлағанда ортақ тақырыпты байланысты орнатуымен қатар оқушылардың білім білік дағдыларының артуының жүзеге асырылатын лайықты педагогикалық әдіс-тәсілдерді таңдау болып табылады. Үйренгеніміз де, үйренеріміз де көп Үнді халқының тарихи тұлғасы Махатма Гандидің «Егер сен болашақтағы өзгерісті байқағың келсе,сол өзгерісті уақытында жаса» деген ілімін негізге ала отырып,оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп,оқушыларды болашаққа жетелеп,жақсы істі бастағалы отырмыз. Жаңартылған білім – болашақтың кепілі.